Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 18:12, курсовая работа
Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек шақтағы оқушылар бойында пайда болатын мінез-құлықтың ауытқушылық себептерін анықтау және оның алдын-алу жолдарын көрсету.
Ажырасу кезінде ата-ана баланы бөлуге дейін барады. Екеуінде қимаған бала дәл сал күйге түсері сөзсіз. Ата-анасы айырылысып кеткеннен кейін отбасында жаңа отбасы мүшелері пайда болады. Жеткіншек жаңа отбасы құқықтарын бірден түсіне алмай, өзін сол ортаға бейімдей алмай күйзеледі, оған себеп, оның санасынан туған анасының немесе әкесінің оған деген мейірімі кетпей, ұмыта алмауы. Сондықтан да, ол жаңа отбасы мүшелеріне сенімсіз көзқараспен қарап, олардың өтінішін, талап-тілектерін тыңдамайды.
Жеткіншектердің көбі жаңа ата-анасының тәрбиесіне үзілді- кесілді қарсы шығады. Қалай болса да өзінің дұрыс істегендігін дәлелдеуге тырысады, сөйтіп, бірбеткейлігімен, мінез көрсетіп, жаңа ата-анасымен ұрысуға дейін барады. Отбасында орнаған жайсыз жағдай баланың үйден кетіп, кезбелікке түсуіне жол ашады. Кезбелікке түсіп, ұзақ жол жүрген, тамақ ішкісі келген баланың неге болса да ілесіп кетуі ықтимал.
В.К. Андриенкның пайымдауынша, баласының тағдырына жауапсыздықпен қараған 70% ата- ананың үнемі ішкенін, 20% қалай болса солай тәртіпсіз өмір сүргенін дәлелдеп, 65% отбасының ата-анасы үнемі өзара төбелескен, ұрысқан, жанжалдасқанын ашқан. Бұндай отбасында балағаттау, қорқыту, төмендету орын алып, баланы қатты жазалау қоса жүрген. 82% бала ата-анасының бақылауынсыз, мейірімін көрмей өзімен-өзі күн оздырған [8].
Құқық бұзушы жеткіншектердің неліктен құқық тәртібін бұзатындықтарының себебін ашуда, құқық бұзушы балалар мен педагогикалық тәрбиеге көнбейтін жеткіншектердің 68% отбасында жағдайы келмегендіктен үйінен қашуға мәжбүр болған. Ал, 56% жеткіншек отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі мен отбасындағы қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты құқық бұзып, қоғамға жат әрекет істеген.
Жоғарыда айтып кеткендей, отбасының толық болмауы бала өміріне өз ізін салмай кетпейді.
К.Е. Игошевтің зерттеулерінше, туған ата-анасының біреуі жоқ балалардың 91,2%- ұрлық, 76,2%- бұзақылық әрекет, 74,5%- тонау, 69,7%- денсаулыққа қасақана зиян келтіру сияқты қоғамға қауіпті әреке жасағандары үшін жауапкершілікке тартылған [9].
Толық отбасының болуы үшін ата-ана бір-бірімен айырылысып кеткеннен кейін де, бала тәрбиелеуді екеуі де өз міндеті ретінде қарағаны абзал. Қазақстан Республикасы Отбасы және неке туралы кодексінің 67-бабы баласынан бөлек тұратын ата-ананың онымен араласуына, тәрбиелеуге қатысуына құқық берген [10].
Сонымен, жеткіншектің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне – жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым-қатынаста болуы жеткіншектерді қылмыс жолына итермелейді. Ата-ананың балаға қалай болса солай қарауы, оларға деген әке-шешелік жауапкершілігін сезінбеуі, ішімдікке салынуы, өзін қалай болса олай ұстауы - бәрі-бәрі жеткіншектердің құқық бұзуына, қиын балалар қатарына қосылуына жол ашады.
ІІ-тарау. Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары
Жеткіншек шақтағы мінез-құлықтың ауытқушылық өзгерістердің себептерін анықтау және алдын-алу үшін балалармен тест, сауалнама, тренингтер мен сынып сағатын өткізуге болады.
Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – объектіні суреттеп баяндаудан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Сырттай бақылау дегеніміз – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші топпен қарым-қатынасқа түспей зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Тест әдісі-адамның психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Сауалнама әдісі-объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам ауызынан ақпарат топтау.
Тренинг дегеніміз – айқын психологиялық әсер, оның негізі топталған жұмыстың белсенді әдістеріне салынған. Бұл арнайы ұйымдастырылған қатынас түрі, оның жүру барысында адамның дамуы туралы сұрақтар, қатынас жасау дағдыларының құрылулары, психологиялық көмек көрсету, стереотиптерді шешуге мүмкіндік беретін және қатысушылардың жеке проблемаларын шешу айқындалады. Тренинг–бұл, ең алдымен , әсерленушілік арқылы тану, яғни тренингіде адам күшті жағымды сезімдерді басынан кешіре отырып, нәтижелі қатынас тәсілдерін өзі табады. Тренингтік сабақ әдісі ашық қарым-қатынас түрінде; әрқайсысы өз ой пікірін айту, көзқарасын білдіру, бір-бірінің сөзін бөлмеу, пікірталасқа айналдырмау.
Жеткіншектер арасындағы мінез-құлық ауытқушылығын Филлипстің «мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған» тесті арқылы белгілеуге болады, себебі оқушы өзін мектепте қалай сезінуіне байланысты, оның үрейлерін анықтау арқылы біз оның не себепті сабақ босататынын білуімізге болады, ал сабақ босатқан балалардың басым көпшілігі жаман жолға түседі.
Бұл тестің мақсаты: жеткіншек жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.
Тесттің мәтіні:
1. Саған барлық сыныптағылармен бір деңгейде болу қиын ба?
2. Мұғалім тапсырманы қаншалықты деңгейде білетініңді тексеруге
дайындалса сен қобалжисың ба?
3. Мұғалімнің қалауымен саған сыныпта жұмыс жасау ұнайды ма?
4. Сенің сабақты
түсіңе кірді ме?
5. Сені сыныптан біреу ұрып жіберген кез болды ма?
6. Мұғалімнің не айтып тұрғанын
түсінбейінше сен оның жаңа
материалды түсіндіруіне
7. Жауап бергенде немесе
8. Қателік жасап қоюдан қорқып сабақта өз ойыңды айтпай қалған
кездерің болды ма?
9. Сені тақтаға жауап беруге шақырғанда тізең дірілдемейді ме?
10. Әртүрлі ойындар ойнағанда сыныптастарың саған жиі күле ме?
11. Өзің күткендегіден төмен баға қойған кез болды ма?
12. Сені екінші жылға қалып қою сұрағы ойландармай ма?
13.Таңдау жасауды қажет
14. Сені жауап беруге шақырғанда дірілдеп кететін кез бола ма?
15. Сенің қалағаныңды
16. Тапсырманы орындамас алдында қатты қобалжисың ба?
17. Саған ата-анаң күткен бағаны алу саған қиын ба?
18. Сен кейде сыныптың ішінде
нашар болып қаламын деп
19. Сен қателік жасап қойғанда сыныптастарың саған күлеме?
20. Сен сыныптастарыңа ұқсайсың ба?
21. Тапсырманы орындағаннан кейін
дұрыс орындағаның туралы
22. Сыныпта жұмыс жасағанша бәрін
есте сақтап қалғаныңа
23. Кейде саған мектепте
24. Көптеген балалар саған достық қарым-қатынаста ма?
25. Сенің жұмысыңның нәтижесі
сыныптастарыңның жұмысымен
26. Сенен сұрағанда қобалжымауды жиі армандайсың ба?
27. Кейде таласқа түсемін деп қорқасың ба?
28. Мұғалім сенің сабаққа
29. Сен жақсы баға алғанда
сыныптастарыңның бірі
30. Балалар ерекше көңіл аударатын
31. Сыныптастарыңның саған өкпелететін сөздер айтқан кездері болды ма?
32. Қалай ойлайсың, оқуды үлгермей жатқан балалар өзінің орнын жоғалтып алады деп ойлайсың ба?
33. Сенің сыныптастарыңның көпшілі
34. Күлкілі болып көрінуден жиі қөрқасың ба?
35. Мұғалімдердің сенімен қатынас жасауына көңілің тола ма?
36. Өзге сыныптастарыңның анасы секілді сенің анаң да кештер
ұйымдастыруға көмектеседі ме?
37. Айналадағылар сен туралы не ойлайтыны сені қобалжытқан кез
болды ма?
38. Қазіргіден гөрі болашақта жақсы оқуға үміттенесің бе?
39. Мектепте сыныптастарың сияқты сен де жақсы киінемін деп ойлайсың ба?
40. Сен жауап беріп тұрғанда
сырттан қалай көрінетінің тура
ойланасың ба?
41. Қабілетті балалар сыныптағы өзге балаларда жоқ ерекше
құқықтары бар ма?
42. Сенің сыныптастарыңның ішінде кейбіреуі егер сен олардан
жақсы көрінсең ызаланады ма?
43. Сенің сыныптастарыңның саған деген қатынасына көңілің тола
ма?
44. Мұғаліммен жалғыздан-жалғыз
қалғанда өзіңді жақсы
45. Сыныптастарың кейде сенің
сырт келбетіңмен мінез-
күледі ме?
46. Өзіңнің мектептегі жұмысың туралы басқа балаларға қарағанда
мазасызданамын деп ойлайсың ба?
47. Егер сен мұғалімнің сұрағына
жауап бере алмағанда
48. Ертең мектепте не болады деп көп уақытқа дейін ұйқтай
алмайтын кездерің болды ма?
49. Қиын тапсырманы орындап
қалғандай сезінесің бе?
50. Өзіндік жұмыс жазып отырғанда қолың аздап діріл қақпайды ма?
51. Мұғалім сыныпқа тапсырма беремін деп айтса ашулана
бастайтыныңды сезесің ба?
52. Мектепте сенің біліміңді тексеру сені қорқытады ма?
53. Мұғалім өзіндік жұмыс беріп жатқанда орындай алмай қаламын
деген қорқынышты сезесің бе?
54. Сенің сыныптастарыңның
алмайтын тапсырма туралы түстер саған енеді ме?
55. Мұғалім тапсырманы түсіндіріп жатқанда сенің сыныптастарың
саған қарағанда жақсы түсінеді деп ойлайсың ба?
56. Мектепке бара жатқанда
тексеру жұмысын береді деп мазасызданасың ба?
57.Тапсырманы орындап
сезінесің бе?
58. Барлық сыныптың алдында
аздап қолың діріл қақпайда ма?
Нәтижені өңдеу. Сұрақнаманы толтыруды
аяқтағаннан кейін сұрақнамадағы әрбір
шкала бойынша және бүтін сұрақнамадағы
сәйкес келмеушілік есептеледі. Кілт: “ия” – жауаптары 11,20,22,24,25,30,35,36,38,39,
“жоқ” жауаптары –1-10,12-19,21,23, 26-29,31-34,37,40,42,45-58.
1. Жалпы мектептік қобалжу: 2,4,7,12,16,21,23,26,28,,46-58 (n=22)
2. Әлеуметтік стресті уайым: 5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,
3. Табысқа жету қажеттілігіндегі
4. Өзін көрсетуге қорқыныш
5. Білімді тексеру жағдайындағы қорқыныш
6. Айналадағылардың күткеніне
Кілтпен сәйкессіздік –қобалжудың белгісі.
Жеткіншектердің мінезінде ауытқулардың пайда болуына әсер ететін, менің ойымша, негізгі фактор, ол отбасындағы жағдайлар. Оқушылардың жанұясындағы психологиялық жағдайларды анықтау үшін «Отбасындағы психологиялық ахуалды анықтау» тестін қолданылады. Отбасындағы ахуалға қатысты 35 сұрақ қойылады, егер ата-аналар, оқушылар олармен келіссе «иә» деп жауап береді, егер келіспесе «жоқ» деп жауап береді.
Мақсаты: баланың ата- аналармен өзара қарым- қатынасын зерттеу, ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.
Тесттің мәтіні:
1. Біздің отбасы өте тату-тәтті өмір сүреді.
2. Сенбі және жексенбі күндері біз бәріміз таңғы, түскі және кешкі асты бірге ішеміз.
3. Отбасының кейбір мүшелері мені ызаға келтіреді.
4. Өз үйімде мен өзімді өте жайлы сезінемін.
5. Отбасымыздың кейбір
6. Менің ең жақсы демалатын жерім – бұл отбасы.
7. Егер отбасымызда ұрыс-керіс болса, оны тез арада ұмытамыз.
8. Отбасы мүшелеріміздің кейбір
қылықтары менің жынымды
9. «Өз үйім-өлең төсегім» деген оймен толықтай келісемін.
10. Үйге келген қонақтар
11. Отбасымызда өзін-өзі ұстай алмайтын адам бар.
12. Отбасымызда мені жұбататын, жақсы көретін және әрқашан қолдайтын адам бар.
13. Біздің отбасымызда мінезі ауыр адамдар бар.
14. Біздің отбасымызда барлығы бір-бірін жақсы түсінеді.
15. Үйге келген қонақтардан кейін
отбасымызда ұрыс-керіс
16. Үйден көп уақытқа кеткен кезде, үйді қатты сағынамын.
17. Бізге келген таныстарымыз, біздің отбасы - өте тату, әрі тыныш екенін байқайды.
18. Кейде біздің үйде қатты жанжал пайда болады.
19. Отбасымыздың ахуалы маған нашар әсер етеді.
20. Отбасымда мен өзімді жалғыз,
әрі ешкімге керексіз
21. Жазда барлық отбасы
22. Үйдегі қиын жұмыстарды біз бәріміз бірігіп істейміз. Мысалы, генералды үй жұмысы, мерекеге дайындық.
23. Отбасы мүшелерімізбен бірге ылғи ән саламыз, түрлі аспаптарда ойнаймыз, түрлі ойын ойнаймыз.
24. Біздің отбасымыздың ахуалы өте жағымды, көңілді.
25. Үйдегі ахуал жағымсыз, көңілсіз, әрі қысым өте көп.
26. Отбасында бір жайт мені
өте ызаландырады, өйткені отбасы
мүшелері бір-бірімен қатты
27. Отбасымызда істеген
28. Мереке сайын біз көңілді дастархан басында жиналамыз.
29. Отбасы ахуалы өте нашар болғандықтан, үйге барғым да келмейтін кездерім болады.
Информация о работе Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері