Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2014 в 18:12, курсовая работа
Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек шақтағы оқушылар бойында пайда болатын мінез-құлықтың ауытқушылық себептерін анықтау және оның алдын-алу жолдарын көрсету.
Саналы түрде өзін-өзі басқарудың ядросы өзін-өзі бағалау екені белгілі. И.С.Кон, А.И.Липкина, Е.И.Саванько, А.М.Прихожан, А.Е.Серебрякованың пікірілерінше, жеткіншек жасы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін қолайлы. Сондықтан осы жас кезенінде оның дамуын зерттеу, басқару процесінің маңызды құрылымы ретінде өзін-өзі бағалау қызметінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Жеткіншектің жеке басының дамуындағы маңызды фактор оның үлкендер мен құрдастары арасына қанағаттанарлық қатынас құруға бағытталған әлеуметтік жеке белсенділігі. Сонымен өзін-өзі бағалаудың теориялық әдістемелік аспектілері терең және жан-жақты қарастыруды талап етеді. Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына ата-аналар мен психологтың әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды. Адекватты емес өзіндік бағалау баланың жағымсыз мінезінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, оның әлеуметтік пісіп жетілуін тежейді, жеке тұлғаның бірқалыпты дұрыс дамуына кедергі жасайды. Сонымен оқушы бойында өзін-өзі бағалау кезінде өз мүмкіншілігін бағалауға деген мақсат қалыптасуы керек, бұл өзіндік бағалаудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
1.2. Жеткіншек шақтағы тұлғаның мінез-құлық ауытқушылықтары
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
Ауытқушылық мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады.
Оны қоғамда қабылданған өлшемдерге әрекет жүйесі ретінде анықтайды. Ауытқушылық мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді.
Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан күйзелісі қайғыру) психологиялық ерекшелігін алды және бұл саладағы балаларды екі топқа бөліп қарастырады:
- балалардың тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдай қалыптаспауы салдарынан өте күшті эмоциалды қайғыру жеке жан күйзелісінен болады;
- балалардың тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайды меңгермеуді жатқызады.
В.В. Трифанов атап көрсеткендей, ауытқымалы мінез-құлықты жеткіншек - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін бала [5].
Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, яғни жеткіншектік кезеңде, әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген. Алайда, көбінесе, «қиын оқушы» дегенде тек ұл балаларды ғана сөз етіп, сыңар жақтылық танытып жүргенімізді жасырмаған жөн. Қыз бала қаға берісте назардан тыс қалып, олардың ертеңіне көрнеу көзге қиянаттық жасап жүргенімізді несіне жасырмақпыз? Түптің-түбінде шариғат заңы бойынша ұзатылған қыздың тәрбиесіне тек қыздар кеңесі жауапты деу мүлдем түсінбеушілік. Күні ертен «қыз күнінде қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығатынын» ескермейміз.
И.А. Кон ауытқушы мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған әрекет жүйелері ретінде қарастырады [6].
Жеткіншектердің ауытқушы мінез-құлықын ағылшын психологтары Хевитт пен Дженкинс үлкен екі категорияға бөлді.
- бұл психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқу.
- бұл әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
С. А. Беличева жеткіншектердің ауытқушы мінез-құлықының әлеуметік ауытқуын былайша жіктеді [7]:
- Пайдакүнімдік бағытта құқық бұзушылық: материалдық, қаржылық, дүниемүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты (ұрлау, тонау, алып- сату, алаяқтық және т.б.);
- Агрессиялық бағытта құқық бұзушылық: адамға қарсы бағытталған әрекеттермен байланысты (балағаттау, бұзақылық, ұрып- соғу, зорлау, өлтіру);
- Әлеуметік енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борышын өтеуден құтылуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау)
Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша жеткіншектер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балаларды зерттей келе, олардың арасындағы 51% өзін-өзі өлтіруге әрекет ететін жеткіншек жастағы балалар екенін анықтады. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез-құлқында ауытқулары бар балалар құрайды деген.
Қазіргі кездегі жеткіншектердің суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауынан, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.
Қазіргі уақытта біздің ең негізгі абыржуымыз - ол жеткіншек тағдырының қиындығы, яғни қиын балалардың тәрбиесі, олардың проблемалары қарастырылып отырған өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Жеткіншек арасындағы тәртіп бұзушылық көп белең алып келеді.
Психологтар мен педагогтардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше қиын балалардың пайда болуына негізгі себепші факторлар:
1.Қоғамда болып жатқан
2.Жанұяның жағдайы, оның атмосферасы:
толық емес отбасы, отбасының
материалдық жағдайы, ата-аналардың
төмен әлеуметтік-мәдени
3. Мектепішілік өмірдің
И.А. Невскийдің түсіндіруінше, көптеген жылдың оқу мен бақылау негізінде қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педогогикалық қарым-қатынас нәтижесі.
Жеткіншектер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр.
Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылып отыр. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен 137 жеткіншекті зерттей келе, мектепті тастаудың 10 себебін көрсеткен:
- мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы;
- оқуға деген ынтаның болмауы;
- сынаптастарының кері әсері;
- ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы;
- түсініспеушіліктің болуы;
- мектептегі жетістіктерінің төмендігі;
- нашар бағалар;
- сыныптағы тәртібінің жамандығы;
- мектеп программасын алып жүре алмауы;
- мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы -
бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылыққа итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жеткіншектер “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жеткіншектердің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.
А.С. Макаренконың пікірінше, егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі.
Жеткіншектердің тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда жүруіне – жанұядағы психологиялық жағдайдың әсері үлкен. Педагог-психологтардың қызығушылықтарын тудыратын жанұялық өзара қатынастар аспектісі-ол, балаларын «дұрыс жолға салу» немесе мінез-құлықтарын өзгертуге басты мақсат деп санайтын ата-ананың жасайтын әрекеттері.
Жанұя тәрбиесі - ол қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында ата-аналарымен жүзеге асырылатын мақсатты бағдарланған, саналы әсер ету. Жеткіншектің ата-анасымен толыққанды өзара қатынаста болуы оның тұлғасының, сәтті әлеуметтенуінің маңызды факторы болып табылады.
Б.Момышұлының тұжырымдауынша, бала нені білсе жастан-ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан. Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса бала - солардан.
А.В. Мудрик барлық әр алуан жанұяларды ондағы билейтін атмосфераға байланысты шартты түрде бірнеше топқа бөлуді ұсынды. Осы позиция негізінде ол жанұяның келесі түрлерін бөліп көрсетті:
- ата-анасы мен балалары арасында өте жақын, достық қатыныстар қалыптасқан жанұя. Осындай көзқарасты ұстанатын жанұя жеткіншектің дұрыс дамуына әлдеқайда қолайлы әсер етеді, өйткені, ата-аналары баласының көптеген ойлары мен уайымдарын, іс- әрекеттерін біліп қана қоймай, өмірінің кейбір сфераларына әсерін тигізіп отырады. Ондай жанұядағы жеткіншек әдетте белсенді, тәуелсіз және мейірімді болып келеді.
- Қалыпты жанұяға ата-ана мен балалары арасында мейірімді қатынастың болуы тән. Ата-аналары мүмкіншіліктеріне сәйкес балаларының өміріне қызығушылық танытып, рухани қызығушылықтарына өз әсерлерін тигізуге ырысады. Әрине, бұндай жанұяларда қақтығыстар болып тұрады, бірақ ашық түрде емес. Бұл топтың алдынғысынан айырмашылығы, мұнда үлкендер мен балалар арасында белгілі дистанция сақталып отырады. Мұндай жанұяда жеткіншектер тілалғыш, әдепті, жайдары және көнгіш, бірақта өзінің тәуелсіздігін нақтылауда әлсіз бағдарланған болып келуі мүмкін.
- Жанұяның ерекше тобын ата-аналары мен балаларының оқуы мен күнделікті өміріне ғана мән беруімен шектелетін жанұялар құрайды. Мұнда ең бастысы- баласын адам қылу немесе елден кем етпей жеткізу. Жанұяның материалдық қамтамасыздығы жеткіншектің қажеттіліктерін әрқашан қанағаттандырмайды.
- Белгілі бір топ ата-аналары тәрбиелеудің дұрыс емес жолын қолданады. Ол жеткіншек тұлғасын сыйламау, сенімсіздік таныту. Мұндай жанұяда ата-ана мен жеткіншек арасындағы қақтығыстың ашық та, жасырын да түрі кездеседі. Осындай жанұядан шыққан жеткіншекте ата-анасына деген өшпенділік, жалпы үлкендерге деген сенімсіздік сезімі қалыптасып, құрбы-құрдастарымен және қоршаған ортасымен қарым-қатынасында қиыншылықтар туындайды.
- Қолайсыз жанұя тобы. Мұнда ата-аналары арасындағы өзара қатынастар қалыпсыз, жанұядағы жағдай кернеулі, жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қатынастары әдепсіз. Осындай жанұя балаға кері әсерін тигізеді.
Көптеген өмірде болып жатқан
жағдайлар құқық бұзушы
А.М Решетина, С.Х. Жадыбаев көзқарастары бойынша, баланы адам етіп қалыптастыру бастамасы ең кішкентай әлеуметтік орта - отбасында жүзеге асады.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар.
Бүгінгі таңда миллиондаған бала мектептен кейін бос пәтерге қайтып оралады. Ал, жұмыстан өте шаршап келген әке-шешенің ойы баласында емес әлі де жұмыста болады. Көптеген жеткіншектер әке-шеше көңілінің жылулығын толығымен сезінбей өседі.
Медицина ғылымының докторы М. Андреевнаның пікірінше, ата-ана тәрбиесінің кейінгі он жылдықта байқалған тенденциясының нәтижесі балалардың ата-анасынан алыстауына, араласуға жоқ, оқуға зауықсыз, тәрбиеге көнгісіздіке алып келуінде. Ал ата-ананың көбісі қоғамның оларға байлаған материалдық және карьера қуу кұлдығының тұзағына түскен. Нәтижесінде олардың көп уақыты ақша табуға, одан қалса оны жұмсауға кетеді. Яғни олардың өз балаларын қарауға уақыттары да қалмайды. Әке-шешенің балаға көңіл бөлмеуі - жеткіншектерді проблемаға апаратын тура жолға айналады. Ата-анасының ықпалы жоғала жеткіншек балалар тығыз байланыстан айырылып, оның отбасыдан бөлінуі басталады.
А.С. Макаренко айтуынша, қараусыз балалардың жағдайы жетім балаларға қарағанда, көп жағдайда күрделі де қауіпті.
Жеткіншекке отбасында қандай өзгеріс әсер етуі мүмкін? Зерттеулерге көз жіберетін болсақ, әрбір 18-ге толмаған баланың 3-сі өз отбасындағы ата-анасының ажырасу процесінің куәгері болған. Отбасының бұзылуы әр баланы ауыр жан күйзелісіне түсіреді. Психологтардың айтуынша, қарым қатынасы бұзылмаған отбасы баласына қарағанда әке-шешесі жақында ғана ажырасқан отбасы балаларының мінез-құлқы өзгеріп, сабаққа үлгеру төмендеп кетеді екен.
Н.И. Озерский «Ата-ана ажырасуынының кәмілетке жасы толмағандар құқық бұзушылығына әсері» деген кітабында атап көрсеткендей, ажырасудың көбеюі балалар құқық бұзушылығының өсуіне тікелей қатысы бар.
Ажырасу процесі баланың өзін-өзі құрметтеп - сыйлау эмоциясына да кері әсерін тигізеді. Балада өзіне, бар әлемге деген жек көрініс сезімі пайда болады, жеткіншектерді қатты күйзелтеді, мінезіне әсер етеді және құқық бұзуға итермелейді. Ата-анасының некесінің дұрыс болмауы, олардың бір-біріне реніші, күнделікті ұрыс, төбелес- баланың дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жағдайда бала ата-ананың қайсысы дұрыс айтып тұрғанын, қайсысын қолдау керектігін білмей дағдарады. Бұндайды көрген бала ата-анаға деген махаббатын жоғалтып, немқұрайлы қарауды дағдыға айналдырады. Осыдан барып, олардың бойында өзін қорғау ретінде, сөз айтқан адамға тіке жауап беру, өшпенділік, мінез көрсету секілді әдеттер пайда болады. Көптеген жеткіншектер үйде аз болуға, ата-анасы, туыстарымен кездесуден қашуға бейімделіп, жалғыз күй кешеді. Бұндай балалар елдің ықпалына тез көніп, құқық бұзу жолына тез түсетені сондықтан.
Информация о работе Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері