Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2014 в 12:04, курсовая работа
Табиғат бар жерде тіршілік бар.
Табиғат – тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Табиғат – адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Мектепке даярлық тобы. Табиғаттағы күзгі құбылыстар туралы нақты білімді жинақтау және кеңейте түсу,жазғы құбылыстардан күзгі құбылыстардың айырмашылығын,өлі және олардың өзара байланысының бірізділігін анықтау.
Балалардың өздері білетін өсімдіктердің өзіне тән ерекшеліктерін бөліп көрсету және сипаттау, жапырақтары мен жемістеріне қарай отырғызып, ағаштарды айыра білу ептілігіне жаттығу жүргізу, еңбек дағдыларын, ауыл шаруашылық еңбегіне қызығушылық пен тәрбиелеу жалғастырыла білуі тиіс.
в) Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Табиғатты тануға және балалардың әр-түрлі дағдылармен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге бақылау, эксперимент, еңбек, ойындар жатады.
Бақылау – мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа деген материалистік көзқарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиелейді.
Тәрбиешінің табиғи обьектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі әдіс-тәсілі болып табылады. Обьектіге немесе балалардың жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, ал кейде бір аптаға дейін созылатын ұзақ та болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балаларды ауа райын, үй жануарларын, балықтар мен табиғат мүйісіндегі құстарды бақылауға тартуға болады. Бұл бақылаулар аз уақыт алады, бірақ жиі қайталанады. Естияр топтарда аз уақыттық бақылаулардан басқа, ұзағырақ бақылауларды да ұйымдастырады, мысалы, табиғат мүйісіндегі және жер учаскесіндегі егілген немесе отырғызылған өсімдіктердің өсуі мендамып жетілуін бақылау. Ересек және мектепке даярлық топтарында ұзақ бақылаулар көбірек орын алады: балалар өсімдіктің тұқымынан өсуін, жәндіктердің пайда болуын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді қадағалайды. Бақылау балалардың дұрыс түсініктері мен ақыл-ойының жетілунің қалыптасуына әсер етуі үшін, тәрбиеші оған басшылық жасауға тиіс.
Бақылауларды сабақтарда, экскурсияларда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі жұмыстар кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады.
Эксперимент немесе тәжірибе – арнайы жасалған жағдайларда ұйымдастырылған бақылаудың ерекше түрі.
Сабақтарда, серуендерде немесе табиғат мүйісінде және балалар бақшасының учаскесінде балаларды жай тәжірибе жасауға тартудың, бақылағыштығын және білуге құмарлығын дамыту үшін, заттар мен табиғаттағы құбылыстарға белсенді де дұрыс көзқараста болуға тәрбиелеудің өте зор маңызы бар.
Қарапайым тәжірибелердің көмегі арқылы судың қатуы, қар мен мұздың суға айналуы, кемпірқосақтың және т.б. пайда болуы сияқты өлі табиғаттағы құбылыстарды балаларға көрсетуге болады.
Табиғатқа деген ынта-ықыласты тұрақтандыруға және өсімдіктерге ұқыпты қарауға тәрбиелеу – олардың еңбегінің жағымды нәтижелерінің үлгісі арқылы ғана болады. Балаларды өсімдіктердің жақсы өсуін қамтамасыз ететін бағып-күту әдістеріне үйрету керек.
Еңбек – балалар бақшысында тәрбиелік-білімдік жұмыстың әдісі ретінде маңызды орын алады. Балалар заттармен және табиғат құбылыстарымен тікелей араласа отырып, ол жөнінде нақтылы білім алады, өсімдіктің өсіп-жетілуі мен оларды адамның күтуінің арасындағы кейбір байланыстарды анықтайды. Мұның бәрі олардың жетілуіне жағымды әсер етеді, дүниені материалистік тұрғыдан тануларына негіз жасайды.
Жер учаскесіндегі еңбек. Сәбилер тобының балалары тастарды, шыбықтарды жинайды да, оларды бір жерге үйіп қояды. Ал, естияр және ересек тобының балалары жұмысқа неғұрлым белсенірек қатысады. Олар қоқыстарды тырмалап жинайды да, зембілге салып, бір жерге үйеді.
Мектепалды даярлық тобының балаларын жерді қазуға және топырақ түйірлерін ұнтақтауға, дәндерді егуге, көшеттерді қопаруға, суаруға, жерді қопсытуға, өсімдікті сирексітуге, өнімді жинауға, ағаштардың жас шыбықтарын отырғызуға қатыстырады.
Табиғат мүйісіндегі еңбек. Сәбилердің бірінші тобында табиғат бұрышының мекендеушілерін балалардың қатысуымен тәрбиеші күтеді, олар оның айтуымен өсімдікті суарады, балықтарға және т.б. азық береді. Сәбилердің екінші тобында балалардың өздері тәрбиешінің бақылауымен балықтарға күн сайын жем береді, өсімдіктерді суарады. Естияр топта балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде тәрбиешінің жекелеген тапсырмаларын орындайды, бірақ мұндай жағдайда балалардың жеке еркшеліктерін ескерген жөн. Олардың кейбіреулеріне жеңіл-желпі тапсырмалар берген жөн: қояндарға арнап сәбіз кесу, жануарлардың жемді жеген-жемегенін қарап шығу т.б. Әдетте, балалар мұндай тапсырмаларды ынталанып орындайды, сонымен бірге жануарлардың ерекшеліктері мен қылықтарын да белгілеп алады.
Ересек және мектепке даярлық топтарында балалардың аздаған топтарынан (2-3 адамнан) кезекшілік қою практикаға енгізіліп келеді. Бұл, еңбекті қолданудың неғұрлым кең таралған және бағалы формасы, өйткені тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Барлық балалар кезекпен кезекшілік етеді. Тәрбиешінің көмегімен олар табиғат мүйісіндегі өсімдіктерді қарайды және суарады, жапырақтарды сүреді, балықтарға және басқа да жануарларға жем береді, торларды тазалайды, құстарға сұлы себеді. Кезекшілікті тапсырып, олар не істегенінмжәне нені бақылағандарын әңгімелеп беруге тиіс. Бұл – оларды өз міндеттеріне зейіндірек қарауға үйретеді.
Ойын – тек көңіл көтеру ғана емес, сондай-ақ оның көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады.
Дидактикалық ойындар. Бұл ойындарда табиғаттың табиғи заттары, өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген картинкалар, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Ойындар сабақтарға, экскурсияларға, серуендеулерге арнайы бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар. Серуендеулер кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады. Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен түрлі ойындар ойнаған кезде, табиғи материалдардың сапасымен және қасиеттерімен танысады. Табиғи материалмен ойнаған кезде тәрбиеші балалармен әңгімелесе отырып, оларға материалдың кейбір қасиетін танып білуіне көмектеседі.
Рольдік ойындар. Балалардың ойыны экскурсиялар немесе серуендеулер кезінде қабылдағандарын әрдайым творчестволықпен қайтадан жаңғырту болып табылады. Онда өсімдіктер, жануарлар және адам еңбегі жайында алған елестетулері бейнеленеді. Мұндай ойындарда балалар бақылағандарын қайталайды, білімдерін және алған дағдыларын нығайта түседі.
Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген – әңгіме айту, көркем шығарларды оқу, табиғи обьектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі.
Тәрбиеші әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Мысалы, әңгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол обьектіні балаларға «жақындатады» білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақал-мәтелдерді қолданады. Мысалы, салыстыру – бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету мен түсіндіру – еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде т.б. әдістер мен тәсілдердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.
Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағы табиғатқа бақылау орнына, объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі әдіс – бақылау. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануына үлкен роль атқарады.
Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттар мен дидактикалық ойындарды немесе олардың картиналардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кеңінен пайдаланады.
Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі.
Тақырыбы: «Күз сары жапырақтарымен желбіреп келді»
Мақсаты: Балаларды табиғаттың күзгі көріністерін тамашалай білуге үйрету. Күз ерекшеліктерін байқай білуге, әсемдігін сезіну, түсіну, тамсану. Жапырақтарына қарай (аққайың, көктерек, қараағаш) аттарын атай білуге үйрету.
Керекті құралдар: аққайың, көктерек, қараағаш.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші балалармен бірге сары алтындай сары түске боялған күзгі орманға мақсатты серуенге шығады. Балалар ағаштардың діңіне, жапырағының пішініне, жемісіне қарап ағаштар мен бұталарды айтады. Балалар тәрбиешімен бірге күзгі жапырақтар шоғын, жемістерін, тұқымдарын жинайды. Балалардан қай ағашта тек сары, қызыл жапырақтар (үйеңкеде, ырғада), қай ағашта қоңырқай түсті (еменде).
Тәрбиеші барлық балалардың назарына мына тақпақты бірге айтуын сұрайды:
Жапырақтар
Т.Молдағалиев
Қыстың жақын қалғаның
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап
Сайға барып бекінді
Анасынан ажырап
Қалған бала секілді.
Жерге түскен әртүрлі жапырақтарды жинап, оны ішке барған соң гербарий жасайтынын тәрбиеші ескертіп жинауларын талап етеді.
Әліппе дәптерімен жұмыс
Тапсырма:
а) Күзгі жапырақтарды бояп шық.
ә) Суретте берілген жапырақтар бойынша ағаштарды тап.
Қорытынды:
Өтілген серуен және сабақ бойынша сұрақтар қояды.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер. Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда: -педагогтардың
экологиялық тәрбие беру -балаларды
айналамен таныстырудың -әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар; Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге
келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу
мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан
оны ескерусіз өткізіп алуға
болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде
алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай
болса адамзаттың рухани және материалдық
жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне
тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып
жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар,шығармашылықпен
жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін
емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты
ең жақсы сезімдерді тудыра отырып,баланың
белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс
істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді.
Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты
өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі
арқылы дүниені таниды,көруді,сезінуді, Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады. Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін: 1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру; 2.Балалардың экологиялық
сауығуының дамуы үшін 3.Тірі объектілерді күтіп- 4.Сабақта көркем құралдарды,
әдістемелік және материалдық
құралдарды,ойыншықтарды,түрлі 5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады.Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет.Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзарабайланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды.Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді,сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді. [4]
К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта,табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. [1]
адистергеЭкологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды және жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып, әр педагогтың ізденімпаз әрекеті ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі нысанасына назар аударамыз: а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу. ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.
Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді. Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп,оның ішінде күнбағысқа т.б өсімдіктерге тоқтала,оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің нұры,жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады,құстар жұмыртқалайды,балапан басып шығарады,оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі.Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға,айналадағы ортаға,туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін,қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды,әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп,балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі,алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін,қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар,адуынды автомобильдер, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға,ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа,жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық.Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен. Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек. "Таза болса табиғат-аман
болар адамзат,табиғат,сен- Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес.Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп,өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние,табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн,жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет". "Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда...ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда",-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі,табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны.Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап,анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты,әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша,тал қалсын" " Бұлақ көрсең,көзін аш" ," Бір тал кессең,он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге,ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр. [2] Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен- кішінің абырайлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру,мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық. " Адам табиғатқа тәуелді
болса, табиғат та оған тәуелді",
демекші,барша байлықтың анасы -
Жер. Жерді күтіп баптай білу,
оның қойнауынан қазба Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/ 2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік
тәрбиені ұйымдастыру |
Мектепке дейінгі балаларға
экологиялық тәрбие беру
Экологиялық тәрбие
жұмысын жүргізу,оқытудың негізгі формалары
бақылау қызықтау,серуен.Тәрбиешінің
табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын
бақылауды ұйымдастыруы,балаларды табиғатпен
таныстырудың негізгі мәселесі болып
есептеледі.Қызықтау кезінде балаларды
таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен
ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен
қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуіне
әсер етеді. Ал серуен кезінде, тәрбиеші
балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге
су құю,қураған жапырақтарды бірге жинау,ағаш
түптерін тазалау т.б сияқты қарапайым
еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек
түрлерін орындау,балалардың еңбекке
деген жауапкершілік сезімдерін дамытып,ынтасын
арттырады. Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын
адамгершілік,эстетикалық еңбек,имандылық
тәрбиелері-мен сабақтастыра жүргізу
басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында
көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен
одан әрі таныстырып,табиғат құбылыстары
жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдарды
нақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің
ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы(жаңбырдың
жаууы,адамдардың пайдалы ісәрекеті,ауладағы
жапырақтарды жинау,жылы жаққа ұшатын
құстарды бақылау т.б).Қыстап қалған құстарға
қамқорлық,табиғат бұрышындағы өсімдіктер
мен құстарды күту,балыққа жем беру. Ерте
көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер
көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу,ауладағы
гүл,көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем
беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын(бұтақ,бүршік,
- Балаларды өсімдіктер
мен жануарды күтіп баптауға баулу,олардың
бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.
- Табиғаттың сан-алуан сырларымен байлықтары
жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық
сезімдерін дамыту. - Табиғатта барлық
нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста
болатынын түсіндіру және осы байланысты
күнделікті өмірде ескеру қажеттігін
үйретіп отыру. - Балабақшада табиғат жөнінде
қарапайым білім бере отырып,осының негізінде
тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар
жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді
меңгерту. Балабақша өміріндегі экологиялық
тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі
тағылымдарды басшылыққа ала жүргізу.
Міне,осы міндеттердің барысында балалардың
экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп,
олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын
бекіту. Мұндай жұмыс түрі балалардың
физиологиялық даму,психологиялық жас
ерекшеліктерін ескеріп,әдіс-тәсілдерді
шебер пайдаланып,шығармашылықпен жұмыс
істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі.
Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын
аптасына бір рет,айналамен таныстыруды
бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық
тәрбиенің психологиялық аспектілеріне
орай бала табиғатқа жанашырлық,қамқорлық
және еңбекқорлық,белсенділік,