Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 16:27, реферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын айқындап, ғылыми негізделген әдістемесін жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

nakipova.doc

— 294.50 Кб (Скачать документ)

  Қалыптастыру эксперименті оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға құрылып, оқу пәндері бойынша бастауыш сыныптарда жүйелі түрде ұйымдастырылды. Зерттеу жұмысының қалыптастыру эксперименті өзіндік жұмыс түрлерін, оны жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологияларын саралауға арналды.

Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды. Бекіту экспериментінің мақсаты – жекелеген пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың тиімділігін анықтау. Бекіту экспериментінің тексеру қорытындысы 2-кестеде берілді. Бақылау үшін алынған үш өлшем бойынша берілген мәліметтер эксперименттік топтардағы нормативтік көрсеткіштердің біршама өзгергендігін көрсетеді. Оған дәлел:

- жаңа білімді өздігінен игеру қызығушылықтары мен қажеттіліктері, оқу- танымдық белсенділіктері мен ізденістері өлшемі бойынша төменгі көрсеткіш 4%, ал орта деңгей бойынша 60%, ал жоғары деңгей бойынша 32 % көтерілді.

- теориялық білімдерді өздігінен игеру, біліктілігі, білім мазмұнының жаңа идеялары, іс-әрекеттің мақсат, міндеттерін белсенділікпен шешу жолдары өлшемі бойынша аталған жұмысты орындауда жоғары деңгейді көрсеткен оқушылар 33%, орта деңгей 63% төменгі деңгей 2% болса, өзіндік жұмыстарды болжау, өзіндік тапсырмаларды орындауда танымдық белсенділікке ұмтылыс, өзіндік жаңа нәтиже өлшемі бойынша жоғары деңгей 30%, орта деңгей 64%, төменгі деңгей 4% болды. Өзіндік жұмысты орындау деңгейі бойынша салыстырмалы көрсеткіш мәліметтер төмендегі 2-кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2 - Бақылау және эксперименттік топтардың арнайы белгілері бойынша оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігінің деңгейі.

 

 

 

Өлшемдері

Бақылау тобы

(69 оқушы)

Эксперименттік топ

(71 оқушы)

эксперим.дейін

эксперим.кейін

эксперим.дейін

эксперим.кейін

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Ж

О

Т

Жаңа білімді өздігінен игеру қызығушылықтары мен қажеттіліктері, оқу-танымдық белсенділіктері мен ізденістері

17

32

20

19

34

16

19

33

19

23

43

3

24%

46%

28%

27%

49%

23%

26%

46%

26%

32%

60%

4%

Теориялық білімдерді өздігінен игеру, біліктілігі, білім мазмұнының жаңа идеялары, іс-әрекеттің мақсат, міндеттерін белсенділікпен шешу жолдары

16

34

19

19

35

15

20

35

16

24

45

2

23%

49%

27%

27%

50%

21%

28%

49%

22%

33%

63%

2%

Өзіндік жұмыстарды болжау, өзіндік тапсырмаларды орындауда танымдық белсенділікке ұмтылыс, өзіндік жаңа нәтиже

16

34

19

18

36

15

18

36

17

22

46

3

23%

49%

27%

26%

52%

21%

25%

50%

23%

30%

64%

4%

Орташа көрсеткіш

18

33

18

19

35

15

19

35

17

23

45

3

26%

47%

26%

27%

50%

21%

26%

48%

23%

32%

63%

4%


 

 Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштердің нәтижесі қорытынды салыстыру кезеңінде шығарылды (3-кесте).

 

Кесте 3 - Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі.

 

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Экспериментке

дейін

Эксперименттен кейін

Экспериментке

дейін

Эксперименттен кейін

Жоғары

26%

27%

26%

32%

Орташа

47%

50%

48%

63%

Төменгі

26%

21%

23%

4%


 

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі төмендегі суреттерде бейнеленді (Сурет 2).

Сурет 2 - Оқушылардың өзіндік жұмысты орындау негізінде танымдық белсенділігінің салыстырмалы диаграммасы (эксперименке дейін және эксперименттен кейін).

Жүргізілген эксперимент нәтижелерін талқылау тәжірибелік-эскперимент барысында бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысты орындау негізінде танымдық белсенділігінің деңгейі эксперименттік топтарда жоғарылағанын көрсетеді. Өзіндік жұмысты орындау негізінде танымдық белсенділігінің жоғары деңгейі 32 %-ға, оқушылар санына көбейген, ал төмен деңгейдегі оқушылар 4 %-ға төмендеген. Бұл көрсеткіште экспериментке дейін төмен дәрежеде оқушылардың өзіндік жұмысты орындау негізінде танымдық белсенділігінің орташа деңгейге дейін көтеруге қол жеткізілді.

Эксперименттік топтағы тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесін бақылау оқушылардың өзіндік жұмысты орындау негізінде танымдық белсенділігінің көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш экспериментке дейін төмен дәрежені көрсеткен оқушыларды орта деңгейге дейін көтеруге қол жеткізілгенін, ал орта деңгейдегілер жоғары деңгейге көтерілгенін байқатты.

Оқушыларда жаңа білімді өздігінен игеру қызығушылықтары мен қажеттіліктері, оқу-танымдық белсенділіктері мен ізденістері пайда болды. Теориялық білімдерді өздігінен игеру, біліктілігі, білім мазмұнының жаңа идеялары, іс-әрекеттің мақсат, міндеттерін белсенділікпен шешу жолдарын толығымен бағалауды үйренді. Өзіндік жұмыстарды болжау, өзіндік тапсырмаларды орындауда танымдық белсенділікке ұмтылыс, өзіндік жаңа нәтиже алуды меңгерді.

Эксперименттік топтағы оқушылар орындау мен өзіндік жұмыстарда еркін бағыт алып, бейнелеу өнері мен математика, дүниетану сабақтарында алған білімдерін өзіндік жұмыстарда қолдана алды. Оқушылардың, қарым-қатынастық, ақпараттық, проблеманы шешу құзіреттіліктері де анағұрлым өсті.

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда да белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарды орындауда белсенділік танытуы олардың қосымша берілген тапсырмаларды орындауынан көрінді.

Ғылыми зерттеудің эксперименттік жұмыс нәтижелері мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

- зерттеу тақырыбы бойынша дайындаған  өзіндік жұмыстардың жүйесі арқылы  бастауыш сынып оқушыларының  танымдық белсенділігін арттырудың  үлгісін көрсетілді.

- экспериментке қатысқан педагогтар  жұмысын талқылау, оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың нәтижелілігі педагогтардың оқыту процесінің әдістемесін терең түсінуінде екендігін көрсетті.

Сонымен зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сай ұсынылған өзіндік тапсырмалар жүйесі мен оны жүзеге асыру әдістемесі тәжірибелік-эксперимент нәтижесінде ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.

 

Қорытынды

Қазіргі кездегі басты мақсат – оқушыларға терең білім беріп қана қоймай, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын, ізденімпаздығын қалыптастыру. Оқушылардың өздігінен ойланып, танымдық белсенділігін арттыруда, білімді тиянақты алу дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің бағыт беруші рөлін атқара білуінің мәні зор. Өзіндік жұмыс оқыту процесінің барлық бөлігіне кіреді. Оқу материалдарының мазмұнына байланысты тапсырма қарапайым, күрделі уақыт бойынша ұзақ, оқушылардан белсенді танымдық әрекетті талап ететін болып келеді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың жүйелі білім алу тәртібіне және өздігінен білімін толықтыруға, ғылыми мағлұматтарды жетік әрі саналы игеруге әзірлеу керек. Бұл үшін оқыту үдерісінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалана отырып, олардың ізденуге деген талпынысын ояту қажет.

Оқу – бастауыш сыныптағы оқушылардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен білім алуымен және оқыту үдерісіндегі өзіндік жұмыс түрлерімен тығыз байланысты. Оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың танымдық, белсенді әрекеті. Оқушылардың өзіндік жұмыс процесі кезінде мұғалімнен бала дамуының дербестік шығармашылық танымдық әрекеті, логикалық ойлауы сияқты негізгі белгілерін біліп, оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізуді қажет етеді.

Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1. Зерттеу мәселесіне байланысты  философиялық, психологиялық және  педагогикалық талдаулар барысында «таным», «танымдық белсенділік», «өзіндік жұмыс» ұғымдары нақтыланып, «бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға» анықтама берілді. Педагогикалық және психологиялық талдаулар негізінде оқушылардың өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру үшін пәндік мазмұндық білім беруден тұлғалық-бағдарлы білім беруге көшудің қажеттігімен дәлелденді.

2. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары анықталып, оқушылардың өзіндік жұмысына қажетті теориялық білімді меңгеруіне және оны тәжірибеде қолдана білуіне бағытталды.

3. Бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттырудың мотивациялық, мазмұндық-амалдық, нәтижелі-бағалау компоненттерінің бірлігінде және айқындалған өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлерінің негізінде жасалған құрылымдық-мазмұндық  модельге байланыстылығымен сипатталды.

4. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттырудың қазіргі жағдайына жасалған талдаулар сабақта, сабақтан тыс тапсырмаларды орындаудың тиімді формалары мен әдіс – тәсілдерін, технологияларын анықтауға негіз болды.

5. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған теориялық тұжырымдар мен қорытындылар, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру үшін қосымша ұсынылған өзіндік тапсырмалар жүйесі мен әдістеменің тиімділігі  тәжірибелік-эксперимент барысында тексеріліп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізілді.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен болжамына сәйкес белгіленген міндеттер орындалып, оң нәтиже алынды. Теориялық қағидалар мен педагогикалық-эксперимент жұмыстарының нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар жасалынды:

  • бастауыш сыныптарға арналып жасалған өзіндік жұмыстар жүйесі мен

ғылыми негізделген әдістемесін тәжірибеге енгізу;

  • бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибеде пайдалану үшін әдістемелік

нұсқауды баспадан шығару;

– бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру институттарының іс-тәжірибесіне енгізуге ұсыну.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін арттыру мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық бағыттарын толығымен қарастырып, бір ғана зерттеу проблемасының аясына сыйғызу мүмкін емес. Зерттеу барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы болғандықтан, бұл бағыттағы ізденістер бастауыш сынып оқушыларының сабақта және үй тапсырмасын орындаудағы өзіндік жұмыс түрлері дербес зерттеуді қажет етеді.

 

             Диссертацияның мазмұны төмендегі  басылымдарда жарияланды

  1. Организация познавательной деятельности с целью стимулирования самостоятельной работы младшего школьника// «Инновационные процессы в современном образовательном учреждении» Всероссийская научная конференция. - Самара, 2012. 17-18 февраль, 103-105 с.
  2. Өзіндік жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының құзіреттіліктерін қалыптастыру // Қазақстан мектебі - Алматы, 2012- №9 - Б. 26-28.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

Накыпова Гулнур Кабылтаевна

Педагогические условия повышения познавательной активности учащихся начальных классов на основе самостоятельной работы

 

Актуальность исследования. Известно, что  будущее суверенного Казахстана связано с воспитанием подрастающего поколения. Формирование цивилизованного общества и правового государства в период рыночной экономики требует от молодежи духовного богатства,  образованности, независимости и профессиональной компетентности. 

Согласно положениям наук педагогика и психология, основу учебного процесса составляет познавательная деятельность. Продуктивность учебной деятельности требует не только определенных навыков и умений, но и стимулов и толчков для достижения поставленной цели. Главное здесь, чтобы у учащегося начального звена наряду с  умением учить, было и желание учиться, то есть должен превалировать познавательный момент. Изменения, происходящие в структуре современной школы и в содержании образовательного процесса, выдвигают новые требования к организации педагогического процесса. В частности, это касается начальных классов, когда у учащихся в результате выполнения  самостоятельной работы возникает познавательная активность и закладывается фундамент учебной деятельности.   

Активизация познавательной деятельности учащихся начальных классов на основе самостоятельной работы является одной из важных задач освоения новых знаний, связанных с изменением парадигмы образования. В связи с двусторонностью учебного процесса учитель должен организовать свою деятельность с учетом того, чтобы самостоятельная работа учащихся стимулировала в них познавательную активность. В свою очередь активизация познавательной деятельности как закономерный процесс в обучении и совершенствовании детей должна  рассматриваться как очень сложная психологическая и педагогическая проблема.

Объект исследования: учебно-воспитательный процесс в начальных классах.

Информация о работе Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары