Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. Оқушылардың өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауындағы «Өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
1. 1. Оқушыларға «өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың теориялық негіздері..4
1. 2. Оқушылардың өмірлік жолдарын айқындау мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіншіліктері....................................................................................8
ІІ ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны
2. 1. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдары...............................................................................................................11
2. 2. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері...........................................................................................................13
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................15
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 55.96 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

І ТАРАУ. Оқушылардың өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауындағы «Өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 1.  Оқушыларға «өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың теориялық негіздері..4

1. 2. Оқушылардың өмірлік жолдарын айқындау мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіншіліктері....................................................................................8

ІІ ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны

2. 1. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдары...............................................................................................................11

2. 2. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері...........................................................................................................13

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................15

Қорытынды......................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................24

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

    ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.

«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

                                                                        

«Өзін-өзі тану» курсы жас ұрпақты жан-жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу мен оқытуға барлық мүмкіндік жасауда. «Өзін-өзі тану» курсы жылдан-жылға қарқын дамуда. «Өзін-өзі тану» пәні балабақшалар мен мектептерге эксперимент ретінде енгізіліп отыр, сонымен қатар республика бойынша 96 білім беру мекемелерінде оқытылатын болады. «Өзін-өзі тану» курсын үйлестіруші Республикалық «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы. Өзінің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 2003 жылы ақпан айында құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты арқылы қажетті зерттеулер жүргізілді. Институтта Қазақстандық ғалымдар, мамандар адамның үйлесімді дамуын зерттейтін, жаңалық енгізетін әдіс-тәсілдерімен, «Өзін-өзі тану» курсының мұғалімдерін даярлау, қайта даярлау ісімен, оқу-әдістемелік, хрестоматиялық оқу құралдарын шығарумен айналысады. «Өзін-өзі тану» пәнін ендіруді қамтамасыз етуде маңызды үлес қосқан және осы курсты әдістемелік тұрғыдан негіздеген мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар С.А. Назарбаева, Ш.К. Беркімбаева, К.Н. Шамшидинова, Б.А. Альмухамбетов, Б.К. Дамитов, Х.Т. Шерьязданова, К.Ж. Қожахметова, М.Ш. Хасанов, А.Н. Нысанбаев, Б.К. Кудышева, Г.И. Калиева, Т.А. Левченко, Г.Г. Соловьева, М.Ж. Джадрина т.б. болды.

 

Өзін-өзі тану-бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес,адамдар арасындағы өз орнын таба білу,өзін тұлға ретінде сезіне алу.Біздің зерттеуімізде баланың адамгершілік құндылықтардың өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру болғандықтан,адамгершілікпен және мораль ерекшеліктерін түсіну маңызды.

Зерттеу мақсаты: Оқу-тәрбие  үрдісінде оқушылардың өмірлік көзқарастарының «Өзін-өзі тану» пәні арқылы дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жұмысында тексеру.

Зерттеу жұмысының  міндеттері: 

1. Білім беру жүйесіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызын теориялық тұрғыда негіздеу;

2. «Өзін-өзі тану»  пәнінің оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіншіліктерін анықтау.

3. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдарын айқындау.

4. «Өзін-өзі тану»  пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне қатысты ғылыми-әдістемелік, философиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, мектеп құжаттарымен танысу (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т.б.), сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелеріне баға беру. 

Зерттеу кезеңдері:

Зерттеу пәні: Өзін-өзі тану

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. Оқушылардың өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауындағы «Өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері

1. 1.  Оқушыларға «өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың теориялық негіздері

Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.

Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері , «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді, яғни 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру.

Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқу материалдары жүйеленіп барлық сыныптарда да 4 тарау бойынша беріледі. Олар:

1 тарау: Адамның өзін-өзі  тануына арналған.

2 тарау: Адам және қоғам  қарым-қатынасына арналған.

3 тарау: Адам және қоршаған  орта қарым-қатынасына арналған.

4 тарау: Адамзаттың рухани  тәжірибесіне арналған.

Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағытыболып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толық сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» жобасы жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда 2001 жылы қолға алынды және еліміздің жетекші педагогтері, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты.

«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпыадамзаттық адамгершілік қағидаттарымен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық  қатынастарды қалыптастыру және дамыту.

Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады.

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау бағдарламада белгіленген оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторинг) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушы деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, оған «сынақ» деген баға қойылады.

Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсеткен портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешу жолдарын ізденуіне назар аударамыз.

Өзін – өзі тану кабинетіне қойылатын талаптар:

· Әр түрлі жас топтарына арналған кабинеттер болуы (мектепалды, бастауыш сынып, негізгі мектеп және жоғарғы сыныптар);

· Болашақтың азаматтарын тәрбиелеуде адами құндылықтарды қалыптастыруға сәйкес болуы;

· Оқу кабинеттерінің бүгінгі күн талаптарына сай болуы (кітапхана, аудиобейне таспалар, дидактикалық материалдар, кеңсе заттары,, т.б.);

· Өзін – өзі тану кабинеті арнайы жабдықталған бөлмеден, онда бірнеше зоналар болуы, 10-15 баладан, 36 кв/м кем болмауы керек. Кабинетте:

· Әр жас ерекшелігіне сәйкес мебель болуы;

· Мұғалімнің орны анықталуы керек;

· Кабинет 2-3 арнайы зонаға бөлінеді: белсенді жұмыс жасайтын және әңгіме жүргізуге арналған орын, сол сияқты жобалау жұмыстарын жасауға арналған орын (жазуға, сызбаларға, т.б.). Жұмсақ жиһаз және жасыл желең болуы.

· Әрбір кабинетте орталық бөлігінде еліміздің мемлекеттік рәміздері, елбасының портреті болуы шарт;

· Аталған жобаның авторы жайында арнайы мәліметтер болуы (стенд, уголок, т.б.);

· Табиғат көріністерінің суреттері туған өлке жайында, рухани ұстаздар портреті;

· Кабинеттің бір қабырғасы тақырыптық безендірулерге арналған болуы керек, жас ерекшеліктеріне сай өзгертіп тұру қажет. Өзін өзі тану пәнін жаппай тәжірибеге енгізуде жақын мерзімде шешілетін төмендегідей ұсыныстарды атап өтуді жөн көрдік:

• Өзін - өзі тану пәнінің жаппай тәжірибеге енгізілуіне байланысты жергілікті ұйымдарды ОӘК - мен қамтамасыз ету мәселесіне білім басқармасы тарапынан бақылау мен басшылық жасалса;

• Шығармашылық бағыттағы озық іс-тәжірибелер насихатталып, конкурстар ұйымдастару негізінде әдістемелік еңбектер дайындалса;

• Балабақшалардың өзін - өзі тану пәнін жаппай тәжірибеге енгізуге дайындықты пысықтап, материалдық - техникалық базасын нығайтып, арнайы кабинеттер жабдықтау мәселесі шешілсе;

• Бұқаралық ақпарат құралдары негізінде дұрыс насихатталу жолдарын қамтамасыз ету бағытында радио, теле бағдарламалардың тұрақты айдарлары беріліп, Бөбек орталығындағы арнаулы мамандармен «Алматы - Астана» телекөпірін ұйымдастырылуы ескерілсе;

• Осы пәнді өткізетін мамандар дайындау мәселесі, үш сатылы бакалавр, магистр және Phd докторлар және педагогикалық институттарда арнаулы өзін - өзі тану пәнін өткізетін мұғалімдер дайындалса;        

  1. 2. Оқушылардың өмірлік жолдарын айқындау мақсатында «Өзін-өзітану» пәнінің мүмкіншіліктері

Қазақстан үшін жаңа мыңжылдықтың сұраныстары мен критерийлеріне (өлшемдеріне) сай келетін тұлғалық универсумды қалыптастыру мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда, өйткені ел Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның мәдениетін сіңіруде, көптеген халықтардың тарихи тағдырларының торабында жатыр, қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің тұрақты, қуатты өзегі бар көп мәдениетті, көп конфессиялы мемлекет болып табылады. Қазақстан жаңа мың жылдықтағы білім беру міндеттерін шеше отырып, бір уақытта қазақстан халқының діліне және уақыттың рухына сай келер ұлттық білім беру үлгілерін іздестіруде. Шет елдік білім беру бағдарламалары мен жаңа технологиялар, білім берудің ұлттық үлгісі, өзіне әлемдік тәжірибені сіңіріп, әлемдік стандарттар мен нормативтерге жауап бере отырып, қазақ халқының ұлттық мінезін, оның сан ғасырлы еуразиялық бауырластығынан туған мәдени-тарихи ерекшелігін таныта отырып меңгерілуі, өңделуі тиіс. Қазақстан «базалық білім» ұғымын түбегейлі өзгертетін бала құқығы жайлы Конвенцияның және білім жөніндегі Бүкіл әлемдік декларацияның бағдарламалық тұрғыларына сүйенеді. Ертеректе ең алдымен ғылым негіздерін меңгеру мен сауаттылыққа көңіл бөлінсе, қазіргі базалық білім - мейірімділік, әділдік, махаббат, зорлық көрсетпеу, бақыт, дұрыс мінез-құлық сияқты адами құндылықтарды білу және соларға оқытуды болжалдайды. Жоғарыда аталғандардың аспектісінде «Өзін-өзі тану» сияқты бірегей курстың шүбәсіз өзектілігі мен бірінші кезектілігі ашыла түседі. Оның аясында рационализм мен еуропаға орталықтануды жеңу міндеттері ғана емес, сондай- ақ қазақстан халқының көп мәденилік, полиэтникалық кескініне сай білім берудің ерекше қазақстандық үлгісін жасау қарастырылады. Рухани-адамгершіліктік бағдарларын жоғалтқан қазіргі замандағы технократиялық өркениетті ежелден - тек адамның рухани көзінің ашылуы, оның өзінің жоғарғы рухани субстанцияға бастапқы қатынасын сезінуі ғана құтқара алуы мүмкін. Білім беру - адамды жасанды коммуникативті тораптардың мекендеушісіне айналуына, тоқтаусыз технологиялық жарысты тоқтата алатын, әлемдік тарихтың барысын өзгерте алатын қоғамдық өндірістің негізгі сферасы. «Өзін-өзі тану» адамзатқа ортақ, планетарлы импульс пен бір уақытта ұлттың жалпы қазақстандық мүддесін қамтитын білім беру жобаларының түріне жатады. «Өзін-өзі тану» курсының мақсаты - біртұтас, рухани, білімді адамды, Ғаламшар Азаматын, Жаһандану ғасырында өмір сүре алатын және бақытты бола алатын адамды қалыптастыру, ол қоршаған әлемді қорғап және сақтай алатын, өмір сүру бейнесі басқа адамдарды түсініп, әртүрлі елдердің мәдениетін және өмірлік тәжірибесіне құрмет көрсетіп, өзінің ұлттық әлем үлгісін дамытып, қорғай алатын болуы керек. Бұл мақсат келесі күрделі міндеттерді шешуді ұйғарады: ♦ Қазақстан Республикасындағы педагогикалық парадигманы зерттеуге мүмкіндік туғызу, еуропа орталықтандырылған және онымен байланысты рационализмді жеңіп руханилықтың басымдылығына бағытталу;

Информация о работе Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі