Тарау ұжым туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 16:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының міңдеттері:
• Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының
феноменін негіздеу.
• Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.
• Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып көрсету.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ.docx

— 63.71 Кб (Скачать документ)

 

                                             КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының  мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.

 

Зерттеу жұмысының  міңдеттері:

 

  • Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының

феноменін негіздеу.

 

  • Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.

 

  • Тұтас   педагогикалық   процестегі   балалар   ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып  көрсету.
  • Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
  • Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.
  • Баланың ұжымнан оқшаулану себептерін анықтау және соған байланысты қарым-қатынасында проблемасы бар балаларды жіктеу.
  • Сыныптан тыс қалған балаларды топқа әлеуметтендіру шараларын қарастыру және оларға психологиялық көмек көрсету жолдарын анықтау.
  • Қарым-қатыныасында проблемасы бар балаларға арналған ойындар мен тапсырмалар жиынтығын құрастыру.

 

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі Стратегиялы даму жоспарында – еліміздің жасөспірімдеріне білім беру мен тәрбиелеу ісін жақсарту мен нығайту мәселесін баса айтқан. Жастар – біздің болашағымыз ретінде олардың білім деңгейі мен салауаттылығы, сондай-ақ олардың жеке тұлға ретінде жетілуі қоғамымыздың әлеуметтік және экономикалық, техникалық жетістігіміздің негізгі шарты.

Адам адам болып жарытылғаннан  соң, оның өмір сүруінің негізгі тірегі мен қажеттілігі, сондай-ақ қалыпты өмір сүру жағдайы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан балалардың қарым-қатынасындағы мәселе – бүкіл қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып қала бермек. Курсттық жұмысының жаңалығы: Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Мектеп жасына дейінгі  және мектеп қабырғасындағы оқушылардың  құрбыларымен қарым-қатынасы мен әлеуметтік ортада алатын орны бала психикасының дамуының қайнар көзі. Олай болса, бұл мәселелердің теориялық тұрғыда заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін ашудың мәні зор. Зерттеу жұмысымызда бала-бақша және мектеп қабырғасында жиі кездесетін проблема – топтан оқшауланған балаларды анықтаудың жолдары көрсетілген, топтан оқшаулану себептері ашылған, сондай-ақ мұндай балалармен нәтижелі жұмыс жүргізуге арналған кеңестер мен психологиялық қызмет жолдары көрсетілген. Зерттеу жұмысымызда қарастырылған материалдардың барлығы дерлік мектеп психологының теориялық білімін жоғарылатып, қарым-қатынаста проблемасы бар балаларды анықтап, олармен жұмыс жүргізу шеберлігін арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ  ҰЖЫМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1.Ұжым –тәрбие  құралы

 

Латынның “коллективус” деген сөзі “жиын”, “ұжым” “топ” дегенді білдіреді. “Ұжым” түсінігінің екі мәні қолданылады:

1.Ұжым- кез-келген адамдар тобы;

2.Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.

Мектеп ұжымы негізгі  әлеуметтік орта болып табылады, осы  ортада адамның тұтыну қажеттілігі  тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы  қарым-қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында  жеке адамның жан-жақты жетілуі  балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне Отан қоғацға  белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.

А.С. Макаренко ұжымға былай  деп сипаттама берді:

“Біздің пікірімізше,  ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген контактылы жиынтық.

Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның суверендігін білдіреді. Жеке адамның өз еркімен ұжымға кіруі  правосын білдіре отырып , ұжым бұл  адамнан ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі  ұжым суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы  қызмет міндеттері негізінде біріктірген  жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін ”.

Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе болғандықтан бздің тәрбиелеуші  ұйымымызда ұжым түрінде болады деп  ескертті. “Біз тәрбиелейтін адамдар  ұжымы- деп атап көрсетті Антон Семенович,- тек жастардың ғана жиналысы емес, бұл  ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да барлық ұжымның бүкіл  ерекшеліктеріне , құқықтары мен  міндеттеріне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады”.

Мектеп ұжымы- бұл тек  мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-ақ педагогикалық персональды  да  қамтиды. Оқушы және педагог  ұжымы- өзінше өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен  дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың  арасына қандай да бір айқын шек  қоюға болмайды, олар бір-бірінен  белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің бірегейлігімен мектеп ұжымы  болып табылады.

Біз мектеп ұжымын ұжымшыл  өзара қатынастардың жоғарғы , неғұрлым күрделі формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы- бұл азаматтық мектеп, белсенді қатысушының сапа қасиеті  осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл балапанның қанаттанып, өздігінен  ұшуға аттанатын ұясы.

 

 

 

 

 

1.2. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері.

 

Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін  дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім  меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Баланың жастайынан айналасындағылармен қатынас жасауы, өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алудың, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгерудің, балалардың әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке басының дамуының негізгі тірегі деп қарастырсақ, онда олардың қарым-қатынас жасауын жақсарту аса қажет болып табылады.

   Балалар  ұжымы  дамуының кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өздерін-өздері  басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының  диагностикасы.

Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен  философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымнын педагогакалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепеппшский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын  құрудың  негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап  берді; ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның  бір бөлігі; қоғамдық манызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті карым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару оргаңдарының  болуы.

Мектептің балалар ұжымы  бастауыш ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар  жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп  қатыса отырып бір-бірімен жақын  араласа бастайды. Онда балалардын мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі  әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт  ұжымның басты кқызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының  қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің  манызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамнын моделі, әлеуметтік орта, оның  өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кенейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымынын үлкендер  ұжымына  қарағандағы ерекшеліктері:

 

- қоғамдық құндылық пен  жеке тұлғаның манызды мақсатына

бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

 

- ұжым мүшелерінін еркін қарым-қатынас жасауы;

 

- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және

тәуелділігі;

 

- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

 

Зерттеушілер балалар  ұжымдарының басқа да ерекшеліктеріне  тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды  және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық  ықыластық, тәртіп т.б.

          Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). 1Сондықтан мұғалім ұжымның  даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін бітуі  қажет.

А.С. Макаренко балалар ұжымының  технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы — перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымынын дамуы тек перспектива (мақсат,  іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік манызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

 

Перспективаларды-ертеңгі  куанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді  талап етеді,  сонымен  қатар  мақсатқа жету куанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінін канағат сезімін тудырады. Ұжымнын іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, онын стилін,  құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-құлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің  мұғалім, ұжым, белсенділер ықпалында тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін баскару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.

Оқушылар ұжымында (ер балалар  мен қыздар арасында, белсеңділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі  қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық - тұлға аралық (достық, ұнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткендей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың  үш модельі қалыптасады:

 

1.     Жеке тұлға   ұжымға тәуелді;

 

2.     Жеке тұлға  және ұжым оптимальды қатынасты  болуы

(И.П.Подласый).

 

3.     Жеке тұлға  ұжымды өзіне бағындыруы.

 

Жеке тұлғаның және ұжымның  әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім  жеке тұлғанын даралығын,өзін-өзі көрсете білу кабілетін калыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғанын ара қатынасын, білуі қажет.

Ұжым даму заңдылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын  талаптармен сипатталады.

Әрине, осы кезендердін  арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуте болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса  да ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінін  барлығын педагогтардын дұрыс менгеруі олардың өздеріне оқушы  ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты  ұйымдастыруға көмектеседі.

Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған "кұрама сынып" оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Информация о работе Тарау ұжым туралы түсінік