Тарау ұжым туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 16:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының міңдеттері:
• Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының
феноменін негіздеу.
• Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.
• Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып көрсету.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ.docx

— 63.71 Кб (Скачать документ)

Қиын балалар қиғылығының  қыры балалардың ұжымнан изоляцияланудың  бір себебі ретінде қарастырылатын әдебиеттерге шолу арқылы төмендегідей көзқарастарды сөз етеміз.

А.О.Эфрусси мінез-құлықтағы  қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі  ерекшеліктер: қозушылық көңіл күйдің аумалы төкпелілігімен, жұмысқа қабілеттіктің  нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды.

В.В.Трифанов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт  бөліп қарауды, мұғалімнің ерік жігерін, күшін, қожырлы педагогикалық еңбегін  қажетсінетін оқушы.

 

Біраз зерттеулер (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцев, Г.М.Минковский, М.Я.Мягков, т.б) «Қиын балалардың басым  көпшілігі» - бұлар мектеп бағдарламасын  дұрыс меңгере алмайтындар сондықтан  да оқушылар ұжымынан тысқары шығып  қалатын балалар,-деп көрсетті. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез құлыққа, айналасындағы  адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас  жасауына кедергі келтіреді.

Г.А.Фортунотовтың айтуы  бойынша дау-жанжалдардың тууы негізінде  балаларда көбінесе мынадай мінез-құлық  бітістер: қозушылық, ұстамсыздық, қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б пайда болады.

«Қиын балалар» намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін  жүмсап «мені адам деп санамайды», «мен оларға көрсетемін» - деп саналы түрде тұжырымдап, өзін өзі сендіреді.

Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып қана қоймай, сонымен бірге оның жүйке жүйесінің  бұзылуына себепші болуы мүмкін (психоневроз). Балада ішкі дау-жанжалдың  ықпалынан сыртқы дүниеге қоршаған ортаға деген сенімсіздік тіпті  жауластық сияқты қатынастар пайда болады.

Л.С. Выготский қиындықпен тәрбиеленуімен күресудің нақты  жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын  балалық шақтың педагогикалық клиникасы  және дамуының диагностикасы» (1936 ж) еңбегінде  ол былай жазады: «Жеке адамның  күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен  бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім, білгірлігімен, дамуына  жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады». Л.С.Выготский жеке адам тәрбиесі ұғымның маңызды бір мәселесі - аффектілі қажеттілік ортасымен  сананың байланысын көтерді.

 

2.2. Ұжымға педагогикалық  тұрғыдан жетекшілк етудегі   мұғалімнің ролі

Оқушылар ұжымына педагогикалық  тұрғыдан басшылық жасау - маңызды іс. Мектеп оқушыларын өз бетінше жіберуге болмайды,  олардың жеке өмірлік  тәжірибелері шектеулі. Сондықтан  ұжым  қызметін бағыттап, оған жеке адамның қалыптасуына мүмкіндік  жасайтын керекті және пайдалы істермен айналасуға көмектесу және оқушылардың  дербестігі мен бастамаларын басып  тастамай, олардың ісін шеберлікпе бағыттап отыру, ұжымдық  қимыл  мен  жалпы  тәжірибелерін  жинақтауға  көмектесу қажет.

Ұжымға педагогиалық басшылық бірыңғай талаптар қою, ұжым жұмысының  басты бағытын анықтап, бірлескен  істі тәртіпке келтіруге, қоғамдық дұрыс  пікір туғызуға көмек көрсету  жолымен жүзеге асырылады.  Бұл  басшылық  дербестікті дамытумен, олардың пайдалы бастамаларын, әрекеттерін  мадақтаумен  ұштастырып  отыру  керек.

Мектеп директоры мұғалімдердің  күш жігерін ұжымдық ой үшін біріктіре  алатындай болғанда ғана, оны шығармашылық жұмыста дамытудың жолын тауып көрсете білгенде ғана, ең бастысы мұғалімдермен бірлесе отырып оқу тәрбие процесінің байлықтарын жинақтай білгенде ғана педагогикалық ұжымның ұйымдастырушысына, қамқоршысына , жетекшісіне айналады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе сапалы білім беріп, ғылымды дамыту. Осы орайдағы білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім екендігі баршаға мәлім. Ахмет Байтұрсынұлының “Мектеп керектері” еңбегінде былай делінген: “Мұғалім қандай болса, мектеп  те дәл сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін - мұғалім”

Ұстаз киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету - өте қиын шаруа. Бұған Елбасының  білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьөзінде “Болашақты еңбек  етіп сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан  да , ұстазға жүктелетін міндет өте  ауыр” деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отан сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу - ұстаздың басты  парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі  заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологиянымеңгерген, білігі мен  білімі жоғары болуы міндет. Сонда  “мектеп те, мұғалім де - бала үшін”  қызмет етпек.

 Н.Ә Назарбаев: “Мұғалімдік  мамандық бұл адамтану, адамның  күрделі және қызықты, шымшытырығы  мол рухани жан дүниесіне үңіле  білу. Педагогикалық шеберлік пен  педагогикалық өнер- ол даналықты  жүрекпен ұға білу болып табылады”,- деп ұстаздық өнерге ерекше  баға берген.

Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік  қызметі арқылы іске асады. Педагог  ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен  шеберлігін, интелектуалдығын төмендегі  бөліктермен анықтауға болады:

1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.

2. мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.

3. Мұғалімнің мимика мен пантомима ишараларының мәнерлі негіздері.

4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі,ғ сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.

    Балаларды оқыту  мен тәрбиелеу жалпы әдеп атаулыны  педагогикаға біріктіріп пайдаланудың  өзі педагогтық әдеп болып  табылады. Әдепті мұғалім ересектерден  гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі.Педагогтың  әдебі-ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау. т.б қасиеттерімен өлшенеді. Сондықтан  да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі  қоғам сенген адам. Ұлы ағартушы  Ыбырай Алтынсарин: “Маған жақсы  мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені  жақсы мұғалім-мектепің жүрегі”,- деген. ХХІ ғасыр мұғаліміне  қойылатын талаптар:

- біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет;

- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;

- үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге, оқушыны баулуға міндетті;

- төртіншіден, мұғалім-педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;

- бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген сөз екі есе оқу”

Ұстаздың кәсіби шеберлігін шыңдауға педоқулар, ғылыми-әдістемелік  семинарлар, байқаулар, олимпиадалар, шығармашылық есеп, көрме, кештер, іскерлік ойындардың беретіні көп, бұл ұшқыр  ойлы, жаны таза, қисынды ойлай білетін  дара тұлғаларды тәрбиелеуде көмегін  тигізу еді. Жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып, таным түсінігінің  кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне  тікелей қатысты. Жас шыбықты  қисық отырғызсаң- қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып  жетекшісінің де қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. “Ұстазы  жақсының ұстамы жақсы”,  “Шәкіртіне қарап-ұстазын таны” деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне  арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір  сынып оқушысын жан-жақты білімділікке дағдыландырудағы басты тұлға- сынып  жетекшісі. Сонымен сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі ата-ана  деуге болады. Өйткені әрбір сыныптағы  әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы  әр оқушының мінез-құлқындағы ерекшелікті, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттей  білмейтін сынып жетекші-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін  тауып, оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы  тез ұмытады. Сынып жетекшісі  оқушысының қыр-сырын нақ осы  кезеңде жетік білу керек. Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен  оның зейін-қабілетін зерттеуге  мән бермеуінен бала тәрбиесінде  үлкен олқылықтар орын алады. Әрбір  пән мұғалімдерінің салғырттығы  қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен  зейінін нашарлартады да, “Тәрбиесі  қиын оқушылар” қатары көбейеді. Ал “қиын ” оқушының тәрбиесіне ең алдымен “сынып жетекшісі” жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып  жетекшісі. Сынып жетекшісі , пән  мұғалімдері және ата-аналарымен, оқушылардың  өзін-өзі басқару ұйымдарымен  тығыз байланысты жұмыс істейді. Оқушылардың сабақ  үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі  зерттеп, біліп, шәкірті қиналып  жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгіліктіқасиеттерді үйретуден  жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз  бала жанының бағбаны деуге болады. Шәкірт сүйіспеншілігіне бөлініп, оның жүрегінен орын тапқан сынып жетекшісін оқушы есейіп, азамат болған шағында да ұмытпай “менің сынып жетекшім ” деп құрмет тұтады. Шәкіртін  өнер-білімге баулып, адамгершілік ізгі қасиеттерді сіңіре білген сынып жетекшісі оның өмір бойғы ақылшы досына, сенімді сырласына айналды. Есейіп кетсе де, өмірдің қиын-қиын қырларынан асарда сынып жетекшісіне келіп, ақыл кеңес алады, ұмытпайды. Ұстаз еңбегінің ұлылығы да осында жатса керек.

Жақсы тәрбиешіден тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы  сынып жетекшісі де бақытты. Ұстаз  бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. Тәлімі мен тағлымы мол сынып  жетекшісі тәрбиеленген шәкірттер  өздері ата-ана болғанда “шіркін-ай, сендердің ұстаздарың менің сынып  жетекшім сияқты болса ғой” деп  үлгі тұтады. Бұл ұстаз еңбегінің  жанғаны, жемісті еңбектің жемісі.

Мектеп мұғалімі жас ұрпаққа  білім беріп қана қоймайды, сонымен  бірге оларды тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Табысты тәрбие жұмысынсыз ұжымды топтастыру мүмкін емес. Педагогика   ғылымының   тұжырымы   бойынша,   тәрбие   қоғамдық құбылыс-   ол  күрделі  қарама-қайшылығы  мол  әлеуметтік     тарихи процесс.

Тәрбиенің мәні мен мақсаты  және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам  саясатымен, экономикалық жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық формацияларда  адамдардың материалдық және рухани өмірінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардың жаңа формалары  туып, тәрбиенің мазмүнына жаңа идеалар  енеді. демек, әрбір қоғамдық жаңа формацияның  алмасуымен, әлеуметтік, философиялық және діни ой-пікірлер де өзгерісте  болды, тәрбиенің мақсаты мен  міндеттеріне ықпал жасайды.

Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы  болмайды.

Тәрбие процесі дегеніміз - жеке адам мен балалар үжымын әлеуметтік түрғыдан кіалыптастыруда, оларды өмірге дайындап крғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен коғамға пайда келтіруден, өз басына канағаттанған сөзіммен айтуға тәрбиелеу.

 Адам     жеке  адам  болып туылмайды,  ол даму барысында қалыптасады.

Адам өмірге келгеннен  ер жету кезеңіне дейін негізінен тәрбие

арқылы өзгерістерге ұшырайды. Дамудың қозғаушы күші - қарама-қайшылықгардың өзара күресі. Қарама-қайшылықгар  ішкі, сыртқы және жалпы болып бөлінеді

Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуын әсер ететін бірдін-бір  маңызды фактор - класс оқушылары, яғни ортасы. Осыған орай, мұғалім, әсіресе класс жетекшіісі өте маңызды әрі жауапты міндеттерді орындайды .Ол кластағы тәрбие жұмыстарының үйымдастырушысы жэне оқушылардың ұстазы болып табылады,оқушыла коллективін ұйымдастырады, тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналармен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді.

Класс жетекшісінің негізгі  міндеті - оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату коллективке ұйымдастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мәселелері,білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды.Ол тәрбие құралдарына (оқу

міндеттеріне саналы және жауапты қатынаста тәрбиелеу,оқу  барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібіне,режимін сақтауға үйрету және т.б.) сүйене отырып ,сапасын арттыруда мүғалімдерге көмектеседі.

Мұғалімнің қызметі тұтас  оқушылар ұжымы мен жеке окушыларға ықпалының бүкіл жиынтығын қамтиды. Жақсы сынып жетекшісі болу, оқушылар үжымын қалыптастыру оңай емес.

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.

2. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.

4. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.

5. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.

6. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.

7. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.

8. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.

9. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.

Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова  А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.

П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.

12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік,  педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.

13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003

1 Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.

 


Информация о работе Тарау ұжым туралы түсінік