Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 18:12, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек шақтағы оқушылар бойында пайда болатын мінез-құлықтың ауытқушылық себептерін анықтау және оның алдын-алу жолдарын көрсету.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Гылыми жумыс Кенжебулатова М К.doc

— 1.50 Мб (Скачать документ)

30. Үйде мені көп ренжітеді.

31. Үйдегі жинақылық мені қатты  қуантады.

32. Кейде үйге келген кезде  мен ешкімді көргім келмейтін  әрі естігім келмейтін кездерім болады.

33. Біздің отбасында қарым-қатынас  бұзылған.

34. Отбасының бір мүшесі үйде  өзін өте нашар сезінетінін  білемін.

  1. Біздің үйге қонақтар жиі келеді.

Мәліметтерді өндеу:

 «Иә»-1,2,4,6,7,9,10,12,14,16,17,21,23,24,27,28,31,35;

«Жоқ»-3,5,8,11,13,15,18,19,20,25,29,30,32,33,34;

Дәл келген жауапқа 1 балл беріледі.

0 - 8 балл - отбасында тұрақты жағымсыз  психологиялық ахуал;

9 – 15 балл - тұрақсыз, ауыспалы психологиялық  ахуал;

16 – 22 балл - түсініксіз психологиялық  ахуал, кейде жағымды, кейде жағымсыз;

23 -35 балл - тұрақты жағымды психологиялық  ахуал.

Жеткіншектер арасындағы мінез-құлық ауытқушылығы агрессия күйінен көрінеді, сол себепті «Жеткіншектер мінез-құлқының агрессиялық ауытқушылығын анықтау» мақсатында  А.Ассингер құрастырған тестті пайдалануға болады.

Нұсқауы: Тестте 20 сұрақ берілген. Сіздің ойыңызға сәйкес келетін жауапты таңдаңыз.

Тесттің мәтіні:

1. Сіз біреумен сөзге келісіп  қалғаннан  кейін, өзіңіз достасуға  үлес қосасыз ба?

А) әрқашан;

б) кей кезде;

в) ешқашан.

2. Өзіңізді қиын жағдайда қалай сезінесіз?

А) ішім қозады;

Б) тыныш;

В)өзіңізді өзіңіз ұстай алмайсыз.

3. Сізді достарыңыз қандай дейді?

А) сенімді, әрі қызғаншақ;

Б) мейірімді;

В)  сабырлы.

4. Сізге жауапты іс берсе, сіз?

А) қабыл аласыз, бірақ күдіктенесіз;

Б) әрине келісесіз;

В) өзіңіздің тыныштығыңыз үшін бас тартасыз.

5. Сіздің үстеліңізден әріптесіңіз  сіздің рұқсатынсыз қағаз алды, сіз?

А) ұрысасыз;

Б) қайтаруға мәжбүрлейсіз;

В) тағы еш нәрсе керек емес пе? -  екенін сұрайсыз.

6. Досыңыз кездесуге кешіксе, сіз:

А) сонша сені кім кешіктірді?

Б) кешке дейін қайда жүрсің?

В) мен уайымдай бастадым.

7. Автомобиль рөлінде сіз өзіңізді  қалай ұстайсыз?

А) сізден ілгері кеткен көлікті қуып жетесіз;

Б) қанша көлік сізден ілгері кетсе де сіз оны аңғармайсыз;

В) көліктер сізден ілгері кетпеу үшін сіз барлық жылдамдықты қосып, айдайсыз;

8. Өмірге деген көзқарасыңыз?

А) тепе-тең;

Б) жеңілтек;

В) рақымсыз.

9. Бір нәрсеге қолыңыздан келмесе, сіз?

А) басқа біреуге жала жабасыз;

Б) көнесіз;

В) келесі рет байқап көресіз.

10. Жастардың тәртіпсіз, нашар қылықтарына қалай қарайсыз?

А) «осындай әрекеттерге қашан тыйым салынады екен?»;

Б) «оларға бос уақытын жақсы өткізуге  жағдай жасау керек !»

