Жалпы денсаулық саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:35, реферат

Краткое описание

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жалпы денсаулық саласы.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

 Мақсаты:  халықтың денсаулығын одан әрi нығайту және негiзгi әлеуметтiк  мәнi бар аурулар мен жарақаттардың  деңгейiн төмендету.     

 Негiзгi мiндеттер: 
      1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту; 
      2) аурулардың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасына тәсiлдердi жетiлдiру, скринингтiк зерттеулердi дамыту және СӨС-тi ынталандыру; 
      3) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру; 
      4) егде жастағы адамдарға көрсетiлетiн медициналық көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру. 
      Нәтижелер көрсеткiштерi: 
      нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейiн (2009 ж. - 36,9) төмендеуi; 
      ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға щаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейiн (2009 ж. - 29,2) төмендеуi; 
      мүгедектiкке бiрiншi рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейiн, 2015 жылға қарай 28-ге дейiн (2009 ж. - 29,4) төмендеуi; 
      қанайналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейiн (2009 ж. - 416,4) төмендеуi; 
      онкопатологиядан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейiн, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейiн (2009 ж. - 112,7) төмендеуi; 
      туберкулезден өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейiн, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейiн (2009 ж. - 12,9) төмендеуi; 
      жарақаттанушылықтан өлiм-жiтiмнiң 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 94,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейiн (2009 ж. - 108,4) төмендеуi; 
      15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегiнде ұстау.     

 Қол жеткiзу  жолдары мен тиiстi шаралар 
      1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейдi: 
      1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрi - АБДС) қызметi ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектiң және БМСК деңгейiнде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын, қолжетiмдiлiгiн және сабақтастығын арттыру: 
      қазiргi заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердiң туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтiк бағдарламаларын жетiлдiру; 
      ғылыми дәлелдi медицина негiзiнде әзiрленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа бiткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгiзу; 
      денсаулықты және толыққанды өсудi, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейiнде ерте жастағы балаларды (дамудың туа бiткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтудi және қадағалауды жетiлдiру; 
      АБДС ұйымдарының қызметiнде сапаны үздiксiз арттырудың қазiргi заманғы әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу; 
      АБДС қызметi ұйымдарында медициналық көмектiң мониторингi, бағалау және сабақтастық тетiктерiн жетiлдiру; 
      ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру; 
      балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгiзiлген тиiмдi технологияларына сәйкес қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру; 
      отбасында ерте жастағы балалардың өсуi мен дамуына оңтайлы күтiмдi қамтамасыз ету жөнiнде халықтың бiлiмдерiн арттыру; 
      мектеп жасындағы балаларға, әсiресе ауылдық жерлерде медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсетудi жақсарту; 
      медициналық көмектi психологиялық қолдаумен, жасөспiрiмдердiң құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын жасөспiрiмдер қызметiн дамыту; 
      АБДС қызметiн ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру; 
      2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнiнде тиiмдi тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу: 
      отбасын жоспарлау, оның iшiнде әйелдердi гравид алды (жүктiлiкке дейiн) дайындау, отбасын жоспарлау жөнiндегi ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негiзiнде) әзiрлеудi қамтитын қауiпсiз ана болуы, жасөспiрiмдер мен жастардың қауiпсiз жыныстық тәрбиесi жөнiнде қызметтер көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектiң барлық деңгейiн отбасын жоспарлау жөнiндегi консультация беру дағдыларына оқыту; 
      дәлелдi медицина негiзiнде ұрпақты болу жүйесi аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудiң, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және енгiзу; 
      денсаулықтың гендерлiк көрсеткiштерiн статистикалық есепке алуды жетiлдiру.      

2. Аурудың, оның iшiнде мүгедектiктiң профилактикасы  жүйесiн кринингтiк зерттеулердi  дамыту және СӨС-тi ынталандыру  төмендегiлердi болжайды: 
      1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсiлдердi әзiрлеу және енгiзу: 
      халықтың нысаналы топтары үшiн жыл сайын жалпы халық санының кемiнде 30 %-ын қамти отырып ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенiн әзiрлеу және енгiзу; 
      БМСК деңгейiнде СӨС-тi ынталандыру тетiктерiн әзiрлеу және енгiзу; 
      2) профилактикалық iс-шаралардың қолжетiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету: 
      дәрiгерге дейiнгi (SСОRЕ) және дәрiгерлiк скринингтiң халықаралық тиiмдi әдiстемелерiн енгiзу; 
      нысаналы топтардың ерекшелiктерiне сәйкес профилактикалық тексерудi жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу; 
      БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелерi бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру; 
      3) диспансерлiк байқау үшiн халықаралық стандарттарды және тиiмдi тәсiлдердi енгiзу: 
      дәлелдi медицинаға негiзделген диспансерлiк байқау жүргiзудiң хаттамалары мен стандарттарын әзiрлеу және енгiзу; 
      созылмалы ауруы бар науқастарға, оның iшiнде мүгедектерге (ересектер мен балалар) диспансерлiк бақылау әдiстемесiн жетiлдiру; 
      4) профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу: 
      өткiзiлетiн профилактикалық iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесiн әзiрлеу және енгiзу; 
      шығындардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiн енгiзу және әзiрлеу.     

3. Негiзгi әлеуметтiк  мәнi бар аурулар мен жарақаттарды  диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру: 
      1) диагностикалау мен емдеудiң кешендi бағдарламаларын әзiрлеу және енгiзу: 
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау мен емдеудiң халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдiстемелерiн енгiзу; 
      ТМККК шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтiң тiзбесiн кезең-кезеңiмен кеңейту; 
      ТМККК-ге енгiзiлген дәрiлiк заттардың тiзбесiн кеңейту; 
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу; 
      денсаулық сақтау жүйесiне арнайы әлеуметтiк жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгiзу; 
      әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердiң мониторингiн жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың аталған науқастар контингентiн, оның iшiнде мүгедектердi емдеудегi iс-қимылын үйлестiру; 
      аталған науқастар контингентiнiң бiрыңғай ақпараттық базасын құру; 
      2) негiзгi әлеуметтiк мәнi бар ауруларды оңалтуды жетiлдiру: 
      негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын пациенттердi, оның iшiнде мүгедектердi оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдiстемелерiн енгiзу (медициналық, әлеуметтiк, психологиялық оңалту); 
      науқастарды оңалту бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу және енгiзу; 
      3) науқастарға паллиативтi көмек көрсетудi жетiлдiру: 
      паллиативтi көмек көрсетудi және мейiрбикелiк күтiмдi қажет ететiн науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеу; 
      дәрiгерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтiк қызметкерлерге арналған паллиативтi көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзiрлеу және енгiзу.     

4. Егде жастағы  адамдарға көрсетiлетiн медициналық  көмектi (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетiлдiру: 
      егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтiк, психологиялық мына аспектiлерiн кешендi шешу, ол мыналарды қамтиды: 
      нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу және жетiлдiру; 
      дәлелдi медицина негiзiнде егде және кәрiлiк жасындағы пациенттердi диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзiрлеу және жетiлдiру; 
      медицина персоналына, оның iшiнде ұйым деңгейiн ескере отырып әлеуметтiк қызметкерлерi үшiн бiлiктiлiк стандарттарын, жүктеме нормативтерiн әзiрлеу; 
      геронтологиялық және гериатриялық көмектiң тиiмдiлiгiн бағалау (индикаторлар) жүйесiн әзiрлеу және енгiзу.

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтi жетiлдiру     

 Бағдарламаның  шеңберiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қазiргi заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестiру бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн жетiлдiру және одан әрi енгiзу бойынша жұмыс жалғасатын болады. 
      Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу бойынша iс-шаралар жалғасатын болады. 
      Халыққа профилактикалық егулер жүргiзудiң ұлттық күнтiзбесiн одан әрi жетiлдiру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгiзiледi. 
      Бағдарламаның шеңберiнде тамақ өнiмдерiнiң, қоршаған орта объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тиiмдi жүйесi құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның iшiнде аса қауiптi инфекцияларды жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшiн аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желiсi ұйымдастырылатын болады. 
      Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдiстер енгiзу жоспарлануда.     

 Мақсаты:  халықаралық стандарттарға сәйкес  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығын қамтамасыз ету.     

 Негiзгi мiндеттер: 
      1) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру. 
      2) мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиiмдiлiгiн арттыру. 
      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң инновациялық бағыттылығын дамыту.     

 Нәтижелер  көрсеткiштерi: 
      100 мың адамға шаққанда обамен сырқаттанушылықты кемiнде 0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау; 
      100 мың адамға шаққанда қызылшамен сырқаттанушылықты 0,08-0,1 деңгейде ұстау; 
      жiтi В вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейiн, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейiн төмендету (2009 ж. - 5,4); 
      жiтi А вирусты гепатитiмен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейiн, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейiн төмендету (2009 ж. - 67,0); 
      балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5 %-ға, 2015 жылға қарай 95 %-ға дейiн ұлғайту; 
      мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерi органдарының жоспарлы тексерулерiнiң санын жыл сайын 2 %-ға төмендету, 2015 жылы - 256 100 тексеру.     

 Қол жеткiзу  жолдары мен тиiстi шаралар 
      1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесiн басқаруды жетiлдiру шеңберiнде мыналар көзделедi: 
      көлiктегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын оңтайландыруды жүргiзу; 
      қалалық және аудандық деңгейдегi санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарын оңтайландыру жүргiзу; 
      жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi оңтайландыру және қысқарту бөлiгiнде тәуекелдердi болжау, бағалау және басқару жүйелерiн одан әрi енгiзу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру; 
      кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтiң стандарттарын үйлестiру; 
      стандарттарды қазiргi заманғы халықаралық талаптарға сәйкес келтiру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер); 
      қызметтi стандарттау тетiктерiн жетiлдiру (әзiрлеу, бекiту, мониторинг, енгiзу, тиiмдiлiктi бағалау).     

2. Мемлекеттiк  санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр: 
      1) инфекциялық ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды көздейдi: 
      денсаулық сақтау ұйымдарының қызметiне инфекциялық бақылау жүйесiнiң халықаралық стандарттарын бiрлесе отырып енгiзу; 
      эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралар жүргiзу алгоритмдерiн және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негiзiнде тексеру алгоритмдерiн жетiлдiру; 
      егу күнтiзбесiне пневмококк инфекциясына қарсы балаларға вакцина егудi енгiзу; 
      жұмыс iстеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдiргiнi, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 аймақтық вирусологиялық зертхана және мамандандырылған зертханалар желiсiн ұйымдастыру; 
      2) инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесiн жетiлдiру, ол мыналарды қамтиды: 
      Халықтың кәсiптiк ауруларының мемлекеттiк тiркелiмiн қалыптастыру; 
      кәсiптiк патологиялық қызметтi одан әрi дамыту; 
      медициналық емшаралардан өту кезiнде пациенттердiң сәулелiк жүктемелерiн бақылау жүйесiн енгiзу. 
      3) өнiмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ол мыналарды көздейдi: 
      халықаралық талаптарға сәйкес өнiмнiң қауiпсiздiгiн бақылаудың халықаралық стандарттарын енгiзу; 
      тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi зертханалық қызметтi дамыту, оның iшiнде: 
      - ДСҰ талаптарына сай келетiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi мамандандырылған зертханалар құру; 
      - елiмiзде сатылатын темекi бұйымдарының қауiпсiздiгiн токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен республикалық санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру; 
      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметiне микробиологиялық көрсеткiштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгiзу.     

3. Санитариялық-эпидемиологиялық  қызметтiң инновациялық бағыттылығын  дамыту үшiн: 
      санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндiрудi кеңейту және жаңғырту; 
      санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазiргi заманғы технологияларын әзiрлеу және енгiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 
      мыналарды: 
      - зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзiрлеудi; 
      - санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды халықаралық аккредиттеу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзудi; 
      - санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесiн енгiзудi көздейтiн санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдiстерiн енгiзу жоспарлануда.

5.4. Бiрыңғай ұлттық денсаулық  сақтау жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетiлдiру     

 Мақсаты:  медициналық көмек көрсетудiң  тиiмдi және қолжетiмдi жүйесiн құру.      

 Негiзгi мiндеттерi: 
      1) әлеуметтiк бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негiзделген денсаулық сақтаудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру; 
      2) денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесiн жетiлдiру; 
      3) денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетiктерiн жетiлдiру; 
      4) медициналық көмектiң жоғары сапалы және қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету.      

 Нәтижелер  көрсеткiштерi: 
      стационарлық көмектi тұтыну деңгейiн 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 күнге дейiн, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейiн (2009 ж. - 1522,6) төмендету. 
      бiрыңғай төлеушi жүйесiне енген жеке меншiк нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн (2009 ж. - 0%) ұлғайту. 
      өңiрлердiң деңгейiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған халықты 2013 жылға қарай 5000 адамға дейiн, 2015 жылға қарай 6000 адамға дейiн (2009 ж. - 814 адам) ұлғайту.     

 Қол жеткiзу  жолдары және тиiстi шаралар 
      1. Әлеуметтiк бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негiзделген денсаулық сақтаудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады: 
      1) БМСК-ны жетiлдiру: 
      Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейiне көтерiлуiне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметiн түбегейлi өзгерту жолымен ғана қол жеткiзу мүмкiн. БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрiгерлiк практика базасында БМСК-ны көрсетудiң ұтымды нысандарын және әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қоса алғанда, кешендi жетiлдiру жоспарлануда. Әлеуметтiк жұмыс институтын енгiзу жолымен медициналық-әлеуметтiк бағыттылықты дамыту көзделуде. 
      Көрсетiлетiн қызметтердiң спектрiн кеңейту және профилактикалық бағыттылығын ынталандыру, қаражаттың тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ БМСК медицина қызметкерлерiнiң уәждемесiн арттыру үшiн iшiнара қор иелену және БМСК тарифiне қосымша құрамдауыш енгiзу жоспарлануда. 
      Функциялық мiндеттерiн бөлуге және қаржыландыру үлгiсiне негiзделген емхананың ұйымдық құрылымын үш бөлiмшеге бөлу жолымен қайта қарау көзделiп отыр. 
      Бiрiншi бөлiмше: құрамына дәрiгерге дейiнгi қабылдау кабинетi, сынақ кабинетi (акушер), емдеу кабинетi, егу кабинетi, қақырық жинау және химизатор кабинетi, денi сау балалардың кабинетi, профилактика және СӨС кабинеттерi, сондай-ақ учаскелiк терапевтер, педиатрлар және жалпы практика дәрiгерлерiнiң кабинетi кiретiн отбасылық денсаулық орталығы. Сонымен қатар осы бөлiмшеде әлеуметтiк қызметкер мен психологтан тұратын әлеуметтiк-психологиялық қызметтiң, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталығы мен жастардың денсаулық орталығының болуы көзделген. Бiрiншi бөлiмшенi қаржыландыру тариф және олардың қызметi нәтижелерiнiң бағасы ескерiле отырып тарифке қосымша құрамдауыш бойынша жоспарланған. 
      Екiншi бөлiмше: тiркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және талдау кабинетiнен, күндiзгi стационардан, функциялық диагностика кабинетiнен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық-биохимиялық зертханалардан, ультрадыбыстық диагностикадан, рентген-флюорографиялық кабинеттен, эндоскопия кабинетiнен тұратын қосалқы-диагностикалық бөлiмше. Қаржыландыру - көрсетiлген медициналық қызметтердiң саны бойынша. 
      Үшiншi бөлiмше: бейiндi мамандардан (хирург, көз дәрiгерi, лор-дәрiгер және басқалардан) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлiмше. Қаржыландыру - медициналық қызметтерге амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша. 
      Сонымен қатар пилоттық жобалар ретiнде өңiрлердiң дайындық шамасы бойынша жекелеген заңды тұлға ретiнде жұмыс iстеп тұрған орталықтардың базасында төрт дербес отбасылық орталық құру көзделуде. Осы пилоттық жоспарды жарақтандыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен, жұмыс iстеуi - қосымша құрамдауышы бар БМСК-ке арналған тариф бойынша жоспарланып отыр. 
      БҰДСЖ-ны одан әрi дамыту шеңберiнде медициналық көмекке тең қолжетiмдiлiк қамтамасыз етiлетiн болады. 
      Осылайша, Бағдарлама шеңберiнде БМСК-ны дамыту үшiн мыналар жоспарланған: 
      БМСК-ның және мамандандырылған көмектiң функцияларын, өкiлеттiктерiн және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды қайта қарау; 
      амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтердi ұсынатын басқа да өнiм берушiлердiң арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтiк базаны әзiрлеудi және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, iшiнара қор иелену моделiн және қызметiнiң нәтижелерiн бағалау ескерiле отырып тарифке қосымша құрамдауыш енгiзу; 
      медицина қызметкерлерiнiң уәждемелерiн көтеру тетiктерiн жетiлдiру; 
      дәрiгерлер мен орта медицина қызметкерлерiнiң сандық арақатынасын оңтайлы деңгейге дейiн жеткiзiп, дәрiгер өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн мейiрбикелерге беру; 
      жағымды кәсiби имидж жасау және медициналық қызметтiң сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлi мен әлеуетiн күшейту; 
      әлеуметтiк қызметкерлер институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесiне енгiзу; 
      БМСК дәрiгерлерiнiң жалпы санынан «Жалпы дәрiгерлiк практика» мамандығы бойынша дәрiгерлер санын, оның iшiнде қайта даярлау есебiнен көбейту; 
      дәлелдi медицина қағидаттары негiзiнде БМСК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетiлдiру; 
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу; 
      БМСК көрсететiн амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту; 
      амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету тетiктерiн жетiлдiру; 
      бастапқы буын дәрiгерлерiн, мейiрбикелер мен әлеуметтiк қызметкерлердi оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес даярлау; 
      белсендi патронаж қызметiн жетiлдiру, оның iшiнде қажеттi аспаптармен және жабдықтармен жарақтандыру; 
      БМСК ұйымдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн көрсететiн мақсатты индикаторларды әзiрлеу (бекiтiлген тұрғындар арасында денi сау адамдардың үлесi, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейi, арнаулы мамандарға қаралу деңгейi, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейi); 
      ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайтуды ауылдың медицина қызметкерлерiнiң уәждемелерiн (тұрғын үй беру, бiр жолғы жәрдемақы төлеу) одан әрi арттыруды, жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшiн ұтқыр медициналық бригадалар құруды қосқанда, ауылда БМСК көрсету жүйесiн одан әрi дамыту және жетiлдiру. 
      2) жедел медициналық жәрдемдi жетiлдiру: 
      жедел медициналық жәрдемнiң диспетчерлiк қызметтерiнiң жұмысын жетiлдiру; 
      негiзсiз шақырулар мен пациенттердi қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетiктердi әзiрлеу және енгiзу; 
      жедел медициналық жәрдем қызметiнiң жұмыс iстеу нормативтерiн қайта қарау; 
      парамедиктер институтын енгiзу; 
      дайындалған медицина кадрларымен, оның iшiнде парамедиктермен жедел медициналық жәрдем қызметiн толықтыру; 
      патология түрiне, науқас жағдайының ауырлығына қарай науқастарды стационарға жеткiзу бағдарларын оңтайландыру; 
      әртүрлi патология түрлерi бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейiнгi қарау хаттамаларын енгiзу; 
      жедел жәрдемнiң материалдық-техникалық базасын нығайту; 
      пациенттердi iрiктеудiң ұтымды жүйесiн (triage) енгiзу; 
      медициналық жәрдем сапасын басқару (СQI) жүйесiн енгiзу; 
      жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткiштерiн енгiзу (шақыруға келген уақыты, стационарға тасымалдап жеткiзу уақыты, емдеуге жатқызуға дейiнгi өлiм-жiтiм); 
      науқастарды авиациялық тасымалдауды, оның iшiнде қашық жерлерге тасымалдауды дамыту; 
      республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлiк оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесiн дамыту; 
      алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтерi, ТЖ, полиция, жол полициясы, өрт сөндiру қызметтерi персоналының және көлiк жүргiзушiлердiң iс-қимылдарын үйлестiру. 
      3) мамандандырылған медициналық көмектi дамыту: 
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрi - ЖММК) көрсететiн ұйымдардың қызметiн жетiлдiру; 
      мамандандырылған бөлiмшелерi бар көп бейiндi ауруханаларды, оның iшiнде аурухана секторын қайта құрылымдау есебiнен дамыту; 
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту; 
      консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн ұйымдардың қызметiне дәлелдi медицина негiзiнде клиникалық хаттамалар мен медициналық көмек стандарттарын әзiрлеу және енгiзу; 
      жоғары технологиялық көмектiң, оның iшiнде шұғыл жағдайлар кезiндегi көмектiң жаңа түрлерiн дамыту және енгiзу; жоғары технологияларды жергiлiктi деңгейге беру және енгiзу; 
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу; 
      стационарды алмастыратын технологияларды енгiзу есебiнен стационарлық төсек жұмысының тиiмдiлiгiн (қарқындылық) арттыру; 
      стационарды алмастыратын диагностикалық және емдiк технологиялар жүйесiн жетiлдiру және кеңейту; 
      медициналық көмек көрсетудiң кезеңдiлiгi мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттердi емдеуге жатқызу өлшемдерiн дәл айқындау; 
      стационардағы науқастардың тiркелiмiн жасау және енгiзу; 
      телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудi дамыту; 
      стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек, оның iшiнде ЖММК көрсететiн ұйымдардың жұмыс сапасының мақсатты көрсеткiштерi жүйесiн жетiлдiру; 
      пациенттердi диагностикалау мен емдеу жөнiнде шетелдiк клиникалармен өзара әрiптестiк қарым-қатынастарды нығайту; 
      4) кезең-кезеңмен қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту және паллиативтi көмек жүйесiн жетiлдiру: 
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарының желiсiн құру, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрған стационарлар және санаторийлiк-курорттық ұйымдардың бiр бөлiгiн қайта бейiндеу есебiнен құру; 
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек көрсететiн күндiзгi стационарлар және үйдегi стационарлар желiсiн кеңейту; 
      кезең-кезеңмен қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту және паллиативтi көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерiн қайта қарау; 
      медицина қызметкерлерiн паллиативтiк көмек көрсету мәселелерi бойынша оқыту бағдарламаларын әзiрлеу; 
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарын бiлiктi кадрлармен толықтыру; 
      жоғары оңалту технологияларын енгiзу; 
      науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзiрлеу және қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек және мейiрбике күтiмi ұйымдарының қызметiне енгiзу; 
      науқастардың тiркелiмiн құру және енгiзу; 
      медициналық көмектiң сапасын басқару жүйесiн (СQI) енгiзу; 
      қалпына келтiрiп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтi көмек  және мейiрбике күтiмi ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететiн мақсатты көрсеткiштер жүйесiн құру; 
      5) медициналық қызметтiң әр түрлерiн дамыту: 
      - сот-медициналық сараптаманы жетiлдiру: 
      жүргiзiлетiн сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру; 
      сот-медициналық сараптаманы жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде оның қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, сабақтастығын арттыру; 
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау; 
      медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетiлдiру; 
      бiрыңғай ақпараттық жүйе құра отырып сот-медициналық қызметтердiң сапасын басқарудың тиiмдi жүйесiн енгiзу; 
      сот-медициналық сараптаманың (оның iшiнде геномдық және спектрлiк зерттеулердiң) қазiргi заманғы әдiстерiн және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгiзу; 
      сот-медициналық қызметкерлерiнiң құқықтарын кеңейту және жауапкершiлiгiн күшейту, материалдық ынталандыруды енгiзу; 
      прокуратура, iшкi iстер, қорғаныс, ТЖ органдарымен және өзге де мемлекеттiк органдармен ведомоствоаралық өзара iс-қимылды күшейту; 
      Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын салу; 
      - қан қызметiн жетiлдiру: 
      қан өнiмдерiнiң сапасын басқару жүйесiн дамыту; 
      республикалық референс-зертхана ашу; 
      қан мен оның компоненттерiн ерiктi түрде өтеусiз тапсыруды дамыту; 
      тұрақты донорларды тарту жүйесiн дамыту; 
      материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiру; 
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау; 
      қан препараттарын өндiретiн зауыт салу; 
      - зертханалық қызметтi жетiлдiру: 
      зертханалық қызметтi орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру; 
      зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесiн дамыту; 
      бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау; 
      қазiргi заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру; 
      зертханалық қызмет жұмысының мақсатты көрсеткiштер жүйесiн құру және енгiзу.      

Информация о работе Жалпы денсаулық саласы