Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 14:01, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
- салауатты өмір сүру жолдарын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тану пәні негізінде салауатты өмір сүру дағдыларының зерттелу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 3
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай-----------
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыландырудың жолдары---------Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны -------------------------------------------------------- Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі ---Қорытынды -------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------
Қосымшалар-------------------------------------------------------------------------
Сондай-ақ үнемі бірыңғай тағамдармен тамақтану немесе астағы организмге керекті тағамдық (нәруыз, көмірсу, май, микроэлементтер мен витаминдер) заттардың кейбіреулерінің үнемі жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы әр түрлі тамақтан пайда болатын алиментарлық ауруларға шалдықтырады. Сол үшін асқа пайдаланатын тағамдардың құрамын үнемі өзгертіп отырған жөн.
Енді біздің қазақ халқының ең көп жейтін тамазғы — етке тоқтала кетейік. Ет туралы ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер айтылып жүр. Натуропаттардың еттен жасалған тамаққа өте қарсы екені бәрімізге белгілі. Олар көкөністермен жасалған тағамдарды ғана асқа пайдалануды жөн көреді. Ал Ф. Энгельс: «адамның эволюциялық даму кезінде, әсіресе оның миының толықсып жетілуіне еттен жасалған тамақтардың көп пайдасы болды.,.», деп жазды. Ғалым А.И. Андрианов мынадай тәжірибе жасады. Әр түрлі жәндіктерді екі топқа бөліп, бір тобын үнемі құрамына 46% , ал екінші тобын — 6% қана нәруыз бар тамақтармен қоректендіреді. Біраз уақыт өткен соң бірінші топтағы нәруызды көп қабылдаған жәндіктердің баяу қимылдайтындарын байқайды. Ал, керісінше, нәруызды аз қабылдаған екінші топтың жәндіктері жылдам қимылдайтын, сергек қалпында сақталған. Ғылым академиясы тамақ институтының тұжырымы бойынша, адам организміне күн сайын 80—100 грамм ғана нәруыз жеткілікті екен. Профессор Н.А. Капланский: «Әр организмге керекті нәруыздар сол организм қабылдаған тағамдардағы нәруыздардың арзымайтын бөлігінің аминқышқылдарынан ғана түзіледі. Ересек адамдарда бұл, әдетте, ішкен тамағымен келген аминқышқылдарының түкке тұрмайтын бір бөлігінен ғана құралады, ал қалған артық нәруыздар мен аминқышқылдарының көпшілігі сол адамның бауырында, буйрегінде және аздап болса да ішектерінде өз қасиетін жояды», деп жазды. Қорыта келгенде, тіршілік үшін адам организміне шамалы нәруыздың өзі ғана жеткілікті. Әрине, нәруыздың күнделікті мөлшері әрбір адамның жасына, істейтін қызметіне қарай өзгеріп отырады. Әлі де жетілмеген жас организмдерге және ауыр қол еңбегімен айналысатын адамдарға тамақтың құрамындағы нәруыздың мөлшері күнделікті мөлшерден (80—100 г) кем болмағаны жөн.
Нәруыздың биологиялық қасиеті оның құрамындағы аминқышқылдарына байланысты. Тағамдағы нәруыздардың құрамы, адамның өзінің бойындағы нәруыздарының құрамына неғұрлым ұқсас болса, олардың биологиялық қасиеті де соғұрлым жоғары болады. Ас арқылы келетін нәруыздардың құрамында аминқышқылы жетіспесе, организмде нәруыз синтезі бұзылады және басқа да кері үрдістер жүреді. Оның әркелкілігі сол аминқышқылдарының әрқайсының адам организміне тигізер әсеріне байланысты. Мысалы, сүттің не ірімшіктің құрамында мол болатын метионин аминқышқылы зат алмасу үрдісінде пайда болатын улы заттардың уын жойып, залалсыздандырып, адам организмінің қызметін жақсартады, бауыр циррозымен ауыруынан сақтайды.
Адам организмі етті тағамдарды шамадан тыс көп қабылдаса, әсіресе аз қимылдайтын адамдарда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Оның организмінде зәр қышқылы сияқты улы заттар мөлшерден көп түзіліп, одан әр түрлі тұздар тізбегі құралады. Соның зардабынан өтте, бүйрекге тас қиыршықтары пайда болып, буын-буынға тұздар жиналады, яғни буын-буын сырқырап ауырады немесе бүйрегі не бауыры түйнеп ауыратын болады. Мұндай сырқаттар етті мөлшерден көп тұтынатын адамдардың арасында жиі кездеседі. Ал, керісінше, жеміс-жидекгерде және көкөністерде зәр қышқылын түзетін пурин негіздері болмайды.
Соңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың қорытындысы мынаған көз жеткізген шығар. Күнделікті тағамдардың құрамында май жетіспесе, организмдегі нәруыздың синтезі нашарлайды да, жас организмнің өсуі төмендеп, әр түрлі ауруларға қарсы күресу қабілеті төмендейді екен. Тамақтың құрамындағы майлардың адамның ми қыртыстарына да пайдалы әсері бар екені дәлелденді.
Бір күнде әр адам салмағының әр килограмына орта есеппен 0,6—1,0 –грамнан май жеуі керек екен. Мысалы, салмағы 70 кг тартатын адамның күнделікті тамағының құрамында 60—70 г май болуы тиіс. Мәскеудегі бір медицина институтының тамақ гагиенасы кафедрасының меңгерушісі, профессор К.С. Петровский былай деп жазады: «Әрине, тамақтагы майды тарта пайдаланган жөн, бірақ... осы уақытқа дейін «атеросклероз ауруына соқтырады» деп жүрген майларымыздың құрамында, керісінше, атеросклерозга қарсы тұратын ерекше заттар бар екені анықталды. Сол себепті, кәбірек пайдаланып, мал майы мен сары майды аз жеу керек дейтұғын «ақыл-кеңестердің» терістігі дәлелденіп отыр. Тамақ институтының ұйғарымы бойынша, күнделікті асқа пайдаланатын тағамдардың құрамында мал майы мен сары май көкөніс майымен салыстырғанда, екі еседей мөлшерде көбірек болғаны жөн. Өйткені тамақпен бірге майда жақсы еритін витаминдер организмге тез тарайды. Әсіресе зойтун майын тамаққа пайдаланған тиімді».
Енді тамаққа күнделікті пайдаланатын көмірсуларға көшейік. Оның ең басты рөлі - организмнің күш-қуатын сақтау. Сондықтан көмірсудың қажет мөлшері адамның күнделікгі қимыл-әрекеттеріне байланысты. Ауыр «қара жұмыс» істеп, көп қимылдаса, тамақтағы көмірсулардың мөлшерін көбейту керек те, керісінше, қимыл-әрекет аз болса, азайтқан дұрыс. Қазір ғалымдар бұған көп көңіл бөліп отыр. Себебі таза көмірсуға күнделікті өзіміз шайға салып ішіп жүрген қант жатады. Соңғы жылдардағы ғылыми деректерге қарағанда, қанттың адамға пайдасынан гөрі зияны көбірек екен.
Ағылшын ғалымы Дж. Юткиннің қант туралы: «Таза, аппақ және қатерлі» деген кітабы жарық көрді. Сол кітабында ғалым қанттың адам организміне тигізетін зияны, мөлшерлеп пайдаланбаған жағдайда жүрек пен қан тамырлары ауруларына әкеліп соқтыратыны туралы тәптіштеп жазған. Қанның құрамында қанттың көбейіп, адамның қант диабеті ауруына ұшырауының, шамадан тыс семіріп, салмағының өсіп кетуінің сыры да осында. Тамақ институты ғалымдары мұның тіпті миға немесе орталық жүйке жүйесіне де тигізетін кері әсерін анықтады.
Алайда бұдан қант мүлдем зиянды деген ұғым тумаса керек. Оның адамның бұлшықеттерін және бауыр, жүрек еттерін қоректендіретін гликоген түзу үшін қажет екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ қант орталық жүйке жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажет. Егер біз бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай тамақтанғанын зерттеп, ой жүгіртетін болсақ, сол кездегі адамдар мен қазіргі адамдардың тамақтануында жер мен көктей айырмашылықтың барын байқаймыз. Бұған соңғы кездері жарық қөрген диетолог-ғалымдар Г.П. Малаховтың «Здоровое питание», профессор Шаталованың «Правильное питание» және Э.А. Степановтың «Раздельное питание» деген ғылыми кітаптарымен танысқанда көзіміз жетті. Аталған авторлардың ұсынған диетасы бойынша, ағарғанды, мәселен сүтті, ешқашан басқа (шай және кофе сияқты) нәрсемен қосып ішуге болмайды. Сүтті сүт күйінде ішу керек. Сондай-ақ, айранға нан турап ішуге болмайды және құрттың да құр өзін жеу керек. Соңғы кездері біздің дастарқан мәзірінде бал қосып, әр түрлі тағам жасау орын алды. Ал температуралық өңдеуден өткен бал өзінің табиғи құндылығынан айырлатыны ғылыми түрде дәлелденген. Ондай балды жеген адамның организміне ол у сияқты әсер етіп, қорытылмайтын, керексіз және зиянды затқа айналады. Балды да бал күйінде нанмен қосып жегенде организмге пайдалы әсері зор болатыны белгілі болып отыр. Сондықтан дастарқан мәзіріндегі чак-чак, бал торттарының және басқа балдан жасалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны басым екенін білген жөн.