11. Сіздің қалаған  орныңызды  басқа біреу алып қойса, сіз:

А) неге сонша жүйкемді жұқарттым екен?

Б) иә,оның келбеті бастыққа жағымдырақ;

В) мүмкін мен басқа нәрсеге қол жеткіземін.

12. Сіз қорқынышты фильмдерді  қалай көресіз?

А) қорқасыз;

Б) жалығасыз;

В) қанағаттанасыз.

13. Егер сіз көлік кептелісінен  сабаққа кешқалып жатсаңыз:

А) сабақ уақытында мазасызданасыз;

Б) мұғалімнен кешірім сұрайсыз;

В) ренжисіз.

14. Өзіңіздің спорттық  жетістіктеріңізге  қалай қарайсыз?

А) әрине,  жеңуге тырысамын;

Б) өзіңіздің жас кезіңізді есіңізге түсіресіз;

В) егер жеңілсеңіз ренжисіз.

15. Дәмханада сізге нашар қызмет  көрсетті, сіздің реакцияңыз:

А) шыдайсыз;

Б) бастығын шақыртып алып, ескерту жасайсыз;

В) директорға наразылықпен білдіресіз.

16. Мектепте ініңізді немесе  қарындасыңызды ренжітсе, сіз?

А) мұғаліммен сөйлесесіз;

Б) кішкентай қылмыскердің ата-анасымен ұрысасыз;

В) баланы  жауап қайтаруға үйретесіз.

17. Сіздің ойыңызша сіз қандай  адамсыз?

А) не жақсы, не жаман емес;

Б) өзіне-өзі сенімді

В) жолы болғыш

18. Есікте сізбен қақтығысып  қалған оқушы, сізден кешірім  сұраған кезде:

А) кешіріңіз, кінә менен;

Б) ештеңе етпес, кінә менен;

В) тиянақтырақ болмайсыз ба?- деп жауап бересіз.

19. Сіз газеттегі жастардың қылмысы  туралы мақалаға қалай қарайсыз?

А) «нақты шаралар қашан қолданылады екен?»

Б)  «дене соққысына апарып, жазалау қажет!»

В) «Жастарға бәрін арта беруге болмайды, тәрбиешілері де кінәлі!»

20. Жаңадан тудыңыз деп елестетіңіз, бірақ жануар кейіпінде, сіз қандай  жануар боласыз?

А) жолбарыс немесе қабылан

Б) үй мысығы

В) аю

Нәтижесі:

40 жоғары - агрессия күйінің жоғарылығы;

20-40 - орташа агрессивті;

1-20 – агрессивті емес.

Осы тесттердің нәтижесіне сүйене отырып, түзету-дамыту шаралары ұйымдастырылады.

2.2. Жеткіншек шақтағы оқушылар бойындағы мінез-құлық ауытқушылығын анықтауға арналған диагностикалық жұмыстардың нәтижелері

Мектеп жеткіншектерінің мінез-құлқындағы ауытқушылықты анықтауда жоғарыда айтылған тесттерді Көкшетау қаласының №18 орта мектебінде тәжірибе өту барасында қолдандым. Тәжірибеге 24 оқушы қатысты.

«Отбасындағы психологиялық ахуалды анықтау» тестінің нәтижесі:

Кесте – 1

Тест сипаттамасы

Пайыздық көрсеткіші

Отбасында тұрақты жағымсыз психологиялық ахуал - 9%

9%

тұрақсыз, ауыспалы психологиялық ахуал - 32%

32%

түсініксіз психологиялық  ахуал, кейде жағымды, кейде жағымсыз - 41%

41%

тұрақты жағымды психологиялық ахуал - 18%

18%


 

Диаграмма – 1

 

Филлипстің «мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған» тестінің нәтижесі:

