Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 14:01, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
- салауатты өмір сүру жолдарын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тану пәні негізінде салауатты өмір сүру дағдыларының зерттелу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-

Содержание

Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 3
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай-----------
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыландырудың жолдары---------Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны -------------------------------------------------------- Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі ---Қорытынды -------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------
Қосымшалар-------------------------------------------------------------------------

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ерназар.docx

— 178.72 Кб (Скачать документ)

 

Тәжірибеге дейін  10 сыныптан алынған сауалнама нәтижелері 

 

Сауалнама алынатын оқушылар саны

 

Ұпай (оқушылар саны %)

50-35

20-34

15-19

10-14

10-нан томен

21

0

5

7

7

2

Қорытынды

0%

23,9%

33,3%

33,3%

9,5%


 

Шыққан қорытындыларды саралай келе,  50-35  аралығында ұпай жинаған оқушылар саны-0 , 20-34 аралығында  5 оқушы ұпай жинаса, 15-19 ұпай аралығында 7оқушы өз білімдерін көрсетсе, 10-14 ұпай аралығында да

7оқушы білім дәрежелерін  көрсетті.

Қазіргі таңда  өзін-өзі тану сабақтарымен байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы  білім беріп, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына үйрету, жеке бас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр. Өзін-өзі тану сабақтарын ұйымдастыру, оның мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді.

Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, дебат, т.б. Мысалы, «Жақсылық жан жадыратады», «Ар-намыс керек адамға», «Салауаттылық –өмір негізі», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Психологиялық тұрғыдан алғанда оқу әрекеттерінің бір-бірімен ұқсастығы (ойын, бақылау, тәжірибе), физиологиялық тұрғыдан даму қарқындылығының тездігі, олардың берілген білімді игеруге ынталылық, ондағы қойылған басты мақсатқа жетуге қызығушылық, ол білімді байланыстылықты, сабақтастықты ұғындырудың нәтижесі болуына негіз беріп, мүмкіндік тудырады. Қалыптастырушы эксперименттен кейін нәтиже.

 

Тәжірибеден  кейін      9  сыныбынан алынған сауалнама нәтижелері 

Сауалнама алынған оқушылар саны

 

Ұпай (оқушылар саны %)

50-35

20-34

15-19

10-14

10-нан томен

22

1

8

11

2

-

Қорытынды

4,5%

36,4%

50%

9,1%

0%


 

 

 

 

 

 

                       
10 сынып оқушыларының тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден кейінгі  салауаттылық туралы білімдерінің нәтижелерін диаграмма арқылы салыстырғанда, аталған сынып оқушыларының  берілген тапсырмалардан жинаған көрсеткіштерінің нәтижелерін анық көруге болады.

Тәжірибеге дейін оқушыларға жүргізілген эксперименттің жауаптарын талдай келе,  олардың басым көпшілігі берілген сұрақтарға толық жауап бере алмады.

50-35 аралығында ұпай жинаған  оқушылар- 0 %, 20-34 ұпай арылығында 32%, 15-19 ұпай аралығында  45,4 %, 10-14 аралығында  ұпай жинағандар 18,1% , 10-нан төмен  ұпай жинағандар  4,5 %-ды құрады.  

Экология жайлы түсініктер беріліп, оқушылардың дүниетанымын кеңейткен соң,  жоғарыдағы тест сұрақтары қайтадан алынды. Нәтижесін көргеніміздей, 50-35 аралығында ұпай жинаған оқушылар- 4,5 %, 20-34 ұпай арылығында 36,4%, 15-19 ұпай аралығында  50 %, 10-14 аралығында ұпай жинағандар 9,1%-ды құрады.  

 Сынып оқушыларына  «Өзіңді тану –өмірді тану» тақырыбында эссе  жазу тапсырылды. Жұмыстарды тексеру барысында біз оқушылар бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерінің  біршама көтерілгендігін байқадық. (Қосымша )

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

     Салауатты  өмір салтын қалыптастыруда темекі  мен күреске айырықша көңіл  бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын  факторлар, шылым түтінінің құрамдас  бөліктері, канцерогендер, тыныс алу  ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар  жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы  темекінің ролі хақындағы мәліметтерді  жіктеп талдай келе, темекінің  медициналық, психологиялық, әлеуметтік  аспектілері туралы ақпарат беріледі. 

    Тактикалық тұрғыда  темекіге деген теріс көзқарасты  қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс  жас, жыныс, денсаулық жағдайын ескере  отырып жүгізіледі. Осылайша балалар  мен жасөспірімдерге арналған  ақпараттың негізін денеміздің  табиғи дамуына, психикалық эмоциялық  әлеміне етер әсері, қыздар мен  бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер  организмдеріндегі өзгерістер салдар  және осындай аналардан туар  бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар  құрайды.

   Денсаулықты сақтауға  себеп болатын негізгі компонентер:

-тиімді тамақтану;

- табиғатына орай қимыл  белсенділігі;-

- шынығу;

- психикалық денсаулыққа  деген оң көзқарас;

- тән, киім күтімі;

- тұрмыстағы гигиеналық  режимді ұстану;

- еңбек пен демалыстың  тиімді режимін қадағалау;

- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

- темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;

- экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.

     Міне, осылай  өз денсаулығына деген кімнің  де болмасын бұған ұқсас айқын  сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері  ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға  деген бағдардың алғы шарты  болып қала бермек.

     СӨС  насиқатын  денсаулықты сақтау, аурудың алдын  алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде  өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.

    СӨС  мақсат  еткен, кең таралған қозғалыстардың  бірі- судың, жердің, ауаның пайдалы  қасиеттерін пайдалану прициптеріне  негізделген 12 қағидадан тұратын  П.К. Ивановтың тұрғындарды табиғи  сауықтыру жүйесі болып табылады. ТМД республикаларының көбінде, облыстарда , қалаларда П.К Иванов  жүйесіне негізделген арнайы  орталықтар ұйымдастырылып ашылды.

     Адам өміріндегі  проблемаларды  шешу-қайғы- қасіретті  біршама жеңілдеу өткеруге дем  беретін, бақытты, табысты өмірге  жеткізе алатын трансендентальды  медитацияны насихаттау болады. Бұл әдіс адамды табиғат, қоршаған  орта көмегі арқылы организмге  әсер ететін барлық залалды  факторларды, күйзелістерді алмастыруға  өзінің ішкі күш-қуатын бағыттайды. Медитация кезінде дене керемет  босаңсыған жағдайға келеді, күйзелістерді, шаршағаныңды кетіреді.

     СӨС қалыптастыруда  жалпы қоғам азаматтары болып  күрес жүргізу, залалды заттардың  адам организміне зиян екенін  ашық, айқын түсіндіру. Және де  жасөспірімдердің  залалды заттарға  құмарлығын жою ең басты мақсат  етіп қойылуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. С. Жұманова. Спорттықморфология негізіндегі тәнтану. -Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
  2. Г. Икіманова. Саулықпен сымбат. -Алматы: Қайнар, 1991.Б.
  3. Төтенаев. Дене тәрбиесі. -Алматы: Мектеп, 1988.
  4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларыныңорысша-қазақша сөздігі. -Алматы: Ана тілі, 1994.
  5. Бутин И.М. Лыжный спорт. -Москва: Академия, 2002.
  6. Е. Сағындықов. Қазақтыңұлттықойындары. -Алматы: Рауан, 1991.
  7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. -Алматы: Рауан, 1991.
  8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесініңдамуы. -Алматы: Санат, 2000
  9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. -Москва: Военное издательство, 1987
  10. Өзін-өзі тану 9 сынып оқулығы «Бөбек» Алматы 2010

 

 

 


Информация о работе Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру