Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. Оқушылардың өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауындағы «Өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
1. 1. Оқушыларға «өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың теориялық негіздері..4
1. 2. Оқушылардың өмірлік жолдарын айқындау мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіншіліктері....................................................................................8
ІІ ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны
2. 1. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдары...............................................................................................................11
2. 2. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері...........................................................................................................13
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................15
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 55.96 Кб (Скачать документ)

—              өзін-өзі тану – ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;

—              өзін-өзі тану – тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді.

Нақты Мен — өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т.б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен – адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т.б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану — өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін.

Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. 

«Өзін-өзі тану» сабағындағы шығармашылық жұмыстар

Инсерт әдісі- оқушының ақпаратты саралай білуіне және соның негізінде нені біліп, нені білмейтінін және нені білгісі келетінін айқындайды.

Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. 
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі. 
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына Сол жағына 
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

“Портфолиоға” педагогика ғылымында  түрліше анықтама беріледі. Шет тілдерінің сөздігінде portfolio ұғымы былайша түсіндіріледі:

  • жазба жұмыстарын, құжаттарды  сақтауға және тасымалдауға арналған құрал:

а) портфель,

ә) “іс”, папка; 

б) архив қалта.

  • бір тақырыпқа біріктірілген жұмыстар сериясы, құжаттар, қағаздар және т.б.: 

а) құнды қағаздар порфелі;     

ә) суреттер папкасы.

Портфолио түрлері:

  • “Жетістік папкасы” (мақтау грамоталары, алғыс хаттар, дипломдар);
  • Оқушының тұлғалық даму динамикасын, шығармашылық, жобалық, зерттеушілік деңгейін көрсететін портфолио;
  • Оқушы жетістігі мен оқу-танымдық іс-әрекетін бағалау, мұғалім, ата-ана, кластастары, қосымша білім беру мекемелері қызметкерлері берген пікір, резюме, эссе, рецензия т.б. арналған портфолио;

Портфолио бірқатар мынадай міндеттерді шешуге:

  • оқушылардың оқуға деген жоғары қызығушылығын үнемі қолдауға;
  • олардың жеке және белсенді жұмыс жасауын ынталандыруға, оқу және өздігінен ізденіп оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге;
  • оқушылардың рефлексия жасау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға;
  • мақсат қою, өзінің оқу әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрену білігін қалыптастыруға негіз бола алады.

 
Портфолионың қызметін былайша түсіндіруге болады:

  • Портфолио – оқушының белгілі бір уақыт аралығында оқудағы жеке жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі.
  • Портфолио – оқушының түрлі салалар бойынша   қабілеті мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы.
  • Портфолио – оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы.
  • Портфолио – оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы.
  • Портфолио – оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.

Портфолионың бала үшін ықпалы қандай?

  • біріншіден, балалардың өз жұмыстарын бағалауына,
  • екіншіден, ересектердің баланың жеке дамуын қадағалауына,
  • үшіншіден, баланың жеке жұмысының сапасына тікелей ықпал етеді.

 

 
 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін – өзі тәрбиелейді. Өз бетімен танып білуге құштарлану, талпыну, іздену адам керкі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды. Өмірдегі әртүрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады. Сондықтан ізденіп, алдымызға қойған мақсатымызға жетейік. «Өзін-өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелей отырып, осы қоғамда өзіндік «менін» табуға жетелейтін пән.

Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.

1. Осы зерттеу барысында адамгершілік құндылықтар ұғымына берілген анықтамалар мен теорияларды талдау жасай келе  мектеп оқушыларының өзін- өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндік деңгейі анықталды.

2. Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы өзінің  құрбыластарының қарым- қатынасты, үлкендермен өзара әрекеттестікке өз іс- әрекетіне бақылау жасай алуға үйренді. Балалардың құрдастарының бойындағы адамгершілік сапаларды бағалай алу мүмкіндігі туды. Балалардың тәртіп бұзушылыққа сын көзбен қарай алатын болды.

   Анықталған теориялық  және практикалық қорытынды негізінде мектеп оқушылардың өзін- өзі тану арқылы өзіндік менін қалыптастыру жүйесін жетілдіруге сәйкес төмендегідей ұсыныстар әзірленді:

- Мектеп оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туындатуға жағдайлар жасау.

- Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің аясында сыныптан және мектептен тыс шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдстыру.

- Мектеп оқушыларының өзіндік «Мен»-дерін қалыптастыруға бағытталған инновациялық техналогияларды қолдануға басты назар аудару.                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ананьев Б.Г. Психология педагогической оценки. «Избранные психологические труды» кітабынан. М., 1980. т. ІІ. 358 б.

2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану. Алматы:Литера,2001.

3. Аманошвили И.А. Как живете,дети? Масква,1986.

4. Әбжанов Т. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994.

5. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы,1988.

6. Әлқожаева Н.С. Иман-тәрбие негізі.Алматы:Каз НИИЭОАПК,1997. 

7. Бабаев С. Жалпы педагогика Алматы 2006 ж.

8. Вереникина И.М. Проблемы возрастной и педагогической  психологии. М., 1995.  221 б.

9. Газман О.С. Педагогика свободы: путь в гуманистическую  цивилизацию  ХХI    века. - Новые ценности образования, вып. 6, 1996

10. Григорович Л.А. Педагогическая психология. М., 2003. 313 б.

11. Жарықбаев Қ. Жантануға кіріспе.Хрестоматия. Алматы,2005.

12. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы,1992.

13. Зимняя И. А. Педагогическая психология. -  М., 2000

14. Зинченко В.П. Психологическая педагогика. Самара, 1998

15. Ильина Т.А. Педагогика. Курс лекции. М., 1984. 496 б.

16.  Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987. 190 б.  

17. Кочетов А. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. М.,1967.

18. Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы,Білім.2001.

19.  Құнанбаев А. Абай шығармашылығының I томдық жинағы. Алматы, Қазақстан,1986.

20. Құрманалина  Ш.Х. «Педагогика». Астана 2007.

21. Құдиярова А. Ортақтасу психологиясы. А., 2002. 37 б.

22. Лазурский. А.Ф.Очерк науки о характерах.  М., 1995..

23. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. 3-е изд. 584 б.

24. Мурзалин С.Рухани байлық. Алматы,1988. 

25. Мамырбаев Д. Өзіндік таным. Алматы, 2007.

26. Молдабеков Ж.Ж. Кәсіби этика. Алматы,2007.

27. Мұқанов Жас және педагогикалық психология. А., 1991.  237 б.

28. Нұркеева С.С. Өзін-өзі тану дәптері. Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,2007.

29. Нұркеева С.С. Өзін-өзі тану хрестоматия. Алматы:«Бөбек»ҰҒПББСО,2007.

30. Педагогика /Под ред. П.И. Пидкасистого.-М.,1998

31. Педагогика тағлымдары.-Алматы, 1993

32. Педагогикалық ізденіс.-Алматы,1989

33. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы /Ред басқ. А.В.  Петровский.-Алматы,1987

34. Пекелис В. Адам қабілетінің қайнары.-Алматы, 1976

35. Рувинский Л.И., Солвьева А.Е. Психология самовоспитания. М., 1982. 251 б.

36. Сергиенко Е.А. Становление субъекта: неоконченная дискуссия// Психол. Журн. - №2. - 2003. - С. 114-120.

37. Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы.-Алматы,1976

38. Смирнов В.П. Общая педагогика.-М.,1999

39. Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников. М., 1980. 102 б.

40. Ұзакбаева С. Тамыры терең тәрбие.-Алматы,1995

41. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе.-Алма-ата,1984

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі