Комплекстегі барлық период
бойынша жұмыс істейтін бу шығынының
бақылануы құбырда орналасқан дифмонометр
арқылы жүзеге асырылады. Кнопкасы басылмаған
бөлігіндегі температураның датчигі
герконды контактары арқылы температура
регисторларға қосылған. Кнопканы басқан
уақытта комутатор реленің орауындағы
тұрақты қоректендіру базасынан
қоректендіріліп алады.
Комплекс СКРЖ жабдығы 200м
қашықтықта орналаса алады. СКРЖ жабдығын
пайдаланғанда будың шығыны 15-30%
-ке азаяды және экономикалық эффекті
жағынан 15-25мың тенге жылына береді.
СКРЖ комплексінің жабдығы
УССР Минстрой зауытынан шығарылды.
Дәл сол секілді жабдықтың
бірі 12 каналды автоматтандыру жүйесі
бар жабдық. Олар жылумен өңдеу
жұмысын басқарады. Бұл жүйе жылулық
режимнің регистрациясының және бақылауын
көрсететін электронды көп нүктелі
КСМ типті мостты анықтайды. Жүйеде
процесс жүруінінң қоңырауы орналасқан,
дистационды басқару мүмкіндігі
бар. Жүйенің жабдығы жалпы шкафта
орналасқан. Цементті жылумен өңдеудің
автоматты жүйесін пайдаланған
тиімді және эффектілі.
Автоматтандыру жүйесін
басқару КИП персоналымен және ЖБИ
заводымен жүреді. Басқару және бақылау
автоматика жүйесінде буды пайдаланудың
40-50%-ін экономдайды, бұл жабдық химия,
газ, мұнай өндіру өнеркәсіптерінде
қолданылады. Олардың қолданылуы қарапайымдылығымен
және төмен талаптарымен анықталған.
Жабдықты электр аппараттарымен
салыстырғанда электр энергиясы
және экономикалық жағынан тиімді.
1987 жылы Өскемендегі зауытта
түрлі басқарудың автоматтандыру
жүйесі шығарыла бастады.СПУРТ-1
жасалуы Өскеменнің зауытына
негізделген. Бұл жүйе ПУСК-3 жабдығын
айырбастауға арналған.
Цементті алу үшін ашық
және жабық циклде жұмыс істейтін
тұрбалы шарлы ұсақтағыштар клинкерді
қоспалармен қоса ұсақтайды. Екі
түрлі принциппен жұмыс істейтін
ұнтақтағыштар да бар; яғни олардың
1-ші камерасында ашық циклде, ал 2-ші
акмерасында жабық циклде ұнтақталады.
Ашық және жабық циклде жұмыс істейтін
агрегаттарда цемент клинкерін ұнтақтаудың
функциональды схемасы дәл шикізат
қоспасын ұнтақтаудағыдай құрастырылған.
Ашық циклде жұмыс істейтін ұсақтағыш
ретінде РЗМО регуляторы қолданылады.
Олар ұсақтаудың 1-ші камерасында әр
түрлі деңгейдегі клинкердің және қоспа
зқаттардың жүктемелерін көтереді.
Ұнтақтауға материалдың
түсуін акустикалық параметр өлшейді.
өлшеу принципі 1-ші камерадағы материалды
түсірудегі деңгейдің өзгеруі мен
ұсақтағышқа түсетін материалдың
санының өзгеруімен өзгеруімен сипатталады.
Материалдарды ұнтақтау автоматты
электронды регуляторда жүреді.
Шығын материалдары қоректендіргіш
арқылы ұсақтау камерасына беріледі.
Ұнтақталған зат камерадан элеватордың
көмегімен сепараторға беріледі.
Сепараторда реттелген дайын
зат жойылып кетеді, ал толық ұнтақталмаған
материал элеватор арқылы сепараторларға
беріледі. Ұнтақталған материал камерадан
элеватор арқылы сепараторға беріледі.
Сепараторда реттелген материал
жойылып кетеді де, ал түйіршіктер
сепаратордан элеватор арқылы сепараторда
қалып қойған түйіршіктермен бірге
камераға беріледі. Бұл ұнтақтау агрегатында
2 түрлі ұнтақтау принципі орналасқан:
1) камерада сепарациямен бірге ашық
циклде ұнтақтау; 2) камерада жабық циклде
ұнтақтау. Мұндай агрегаттарда автоматты
басқару процесінде жұмыс істеу
үшін ВИАСМ қолданылады.
5.3 Цемент қоймасының
принципиальді - электр схемасының түсінігі
Автоматтандыру
системасындағы элементтер мен приборлардың
электр схемасын көрсетіп, бұл прибордың
жұмысына қажет реттегіштерді, түзеткіштерді,
трансформаторларды, әр түрлі релелерді,
компенсатор мен конденсаторларды, басқару
аппараттарын, қосқыштар мен ажыратқыштарды,
хабарлау элементтері немесе көрсеткіштерді
көрсетеді.
Өндірістік
процесті автоматтандырудың ең
жоғарғы сатысы электронды есептегіш
жүйелерін пайдаланады. Технологиялық
процесті автоматтандырудың қажеттілігі
өндірістің жоғары сатыда ғылыми
деңгейде жүруіне мүмкіндік туғызады.
Процесті автоматтандыру автоматтандырудың
объектісі деп аталады.
Технологиялық
процестегі параметрлердің ауытқуы
әр түрлі болады. Олар автоматты
түзету. Ол объектінің ерекшелігіне
байланысты.
Цемент қоймасын
автоматтандыру схемасын құрастырайық.
Бұл схема автоматты басқару
схемасының принциптерінен және
элементтерінен тұрады. Дегенмен, бұл
схемада цементті пневмонасосты
сөндірмей автоматты түрде өңдеу
бөлігінде айырмашылығы бар.
Жұмыстың басында
оператор ортаңғы басқарғыш пультпен
(SB2) силос таңдайды. Мысалы, бетон
қоспасын дайындау үшін цемент
берілетін N5 бункері.
Автоматты
ажыратқышты сөндіргіштің кнопкасына
SBA 1-2 басқарғыш тізбегіне беріледі
және кернеудің мөлшерін көрсететін
HL шам жанады. Силосты таңдап болған
соң оператор жоғары (SQ10) және
төменгі (SQ16) N5 сиостағы цементтің
деңгейінің датчиктерін ауыстырғышпен
ауыстырады. Ауыстырғыш контакталары
SB2(2), SB2(3) және SB2(4). Тиетін УА20 электромагнитті
клапонды, аэрация шүмегін УА18 және
үрлегіштерді УА19 қосады. Егер бункерде
цемент болмаса және төменгі
деңгейдегі сезімтал элементтің
(датчик). SQ19 және SQ20 контакты қосылып
тұрса, онда кернеу берілген
кезде К4 және К5 релісінің
біреуі іске қосылады. Бұл контактардың
біреуі ғана іске қосыла алады.
Себебі олардың контакталары
жабық болғандықтан бір-бірімен
байланыспайды. Қосылған К4 релесі
өзінің ашық контагымен және
жоғарғы деңгейдің сезімтал элементінің
SQ18 жабық контагы арқылы өздігінен
блокировкаға қояды.
Жұмысты орындау
үшін оператор басқарғыш пультпен
SB1 кнопкасын басады. Нәтижесінде
электромагниттің УА 25,1 шиберін
қосады. Бұл шибер сол жақтағы
бункерге цементті тиейді. Біртіндеп
К1 релесі КТ(1) контагымен 30 секунд
ішінде пневмошүмекті насостың
М4 электродвигательдегі магнитті
қысқышты КМ4 және подчибниктерді
салқындату үшін суды жіберетін
УА31 және құбыр өткізгішпен цементті
тасымалдау үшін ауаны жіберетін
УА24 электромагнитті клапонды қосатын
КТ уақытша релесін іске қосады.
Магнитті қосқыштың
КМИ реленің К4 және соңғы
ажыратқыштың SQ23 контактілері үрлейтін
және N5 бункеріне цементті тасымалдайтын
электромагнитті клапонды қосады.
Цемент сол жақта орналасқан
бункерге беріледі.
Уақыт релісі
өзінің контактілерімен КТ(5) өздігінен
блокировкаға қойылатын және
өзінің ажырататын К1 релесін
сөндіретін К6 релісін іске
қосады.
Сол жақтағы
бункерге толтырылған цементтің
деңгейі жоғарғы SQ18 сезімтал элементпен
анықталады. Бұл сезімтал элементтің
контактасы К4 релесін ажыратады.
және К6 релесін сөндіретін, өздігінен
блокировкаға қойылатын К1 релесі
қайтадан қосатын құбыр өткізгішінен
цементті өңдейтін К7 релесін
іске қосады. Бұл реле (К7) К5 релесін
қосады. Себебі сол жақта арқан
бункердің төменгі деңгейінің SQ21
сезімтал элементінің контактысы
қосылған және бұл К5 релесі
электромагниттің УА25,2 көмегімен
оң жақтағы бункерге цементті
тиейтін шиберді ауыстырады. Біртіндеп
К1 релесі өзінің контактымен
келесі әсерлерді орындайтын
КТ уақыт релесін қосады: 35С ішінде
контакт КТ(2) цементті бункерге тиейтін
тиегіштің УА20 электромагнитті клапонын
сөндіреді. 45с кейін Т(3) контагы аэрацияың
УА18 электромагнитті клапонын сөндіреді.
КТ4 контагы цементті құбыр арқылы үрлейтін
урлегіштің УА19 электромагнитін сөндіреді.
5 минуттан
кейін КТ(5) контагы К6 релесін
қосады, К7 релесін сөндіреді.
Нәтижесінде сол жақтағы бункерге
тиейтін шибер ауысады. Себебі
бұл уақыт аралығында цемент
толығымен өңделеді және қайтадан
үрлегіш, тиегіш, аэрацияның клапоны
қосылады. Операция біткен соң
КТ(6) контагы К1 релесін және
КТ уақыт релесін сөндіретін
К6 релесін қосады.
Сол жақтағы
бункерге цемент толтырыла бастайды.
Белгілі бір деңгейге жеткен
кезде КТ релесі арқылы силосқа
тиелуін тоқтататын және сол
жақтағы бункерге цементті толтыратын
шиберді ауыстыратын К7 релесін
қосатын және К5 релесін сөндіретін
төменгі деңгейдегі SQ19 сезімтал
элементтің контагы қосылады. Нәтижесінде
барлық автоматтандырылған жұмыс
жоғарыда айтылған схемамен жүреді.
Механизмдердің автоматты түрде
толық тоқтатылуы 3 жағдайда орындалады:
1 жағдай кезінде SQ18 және SQ19 сезімтал
элементі КТ уақыт релесін
қосатын механизм сөндіргіш релесі
орындалады және соңында цементті
силосқа тиейтін тиегіштің электромагнитті
клапоны сөнеді. Цемент өңделіп
болған соң пневмошүмекті насостың
бункері босайды. Нәтижесінде
осы пневмошүмекті насостың магниттік
ажыратқышын КМ4 сөндіретін төменгі
деңгейдегі SQ21 сезімтал элементтің
контагы ажырайды. Біртіндеп КМ4
релесі өзінің контагымен қоректендіргіштің
К8 релесін ажыратады, нәтижесінде
қоректендіргіш тоқтайды. Қоректендіргіш
тоқтаған соң КТ уақыт релесі
сөнеді.
Цемент шығарылатын
силосқа тиелу тоқтайды. Мұндай
жағдайда төменгі деңгейдегі SQ16
сезімтал элементтің контактысы
қосылады және өзінің ашық
контагымен тоқтатқыш К8 релесін
қосатын К3 релесін іске қосады.
Технологиялық механизмдердің К8
релесінің көмегімен тоқтатылуы
жоғарыда қарастырылған. Осыған
ұқсас схеманың соңында тоқтатылатын
жұмыс схемасы сәйкес болады.
Бұндай жағдайда оператор процестерді
тоқтатын SВ9 кнопкасын басады
және К8 релесі орындалады.
6.0 Құрылыстық бөлім
6.1 Бас жоспарға түсінік
Бас
жоспар- құрастырмалы темірбетон
зауытының барлық ғимараттары
мен үймараттарын графикалық
бейнелеу. Сонымен қатар қоймаларды,
инженерлі-техникалық үймараттарды,
тораптарды, көгалдандыруды, жолдар
мен теміржолдарды бейнелеу.
Бас
жоспарды жобалауды СНиП-II-М 1-71
талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Кез-келген жағдайда технологиялық
схеманың реттілігін және өнеркәсіптің
құрамын қабылдайды:
1) негізгі цехтар (қалыптау,арматуралық,
бетон араластыру цехтары);
2) қосымша цехтар (жөндеу-механикалық,
ағаш өңдеу цехтары);
3) қоймалар (шикізат,отын,құрал-жабдықтар);
4) әкімшілік-тұрмыстық объектілер
(басқарма,асхана, медициналық пункт);
5) транспорттық және инженерлі-техникалық
тораптар (жолдар, электр жүйелері,су
жүйелері);
6) әрлендіру элементтері
(көгалдандыру, тротуарлар).
Барлық қойма ғимараттарын теміржол
бойына топтастырады. Теміржолдан
ғимараттарға дейінгі қашықтық 6м
кем болмауы керек. Қоршауға
дейінгі қашықтық 5м-ден кем емес.
Зауыттың барлық жолдары сыртқы
негізгі жолға қосылады. Ауданы 5га
болатын өнеркәсіптерде екі шығу
дарбазасы болуы керек.
Ғимараттарды
орналастыру санитарлы-техникалық
және өрт қауіпсіздігі талаптарын
сақтауы қажет:
1)шаң, түтін, газ
бөлінетін ғимараттарды басқа
ғимараттардың желді жағына орнатылады;
2) дыбыс көп
болатын ғимараттарды негізгі
ғимараттардан қорғау аймағымен
бөледі;
3) өрт қауіпсіздігі
бар ғимараттар басқа ғимараттардың
ық жағына орнатады.
Барлық
ғимараттар мен үймараттарды
бас жоспарда ыңғайлы орнату
үшін өндірістік зоналарға бөледі:
зауыт алды алаңы, яғни әкімшілік-тұрмыстық
ғимараттар; өндірістік маңызы бар
негізгі объектілер; шаруашылық
алаңы, яғни қоймалар.
Бас
жоспардың негізгі міндеті территорияны
зоналарға бөлу, яғни зауыт алды,
өндірістік, қосалқы, қоймалық. Зауыт
алды зонасын негізгі жол жағына
орналастырады. Онда әкімшілік-тұрмыстық
ғимараттар орналасады. Өндірістік
зонада - негізгі цех, бетонараластыру
бөлімі орналасады. Қосалқы зонада
- насосты станция, компрессор, су
және канализация жүйелері орнатылады.
Қойма зонасында - дайын бұйым
қоймасы, шикізаттар қоймасы орнатылады.
Бас жоспарға
барлық ғимараттар мен үймараттарды
орнатқаннан кейін негізгі технико
- экономикалық көрсеткіштер: өндіріс
ауданы, құрылыс коэффиценті, көгалдандыру
ауданы көрсетіледі.
Бас жоспарда
қалыптау цехының қарапайым конфигурациясы
қарастырылған. Қалыптау цехына
бетон қоспасын дайындау цехы
жалғастырылып салынғын, оның себебі
бетон қоспасын алысқа тасымалдамау
үшін. Қалған цехтар бөлек қарастырылған,
себебі олар алдағы уақытта
қалыптау цехын кеңейтуге және
күн сәулесінің қалыптау цехына
түсінуіне кеселіп тигізбеу керек.
Қалыптау
цехында ұзындығы 108 м , ені 18 м
ғимарат қарастырылған. Калоннаның
биіктігі 10,8 м. Атқаралатын технологиялық
процесстерге байланысты, бұйым
мен қалыптың массасына байланысты
жүк көтергіш кран қарастырылған.
Көпірлі кран 6,8 м биіктікте кран
балканың бойымен рельспен жүреді. Қалыптау
цехында екі көпірлі кран қарастырылған.
Калоннаның
арақашықтығы 12м, цехтың ені 18м
болғандықтан екі жағына еңістілген
балка қарастырылған, балканың
үстіне цехтың ұзына бойына 12х3
м плитка жабылған.
Плитаның
жоғарғы жағында жылу өткізбейтін
қабатты бу ылғалыннан қорғау
үшін су өткізбейтін қабат
қарастырылған. Оның үстінде ғимараттың
жылуы далаға кетпеу үшін және
жазда ыстық ғимаратқа еңбеуі
үшін жылу өткізбейтін қабат
қарастырылған. Бұл қабаттың үсті
цементтік ертіндімен тегістеліп,
ылғал өткізбейтін битумды рубербидты
қабатпен жабылған.
Бас жоспарда
негізгі қалыптау цехына басқа
заводтың құрамына кіретін барлық
негізгі ғимараттар мен құрылыстар,
автокөлік жолдары, теміржол, завод
территориясының қоршауы көрсетілген.
Бас жоспарда
барлық цехтар санитарлы-гигиеналық
талаптарға сай желдің бағытына
байланысты, технологиялық процесіне
байланысты орналыстырылған.
Бас жоспарда
цех ғимаратынан басқа шикізат
және дайын бұйым қоймалары
орналастырылған. Теміржолмен тасылмалданатын
цемент және арматура, дайын бұйым
қоймалары бір түзудің бойында
орналасқан, оның себебі теміржолдың
ұзындығын қысқарту. Энергия көздері
болып саналатын электростанция,
компрессор ғимараттары энергия
көздері пайданаланылатын цехтарға
жақын орналасқан. Алдағы уақытта
өндірісті кеңейтетін болса қалыптау
цехын ұлғайту керек болады, сондықтан
бас жоспарда негізгі цехтың
жанында бос орын қарастырылған.