Табиғат бар жерде тіршілік бар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 12:04, курсовая работа

Краткое описание

Табиғат бар жерде тіршілік бар.
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат – адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurstyk_zhumys_Gaukhar_2.doc

— 224.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі. 
 
Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін 
шұғылалы шуағын жүрегімізде ұялатқан- Ана  
М.Жұмабаев  
 
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені. 
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп- жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу-біздің басты мақсатымыз. Біздің қандай да болмасын барлық тіршілігіміз дені сау шымыр денелі, жан -дүниесі таза, жайсаң жанды даярлап беру, ұядан ұшыру екенін жақсы түсінеміз. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамыту мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылады.  
Сондықтан да балабақшадағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі- балаларды айналамен таныстыру.

 
Экология-200 жылдық тарихы бар ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1866ж) «Естественная история происхождения» атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология –«ойкос»2 деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология- жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.  
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғау, аялау, оның берген сиын бағалай білу адамзат баласының алдындағы өзекті мәселесі десек те болады. Сол себептен де адам баласына экологиялық тәрбие беруді балабақша табалдырығынан бастап, үздіксіз білім беру қағидасы негізінде жалғастырылуы тиіс. Балабақшадағы экологиялық тәрбие балаларды табиғатпен таныстырудан бастау алып, әрмен қарай экологиялық тәрбие үрдістеріне жалғасып, экологиялық сипат алады.  
Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты: Балалардың тірі табиғат туралы ұғымдарын кеңейте отырып, тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысын, өмір сүру заңдылықтарын білу.  
Балабақшадағы экологиялық тәрбие міндеттері: 
-Экологиялық білімді тереңдету, кеңейту. 
-Өсімдіктер мен жан-жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. 
-Табиғаттағы өзгерістерді байқау, салыстыру, талдау. 
-Табиғаттағы тіршілік иелерінің байланыстарын білу. 
-Туған өлке табиғатын сүю. 
-Экологиялық тәрбие негізінде танымдық, шығармашылық, белсенділік дағдыларын арттыру. 
Балабақшада мемлекеттік стандартқа сай жоспарлай отырып экологиялық тәрбие берудің сан –салалы жолдары, түрлері, әдіс-тәсілдері жетерлік. 
Атап айтсақ: 
1.Ұиымдастырылған оқу іс-әрекеті  
2.Экскурсия сабақтар, экологиялық сабақтар.  
3.Мерекелік шаралар. 
4.Бос уақыттарда кітаптар оқу. 
5.Көрме, бұрыштар ұйымдастыру. 
6.Балабақша ауласын көгалдандыру, балалар еңбегі. 
7.Бақылау жасау, тәжірибелер жасау. 
8.Экологиялық ойындар ойнау. 
Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында көптеген пәндер арқылы сан түрлі қарастырылған. Мысалы: Көркем әдебиет арқылы күз, қыс, жаз, көктем мезгілдеріне сәйкес бірнеше «Күз», «Жаңбыр», «Көктемгі күн», «Жазғы күн» сияқты тақырыптар арқылы балаларға жалпы білім мен қатар экологиялық тәрбие берілсе, ол әрмен қарай мерекелік шаралармен ұштасып, білім мен таным өзара үйлесімде нақтылана түседі. Сол арқылы зор таным, дүние танудың алғашқы баспалдағы қаланады. Баланың тілін ұстартып, ақыл- ойын, адамгершілігін қалыптастыруға мүмкіншілік туады. Сонымен бірге тіл дамыту, еңбек, бейнелеу өнері пәндер аясында да тақырыптарға сай ұйымдастырылған оқу іс-әректі барысында балаларға экологиялық тәрбие беруге болады. Мысалы: Тіл дамыту пәнінен «Жануарлар әлемі» тақырыбын өткен кезде балалар жұмбақтар шешу арқылы тірі табиғаттың бірі- жануарлармен танысты. Әрмен қарай олардың түрлері сызба арқылы таныстырылды. Балалар жануарларды бірнеше топқа бөле отырып, олардың бір- бірімен ұқсастығымен қатар айырмашылықтарын да анықтады. Сонымен бірге жануарларды күтіп-баптау оларға қамқорлық жасаудың не үшін қажеттілігін олардың адамдар, өсімдіктер өмірімен тығыз байланыста сұрақ-жауап арқылы анықталды. Әрмен қарай «Жануарларды топ» экологиялық ойыны ойнатылды, оқу үрдісі сементикалық карта арқылы қорытындылады. Бұл балаларға экологиялық тәрбие беруде келтірілген бір ғана ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ғана. Нәтежесінде балалар өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне қажетті жағдайларды айқындай алды. Әрбір жануардың мекендейтін жерін, қорегін, қасиетті факторларды айырды. Ойын арқылы психо-физиологиялық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар Айналаны әлеммен танысу пәнінен «Құстар-біздің досымыз» тақырыбын өткен кезде құстардың тіршілігі, олардың табиғатқа тигізер пайдасы және үй құстары, дала құстары болып бөлінетінін түсінді. Винн диаграмма жасау арқылы үй құсы мен дала құсының айырмашылығын, ұқсастығын тапты.  
Экскурсия оқу іс-әрекеті таза ауада жүргізіледі. Біз бұндай оқу іс-әрекетін жылдың төрт мезгілінде өткіземіз. Әр маусымға сай өзгерістерді байқау, таза ауамен демала отырып, балалар өз назарларын аударар жағдайларды шығармашылықпен бақылайды. Кішкене сәби өсіп тұрған гүлдерді, ұшып жүрген көбелектерді, шегірткені, қызылды-жасылды жапырақтарды осы сабақ үстінде көргенде ерекше әсерленеді. Тап жаңа көріп тұрғандай көңіл-күйде болады. Осы кезде балаларға түрлі сұрақ қою арқылы таза ауа, өсімдік, жәндік, сұлулық туралы білімдерін кеңейтуге бала жүрегімен өсімдік, жан-жануарлар біздің табиғаттағы досымыз дегенді ұғындыруға мүмкіндіктері мол.  
Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгешеліктеріне орай балабақшада әртүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру – экологиялық мәдениетке жетудің даңғыл жолы. Мереке – балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды, шабыттандырады, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Осындай мақсатта «Күз байлықтары», балабақшаішілік «Қош келдің, әз Наурыз!», «Алақай, жаз келді!»жазғы сауықтыру, «Қыс қызығы» қысқы сауықтыру т.б мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырылады.  
Балаларды таза ауада шынықтыру экологиялық тәрбиенің бір түрі. Осы мақсатта «Қыс қызығы» атты қысқы сауықтыру шарасы болып өтті.  
Ондағы мақсат: салауатта өмір салтын қалыптастыру арқылы баланың денсаулығын сақтау және нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға қалыптастыру.  
Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел» бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!» ұранын алға ұстап, қазіргі таңда балабақша топтарын, ауласын көгалдандыру, ағаштар, гүлзарларға гүлдер егу жұмыстары жолға қойылып келеді. Әрине жергілікті жердің қолайсыздығына қарамастан осындай жұмысты жолға қою – үлкен еңбекті қажет етеді. Осы ретте топтағы тірі табиғат бұрыштарындағы гүлдерді, құстар мен балықтарды күтіп баптау топ бөлмесінен бастау алып, балабақша ауласындағы балалар еңбегімен жалғасады. Топ бүлдіршіндерін 4-5-тен топтастыра отырып, өздеріне белгіленген апта күндері гүлдерді суару, шаңын сүрту, сынған сабақтардан, жапырақтардан тазарту, құстарға жем беру, балықтарға жем беру жұмыстарын жолға қойдым. Бұл балаларға экологиялық тәрбие берумен қатар, еңбек, эстетикалық тәрбие беруге тиімді әдіс-тәсіл.  
Бақылау – табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Бақылауға алынатын негізгі объектілер тірі табиғат да, өлі табиғат. 
Балалар өлі табиғатты бақылау барысында топырақтың, ауа-райының өзгермелі болатынын байқады. Мысылы: Құмның алғашқы қалпы сусымалы болатыны, оған су құю арқылы саз балшыққа айналатындығын көрсетіп, одан балалар әр түрлі бейнелер жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытады; қардың суға айналуы, оның қасиетін, қатты, жұмсақ, ұлпа және салқын болатынын ажыратады. Судың қатуын бақылауда суды түрлі-түсті бояуға бояп, оны кішкене әр түрлі пішінді ыдысқа құйып, оны қатырып қойып, келесі күндері судың аязға, салқынға қатып мұзға айналғандығын, түсінің мөлдір екенін, жылтыр, оның пішіні құйылған ыдыстарға байланысты екенін балалар бақылады. Осындай бақылау арқылы табиғаттың әр түрлі өзгерістерге ұшырайтындығын көз жеткізеді. Осы мақсатта ата-аналармен тәрбиешілерге экологиялық нұсқаулар кітапшаларын дайындадым. 
Әзербайжан ұлты наурыз мерекесінде бір-бірінің отбасына арнап, бидай дәнін кішкене ыдыстарға егіп, нанымыз көп болсын деген мақсатта сыйға тартады екен. Осы тәжірибиені балаларға жасап көрсеттім. Бұл өсімдіктің басқа бөлме өсімдіктерінен айырмашылығы, ол топырақсыз егіледі.  
1.Ыдысқа бидайдың дәнін себеміз. 
2.Себілген дәннің бетін екі қабат мәрлімен жабамыз. 
3.Дәні қозғалмайтындай етіп су құямыз.  
Оның 4-5 күнде бүршік жағанын, 10-15 күнде жайқалып өскенін байқадық.  
Су –тіршілік көзі дегендей суда тіршілік ететін балықтарды бақыладық. Ол үшін бөлме аквариумындағы балықтарды алдық. Оларға балалар жем шашып, қоректенуін, суда жүзуін тамашалады. Балық желбезекпен тыныс алады, өкпесі жоқ. Құйрығы бұрылу қызыметін атқарады, олар ұсақ балдырлар яғни, су өсімдіктерімен қоректенеді. Балаларға аквариумдағы балықтарға ерекше күтімнің керектігін; олардың суын жиі ауыстыру, бір күн тұрған суды кұю, аквариум ішіне тас, балдыр салу, тағамын зоодүкенінен алу, жарык пен ауаның жеткілікті болу қажеттігі түсіндірілді. Күнделікті өмірде балықтың адам ағзасына маңызы зор екенін әңгімеледім. Осындай бақылаудың нәтежесінде алған білімдерін тиянақтау мақсатында балалар экокартаны жергілікті жеріміздің балықтарының суреттерін салу арқылы толықтырды. 
Біздің балабақшада табиғат бұрышында сонымен қатар тоты құстар да орын алған. Олар арнайы торда жұптасып өмір сүреді. Тоты құстарға балалар жем, су беріп баптау арқылы құстарды қамқорлауға, еңбектену дағдылары жетіліп, құстар тіршілігімен танысты. Бұл құстарды бақылауда біздің байқағанымыз, олардың төтенше жағдай болғанда, бір- біріне жанашырлық сезімдерін шырылдап сездіретіндігін, жұптарын айырып көргенде бір-бірін жоқтайтындығын түсіндік. Сөйтіп, олардың әр кезде әртүрлі дыбыстауын байқадық. Осы тәжірибе арқылы балаларға достық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін ұғындырдым. 
Бақылау барысында бақылаған балық, құс, өсімдіктер жалпы тірі табиғаттың ауасысыз, сусыз өмір сүре алмайтындығын, ауаның түссіз, көзге көрінбейтінін және судың иіссіз, сұйық, түссіз мөлдір, аққыш екенін айта отырып, ауаға, суға тәжірибе жасадық.  
Балаларға стақанды көрсетіп ішінде не бар екенін сұрадым. Балалар қолдарындағы стақандарды қарап оның бос екенін айтты. Балалар стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Бұл жағдайда стақанды түзу ұстау керек.  
Стақанға су құйыла ма? Не үшін құйылмады? Осы сұрақтың жауабын балалармен бірге шешуге тырыстық. Ал балалар өз пікірлерін білдірді. 
Стақанда ауа болғандықтан, стақанға су кірмейтінін түсіндірілді. 
Стақан түбіне кішкене ермексаздың көмегімен мақта, мата немесе қағаз жапсырамыз. Балаларға міндетті түрде тәжірибенің алдында және соңында ұстатып көрсетеміз. Стақанды төңкеріп су құйылған ыдысқа батырды. Неге мақта су болмады? 
Стақанда ауа болғандықтан,стақанға су кірмейді, сондықтан құрғақ. 
Стақанды суға батырамыз, енді оны судың ішінде бетін жоғары қаратып бұрамыз. Суда ауа көпіршіктері пайда болды. 
-Олар қайдан пайда болды? 
-Ауа стақанның ішінен шығып жатыр, оның орнына су толатынын түсінді. 
Балаларға сабын көпіршіктерін үрлетеміз. Талқылау: Көпіршіктің ішінде не бар, олар неге жеңіл, олар неге ұшады? 
Сабын көпіршіктерінің ішінде ауа бар, ал ауа көпіршіктері өте жеңіл. Сондықтан олар жеңіл ұшады. 
Ауа судан жеңіл. 
Балаларға допты және үрленген ойыншықтарды суға батыртым. Неге олар батпайды? 
Ойыншықтар ауамен үрленген, ауа судан жеңіл болғандықтан судың бетіне қалқып шықты. 
Ауаны қалай ұстауға болады? 
Полиэтилин қапшықтың ауызын ашып ауа толтырып, аузын қайта жіңішке жіппен буып бекіту керек. Ауаны «ұстап» қапшыққа толтырғанымызды қайдан білеміз? 
Қапшығымыз томпайып, аузын бууға келді.  
Ауаны өлшеуге бола ма? 
60 см жіңішке таяқшаны алып, ортасынан жіппен бекітеміз. Екі ұшына бірдей үрленген шар байлаймыз, таяқшаны ортадағы жібінен көлденең байлап қоямыз. Егер бір шарды инемен тессек шардың ішіндегі ауа шығып, таяқтың ұшы жоғары көтеріледі. Неге? 
Бос шар жеңілдейді. Егер екінші шарды да осылай тессек , таяқшаның екі шеті теңеледі. Үрленгендегі сияқты бос шар да тең болады. 
Есту мүшесі арқылы ауаны аңғаруға бола ма? 
Қолдарына шарды алып оны үрлетім, біртіндеп қысып ауасын шығарады, осы кезде ауаны көрмесе де, дауысын естиді. 
Ауаның дауысын естуге болса, оны сезінуге бола ма? 
Жаңағы үрлеген шарының ауасын қолыңмен бетіңе тақап қойып шығарыңдар.Осы кезде бетіңе ауаның әсер еткенін терің арқылы сезінесің немесе тері тітіркенуі мүмкін екеніне көз жеткіздік.  
Судың үш күйі : сұйық, мұз, бу. 
-Суды үстел немесе жерге құйсақ, ол не істейді? (Төгіледі) 
-Демек су сұйық. 
-Суға шүберекті малып алсақ, шүберекке не болады? (Су болады) 
-Оны далаға жайып қойсақ не болады? (Кеуіп кетеді) 
-Демек, су бу болып ұшып кетеді. 
-Ал, сулы шүберекті мұздатқышқа немесе салқынға қойсақ, ол қатып қалады. 
-Демек, су мұз болады. 
1-тәжірибе: Суға қант, тұз салып тәжірбие жасадық. Байқағанымыз қант еріді. Судан қанттың тәтті дәмі шықты. Тұз да еріді. Судан тұздың ащы дәмі шықты. 
2-тәжірибе: Суды шыны бетіне тамызып, астын қыздырдық.Су қайда кетті? 
-Су бу болып ұшып кетті. Оның орнында із қалды. Бұл оның құрамында қоспалар бар екенін дәлелдейді. 
3-тәжірбие: Стақандағы суға кішкене саз балшық салып араластырдық. Су лайланды. Лай суы бар ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмадық. Себебі саз суға араласқанымен, еріген жоқ. 
Осындай тәжірибиелер жасатуда тірі және өлі табиғаттағы құбылыстардың құбылмалылығын, өзгермелігін көзбен көру арқылы түсінді. Тәжірибиелерді қорыта келе мынадай диагностика жасақтадым. Ол мынадай бөлімдерден тұрады. 
1.Балықтар түрлерін меңгеруі. 
2.Құстардың түрлерін меңгеруі. 
3.Судың қасиетін айыра білуі. 
4.Бөлме өсімдіктерін күту кезіндегі іс-әрекеті. 
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті -ойын. Экологиялық ойынның өзіндік ерекшеліктер мен тәрбиелік мәні бар. Экологиялық ойынның мақсаты:балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өлі және тірі табиғаттың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Бұл экологиялық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, серуен кезінде,тәрбиелік шараларда қолданамын. Осы мақсатта «Экологиялық ойындар» жинағын жасақтадым. Сонымен қатар ата-аналар мен тәрбиешілер үшін мынадай кітапшалар жинақтадым. Атап айтсам, «Экологиялық сөздіктер», «Табиғат құбылыстары», «Өсімдіктер әлемі», «Үй жануарлары», «Құстар –біздің досымыз», «Жануарлар әлемі», «Экологиялық нұсқаулар» деп аталады.  
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы зор. Өйткені, табиғаттың таңғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеу- нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытудың басты құралы.

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.

Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы – бұлақ», «судың да сұрауы бар» – деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.

Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапарларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда табиғатты сүюге және оны аялау ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие баланың бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Әдебиеттер тізімі

 

  1. Веретенникова С.А. «Мектеп жасына дейінгі балаларды  табиғатпен таныстыру», Болашақ педагог кітапханасы, 1995ж.

 

  1. Манкеш А. «Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру» Алматы «Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті», 1998 ж.

 

  1. Асқарбаева А, Аймағамбетова Қ, Ботабаева Ұ. «Айналадағы дүниемен таныстыру» Алматы «Мектеп», 1984 ж.

 

  1. Балалар энциклопедиясы «Мен және қоршаған әлем».

 

  1. «Отбасы және балабақша» журналы, 2009ж. №5

 

  1. «Тәрбие құралы» журналы 2003ж. №1

 

  1. www.yandex.kz , www.google.kz , www.topreferat.kz , www.shz.kz , т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Қосымша  материалдар

 

  1. Тақырып, жоспар, эпиграф
  2. Көрнекіліктер.
  3. Суреттер.
  4. Практикалық папкалар.
  5. Сабақ конспектілері.
  6. Кітаптар.
  7. Дидактикалық материалдар

 

 

 

 


Информация о работе Табиғат бар жерде тіршілік бар