Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 16:45, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының міңдеттері:
• Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының
феноменін негіздеу.
• Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.
• Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып көрсету.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
Бұл кезеңде педагогтың
негізгі мақсаты ұжымның
Бұл кезеңде ұжымның
дамуы қарама-қайшылықтарды
Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.
ІІ ТАРАУ ҰЖЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУ СЕБЕПТЕРІН
АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Ұжымнан баланың изоляциялану себептерін теориялық зерттеу
Қазіргі кезде бұл проблемалар көкейкесті болғанымен, әлеуметтік изоляцияның себептерін анықтайтын эксперименттік зерттеулер өте аз.
Дегенмен, психологиялық әдебиеттер негізінде баланың ұжымнан изоляциялану себептерін көрсететін көптеген теориялық зерттеулер кездеседі. Енді соның бірқатарына тоқталайық.
Бұл мәселеге қатысты К. Рубиннің басшылығымен (Канада) американ психологтарының және олардың батыс - европалық әріптестерінің осы салада жүргізген зерттеулері балалардың әлеуметтік изоляцияға үшырауларының себептерін түсінуге жол ашады.
Психологтан көмек сұрап келетін балалардың көпшілігі -көпшілікпен қарым-қатынасы нашар, өте тұйық немесе ашушаң болып келеді.
Қарым-қатынастың бұзылуы мектепке дейінгі және алғашқы мектеп жасында байқалып қана қоймай, соның салдарынан бала өзінің дегеніне жете алмай, айналадағылармен жанжалдасып, үйде, мектепте дұрыс қарым-қатынас түзе алмайды. Осы кері қарым-қатынас баланың танымдық және жеке тұлғалық даму саласына әсерін тигізеді.
Баланың ұжымнан изоляциялану себебін түсіндіретін тағы бір теория - бауырбасу теориясы.
Бауырбасу баланың алғашқы
әлеуметтену ошағы болып
Жағдайлардың түрліше болуына қарай бауырбасуды бірнеше типке бөлуге болады.
В типі - сезімтал, және мейрімді аналардан өзіне-өзі сенімді, қорқыныш сезімі жоқ балалар өседі.
С типі - іс-әрекетінде немқұрайлық, белгісіздік танытатын аналардың балалары тұрақсыздық кернеуі сипаттағы қарым-қатынаста болады. Мұндай бауырбасу қауіпті - амбивалентті деп аталады.
А типі - сезімсіздік танытып, суық, шектеулі қарым-қатынас жасайтын аналардың балалары қарым-қатынаста алшақтық, өзіне-өзі сенімсіздік танытады. Бұл жағдайда балада қауіптенушілік сезімімен сипатталатын «тұрақсыз бауырбасу» пайда болады. Бұл теорияға сәйкес ерте балалық шақта пайда болатын бауырбасу сапасы оның кейінгі танымдық-коммуникативтік және эмоционалдық қабілеттерінің дамуын анықтайды.
Бауырбасу теориясының негізгі қағидалары б.з. 70-80 жылдары М.Эйнсворт пен Дж.Боулидің еңбектерінде зерттелген. Қазіргі уақытта бұл теория кеңінен зерттеліп, оның бірнеше салалары анықталды. Соның бірін авторлар былай сипаттайды: бұл теория тек бауырбасуды зерттеумен шектелмейді, бүкіл онтогенезді қамтиды. Ерте балалық шақтағы бауырбасудың сапасымен оның кейінгі өміріндегі қарым-қатынастың дұрыстығы арасындағы байланысты анықтайды. Зерттеулер көрсеткендей әр түрлі типтегі қарым-қатынас та әр түрлі болады соған сәйкес бала мінез-құлқындағы «қорғанушылық механизмдерінде» бірнеше түрі жұмыс істейтін амалдар пайда болады. Бұл механизм барлық типтегі балаларға тән оның маңыздысына тоқталайық, яғни А - типтегі балалар тобына. Мектеп алды жасында балада үнемі шектен тыс бақылаудың және әрекетіне үнемі араласудың нәтижесінде алшақтау сезімі туады. Осындай алшақтау келесідей реакцияларға ауысады; психологиялық тұйықтық, салқындық, оқшауланушылық, алыстау. Бұл жағдайда бала үлкенмен қарым-қатынасқа түседі, бірақ жақындықты қажет етпейді. Бұл топта бала да ата-ана да өздерін жақсы сезінеді. Балада эмоционалдық құндылықтар қалыптаспайды.
Бұл теория клиникалық және
психикалық ауытқулар саласында
ерекше орынға ие. Егер де бауыр басу
типтеріндегі балаларда дұрыс емес
даму жүрсе, онда ол психологиялық патологияға
(ауытқушылыққа) әкеп соғады. Бала мінез-құлқында
түрлі ауытқушылықтар ерекше байқалады.
П.Криттенденнің зерттеулеріне
Олар қоғамнан изоляцияланады (оқшауланады). Бұл оқшаулану шеттелгендікке, кейде сексуалдық бейбастыққа әкеп соғады. Бұндай симптомдар бала жеткіншектік жасқа келгенде байқалады. Ең ауыр жағдай- мінез-құлқында жоғарыда аталып өткен әлеуметтік изоляцияның нәтижесі, өзін-өзі өлімге кесуге (суицид) әкелетіні болып отыр.
Балалардың ұжымнан
Ұялшақ, көпшіл емес адамдарды
ұяң адам деп те атайды.Ұяңдық әр
адамда әр түрлі қырынан байқалады.
Біреулерде ол дауыстың өзгеруімен, кекештенумен
қатар әрекетінің шарт-пұрттылығынан,
координатталмаған-дығынан
Ұяңдықтың тағы бір түрі кездеседі. Ол белгісіз сезім бұрын сонды ол кісіге тән емес дөрекілікпен, тұрпайылықпен сипатталады. Яғни, оны ұяңдықтың гиперкомпенсациясы деп атайды. Саналы тұрғыдағы ұяңсыздықпен, дөрекілігімен мұндай адамдар өздерінің шындықтағы ұяңдығын жасырады.
Ұяңдық басқа да психологиялық күй сияқты төмендегідей болуы мүмкін:
- қысқа мерзімді - бірнеше минутқа созылады. Кез-келген, тіпті ұяңдық мүлдем тән емес адамдарда көрінетін түрі;
- ұзақ мерзімді - бірнеше күндік, жағымсыз жағдайлардың, тіпті ауру жағдайы әсерінен туындайтын психикалық күй.
- Жеке адамның барынша
тұрақты сапасы ретінде
Зерттеу жұмысымыздағы балалардың ұжымнан изоляциялану себептерін теориялық зерттеу барысында оның тағы бір себебі - балалардың ақыл-ойы енжар болуына байланысты екендігін дәлелдейтін бірқатар материалдарға талдау жасаймыз.
Ақыл-ой енжарлығының туындауына әсер ететін негізгі фактор -жанұядағы танымдық климат болып табылады.
Ақыл-ой енжарлығы көріну деңгейіне байланысты: анық -демонстрациялық көрінуі мүмкін, немесе жабық - байқалмайтын болып бөлінеді.
Зерттеу нәтижелеріне орай
ақыл-ойы енжар балаларды
1. «операциалы-техникалық»
ақыл-ойы енжарлар тобы - оның
дамуының негізінде: білім алу
кезінде тыс қалу, оқуда жаңа
материалды қолдана алмау, оқу
жұмысын ұйымдастыру
Тапсырманы өз бетінше орындай алу дағдысының болмауы. Ақыл-ойы енжарлықтың мұндай типіндегі негізгі көрсеткіш - ақыл-ой әрекетінің төмендегі, бұрынғы әрекетің қайталануы, жұмыс арасында мәнсіз сұрақтардың болуы, ақыл-ой әрекеттің орындау барысында жеңіл жолды таңдау, таныс тапсырмаларды қалау.
2. Мотивациялы ақыл-ойы
енжар тобы, олардың сипаты: мақсатқа
жетудің оңай жолын таңдау, жұмысқа
қызығушылық танытпау, күш жігерсіз,
дискомфортты (жағымсыз күй) эмоциялық
күй. Ақыл-ой енжарлықтың бұл
түрінің пайда болу
3. Жеке немесе таңдамалы
ақыл-ойы енжарлар тобы. Бұл топтың
өкілдеріне іс-әрекеттің жеке
түрлері немесе кейбір оқу
пәндерінің жеке түрлерінің
4. «Жалпы» немесе «біріккен»
ақыл - ойы енжарлар тобы. Бұл топ
өкілдері білуге құмарлық
Алынған мәліметтер негізінде әр түрлі топтардағы балаларға салыстырмалы анықтама беруге болады. Әрбір топ шекаралары өзгермелі болады, яғни бір оқушы өзі 2 топқа да кіруі мүмкін. Мотивациялык топқа жатып, бала жалпы ақыл-ойы енжарлар тобына да кіруі мүмкін. Дегенмен, әлі де болса ғылым әрбір түрдің түсініктемесін толығымен бермейді, ақыл-ой енжарлықтың себебін көрсете алмайды.
Жалғыздық мәселесі бойынша
баланың басынан өткізетін
«Менің балалалық шағымда менімен сөйлесетін бір ғана адам табылса ғой деген жалғыздық және өкініштік сезімі мазалайтын. Кейін келе табиғат, кітаптар және математика мені осы сезімнен құтқарды», -деп жазды философ Бертран Рассел.
Ең жақсы орта да күндердің күнінде шаршатады, дұрыс ойлауға кедергі болады, - деп жазды американдық жазушы Ганри Торо. - Мен жалғыз қалғанды ұнатамын. Біз көбіне өзіміздің тыныш бөлмелеріміздің ішінен гөрі адамдардың ортасында жүріп жалғыз боламыз.
Біріншіден, жалғыздық адам үшін біз ойлағандай қорқынышты емес, екіншіден, бұл сезім жеткіншек және жасөспірім шақтағы балалар үшін уайым ретінде қабылданады.
Қоғамның кез-келген даму сатысында ең ауыр жаза - қоғамнан қуып жіберу, адамдармен араластырмау, жалғыздық болды. Осыған байланысты көптеген этномәдени дәлелдемелер көп.
Жалғыздық сезіміне көбіне жеткіншектер мен жасөспірімдер бейім келеді. Ағылшын психологы Колмен 11-13 және 15-17 жас аралығында қыздар мен ұлдарға аяқталмаған сөйлемдерді жалғастыруды ұсынады: «айналамда ешкім жоқ кезде....» және «егер адам жалғыз қалса...». Олардың жауаптары кейін өңделіп, оң жауаптарға (мысалы: айналамда ешкім жоқ кезде, мен бақытты боламын, өйткені не істегім келсе, соны істеймін) және сол немесе негативті жауаптарға (мысалы: Егер адам жалғыз қалса, онда ол күйгелектенеді) классификациялайды. Анкеталаудан мынадай қорытынды байқалады: жеткіншек жастан жасөспірімдік шаққа қарай оң көзқарастар өседі де, ал негативті көзқарастар азаяды екен. Егер жеткіншек жалғыз қалудан қорықса, онда жасөспірім жалғыз қалуды бағалайды.
Жасөспірімдік шақтағы достықты
зерттегенде жоғарғы сынып
Ағылшын психологы Д.Боулидің теориясына сәйкес ата-аналық қамқордың жетіспеушілігі баладан оған қажетті сенімділік, қауіпсіздік сезімін айырады. Ал ол өз кезеңінде ерекше эмоционалды қобалжуды, яғни оқшауланып қалу қорқынышын туғызады. Сонымен қатар жаңа таныстықтар орнатуға кедергі болып, потенциалды адамдардың шеңберін кішірейтуге алып келетін жағдай, ол- қарым-қатынастың төмендігі. Ол қарым-қатынас арқылы жаңа дағдылар мен білімді игеруді керек етпеушілік арқылы сипатталады.
Жалғыздыққа қарсы ем жоқ. Бірақ Тютчевтің сөзін есімізге түсірейік: Сенің жан дүниеңде үлкен әлем бар. Бұл әлемді тек сен өзін ғана, қолмен соға аласың. Бұл әлемде сенімен уақыт арқылы бөлінген, ұлы кеңістіктің ойлары, әлем мәдениетінің өлмес те, өшпес бейнелері кездесіп, тілдеседі. Сені білмей олар сенің достарың болу үшін туылды өмір сүрді, адамзат арасында қалды. Егер де сен өз жан дүниенің ішінде олардың дауысын естісең, онда сен жалғыз еместігіңе сенімді болғайсың.