Кесте – 2

Тест сипаттамасы

Пайыздық көрсеткіші

Жалпы мектептік қобалжу

16%

Табысқа жету қажеттілігіндегі

5%

Өзін көрсетуге қорқыныш

11%

Білімді тексеру жағдайындағы қорқыныш

36%

Айналадағылардың күткеніне сәйкес келмеуден қорқу

23%

Әлеуметтік стресті уайым

9%


Диаграмма - 2

 

А.Ассингердің «Жеткіншектер мінез-құлқының агрессиялық ауытқушылығын анықтауға арналған» тестінің нәтижесі:

Кесте – 3

Тест сипаттамасы

Пайыздық көрсеткіші

агрессия күйінің жоғарылығы

17%

орташа агрессивті

20%

агрессивті емес

63%


Диаграмма - 3

              

Осы нәтижелерге сүйене отырып, мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін  олармен «жемістер» тренинг-ойынын ойнадым. Бұл ойынның мақсаты балардың көңіл-күйін жақсарту. Ойын ойналған соң, балалар біраз сергіп қалды. Одан кейін «мақтаулы қошемет» тренинг-ойыны ойнатылды. Бұл ойындар  сыныптағы қарым-қатынасты жақсарту және оқушылардың бір-біріне деген  қарым-қатынасты анықтау мақсатында ойнатылды. Ойнатылған тренинг-ойындардың нәтижесі балалардың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастырды.

Көбіне, баланың бойындағы мінез-құлық ауытқушылығы агрессия күйінде көрінетіндіктен, «төбелессіз қалай өмір сүруге болады?» атты тақырыпта сынып сағаты  өтті. Сынып сағатының мақсаты: агрессиялық күй-жағдай мен агрессиялық әрекет арасындағы айырманы анықтау, агрессиялық күй-жағдай рефлексиясы, әр түрлі дау-жанжалдардағы әрекет тәсілдерін іздеу. Сабақ барысында «төбелес дегеніміз не?», «оның пайда болу себептері», «бұл сынып ішінде өзекті мәселе ме, неге?, «төбелес неден пайда болады?» сияқты сұрақтар талқыланды. Агрессиялық күй-жағдай мен агрессиялық әрекет бір-бірінен  немен ерекшеленетіні түсіндірілді:

  • Агрессиялық күй-жағдай ашу-қызу, дұшпандылықпен, жеккөрушілікпен және т.с.с. ерекшеленеді
  • Агрессиялық әрекет – басқа адамға зиян келтіруі агрессиялық актісінде айтылады: қорлауларда, келемеждеушіліктерде, төбелестерде, ұрып-соғуларда.

Балалардың айтуы ойынша мектеп ішінде агрессия пайда болуына сер ететін:

  • Таңертеңгі көңіл-күй ;
  • Таңертең сені қалай қарсы алады;
  • Сенің болмашы қателеріңе қалай қарайды;
  • Сенің дамыған ашушаң жүйке-жүйеңі байланысты;

Кейін осындай агрессиялар мен төбелестерді болдырмас үшін «Бір- бірімізбен сәлемдесейік» және «Аяқталмаған сөйлем» тренинг-ойындары өткізілді.

«Бір- бірімізбен сәлемдесейік» ойыны

Нұсқауы: Қазір сіздерде бүгінгі таңға кері қайту мүмкіндігі бар. Елестетіңіздер, сіз мектепке кірдіңіз және бір партада отыратын аамды кездестірдіңіз. Бір-біріңізбен жылы шырай танытып, өзіңізбен қалай амандасқанды қаласаңыз, солай амандасыңыз.

Бұл ойынның мақсаты: сыныптастар арасындағы психологиялық ахуалды жақсарту.

«Аяқталмаған сөйлем» ойыны

Қоңырау соғылып шет тілі сабағы басталды делік. Бәріне бірдей басқа тілдің сөздерін дұрыс айту шықпайды. Біреу орнынан тұрып, қате және қызық айтады... Мұнда әркім өзінше көңіл аударады. Біреу сыныптасын ренжіте, күлер, біреу өзінің білетінін көрсетіп, түзер, біреу сабақтың соңында келіп, сол сөздерді айтып үйренуге ұсыныс жасайды.

Нұсқауы: берілген сөйлемдерді аяқтау.

  • Біреу сабақта жаңылса, мен…
  • мен  өзімнің сыныптастарымның қатесіне күлкім келгенде, мен…
  • мен сынып алдында жаңылсам, онда мен ...сеземін.
  • Менің ойымша,сабақта жаңылу...

Осы ойынның сыныптастар арасында көрінетін төбелестерге қатысы бар ма, әлде жоқ па екенін анықтауды балалардың өздері арасында талқылауға қалдырдық.

Сынып сағатында егер  сыныптастардың әрекеттері ашуландырса және оны соққың келсе, не істеуге болатыны жайында мынадай ұсыныстар жасадым:

  • 10-ға дейін санап, ашуыңды басуға тырыс;
  • Беті- қолыңды жу;
  • Ашуыңды бір затқа жібер;
  • Психологқа бар;
  • Психикаңды және денеңді шынықтыр: бассейн, су құю арқылы;
  • Зардаптарды ескеріп, оларды болдырмауға тырыс.

Егер біреу төбелеске итермелесе, ондай жағдайда не істеу керек жайлы келесіде ұсыныстар бердік:

  • ол кісіден ары кетіп, сыныпқа кір.
  • Оған сен не сезіп тұрғаныңды айт
  • мен ызылымын, бірақ сенімен төбелеспеймін
  • сенің ісіңмен ашынып тұрмын
  • менен ары тұр, сенімен сөйлескім келмейді
  • сен менімен төбелескің келіп тұрғанын көріп тұрмын
  • Бірінші болып қол көтерме
  • Ұрысты ойынға айналдыр.

Өткізілген тренинг-ойындар мен сынып сағатының нәтижесінде сыныптастар арасындағы психологиялық ахуал жақсарып, агрессиялық күй біршама төмендеді.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта айтқанда, жеткіншек шақ - тұлғалық қылыптасудың дағдарысты кезеңі болып табылады. Бұл кезең адамның тез өсуімен, жеткіншектің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Сонымен қатар, жеткіншектік кезең - мінез-құлық ауытқуларының пайда болып, қиын балалар қатарына қосылуға өте қолайлы кезең.

Қазіргі уақытта біздің ең негізгі абыржуымыз - ол жеткіншек тағдырының қиындығы. Жеткіншек арасындағы тәртіп бұзушылық көп белең алып келеді.

Адам жаны, соның ішінде жаңа қалыптасып келе жатқан бозбала мен бойжеткеннің ішкі жан-дүниелері өте күрделі. Жазатайым қателескен, байқаусыз теріс жолға түскен  жеткіншек пессимистік ойларға беріліп, жас өміріне балта шауып жататын жайлар өмірімізде аз кездеспейді. Міне, осындай жеткіншектердің психологиясын жетік білетін психолог мамандардың көмегі ауадай қажет.

Қазақтың XX ғасырдың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытовтың атап көрсетуі бойынша, қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі –тек білім беруші мұғалім ғана емес,....баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз! Бұл сөздердің бүгінгі күні де мәні өте жоғары. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай,  болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Иә, бұл сөздерде қарапайым мектеп мұғалімдеріне бүтін бір елдің болашағына жол салар, жас ұрпағын нұрлы аспанға көз тіктіріп, ұлы армандарға қанаттандырар құдірет иесіне деген үлкен сенім, жауапкершілік жатыр.

Егер кәсіби педагог-психолог маман болса, ол қандай қиын бала болмасын, жүрегіне жол таба біледі. Жүрекке жол табылса, үлкен жеңіс осы.

Болашақ кәсіби педагог-психолог мамандарға, өскелең жас ұрпақтың мінез-құлық ауытқушылықтарын алдын-алу үшін келесідей ұсыныс жасар едім:

Информация о работе Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері