Жалпы денсаулық саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 15:35, реферат

Краткое описание

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

жалпы денсаулық саласы.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

 Халықты  дұрыс тамақтану туралы хабардар ету 
      Жалпы алғанда халыққа және осал топтарға арналған тамақ өнiмдерiн тұтыну жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу. 
      Халықтың әртүрлi топтарының дұрыс тамақтану, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi және қолжетiмдi БАҚ-ты тарта отырып, тұтынушылардың құқықтары саласында бiлiм деңгейiн және хабардар болуын арттыруға бағытталған көпдеңгейлi қоғамдық және коммуникациялық науқандар өткiзу. 
      Тұтынушылардың өнiмнiң сипаттарын жақсы түсiнуi, сапалы тамақ өнiмдерiн таңдауды қолдау мен тағам өнiмдерiн қауiпсiз сақтау және дайындауға жәрдемдеу үшiн тамақ өнiмдерiнiң анық таңбалануын көтермелеу.      

 Халықтың  тамақтануына мониторинг, бағалау  және зерттеу жүргiзу: 
      тамақтану жағдайына, тамақ өнiмдерiнiң қолжетiмдiлiгi мен оларды тұтыну, сондай-ақ әртүрлi жас және әлеуметтiк-экономикалық топтарда микронутриеттер тапшылығының профилактикасы бағдарламалары мониторингiнiң, оның iшiнде емшек сүтiмен қоректендiру және ерте жастағы балаларды қосымша тамақтандыру мониторингiнiң мемлекеттiк жүйесiн құру; 
      тағамдық уыттыинфекцияларды қадағалау жүйесiн және әртүрлi азық-түлiк тiзбегiнде микробиологиялық және химиялық қауiптер мониторингi жүйесiн жетiлдiру. Тамақтанудың толық рационына химиялық және биологиялық бөгде заттардың қосылыстарымен ластануын бағалау үшiн тұрақты түрде зерттеулер жүргiзу; 
      негiзгi азық-түлiк заттарындағы физиологиялық тұтынудың өңiрлiк нормаларын және халықтың жекелеген топтары үшiн олардың денсаулығын, климаттық-географиялық, экологиялық және өңiрдiң этникалық ерекшелiктерiн ескере отырып энергияны түзету; 
      әлеуметтiк мәнi бар алиментарлық-тәуелдi аурулардың профилактикасына бағытталған кешендi бағдарламалар мен стратегияларды әзiрлеу, iске асыру, мониторингi және бағалау, тамақтану және тамақ өнiмдерiмен негiзделген аурулар ауыртпалығын төмендету.

Мектеп оқушылары мен жасөспiрiмдердiң  денсаулығы     

 Мақсаты:  балалар мен жасөспiрiмдердiң тәни  және психологиялық денсаулығын  қалыптастыру.     

 Негiзгi мiндеттер: 
      Балалар мен жасөспiрiмдердiң психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешендi ұстанымды қамтамасыз ету; 
      бiлiм беру ұйымдарында денсаулық үшiн қолайлы және қауiпсiз қоршаған ортаны құру; 
      мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкiншiлiк жасау; 
      тұтас жүйенi дамыту - физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӨС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметiн (бұдан әрi - ММҚ) құру; 
      мектеп оқушылары мен жастардың арасында есiрткiлердi тарату мен тұтынуға, темекi шегуге және алкогольге қарсы тиiмдi iс-қимылды қамтамасыз ету; 
      балалар мен жасөспiрiмдердi теңгерiмдi және қауiпсiз тамақпен қамтамасыз ету.      

 Нәтижелер  көрсеткiштерi: 
      14 жасқа дейiнгi балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң ауруымен сырқаттанушылықты тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейiн, 2015 жылға қарай 1 190-ға дейiн (2009 ж. - 1 196) және 15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер арасында тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2 295,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 2 992-ге дейiн (2009 ж. - 2 997,1) төмендету; 
      15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер арасында ЖЖБИ сырқаттанушылықты 2013 жылға қарай 8,3-ке дейiн, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейiн (2009 ж. - 8,5) төмендету. Маркер ретiнде мерез алынды; 
      14 жасқа дейiнгi балалардың арасында психикалық белсендi затты тұтынудың салдарынан психологиялық және мiнез-құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылықты тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейiн және 2015 жылға қарай 12,5-ке дейiн, 15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер арасында тиiстi 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейiн және 2015 жылға қарай 560-қа дейiн (2009 ж. - 14 жастағы балалар - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15-17 жас аралығында - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 564,8) төмендету; 
      15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидтi 2013 жылға қарай 23,8-ге дейiн және 2015 жылға қарай тиiстi 100 мың адамға шаққанда 22,0-ге дейiн (2009 ж. - тиiстi 100 мың адамға шаққанда 24,5) төмендету.     

 Қол жеткiзу жолдары  мен тиiстi шаралар 
      Мектеп оқушыларының тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру жөнiндегi қолданыстағы және жаңадан әзiрленген бағдарламаларды жетiлдiру үшiн басқарылатын себептерден балалар мен жасөспiрiмдердiң сырқаттануына және өлiм-жiтiмiне талдау жүргiзу. 
      Мына: 
      үй-жайларды, ойын алаңдарын тиiсiнше жоспарлау және жалпы бiлiм беретiн мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазiргi заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету; 
      оқушылар үшiн олардың ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтiк әлеуетiн iске асыру және олардың жеке сезiмдерiн арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшiн мүмкiндiктер жасау; 
      оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп персоналы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында психологиялық қолайлы атмосфера орнату; 
      денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешiмдер қабылдау үшiн дағдыларды қалыптастыру жөнiнде бiлiм берудi қамтамасыз ету жолымен денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру.     

 Тұтас жүйенi - физикалық  ортаны сақтауға, оқушының және  бүкiл қоғамның денсаулығын нығайтуға, СӨС жүргiзуге уәждеменi, медициналық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ММҚ-ны дамыту; 
      мектеп медицинасы шеңберiнде мектеп психологтары мен әлеуметтiк педагогтарға арналған кешендi бағдарлама әзiрлеу және енгiзу; 
      мектеп медицинасының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық құжаттарды әзiрлеу; 
      әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтiк саулығын сақтау жөнiндегi үдерiстi оңтайландыру үшiн оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлi деңгейлiк, саралап оқыту жүйесiн дамыту.     

 Мына: 
      есiрткiнi қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың хабардар болу деңгейiн арттыру; 
      есiрткiнiң профилактикасы жөнiндегi бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзiрлеу және енгiзу; 
      «тең-теңiмен» қағидаты бойынша ерiктiлер қозғалысын одан әрi дамыту (балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың арасында жауапкершiлiк дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра бiлу, есiрткiден бас тарта бiлу, өмiр сүру дағдысын ұстану негiзiнде интерактивтi оқу өткiзу жолымен дұрыс шешiм қабылдай бiлу); 
      әдiстемелiк және ақпараттық-бiлiм беру материалдарын әзiрлеу; 
      спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйiрмелердi, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлердi дамыту және қолжетiмдiлiгiн арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету; 
      балалардың, жасөспiрiмдер мен жастардың жеке және әлеуметтiк проблемаларын жеңуде психоәлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және жетiлдiру; 
      жастар үшiн денсаулық және анонимдiк консультациялар орталықтарын дамыту, сенiм телефондарының жұмысы жетiлдiру арқылы есiрткiнiң, темекi шегу мен алкогольдiң мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиiмдi iс-қимылды қамтамасыз ету.    

  Жол-көлiк қауiпсiздiгi     

 Мақсаты: жол-көлiк  жарақаттанушылығы мен одан болатын  өлiм-жiтiмдi төмендету.     

 Негiзгi мiндет: халық пен  жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру.     

 Нәтижелер көрсеткiштерi: 
      2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2 898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 
      2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14 788 адам) 8 %-ға, 2015 жылға қарай 10 %-ға қысқарту.     

 Қол жеткiзу жолдары  мен тиiстi шаралар 
      Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк роликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда. 
      Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейiн арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауiптi учаскелердi жою жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлiк оқиғаларының (бұдан әрi - ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлiк жүйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда.     

  Төтенше жағдайлар кезiндегi шұғыл медициналық-құтқару көмегi     

 Мақсаты: табиғи және  техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.     

 Негiзгi мiндетi: табиғи  және техногендiк сипаттағы ТЖ  кезiнде шұғыл медициналық көмек  көрсетудi жетiлдiру.     

 Нәтижелер  көрсеткiштерi: 
      шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейiн және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейiн төмендету (2009 ж. - 26%); 
      келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегiн көрсетудiң басталуын ЖКО туралы дабыл келiп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейiн қысқарту.     

 Қол жеткiзу  жолдары мен тиiстi шаралар 
      Кәсiптiк медициналық авариялық-құтқару құралымдарын құруды және жарақтандыруды қоса алғанда, апаттар медицинасы қызметiн материалдық-техникалық жарақтандыруды жетiлдiру арқылы төтенше жағдайлар кезiнде шұғыл медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн ұйымдастыру: Алматы - Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару пунктiн (бұдан әрi - ТМҚП) және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» трассасының қазақстандық бөлiгiнде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы қызметiн аэромобильдi госпитальмен жабдықтау; апаттар медицинасы қызметiн көп бейiндi ұтқыр госпитальмен жабдықтау; ТЖ қызметiнiң медицина және құтқару құрылымдарын санитариялық тiкұшақтармен және реанимобильдермен жарақтандыру.    

  Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы      

 Мақсаты:  пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен  және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық  пен өлiм-жiтiм деңгейiн төмендету.      

 Негiзгi мiндеттер: 
      қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi — ҚАЖ) мекемелерiнде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетудi жетiлдiру; 
      пенитенциарлық жүйе контингентiн туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесi бойынша ақпараттандыруды арттыру.     

 Нәтижелер  көрсеткiштерi: 
      түрмедегi 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшiн 2013 жылы 643-ке дейiн, 2015 жылы 642,9-ға дейiн (2009 жылы - 643,9) төмендету; 
      1000 адамға шаққанда бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлiм-жiтiмдi 2013 жылы 2,89-ға дейiн және 2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы - 2,91) төмендету; 
      2015 жылға қарай сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың таралу деңгейi 5 %-дан аспауы тиiс.     

 Қол жеткiзу  жолдары мен тиiстi шаралар 
      Тергеудегi және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi iс-шараларды үйлестiру мақсатында жоғары деңгейдегi ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарын, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi) бiрiншi басшыларын енгiзу жоспарлануда. 
      ҚАЖ мекемелерiнде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмектi жақсарту үшiн мыналар жоспарлануда: қажеттi медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерiн материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейiн арттыру; пенитенциарлық жүйенiң туберкулезге қарсы мекемелерiне күрделi жөндеу жүргiзу; медициналық және медициналық емес бейiн мамандары үшiн кәсiби стандарттарды әзiрлеу. 
      Туберкулездiң, АИТВ/ЖИТС-тiң таралу мәселелерi бойынша пенитенциарлық жүйедегi адамдар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмысы үшiн мыналар жоспарлануда: 
      туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөнiндегi ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату; 
      ҚАЖ медициналық қызметiне тартылған медициналық және медициналық емес бейiн мамандары үшiн ақпараттық-әдiстемелiк сүйемелдеудi қамтамасыз ету; 
      пенитенциарлық жүйедегi адамдар арасында әлеуметтiк мәнi бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкiметтiк емес сектордың әлеуметтiк қызметкерлерi мен психологтарды тарту. 
      Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын iске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету бағдарламаларын жүргiзу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды iздестiру және емдеудi жалғастыру тетiктерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленетiн болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесiндегi наркологиялық жағдайдың мониторингi мен бағалау жүйесiн құру жоспарлануда.     

  Аса қауiптi инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрi - КҚГҚ) профилактикасы      

 Мақсаты:  халықтың КҚГҚ-мен сырқаттанушылығын төмендету.     

 Негiзгi мiндетi: кенеге қарсы iс-шаралар кешенiн  жоспарлы түрде және уақтылы  өткiзу.     

 Нәтижелер  көрсеткiшi: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты  100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын  деңгейде ұстау.     

 Қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар 
      КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиiстi профилактикалық шаралар кешенi жетiлдiрiлетiн болады, оның барысында эндемиялық өңiрлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өңдеу жүргiзу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елдi мекендердiң айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда. 
      Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жүргiзудiң бiрыңғай әдiснамасын әзiрлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсiндiру жұмысын күшейту жөнiндегi iс-шаралар жалғасатын болады.

5.2. Негiзгi әлеуметтiк мәнi бар  аурулардың және жарақаттардың  профилактикалық iс-шараларын, скринингтiк  зерттеулерiн күшейту, диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетiлдiру     

 Бағдарлама  шеңберiнде перинаталдық медицинаны  дамыту, акушериялық-гинекологиялық  және педиатриялық қызметтер  арасында өзара iс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған  ұйымдарды қазiргi заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жақсарту, кадрларды даярлау жүйесiн жетiлдiру, неонаталдық технологияларды белсендi енгiзу жоспарлануда. 
      Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектiкке және өлiм-жiтiмге алып келетiн ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, олардың жас, физиологиялық ерекшелiктерiне және ДДҰ ұсынымдарына негiзделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтiк бағдарламалар кешенi әзiрленедi және енгiзiледi. 
      Осы бағдарламаның шеңберiнде негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулездi, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндiк ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндiрiстiк жарақаттар, күйiктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдiстерi жетiлдiрiлетiн болады. Көрсетiлген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесiнде алынған: 
      таралуы жоғары және тез өрбитiн, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бiрiншi орындарды алады; 
      өлiм-жiтiм және мүгедектiкке шығу себептерi құрылымында елеулi үлесi бар; 
      ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмiр сүру сапасын төмендетедi, функциялық белсендiлiгiн шектейдi) және жағымсыз нәтиженiң жоғары ықтималдығы; 
      бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiне елеулi әсер ету. 
      Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесiнiң айтарлықтай артуының күтiлiп отырған үрдiсiн ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетiлдiрiлетiн болады.     

Информация о работе Жалпы денсаулық саласы