Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 16:43, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Педагогике" на казахском языке.
Тұлғаның ұлттық сана-сезімі
— индивидтің өзінің белгілі бір әлеуметтік
этностық қауымдастыққа жататындығын
сезінуі және идеяларында, көзкарасында,
сезімінде, эмоциясында, көңіл-күйінде
көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесінде
аңғаруы. Бұл қасиеттер адамның тұлғалық
тұтастығының нәтижелік көрсеткіштері.
Ұлттық сезім – ұлтына
деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық
мұраларын бағалай білу. Әрбір
адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі,
өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа
ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Ұлттық мақтаныш – ұлттық материалдың,
әлеуметтік һәм мәдени жетістіктерінің
негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатардағы
ұлттық идеялар, ой-пікірлермен байып
отыратын, ұлт бостандығы және саяси-әлеуметтік
бостандық жолындағы күрестің тарихымен
байланысты әлеуметтік-психологиялық
сезім болып саналады.
Ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік,
сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап,
ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен
қарау. Ал парыз – өзінің мағыналық аясына
ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар-ождан, абырой,
әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты
қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі
қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын
жоғары парасаттылық ұғым.
Патриотизм – адамның туа біткен биологиялық
қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи қалыптасқан,
Отанға деген сүйіспеншілік сезім. Ол
Отанға қызмет етуден көрінеді. Әрбір
халық өз Отанының, яғни өзі еңбек етіп,
өмір сүретін саяси, мәдени, дамуына мүдделі.
Ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің
басты белгілерінің бірі.
85. сурет
86. Отбасын құру жоспарыңыз. Өз ойымызды айтатын шығармыз.
Отбасын жоспарлау – бұл ерлі зайыптылардьң және жеке тұлғалардың қалаулы бала саны, туылу мepзiмi, олардьң жас аралықтарын тиімді жоспарлауға бағытталған саналы түрде қабылданған ic-әрекеттері.
Отбасын жоспарлау жеке тұлғалар мен ерлі-зайыптылар қалауымен бала санына жету.
Отбасын жоспарлаудың кажеті:
• қалаулы денісау баланы туу ушін;
• әйелдердің денсаулығын сақтау үшін;
• өмірлік жоспарларды жүзеге асыру үшін;
• өмip сүру сапасын жақсарту үшiн.
87.
Бос уақыты,қол жетімді іс-
Бос уақытты ұйымдастыру
проблемасы – кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстылықпен күресудің
ең маңызды мәселелерінің бірі.
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың
бос уақытын ұйымдастыруға коммерциялық
құрылымдар қысым жасауда, олар стадиондарды,
спорт залдарын, секцияларды өз қолдарына
алды, сол себепті бірқатар жастар спортпен
айналысқанды доғарды. Кейбіреулері, әр
түрлі жолдармен ақша табу мақсатында
бизнеспен айналысып кетті. Кәмелетке
толмағандардың бос уақытын өткізуінің
криминалдануының бір себебі – онымен
мемлекеттік сектор айналысқанды қойды,
бұл жұмыс жоспарланбайды, барлығы антиәлеуметтік
және қылмыстық құрылымдардың қолына
өткен.
Сондықтан да қазіргі басты міндет – балалар
мен жасөспірімдер бос уақытын өткізетін
жаңа орталықтар ашу, оларға жастардың
физикалық, психикалық және рухани дамуына
жағдай тудыратындай әлеуметтік пайдалы
сипат беру.
Бұл мақсатта мемлекеттің ғана емес, коммерциялық
құрылымдардың, қайырымдылық қорларының,
қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың,
діни конфессиялардың да мүмкіндіктерін
пайдалану керек, кәмелетке толмағандардың
бос уақытын ұйымдастыруға арналған қаражаттың
қалай, қайда жұмсалғандығын қатаң қадағалауға
алу керек.
Бос уақытта жасалатын қылмыстарға жан-жақты
ойластырылған алдын алу шараларын қарсы
қоюға болады, олар құқық бұзушылыққа
итермелейтін себептер мен жағдайларға
тосқауыл болар еді.
88презентация
патриот
89. Жастар саясаты туралы пікір
Әр саладағы жастардың басын қосып, бұл шараны ұйымдастыру – үлкен жеңіс. Жастар - қоғамның локомотиві. Біз, былайша айтқанда, локомотивті оталдырып қойдық та, жүргізбей тұрмыз.
Көптеген депутаттар жастардың үй мәселесін, жүріс-тұрысын шеше беретін болсақ, бұл заң емес, қайырымдылық қоры болып кетеді деп санайды. Бұл –қате пікір. Менің ойымша, мемлекет жастарға қамқор болса, жастар мемлекет үшін қызмет етеді. Бізде үй мәселесі түгілі, ЖОО-ларда жатақхана мәселесі шешілмеген. Біз сапалы маман ала алмаймыз. Өйткені, жастар білім алудың орнына жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Бүгінде жастарды қолдауға қоғам қайраткерлері ниет білдіріп отыр.
90. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық
Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар халықтық дәстүрлерде, адамгершілік принциптерде, діни мәдениетте жақсы жазылған және әлеуметтік ойдың озық белгілері, жеке тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері жинақталған күйде, әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс.