Тарау ұжым туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 16:45, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негізлеріне сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының міңдеттері:
• Әлеуметгік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының
феноменін негіздеу.
• Педагогикалык процестегі окушылар ұжымын дамытудың мәнін, кезендерін және зандарын анықтау.
• Тұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып көрсету.
• Балалар ұжымындағы қарым-қатынас және оқшаулану мәселелерін ғылыми әдебиеттер көмегімен теориялық тұрғыда зерттеу.
• Мектептегі сыныптық ұжымда балалардың оқшаулануын эмпирикалық зерттеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАЛАЛАР ҰЖЫМЫ.docx

— 63.71 Кб (Скачать документ)

 

Бұл кезенде мұғалім сабақта  және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымнын қалыптасуы кезенінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.                       Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл кезеңде  өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маныздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылган мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушынын рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.

Оқушы ұжымының  дамуының үшінші кезенінде тек мұғалім мен белсеңділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердін ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруынын жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың   ұжым  жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізулегі мұғалімнің кәсіби  қасиетері.   Балалар   ұжымымен   жұмыс   істеу   үшін  мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі зандарын басшылыққа ала отырып (Н.Д. Хмель), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестін нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал,  ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани  құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педагогтар-оқушылар" жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби манызы бар сапаларды қалыптастырудың неге  қажет екенін көрсетеді.

Мұғалімнің ұжымшылдығы  оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-катынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің  құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінін жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Тұтас педагогикалық процесс  және балалар ұжымы теорияларының  негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, А.С. Макаренко, Л.И. Новиков, ВА Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып  жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері  қажет:

 

1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің

және     тәрбиелеу     механизмдерінің     объектісі     ретінде педагогикалық процестін  мәні мен құрылымы туралы теориялық  білімдер.

 

2. Оқушы ұжымын қалыптастыру  теориясы мен тәжірибесі және

оның  негіздері  мен  даму  заңдылықтары   жөнінде  біртұтас

түсініктің болуы.

 

3. Оқушы    ұжымынын    қалыптасу    жағдайы    мен    деңгейін

диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестін   негізгі

көрсеткіштеріне диагностиканы  негіздей  алу,  ұжым дамуын

болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

 

4. Педагогикалык ықпалдастырудың  негізгі құралдарын білу және

оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде  қолдана  алу.

 

5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен кабілетіне сәйкес жалпы

мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта   оқушылардың

ықпалдасу жүйесі) жетуте бағытталған  оқудағы және оқудан тыс

іс-әрекеттерін  ұйымдастыра алу.

 

6. Алғашқы  (сыныптық) ұжымды  қалыптастыруда     мұғалімнің

педагогикалық  жетекшілігімен     ұжымда  өзін-өзі  басқаруды ұштастыра алуы.

 

7. Алғашкы ұжымды мектепте  және мектептен тыс   басқа ұжым

түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

 

1.2.Балалар    ұжымынын   жағдайын   диагностикалау   әдістемееі.

Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен  ынтымақтастықта  бола алу кабілеті" критерийі  –қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу  іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі  және ол өзара ықпалдастыққа  ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіңдіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу  аз уақыт аралығында және мұғалім  мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін  пайдалана отырып эмоционалдық күш  салуымен оқыту мен тәрбиелеудін әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).

Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында  әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік  ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер  қалыптасады. Қазіргі кезеңде бұл қасиет ерекше манызға ие болады, өйткені ол қоғамадқ іс-әрекеттердің маңыздылығын  оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған жауапкершілік, белсеңділік, ізденімпаздық таныта отырып   қатысуға дайындалуын  ұмтылуын қамтиды.

Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға он көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі  сепбебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы форммальдылық, жұмыстың пайдасыздығынын айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған     байланысты         оқушы        белсенділігі     мектепте  ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұраныска ие болуына, мұғалім позициясына,  жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдык тапсырмалар  мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері сынып ұжымы тарапынан  берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен онын орынласу сапасы жөнінде ұжым алдыңда есеп берілуі қажет.

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі. әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық,  жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың  жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің манызы өте зор.

Жинақталған және талданған  материалдарын сынып жетекшісі "балалар  ұжымының қалыптасу жағдайынын графигі" түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымынын жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формалық, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау кқажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасыңда талқылануы тиіс.

Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы  бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс  жүргізуде сынып жетекшісі осы  ұжымнын қалыптасу денгейін көтеруте бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын  дайындау үшін материалдар жинақтайды.

 

1.3.А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде  ең негізгі орталық идея, оның бүкіл  педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.

"Біздің тәрбиенің  міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу  болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко  өзінің "Менің педагогикалық тәжірибемнің  кейбір қорытындылары” атты мақаласында.Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.

 Макаренконың түсіндіруінше,  әрбір жеке тұлғаға әсер ету  үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын  жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы "параллельді әсер  ету қағидалары” деп атады.  Бұл қағида ұжымның талаптары  іске асады. "Параллельді әсер  ету қағидасы”, бірақ дара  әсер ету қағидасын қолдануды,  педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге  тікелей, жанама әсер етуді  жоққа шығармайды.      Ұжымның негізгі заңдарының бірі "ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.         Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет "Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады.

"Алдында ешқандай  қуанышы болмаса, адам жарық  дүниеде тіршілік етіп жүре  алмайды. Адам өмірінің ең жақсы  аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп  жазды Макаренко.

 

    Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.

       Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады.Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.

 Макаренко балалар  ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан  активке ерекше мән берді, оны  педагогтың ең жақын тірегі  деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің  ішінен актив ядросының бөлінуіне  қуанды, оның толығуына қуанды, оны  тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.

 Колонистер өздерін  тең құқылы колонияның иегерлері  ретінде сезінді. Олар колониядағы  дербестіктен және белсенділіктен  қуаныш сезіміне бөленді, екінші  жағынан, тапсырылған іске деген  міндеттілік және жауапкершілік  сезімін кешірді.

 Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші  рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар  ұжымын тәрбиелеу және әрбір  жекеленген баладан ұжымшылдықты  тәрбиелеу мүмкін емес деп  есептеді.

    Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.

   Макаренко еңбек  тәрбиесі туралы мәселелер бойынша  құнды ұсыныстар береді. Балалардың  еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты  бағдарлау, жоспарлау ептілігін  дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына,  материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.

   Оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.

 

 

 

 

 

 

1.4.А.С.Макаренконың  ілімі бойынша    ұжымның даму кезеңдері

Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко  бірнеше кезеңдерге бөледі.

 

   Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымды ұйымдастырушы  – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған  деп есептеледі, егер ұжымда актив  қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.

 

   Екінші  кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.

Информация о работе Тарау ұжым туралы түсінік