Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 14:01, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
- салауатты өмір сүру жолдарын анықтау;
- жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тану пәні негізінде салауатты өмір сүру дағдыларының зерттелу өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын тәжірибеде тексеру, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-
Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------- 3
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай-----------
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыландырудың жолдары---------Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мазмұны -------------------------------------------------------- Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі ---Қорытынды -------------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------
Қосымшалар-------------------------------------------------------------------------
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ерболатұлы Ерназар
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру
5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
Алматы 2014
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілсін»
Кафедра меңгерушісі
----------- А.К. Мынбаева
Тақырыбы: «Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру»
5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
Орындаушы: _______________ Е. Ерболатұлы
Ғылыми жетекші:
п.ғ.к., доцент _______________ Ұ.Б. Төлешова
Норма бақылаушы: _______________ Ә.М Құдайбергенова
Алматы 2014
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
Жұмыстың көлемі: 60 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кілттік сөздер:
Қолданылған әдістер:
Қорытынды және тәжірибеде қолданылуы:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ------------------------------ |
3 | |||
1 |
Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың теориялық негіздері |
|||
1.1 |
Салауатты өмір сүру дағдылары мәселесінің зерттелу жағдай----------- |
|||
1.2 |
Өзін-өзі тану сабақтары негізінде
жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір
сүруге дағдыландырудың жолдары----------------------- |
|||
1.3 |
Өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық –мазмұндық моделі --------------------- |
|||
2 |
Жоғары сынып оқушыларын өзін-өзі тану сабақтарында салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастырудың әдістемесі |
|||
2.1 |
Өзін-өзі тану сабақтарында
салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру
мазмұны ------------------------------ |
|||
2.2 |
Жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық эксперименттің нәтижесі --------------
Қорытынды ------------------------------ |
|||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
------------------------------ |
||||
Қосымшалар-------------------- |
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХІ ғасырдың басы – мәдениет, экономика, қоғамдық және жеке-даралық өмірдің бар салаларындағы кең ауқымды инновациялар кезеңі. Инновациялық процестер қоғамдық өмірдің бар қырларын жеделдетіп, және де қоғамдық пен жеке-даралық әлеуметтік-мәдени даму қарқындары арасындағы қарама-қайшылықтарды үдетіп және тереңдете түседі. Адамның әлеммен өзара қатынасы, бір жағынан, мәдениеттің жаһандануы, интеграциясы, екіншіден – рухани жұтаңдаушылық пен азғындау жағдайында тұлғаның адамгершіліктік-рухани қалыптасуының проблемасын өзектендіре түседі. Осы орайда 2010-2011 оқу жылынан бастап жалпы орта білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті пән ретінде енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 71 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беру ұйымдарындағы 1-11-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің типтік оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында арнайы 5В012300-«Әлеуметтік педагогика және «өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты бекітілді. Жаңа әлемдік дәуірдің дүниетанымының қалыптасуы руханилықтың қайта өрлеуіне, жақсылық, махаббат пен мейірімділікке бет бұру қажеттілігімен бірлесе жүреді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры әр халықтың ұлттық құндылықтарында, рухани мұраларында, ділінде, тағылымдық ой-толғауларында жатыр.
«Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру тұжырымдамасы рет-ретімен қолданылатын барлық тұрғылардың жиынтықталуының маңызын танытатын теориялық тұрғыны сипаттайды. Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңындағы, халықаралық конвенциялардағы, сондай-ақ өкіметтің және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құжаттарындағы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» атты жолдауындағы тұжырымдамалы идеяларды бірізділікпен дамытуға мүмкіндік беретінімен міндеттелінген. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» тұлғаның адамгершіліктік-рухани сауатын ашуға бағытталған мүлдем басқа бағдары, ұстанымдары, теориялық тұрғылары мен әдістемелері бар жаңашыл мәселені жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.
Руханилық - адам және адамзаттың шабытты-сезімдік жағы, адамдардың ойлауы мен өмір әрекетінің ерекше бейнесі, ол ең алдымен материалдық емес құндылықтардың басымдылығына және де адамның түрлі өнер, әдебиет, поэзия, философияны дамытудағы рөліне негізделген. Руханилық – адам өмірінің керемет қырларының бірі, бірақ адамның рухани әрекетінің өзіндік бағыттылығы болады, ол адамгершіліктікпен анықталады. Адамгершіліктік – адамның жалпы дамуының, оның үйлесімділігі мен жетілгендігінің, ақылы мен мінезінің дамығандығының көрсеткіші. Адамгершіліктік адам қоғамындағы бүкіл құбылыстар мен процестерді жандандырып, адами қасиеттермен иелендіретін, қоғам өмірінің діңгегі болып табылады. Рухани адам – бұл нақты алынған рухани қабілеттер мен қасиеттердің, сананың жеке жағдайының толықтай бірігуі. Тұлғаның барлық осы үш типі де иерархиялы ұйымдастырылған. Жоғарғы деңгейі рухани тұлға, ал ең төменгісі- физикалық тұлғадан тұрады. Әлеуметтік тұлға аралық жағдайды иемденеді. Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасау мақсатының айқындалмағаны арасында қарама-қайшылықтардың әлі де бар екендігі белгілі.
Сол себептен
біз диплом жұмысымыздың
Зерттеудің нысаны: салауатты өмір сүру дағдыларына қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Өзін-өзі тану сабақтарында жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыларындыру.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыларындыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны оқу-тәжірибесіне енгізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, жоғары сынып оқушыларын салауатты өмір сүруге дағдыларындыру ғылыми-теориялық негізі зерттеліп, өзін-өзі тану пәні негізінде қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалса онда жоғары сынып оқушыларының салауаты өмір сүру дағдылары артып, сана-сезімі молайып, жауапкершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы № 122, жалпы білім беретін кешкі мектеп.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Салауатты өмір салты мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып «денсаулық» түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің, оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан – дүниесі де, яғни мінез-құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді. Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа әсерлерді өмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы – бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің көптеген күрделі факторларының, кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады.
«Салауатты өмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі теңдесіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады.
Көне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни «өз-өзін білетін тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді», деп ол адамның сана-сезімі арқылы өзін-өзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде көрсетті. Платон салауатты өмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап көрсетті, себебі «кез-келген істегі ең бастысы – оның ерекшелене бастауы».
Аристотель «Этика, саясат,
поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның
жекелей көрегендігі мен салауатты өмір
салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде
ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені
«денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң,
«рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі
дене тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа
орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты
өмір салтының тәрбиесін адамның белсенді
өмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен
байланыстырады. Демек, ерте кезде де салауатты
өмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу
мәселесі қарастырылған. Осы кезеңде «өз-өзіңді
тани біл», «өзіңе қамқорлық жаса»деп
аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға
бастады.
Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелерін
Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы,
Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға
бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін
құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін
сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті.
Салауатты психологиялық ортаның болуына
аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның
баспалдағы» еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің
баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару
қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының
пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы
тәрбиеге байланысты. Шынайы мемлекет
концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек
пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның
басты критериясы екендігін атап көрсетті.
Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің
жетелеуі арқасында адамзаттың саналы
ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне
сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам
қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның
іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның
ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты
өмір салтының мына төмендегідей принциптерін
сақтау қажет: 1) жанның ара салмағы (гармониялық
дене пішімді сақтау); 2) тамақты таңдау
(тамақтану мерзімі); 3) денені тазалау
(шлактан, зиянды заттардан тазалау); 4)
дене пішімін сақтау; 5) дұрыс дем алу; 6)
киім тазалығы; 7) дене және рухани қозғалыстың
теңдесуі.
А.С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр». Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады. Сонымен, денсаулық өмір салтымен байланысты. Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.
«Салауатты өмір салты» түсінігін
былайша бөліп көрсетуге болады:
- Салауатты өмір салты – бұл денсаулық
проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына
қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты,
әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір
сүру барысында қалыптасқан көзқарастар
жүйесі;
- Салауатты өмір салты – адамның өзінің
шығармашылық деңгейін сол немесе басқа
қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
адамның өндірістік, тұрмыстық және мәдени
жақтарын ұйымдастыру тәсілі;
- Салауатты өмір салты - денсаулық туралы
белгілі бір әлеуметтік
және тарихи көзқарас, сондай-ақ, өмірдегі
тәжірибеге оны интеграциялау құралдары
мен әдістері;
- Салауатты өмір салты
- адамның күнделікті өмір
Оқушылардың салауатты
өмір салтын қалыптастыру ең алдымен,
оқыту процесінде жүзеге асырылады. Заманауи
педагогикада оқыту процесі оқушыны білмегеннен
білуге және мұғаліммен бірлесе отырып
сәйкес ептілік пен дағдыға үйрету, оқыту
ретінде қарастырылады. Оқыту процесі
әртүрлі педагогикалық технологиялар
негізінде, яғни, осы процесті едәуір тиімді
де нәтижелі ететін оқушы мен мұғалімнің
күш-жігерін, уақытын, денсаулығын жұмсаудағы
әдістер мен тәсілдердің жиынтығы негізінде
құрылады.