Диетологгардың пікіріне жүгінсек, біз көбінесе тамақты оңды-солды араластырып ішіп-жеп, ауру-сырқауды өзіміз тудырып алатын сияқтымыз. Ал шыныңда, бір-бірімен сәйкес бола алмайтын тағамдар адам организмінде іру-шіру үрдістерін туғызып, ас қорыту жолдарында улы заттар (токсиндер) түзіп, ас қорыта алмайтын комплекстердің пайда болуына жағдай жасайды екен. Сол комплекстер қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарап, әр түрлі аурулардың келіп шығуына себепші болады, яғни организмді зақымдайды. Аурудың көпшілігі осыдан туындайды.
Барлық тағамның құрамы, жоғарыда айтқанымыздай, нәруыз, көмірсу (крахмал) және майлардан тұратыны белгілі. Осылардың ішінде нәруызды заттар мен крахмалдық заттар ешқашан бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті нәруызды тағамдарды крахмалмен бірге қабылдауға болмайды.
Осыған қатысты, ұлттық дастарқандағы басты тамағымыз туралы айтатын болсақ, етті қамырмен қосып жеуге болмайды екен. Өйткені қамыр — крахмал, ал ет — нәруызды тамақ. Сол себепті ас дұрыс қорытылмағандықтан, организмге өзінің ауырлығын түсіреді. Сонымен қатар қажетсіз нөрсеге айналып, организмді уландырады. «Батпайтын ас — жеген кісінің өзін жейді» дегенді шығыстың ғалымы Абдуль Фарадж осыны білгеннен жазса керек. Тағы да ата-баба салтына жүгінбеске амал жоқ. Ас дүрыс қорытылу үшін баяғы аталарымыз сияқты, ештеңе қоспай, еттің құр өзін жеу керек, қосқымыз келсе, сәбіз, капуста, помидорды (яғни крахмалсыз көкөністер мен жемістерді) қосып жеуге болады. Ал қамыр мен картопты араластыруға әсте болмайды. Өз тәртібімен желінген астың организмге пайдасы зор. Міне, ата-бабалар дәстүрі қайда жатыр.
Осы ретте тамақты қай кезде жеу керек деген мәселені де қарастыра кетсек дейміз. Қайтадан ата-бабамыздың тамақтану мәдениетінс зер салсақ, олар таңертеңгісін ауыр (күшті) тамақ жемеген. Жеңіл-желпі сүт, айран, кейінгі кездері шай ішіп, организмін үлкен асқа дайындаған. Ал негізгі тамағын (қазіргіше кешкі асты) күн батпай тұрып (күн батардан бір-екі сағат бұрын) ішетін болған. Себебі, күн батқаннан кейін желінген ас жақсы қорытылмайды. Өйткені тәуліктің адам организміне әсер ететін уақыттары бар (биоритм қағидасы бойынша). Күн батқаннан кейін бүкіл табиғат мүлгіп, ұйқыға бет алған кезде адам организмі де табиғаттың ырғағымен демалуға талпынады. Мұны организмнің өзі де «айтып» отырады: тәбет болмайды, ас батпайды. Мұны табиғатпен біте қайнасқан көшпенділер жақсы білген. Біздің біріміз біліп, көбіміз біле бермейтін қарапайым қағидаларды ата-бабаларымыз бұрыннан білген, олар үшін қалыптасқан жайт — табиғи ілім ретінде келген. Осы кездері біз еуропалық «өркениеттің әсеріне беріліп, табиғилыққа қарсы шықтық, соның салдарынан организмді өзіміз уландырып жатырмыз.
Кейінгі жылдары байқасаңыздар, диетологтар да бұрынғыдай «кешкі асқа бір стақан айран немесе сүт қана іш» деп ақыл-кеңес бермейді. Ал иогтар «таңертең ұйқыдан ояна салып, бір стақан салқын су ішу керек» дейді. Қазір әсіресе шығыстың медицинасымен танысқан соң, көп нәрсеге көзіміз ашылды.
Ішкі организмдердің барлығы, соның ішінде ас қорыту ағзалары да орталық жүйке жүйесіне аса бағына бермейтін — вегетативтік жүйке жүйелері арқылы өз қызметгерін атқарады. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері арқылы барлық ішкі организмдердің (жүректің, қан тамырларының, асқазанның, ішектің, т.б.) қызметтері іске асырылады. Ішіп-жеген тамағымыздың қорытылу патогенезі бойынша түнде адам ұйықтаған кезінде барлық ішкі организмдер де дем алып, өзінің қызметін азайтады. Тек қана парасимпатикалық жүйке жүйесі немесе вагус жүйкесі (X пар жүйке) ғана өз жұмысын тоқтатпайды. Вагус жүйкесі ұйықтамайтын жүйке (блуждающий нерв) деп тегін аталмаса керек. Аурудың көпшілігінің түнде қозатыны да сондықтан. Симпатикалық жүйке жүйесі адам ұйықтағанда толық дем алады, бұл кезде асқазанның ас қорыту сөлі де бөлінбейді. Бірақ адам ұйықтағанда вагус жүйкесі жұмыс істейтіндіктен, ас қорыту үрдісі де баяу (жүректің баяу жұмыс істейтіні сияқты) жүре береді. Таңертең адам ұйқыдан оянып, жуынып - шайынып, дастарқанға отырғанда, әдетте, асқа тәбеті болмайды, кейін тіптен «жүрегі айнып», ас батпайды. Оның себебі — таңертең адам ұйқыдан ояна салысымен симпатикалық жүйке жүйесі де өз қызметіне толық кіріседі. Бірақ асқазан сөлінде болатын тұз қышқылы қорытатын зат болмағандықтан, асқазанның ішкі қабырғасын күйдіреді. Сондықтан асқазанның қабырғасының еттері жиырылып, адамның тәбеті болмай, ас батпайтындығы сондықтан. Сол себепті де кешке жақын, лажы болса күн батпай тұрып тамақ жеген дұрыс және таңертең ұйқыдан ояна салысымен бір стақан су ішкен жөн. Ішкен су асқазанның сөлін залалсыздандырып, асқазанды және ішектердің қызметін жақсартып, адамның төбетін ашады. Сонымен қатар ас қорыту сөлінің құрамында болатын тұз қышқылының әсерінен асқазанның ішкі қабырғасының күюін болдырмай, гастрит пен асқазан жарасынан алдын ала сақтайды.
Сондықтан біздің ата-бабаларымыздың негізгі асты кешке қарай, күн батпай тұрып ішкені де дұрыс екені дәлелденіп отыр. Бірақ, әсіресе ұйқыға жатар алдында асқазанға көп күш салмаған дұрыс. Сонымен қатар бір-біріне сәйкес келмейтін астарды араластырмай тамақтанған жөн. Сонда ғана шын мәнінде «ас — адамның арқауы» болады.
Балласты заттар. Не себепті етті тағамдарға қарағанда көкөністерді тамаққа көбірек пайдалану қажет? Себебі көкөністерді тамаққа пайдаланғаңда олардың құрамында асқазан мен ішектерде қорытылмай қалатын «балласты» заттар — клетчатка мен пептиндер мол болады. Ол заттардың адам организміне тигізер пайдасы орасан зор. Ішек-қарында ас қорытылу үрдісінде (әсіресе етті тағамдар мен көмірсулары көп, сәйкес келмейтін тағамдарды араластырып жегенде), ферменттер мен ас қорыту сөлдерінің әсерінен, әртүрлі улы заттар мен газдар бөлінеді. Осы улы заттар етті тағамдар мен көмірсулы тамақты жиі пайдаланатын адамдардың асқазандары мен ішектерінің жұмыстарын нашарлатады, гастрит және колит (тоқ ішектің қабынуы) сияқты ауруларға душар етеді. Сөйтіп, тоқ ішектің қызметі бұзылып, үлкен дәреті жүрмей қиналады. Ол бірте-бірте геморрой ауруына ұласады. Онымен қоймай, қанға сіңген ішектегі улы заттар адам организмін уландырып, бауырдың, мидың, жүректің және бүйректің жұмысын нашарлатып, әр түрлі кеселдерге душар етеді. Ал енді, керісінше, көкөністерді тағамда жиі пайдаланғанда, жоғарыда айтылған «балласты» заттар- ішек-қарында мол жинақталып, ондағы улы заттар мен газдарды өз бойларына сіңіреді де, ішек-қарынның ішек рецепторларын қоздырып олардың жиырылып-созылу (перстальтикалық) қабілеттерін жақсартады және қорытылмай қалған зиянды заттарды ішекпен тез жылжытып, сыртқа шығуын жылдамдатады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ішектердегі улы заттар мен газдарды өз бойына сіңіріп, организмді уландырудан және ішектің шырышты қабын да уланып-бүлінуден сақтайды.
Денсаулық - адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін немесе орны толмас асыл қазынасы.
Біз, болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет. «Дені сау адам - табиғаттың ең бағалы туындысы» деп Т.Корлейль атап көрсеткендей табиғат төрінен жоғарғы сатыда орын алған біздерде тек күшті денсаулық болу керек. Егер 10-11 сынып оқушылары өз денсаулық деңгейлерін өздері анықтап, бағалап сол деңгейлеріне арналған жаттығулармен үнемі шұғылданып, емдік гимнастика, фитотерапиямен бірге жүргізсе, салауаттылық өмір саптын сақтаса жылма-жыл денсаулық деңгейлері жоғарылап, нағыз салауатты адам қатарына қосылады.