Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2015 в 16:27, реферат

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын айқындап, ғылыми негізделген әдістемесін жасау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

nakipova.doc

— 294.50 Кб (Скачать документ)

ӘӨЖ 373.3.013:371.385                                                           

 

                                                                                                     Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Накыпова Гулнур Кабылтаевна

 

 

Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары

 

 

 

6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған

РЕФЕРАТ

 

 

                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 ж

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, гуманитарлық-педагогикалық институты, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды.

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:                                               

биология ғылымдарының кандидаты, профессор  А.Е.Ерназаров

 

 

Ресми оппонент:  

                                      

педагогика ғылымдарының кандидаты Р.А.Набуова

 

                                                                                                                           

   

 

 

 

 

 

 

 

        Диссертация « 4 » маусым 2013 жылы, сағат 14.00-де  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, гуманитарлық-педагогикалық институты, 7 оқу ғимараты, №211 дәрісханасында қорғалады.

 

 

 

 

 

 

         Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз Қазақстанның болашағы ұрпақ тәрбиесінде, оқу үдерісінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, дербестігін, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» т.б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін  тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның дербестік қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр.

Педагогика және психология ғылымдарына сүйенетін болсақ, оқыту үдерісінде негізгі орынды танымдық әрекет алады. Оқу әрекетінің нәтижелі болуы белгілі дағды мен іскерлікті меңгеруді ғана қажет етпейді, мақсатқа сәйкес туындайтын міндеттерді жүзеге асыратын түрткілер мен қажеттіліктердің пайда болуымен сипатталады. Мұндағы басты нәрсе оқушының оқи білуі ғана емес, оқығысы келуіне, яғни таным әрекетінің басымдық алуына байланысты. Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға жаңаша талаптар қойып, әсіресе бастауыш сыныптарда оқушылардың өзіндік жұмыстар негізінде танымдық белсенділігі артуы нәтижесінде оқу әрекетінің іргетасы қаланатыны белгілі.

Осыған байланысты мектептерде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда интерактивті әдістер мен педагогикалық, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қажет. Тұлғаға бағдарланған білім беруде танымдық белсенділігі жоғары болған оқушының білімді меңгерудегі әрекеті де оның құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болады.

Жалпы орта мектептің бастауыш сатысындағы кезең – оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте қолайлы кезеңі. Оқушының танымдық белсенділігін дамыту нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушының әр түрлі оқу тапсырмаларын орындаудағы құзыреттілігі артып, ол білімді меңгеруде, оқу әрекеттерін бақылау, бағалауды, нәтижені берілген үлгімен салыстыруды үйренеді.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуі мен жаһандану талабына орай орта мектептегі білім сапасын көтеру, оқушылардың өзіндік жұмыстарын түрлендіру арқылы күшейту, сонымен қатар олардың танымдық белсенділіктерін арттыру қажеттігі туындап отыр.

Білім парадигмасының  өзгеруіне байланысты жаңа білім мазмұнын меңгеруде өзіндік жұмыстар негізінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бастауыш сыныптарда педагогикалық үдерісті дамыта және тұлғаға бағдарлап ұйымдастырудың негізінде оқушылардың оқу әрекетінде өзіндік жұмыс арқылы танымдық белсенділігін арттыруға болады. Оқыту үдерісі екі жақты  үдеріс болғандықтан, мұғалім өзінің іс-әрекетін оқушылардың өзіндік жұмысы арқылы танымдық белсенділігін дамытуға бағыттап құра білуі тиіс. Ал бұл өз кезегінде оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі  психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде қарастыруды талап етеді.

Зерттеу тақырыбымыздың теориялық негіздері антропологиялық философияда Платон, Аристотель, Г.Гегель, И.Кант, Декарт, Г.Лейбниц, Д.Локк, Д.Дьюи, танымға қатысты мәселелері  ұлы ғұламаларымыз Әбу Насыр әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ибн-Сина т.б. еңбектерінен бастау алып, отандық және шетел философтары Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Ғ.Есім, М.Сәбит, Ұ.Сыдықов, Ж.Т.Берістенов, Қ.Ш.Нұрланова, Б.С.Гершунский, В.В.Краевский және т.б. зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады.

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесінің психологиялық аспектілерін отандық психолог-ғалымдар Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, С.М.Жақыпов, Ә.Алдамұратов, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Джумажанова, С.Қ.Бердібаева, К.Оразбекова, Б.Байжұманова және т.б. зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері ашылып, оның білім беру ісін дамытуда басты рөл атқаратыны дәлелденген. Сонымен қатар ТМД психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, А.В.Запорожец, А.В.Петровский, А.Я.Пономарев, Л.С.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, И.С.Якиманская т.б. танымдық белсенділікті арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырылып, оның білімді меңгерту ісін жетілдірудегі басты рөл атқаратыны туралы қорытындылар жасалған.

Оқытудың теориясы мен практикасына үлес қосып, оны жетілдіруді классик-педагогтар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко т.б. ерекше атап көрсеткен.

Шетел педагог-ғалымдары Ш.А.Амонашвили, Ю.К.Бабанский, Л.И.Божович, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.А.Сластенин, А.З.Зак, И.П.Иванов, И.А.Зимняя, В.С.Кукушина, В.Оконь, П.И.Пидкасистый, С.В.Осипова, Н.А.Половникова, М.Н.Скаткин, В.А.Ситаров, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. ғалымдардың еңбектерінде танымдық белсенділіктің оқыту процесіндегі механизмдерінің ерекшеліктері анықталған.

Қазақ ағартушы интеллигенциясының өкілдері Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ағартушылардың бастауыш мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік құралдарында оқушылардың өздігінен орындайтын тапсырмаларына көңіл бөлінген.

Елімізде бастауыш білім мен тәрбие ісінің теориялық және тарихи аспектілерін К.И.Адамбеков, Б.А.Әлмұхамбетов, Р.Қ.Бекмағамбетова, А.Н.Ильясова, Ш.К.Майғаранова, Р.К.Төлеубекова, Қ.Т.Ыбырайымжанов т.б. зерттеу жұмыстарына арқау етсе, әр түрлі білім беру саласы бойынша оқушының танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық аспектілерін Р.М.Қоянбаев, Т.С.Сабыров, Ә.Муханбетжанова, А.Х.Аренова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.С.Сардарова, А.Е. Манкеш, Ә.С.Әмірова, Т.И.Кокумбаева, А.М.Текесбаева, Е.Ж.Рысбаев, А.К. Рысбекова т.б қарастырған.

Оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге бағытталған:

  • ұлттық дүниетаным тағылымдарын пайдалану негізінде (С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Р.Қ.Дүйсембінова, К.Ж.Қожахметова, Р.К.Төлеубекова, Ж.К.Күнпейст.б.);
  • ұлттық көркемөнер шығармашылығы құралдары негізінде (Б.А.Әлмұхамбетов, Е.О.Омар, З.Ш.Айдарова, А.А.Сағымбаев т.б) еңбектер, сондай-ақ жеке пән сабақтары арқылы оқушылардың танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған:
  • математика пәнін оқытуда (Т.Қ.Оспанов, А.Б.Кадырбаева, М.О.Мұсабеков, А.О.Байдыбекова);
  • ұлттық музыка өнері құралдары негізінде (Ш.Б.Құлманова, Е.Ш.Қозыбаев, Ү.И.Мелдебековат.б.);
  • дүниетану пәнін оқытуда (Қ.А.Аймағамбетова, К.Жүнісова т.б.);
  • бастауыш сыныпта ана тілі және қазақ тілі пәнін оқытуда (С.Рахметова, Т.М.Әбдікәрім, Г.Уәйісова, Б.Т.Қабатай т.б.);
  • бастауышта информатика пәнін оқыту бойынша (Ж.Сардарова, Д.С.Байғожанова, Е.А.Вьюшкова т.б) педагогикалық зерттеулер бар.

Ғалымдардың педагогикалық зерттеулерінде оқушылардың танымдық қызығушылығы, таным әрекетінің белсенділігін арттыру (Ж.К.Елеупаева, Н.Д.Хмель, А.Е.Әбілқасымова т.б), жеке тұлғаны дамыту мәселелері қарастырылған. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру мәселесі арнайы зерттеу объектісі болмаған. Білім саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып оқушысын танымдық іс-әрекет арқылы тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндеттердің бірі деп қарастыруды талап етіп отыр. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде зерттеу қажеттігі бүгінгі білім берудің басым бағыттарының біріне айналып, өздігінен ізденуде, проблемалық жағдаятта шешім қабылдаудағы түйінді құзыреттіліктерімен түсіндіріледі.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарында танымдық белсенділігін арттыру мәселесінің ғылыми тұрғыда негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:

– бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігі мен оның теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі;

– қазіргі қоғам сұранысына сай бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетін қалыптастыру мен оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелерінің жасалмауы;

  • білімнің қарқынды дамуы жағдайында әр оқушының жеке білімінің

траекториясын таңдау мүмкіндігі мен тұлғалық-бағдарлы білім алудың іске асырылмауы.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселеміздің көкейкестілігін айқындап, тақырыпты «Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды. 

Зерттеу мақсаты: өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруды теориялық тұрғыда негіздеп, педагогикалық шарттарын айқындап, ғылыми негізделген әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны - бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ететін оқыту формалары, әдістері және педагогикалық шарттары.

Зерттеу жұмысының болжамы. Егер оқыту үдерісінің әр кезеңдерінде бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары олардың танымдық белсенділігі мен интеллектуальдық әлеуетіне негізделсе, онда оқушылардың білімі кеңейіп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы, өзіндік іс-әрекетке бағытталған оқу ынтасы артатын болады.

Зерттеудің міндеттері.

- бастауыш сынып оқушыларының  танымдық белсенділігін арттыру  мәселесінің теориялық негіздерін  айқындап, «таным», «танымдық белсенділік», «өзіндік жұмыс» ұғымдарын бастауыш  сынып оқушыларының білім деңгейлеріне қатысты нақтылап, анықтама беру;

- бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін  арттырудың педагогикалық шарттарын  анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін  арттырудың мазмұндық-құрылымдық  моделін құру, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлерін сұрыптау;

- бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмысында танымдық белсенділігін  арттыруды қамтамасыз ететін  оқыту формалары мен әдістерін  және олардың тиімділігін анықтап, тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеу әдістері:

- зерттеліп отырған мәселеге  байланысты оқушылардың өзіндік  жұмыстарын ұйымдастыру үдерісіне  теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді  талдау, жинақтау, қорытындылау, салыстыру, нақтылау, нәтижелерді жобалау) талдау  жасау;

- эмпирикалық (сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, нормативті және оқу-әдістемелік құжаттарды талдау, диагностика, кеңестер беру, тест жүргізу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс) зерттеу әдістері;

- алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық  өңдеу, сараптау әдістері қолданылды.

Информация о работе Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары