Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2015 в 10:00, курсовая работа

Краткое описание

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат — әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Соған орай көтеріліп отырған мәселе қоғам талабынан туындап отырғандықтан тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. Оқушылардың өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауындағы «Өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
1. 1. Оқушыларға «өзін-өзі өзі тану» пәнін оқытудың теориялық негіздері..4
1. 2. Оқушылардың өмірлік жолдарын айқындау мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіншіліктері....................................................................................8
ІІ ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны
2. 1. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдары...............................................................................................................11
2. 2. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері...........................................................................................................13
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.............................................................................15
Қорытынды......................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 55.96 Кб (Скачать документ)

♦ Гуманитарлық және жаратылыс ғылымдық білімдердің интеграциялық қағидасын жүзеге асыру барлық оқытылатын пәндерді адам тұлғасына түйіндеп, яғни адам тұлғасы секілді шартсыз Орталыққа негізделе отырып, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын қайта құрып және топтастыру (барлық білім – адам үшін және адам арқылы);

♦ Оқу бағдарламаларын адам тұлғасының «рухтанған жанды» мақұлдайтын қазіргі түсінігіне бағдарлау, адамның рухани субстанция мен және де басқа адамдармен тікелей шүбәсіз байланысы;

♦ Адам мен әлемнің ізделінетін үйлесімділігінің қалыптасуына рухтануды тереңнен сезінуге, табиғаттың өзіндік құндылығын, оның құдіреттілік шығу тегі мен адамның құдай алдындағы тек өз тағдыры ғана емес, сонымен қатар жер бетіндегі барлық тіршіліктің тағдырына да жауапкершілігін қалыптастыруға, мүмкіндік туғызу.

♦ Адами қасиеттер мен рақымшылықтың үйлесімділігін қалыптастыру: интеллектілі сыни ойлауға қабілеттілік; өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін түсіне отырып шешім қабылдауға қабілетті болу;

♦ Қазіргі көп нұсқалы жеке тұлғаға әсіресе қажетті қасиеттерді тәрбиелеу; «Өзін-өзі тану» ұлттық, туған мәдениетке тереңдеп енуге мүмкіндік береді. Өйткені тек өз туған анасын сыйлайтын адам ғана, басқа адамдарды сыйлап және бағалай алады.

♦ Түрлілікті сақтауға бағдарланғанда (этникалық, жыныстық, жас ерекшелік), рухани-адамгершілік бірлікпен, жалпыадамзаттық махаббат пен игілік құндылықтарына негізделген адамзаттық біртұтастықты ұғынуға мүмкіндік туғызу.

«Өзін-өзі тану» курсы, демек, анық түсініктен бастау алуы керек: Әлем деген не? Адамның мәні неде? Біз нені және қандай мақсатпен танимыз? Нені бекітеміз, тәрбиелейміз, дамытамыз, жетілдіреміз, өзектілейміз? Әрине, «Өзін-өзі тануды» материалистік психология рухында түсінуге де болады. Сонда, ол өзінің мінезін, әдеттерін, қабілеттерін, темпераментін қоғамда өзін бекіту үшін және көрсету үшін және де кикілжіңдерден қашып, кәсіптік жетістіктер мен қызметтік серіктестік «бағытында өзін жетілдірудегі» прагматикалық білім маңызды міндет пе? Сөзсіз. Бірақ шабыттандырмайтын жеткіліксіз міндет. «Өзін-өзі тануды» философия ұстанымы тұрғысында, рухани шыңға шығу, рухани іс-әрекет тәжірибесі ретінде талқылауға болады. Сонда адам ішкі өмірге тереңдеу, іштей тазалану арқылы, үйреншікті сананың таптауырындарынан босатылып, болмыс пен болмыстың Мағынасына, руханилықтың жарығы мен аспанына көтеріледі. Психологияның өзгеру қажеттілігін айтқанда, біз, педагогиканың да тереңдік өзгеруін, яғни бүткіл оқу процесінің өзгеруі туралы да айтамыз. Философиялық парадигманың ауысуы міндетті түрде өзімен бірге педагогикалық парадигманың алмасуын да көрсетеді, мәнділіктің терең ұғынылуын, білім мақсаты мен міндеттерін, тек соларды ғылыми ретінде және зиялы мемлекет сипатында деп түсінетін, әлі де философиялық материализм қағидаларына бағытталады. Қазақстандағы білім, педагогика, психология сырттай көріністер мен жаңа технологиялар, инновацияларды үндеумен ғана шектелмеуі керек. Ең басты маңызды инновация іске асырылуы қажет Осы орайда аталған – курс, қазіргі замандық бағдар беруші, бүкіл Қазақстан Республикасының білім беру процесіне дүниетанымдық көзқарасты орнатушы, міне – негізгі идеясы осындай болып табылады. «Өзін-өзі тану» алғашқы сенімді қадамдарын жасап, білім беру құрылымдарын түпкілікті өзгерістерге әкелуді талап ете отырып, ең алдымен мұғалімдердің өзіндік өзгеруін шамалайды, жаңа оқу бағдарламаларын және барлық пәндердің ғылыми-әдістемелік кешендерін құрып, тек қана гуманитарикалық емес, сонымен қатар математика және табиғат туралы ғылым корпусын да өзгертуді талап етеді. Шығыстың бірінші ұстазы әл-Фараби айтқандай, қайырымды қала, универсумның қажетті құрушысы, сондықтан да мінсіз және бақытты қоғам құруға қажетті қағидаларды білу үшін, осы қоғам енетін тұтастықтың қағидалары мен заңдарын білу қажет. Курсты іске асырудың маңызды ұстанымында психология ғылымы тұр. «Өзін-өзі тану» Қазақстан Республикасындағы білім беру процесін дүниетанымдық өзгертудің нақты бастамасы, деп анық тұжырымдауға болады.Себебі:

  • рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру тұрғысынан алға қойған мақсаты жаңа;
  • Мақсатты жүзеге асырудағы негізгі қадамдар, яғни міндеттері жаңа;
  • Ұсынылған білім мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар рухани құндылықтармен байытылып, тәрбиеге негізделгендігімен жаңа;
  • Арнайы ұйымдастырылатын тәрбиелеу мен білім беру формасы, әдіс - тәсілдері жаңа;
  • Сабақтарды ұйымдастыру құрылымы мен қолданылатын құралдары да жаңа;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны

 

2. 1. Оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту жолдары мен құралдары

 

 

  «Өзін-өзі тану» пәні – қазіргі қоғамда өте керекті пән. Атынан көрініп тұрғандай, адам өзгені тану үшін біріншіден өзін жақсы танып білу шарт. Біздің негізгі бағытымыз осы болмақ.

Күн тәртібіне қойылып отырған ұрпақ тәрбиесін жан-жақты дамытып, баланың ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің маңызы мен мәнін пайымдауға, өзіндік «менін» қалыптастыруға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» қайнар бұлағы – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан нәр алады. Құрылымымен дара «Шаттық шеңберімен» бастау алып, «Жүректен жүрекке» кезеңімен аяқталатын бұл пән қырық бес минут ішінде әр баланың бойына жылылық, мейірімділік, сүйіспеншілік сынды асыл қасиеттерді орната біледі. Сонымен қатар сабақтың өзіндік ерекшелігін байқататын «Армандайық», «Өзіммен өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-жаттығуы» балаларды еркіндікке (ойын еркін айтуға), достыққа, сыйластыққа үйретеді, яғни сабақ барысында кездесетін әр айдар бала бойына жалпы адамзаттық құндылықтардың дәнін себеді. Бұл құндылықты қайдан аламыз деген сұраққа халқымыздың аңыз – әңгімесі, ертегісі, мақал-мәтелі, нақыл сөздері, ұлылардың ұлағаты, ақын-жазушыларымыздың шығармаларындағы тәрбие қаймағы еріксіз қалқып шығады. Бұл пән адамды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге бағыт ұстайды. Әрбір жеке тұлға, жеке адамзат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осыған орай әрбір сабақ баланы өзінше ойлауға, шешім шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды.

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, оларды адами ізгі қатынастарға үйретуде «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің орны ерекше. Ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби: «Ұстаздық мінез – құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді»,-деп нағыз ұстаздың бейнесін осылай береді.

Әрбір жеке тұлға, өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Соған байланысты, жұмыс тәжірибемнен, бұл пәннің үш жақты, «Бала - Ата - ана - Мұғалім» үшін тиімділігін аңғардым. «Өзін - өзі тану» пәні сабақтарындағы «Шаттық шеңбері» кезеңі балалардың көңіл - күйлерін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал етеді. Ал, «Тыныштық сәті» балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады.  Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете алмайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай - ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол аз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы, бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді.

оқушылардың өзара көмек құндылығына көздері жетеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылған әдістемелер мен әдістемелік тәсілдердің мазмұны:

- ізгіліктік: балаларға деген сүйіспеншілік, балалар бақыты, таңдау еркіндігі, таным қуанышы;

- жеке тұрғы: тұлғаны зерттеу, қабілеттерді дамыту, өзіне терең үңілу, жетістік педагогикасы;

- қарым-қатынас шеберлігі: өзара түсіністік заңы, ашықтық;

- отбасы педагогикасы, ата-аналар сенбісі, геронтология, ата-аналар құндылығы;

- оқу іс-әрекеті:  оқу және жазу үрдістерінің тәсілдері, балалардың әдеби шығармашылығы.

Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы гуманистік философия, психология және педагогиканың қайта көрінісі. Педагогтың басты назары –өзінің мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыруға ұмтылатын,  жаңа тәжірибені қабылдауға дайын, түрлі өмірлік жағдайларда саналы және жауапты таңдау жасауға қабілетті бала тұлғасы. Тұлғалық-бағдарлы  технологиялар антропоцентрлігімен, гуманистік болмысымен, психотерапевтік бағыттылығымен сипатталады, мақсаты -  баланың жан-жақты, еркін және шығармашыл дамуы. 

Өзін-өзі тану сабағының құрылымындағы технологиялары:

• Эмоционалдық сәлемдесу.

• Өзара қызығушылық пен дәстүрлі ашу формасындағы «Қуаныш шеңбері» (басы)

• Балалық бейнелер, эмоционалды өмірлік  тәжірибе, проблемді сұрақ, ситуация немесе мәтін арқылы ұғым/сабақ құндылықтары құпиясына жақындау (цитата, фольклор, әдебиет, кино жанрлары) тыныштық минутасы және өзімен-өзі қалу.

• Құндылықтық аймақтың мәндерін «жақтастардың» (Ш.Амонашвили термині) әңгімелер, пайымдаулар, ойындарда, қойылымдарда, жалпылауларда қысылмай ашуы

• Құндылықтарды терең түсіну, жаттығулар, рөлдік ойындар, шығармашылық іс-әрекет арқылы өзі үшін, басқалар үшін, адамзат үшін «аса күрделі» өмірлік міндеттерді шешу арқылы өзімен, жақын адамдармен және жақын емес адамдармен болып жатқан оқиғалар себебінен жақын жіне басқа адамдардың алаңдаушылықтарының бөлінуі.

• Жаттығулар, шығармашылық іс-әрекет, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы әлеуметтік-рухани практиканы иелену және өмірлік дағдыларды өз бетімен дамыту; өзін, өз күшін, ойларын, әрекеттерін және шығармашылық өнімдерін қоршаған адамдарға өз мүмкіндіктері қабілеттеріне сүйіспеншілікпен, сеніммен беру.

• Жаңа кездесуге дейін бір-бірімен жарқын дәстүрлі қоштасу («Жүректен жүрекке» шеңбері формасында, рефлексивті жаттығулар формасында), өзінің болашағын тұжырымдау, өз ұмтылыстарын рефлексивті бейнелеу және өзгеру, одан да жақсы болу, жетілуге ниеті (сабақтың аяқталуы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 2. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың өмірлік көзқарастарын дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері

 

Тәжірибелі- эксперименттік жұмыс Астана қаласының №51 мектептегі орта сыныптарында жүргізілді. Зерттеуге орта сыныптың балалары және ата-аналары мен мұғалімдері, жалпы саны 30 адам қатысты.

Анықтау экспериментінде зерттеу мәселесіне байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып орта сынып оқушыларын өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері айқындалды. Аталған мақсатты жүзеге асыруға бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Өткізілген оқу-тәрбие жұмыстарының барысындағы, еңбек іс-әрекетіндегі, бос уақытындағы, серуен кезінде оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейін анықтап,жас ерекшеліктеріне сай тиімді әдістерді қарастырдық. Сауалнама жүргізу, әңгімелесу, сабақтарға қатысу, тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекеттеріне бақылау жасалып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Сайып келгенде бастауыш сыныбындағы балалардың өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға педагогтардың адамгершілікке мақсатты бағытталған іс-әрекетінен байқауға болады.  Қазіргі мәдени-әлеументік жағдайда маңызды дәрежедегі тәрбие үдерісінің мазмұнын анықтап адамгершілік тәрбиесінің экономикалық аспектісін және қазақ халқының салт-дәстүрін және өзіндік мәдениетін үйрету мақсатында бастауыш сыныбында арнайы қалыптастыру эксперименті жүргізілді. Қалыптастыру экспериментінң мақсаты орта сынып оқушыларын өзін-өзі тануы арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған әдістемелік нұсқау екі бағытта жүргізілді. Бірінші бағыт зерттеу тақырыбына сәйкес педагогикалық тәжірибеде қаралатын мәселелердің жағдайын анықтау. Екінші бағыт тиміді әдіс-тәсілдерін белгілеу.

    Адамгершілік  құндылықтарды қалыптастыру деңгейінде  мониторинг объектілері болып  төмендегілер танылады:

• бағдарламаны меңгеру үдерісі

• өзіндік менін қалыптастырудағы интеграциялық үдерістер

• әдістемелердің мазмұндарын, тәрбиелеу формаларын, тәрбие құралдарын жаңарту, жетілдіру үдерісі және сапасы.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Мониторинг сабақ

    Орта сыныптың мақсаты - тұлғалық сапалардың негізін баянды ету, үйлесімді дамыту және жоғары буынға білім алуға даярлау.

     Мониторингтің мақсаты: бастауыш сыныбында оқушылардың өзін- өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру туралы толық мәлімет алу.

    Мониториг міндеттері

- Балалар дамуындағы өзгерістердің  әрбір көрсеткіші бойынша сапалы  тексеру жүргізу, мәселелерді анықтау  және шешудің жолдарын қарастыру.

- Балалардың білім, білік дағдыларының сапасы мен көлемі, пәндік білім мазмұнын меңгерту, мемлекеттік стандарт пен білім беру бағдарламалардың талаптарына сәйкес болуын қадағалау.

- Балалардың алуан түрлі іс-әрекеттерінің қалыптасу деңгейін диагностикалау.

Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады.

Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды».

Гегель бойынша «Мен» нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің – жалпы «Мен» формуласының мағынасы ерекше. Жеке «Мен» тек қана өзге «Мен» қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша «Мен» — рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:

—              тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;

Информация о работе Өзін-өзі тану-өмір қажеттілігі