Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 12:04, курсовая работа
Табиғат бар жерде тіршілік бар.
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат – адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
І. Кіріспе.
Табиғат бар жерде тіршілік бар.
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат – адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар- дейді ақын жүрек.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы, сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті. Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор, асыл мұраларына көңіл бөлу ерекше қажет, табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырындағы ойлы пікірлер экологиялық тәрбие беруде және балалардың экологиялық мәденитін қалыптастыруда өте құнды құрал. Мысалы: «жері байдың елі бай», «күте білсең жер жомарт», «жер – байлықтың көзі», «жер тіршіліктің бесігі», «бір ағаш кессең он ағаш отырғыз», «атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «жердің сәні – егін,елдің сәні-білім», «дана көптен шығады, дәрі-шөптен шығады» т.б. деген сөздер бала санасына жас кезінен сіңіп өседі.
Балалар әрқашан да және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, көшпелі бұлттар, жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар – соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіне мол азық береді.
Табиғатқа үңіле қараудан, балалар ойнайтын орындарға құштарлықтан өз өлкесіне, туған табиғатына, Отанына деген сүйіспеншілігі пайда болып, жетіле түседі, патриоттық сезімге тәрбиеленеді.
Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, судың шалпылы, шөптің сыбдыры, құрғақ жапырақтардың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы – осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіне мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады.
Табиғатты шын мәнінде қандай болса, сол қалпында көріп, еститін бала кездегі ептілік – балалардың оған деген қызығушылығын арттырады, білімін кеңейтеді, мінез-құлқын, ынта-ықыласын қалыптастыруға ықпал етеді.
Балалардың жануарларға деген қатыгездігінің, бақаларды, кірпілерді, пайдалы жәндіктерді т.б. қырып, өлтіруінің себебі – олардың жануарлар жөніндегі теріс түсініктерінен болады. Бұл тек табиғатқа зиян келтірмей, балалардың психикасына да теріс әсер етеді, оларды қатыгездендіріп жібереді. Міне, сондықтан да балалардың мектеп жасына дейінгі кездің өзінде-ақ табиғат жөнінде дұрыс мәлемет алуы өте маңызды.
Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.
Табиғат – сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.
Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» – деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.
Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Өзіңнің туған ауылыңның, қалаңның табиғатын сүю, тұрған жеріңді қадірлеу – Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың, патриоттық сезімге тәрбиелеудің негізі. Табиғатқа ұқыпты қарауға, оның байлығын молайтуға деген ынталылықты ең балғын шақтан бастап тәрбиелеу қажет. Тәрбиешінің алдында тұрған міндет-балаларды табиғатқа араластыру, оны сезім мен әрекет арқылы қабылдауға мүмкіндік беру. Балаларды табиғатты бақылауға, оның қарапайым көріністеріндегі керекті бейнелерді көре білуге, жануарлармен және өлі табиғат құбылыстары арасында көзге көрінетіндей байланыстар орната білуге үйрету қажет. Егерде тәрбиеші жергілікті жердің табиғаты мен ондағы ересек адамдардың қызметін өзі білген жағдайда ғана, бұл міндеттерді орындай алатын болады.
Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыру және экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.
І-кішкентайлар тобы
Бұл топтағы балаларда айналардағы түрлі заттар туралы алғашқы қарапайым және жалпылама түсінік қалыптасады, сондықтанда олар табиғат дегенде жыл мезгілдерін, көктемнің шыққанын, жаздың болғанын немесе қар түсіп қыстың басталғанын тәрбиешілердің көмегімен ажырата алады.
Серуен кезінде гүлзарлардағы гүлдерді жұлмай қайта оған қамқор болып жүруге үйрету, өсімдіктерді дұрыс атай білуге, көкөніс пен жеміс-жидектерді бір-бірінен түсіне, дәміне қарай ажыратып, оларды атай білуге үйрету. Құстарды, олардың қимыл әрекеттерін оны күтіп бақылап қарауға бейімдеу.
ІІ-кішкентайлар тобы
Ал, екінші кішкентайлар тобының балалары айналадағы заттар мен нәрселерді танып қана қоймай, оларды жақсы-жаман, әдемі, әдемі емес деп ажырата бастайды. Бұл топта балалардың білуге деген құмарлығының шапшаң дамуына байланысты «неге? неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздеп отырады. Сондай-ақ қоршаған табиғаттың эстетикалық қасиеттерін таныстыру үлкен орын алады. Айналадағы өмірде жиі кездесетін құбылыстар жайында түсінік қалыптастыру. Жануарларға, өсімдіктерге деген ұқыпты қарым-қатынаспен оларды күтіп баптауға, қамқор болуға әсемдікті түсінуге табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, ауа-райын бақылатып, күн мен түнді айыра білуге үйрету.
Судың, қардың, саз балшықтың қасиеттеріне тоқталу, атай білуге үйрету. Қар /ақ, суық, ұстасаң еріп кетеді, су- суық, жылы болады, мұз-қатты, тайғанақ, кепкен балшық қатты ол дымқыл болғанда илеуге болады т.б./
Өсімдіктердің түріне, түсіне, үлкен, кішілігіне негізгі ерекшеліктеріне қарай ажырата білуді, бөлме өсімдігі, қатты күтім қажет етпейтін қазоты (герань), үнемі гүлдеп тұратын бегонияны бір-бірінен ажырата біледі. Бегония –сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көп жылдық шөптесін өсімдік.
Естиярлар тобы
Бұл топта балалардың сөздік қоры молайып, айналадағы түрлі құбылыстарды сөзбен жеткізуге әрекет жасайды, табиғат туралы түсініктері одан әрі дамиды. Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттағы мерзімдік құбылыстар жайлы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру ісін одан әрі жалғастыру. Сондай- ақ табиғат құбылыстарын мұқият бақылауға және олардың арасындағы байланысты анықтауға табиғаттың әдемілігін сезініп, сүйе білуге, өсімдіктермен жануарларға қмқорлық пен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Мысалы: гүлдерді баспай айналып өту, кесілген және уақытша жұлынып алынған өсімдіктерді суға салып қою, құстардың және басқа да жануарлардың қасынад өзін байсалды ұстау, тірі жәндіктерге қамқорлық жасау т.б
Табиғаттағы мерзімді құбылыстар туралы нақты білімдерін қалыптастыру.
Ересектер тобы
Бұл топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы балаларда табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару.
Мектепке даярлық тобы
Бұл топта балалардың қоғамдық өмір құбылыстары туралы ұғымын, білімін кеңейту, оқытудың ең қарапайым дағдыларын қалыптастыру, табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыдан түсіндіру көзделеді. Балаларды жанды-жансыз табиғатпен одан әрі таныстыра отырып, олардың құбылыстары жайындағы бастапқы нақты ұғымдарды қалыптастырады. Табиғатқа деген белсенді сүйіспеншілігін өз алдындағы және табиғат бұрышындағы өсімдіктермен хайуанаттарға қамқоршы бола білуі.
Табиғатты қорғаудың қалай жүзеге асырылатыны мен ағашты бей-берекет кесуге жылдың құрғақ кезінде от жағуға тыйым салынуы, көктемде және жазда балапан шығарар кезде құстарды аулауға тыйым салынуы, жабайы аңдарды, бұландарды қыста қосымша азықтандыру, бөгеттерді тазалау т.б. жұмыс түрлерімен таныстыру. Ауа –райы және жануарлармен өсімдіктердің тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерге жыл бойы бақылау жүргізіп, табиғат календарына тиісті суреттеме жасалуы тиіс. Табиғат құбылысы мен адамдардың еңбектерінің арасындағы байланыстары туралы балалардың білімдерін жүйеге келтіру және тереңдету.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбие процесінде балаларды жан-жақты дамыту іс-әрекеттері ойын,еңбек,сабақ арқылы жүзеге асырылады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізі- оның қоршаған нәрселермен,атап айтқанда, табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады. Балаларды табиғатпен таныстыру кезінде ойын басты құралдарының бірі. Бақылау барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды,танымдық қабілеті қалыптасады, табиғат пен тиісті қарым-қатынас жасауға үйренеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру- оларға заттар өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың табиғатқа деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын-ала көздейді.
Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда эколгиялық ортаның алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөзік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие баланың бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп табиғат сұлулығын танытып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.
ә) Балаларды табиғатпен таныстырудың тәрбиелік міндеттері.
«Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асады.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын обьектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде жөнінде білім беру.
Ақыл-ой тәрбиесінің ажырамайтын бір бөлігі – сенсорлық мәдениет. Ол анализаторды (талдауларды) жетілдіруге, балаларда сезімдік тәжірибе жинақталуына бағытталған, ол келесі талдаулардың, табиғаттанудағы қарапайым ұғымдарды қалыптастырудың негізі болып саналады.
Балалардың білімді меңгеруі – олардың танымдық қабілеттерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білуге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.
Ойды дамыту және материалистік дүниетанымдылықтың негізін қалыптастыру үшін балаларды табиғаттағы заттармен және құбылыстармен таныстыру, байқаған құбылыстарына түсініктер іздестіруге үйрету және олардың арасындағы байланыстылық пен өзара қатынастардыжете түсінуге балаларды баулу. Ақыл-ой табиғат құбылыстарының арасындағы өзара себеп-салдарлық қатынасты түсіну процесінде жетіледі.