Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 16:43, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Педагогике" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ult_tarbie.docx

— 123.08 Кб (Скачать документ)

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары  мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:

  • жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • білім, еңбек және жүмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;
  • жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;
  • жас таланттарды қолдау мен шыңдау;
  • жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;
  • балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдеседі.

20. Мемлекеттік тіл - көпұлтты (көптілді) мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту, мәдениет, баспасөз бен байланыс (почта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т. б. міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті» деп көрсетілген. Егемендік елдің бір белесі-мемлекеттік қазақ тілі. Осы ел белесін жоғары деңгейде ұстау үшін сот жүйесі мемлекеттік қазақ тілін игеруге одан әрі дамытып нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Тіл - мемлекеттің ең асыл қасиеті, табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл ұлттың тірегі. Тіл - өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ойы мен парасаттың белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі - ұлттық руханиятымыздың өзегі. Мемлекеттік тіл – азаматтық сәйкестіктің басты нышандарының бірі. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету- өте күрделі мәселе. Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

21Жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтар-тұлғаның құндылық бағдарын және өзіндік санасын қалыптастырудың негізі-Жалпыадамзаттық құндылықтар – түрлі халықтардың,түрлі діннің,түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс.Сол себепті адамзаттық деп аталады,өйткені олар біртіндеп жинақталды.Тұлға мәдениетінің негізгі оның жалпыадамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді.Құндылық ұғымы болмыстың белгілі құбылыстарының адами,әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады.Адам құқығы және еркі – жалпыадамзаттық құндылық,себебі олар адамзаттың жалпы мүдделерін танытады,әрқилы халықтардың, діндер мен дәуірлердің рухани мұраттарын жақындатады. Жалпыадамзаттық құндылықтар арасында ұлттық құндылықтар шегерілмейді.Ұлттық құндылықтар-тұтас бір жүйе.Оған халықтың тілі,діні,мәдениеті,әдебиеті,өнері,сондай –ақ халықтың әдет-ғұрыптары,салт-дәстүрлері,жол-жоралғылары,ұғым-түсініктері, дағды, көзқарастары жатады.Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтардың өзегі болып табылады.Өзіндік сана- адамдардың өзін практикалық танымдық іс-әрекеттің субьектісі.Жеке тұлға, яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін,қызығушылығын құндылығын,мұратын және мінез-құлығы ретінде ұғынуы және бағалануы. Жалпыадамзаттық құндылықтың негізі,ол үнемі басқа адаммен қарым-қатынасқа бағытталған.Жастардың құндылық бағдарын қалыптастырудағы ұлттық тәрбие үдерісінде олардың адамгершілік санасын,сезімін,инабатты міңез-құлық дағдысын қалыптастыру бір-бірімен байланысты жүзеге асырылуы керек.

22.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
  2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

23 .2050-стратегия Қазақстан -2050 стратегиясы –Қазақстан -2030 стр.-ң жаңа кезендеегі үйлесімді дамуы.Мақсаты: 2050 жылға қарай әлемнің ең дамығаан 30 елінің қатарында болу; Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту ;Жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болу;жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру; білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру т.б. 2050 жылғы жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы 1-ші кезектегі міндеттер:үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық  іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс;аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс; Президент әкімшілігі оны дайындау және кейіннен іске асыру барысын ерекше бақылауға алуы тиіс.Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазақстан -2050стр. Осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.

24.Әлем жастарының қазіргі заманғы мәселелері

Жастардың түрлі ағымдардың сонында кетуіндегі басты себептер:

-  Ата-ананың баласымен ой бөліспеуі, көңілдерін аудармауы;

- Өткен өміріндегі кемшіліктер мен күйзелістер;

- Жастар психологиясының тұрақсыздығы;

- Сыни ойлаудың, өзіндік ой қорыту, талдаудың жоқтығы;

- Қоғамда өз орның таба және  бейімделе алмауы;

- Әдемі мен әділдің ара салмағын  аңғармауы;

- Білім және діни сауатының  төмендігі;

- Тұрмыс деңгейінің төмендігі;

- Бос уақыттарының көптігі;

- Құндылықтардың тез өзгеруі.

Жастар арасындағы өткір  мәселелер:

§  Криминалды топтарға жастардың қызығушылығы;

§  Еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілетінің елеңбеуі және шеттетілуі, жұмыссыздықтың белең алуы;

§  Мәдени орындар мен спорт кешендерінің қол жетімді болмауы;

§  Маскүнемдік, нашақорлық кең етек алуы;

Осы аталған жағдайлардың барлығы  экстремизмнің күш алуына көмектеседі.

Экстремизмнің қоғамда  таралудың басты себептері:

§  Әлеуметтік - экономикалық дағдарыс;

§  Өмір сүру деңгейінің қиындай түсуі;

§  Билік өкілдеріне көңілі толмаушылық;

§  Жоғарғы биліктің нақты шынайы ақпаратпен қамтылмауы; Статистикалық мәліметтердің бұрмалануы; шиеленісті мәселеге көз жұма қарау;

§  Жастар бойындағы ұлттық ашу, олардың мүдделерін елемеу;

Жаһандануда жаңғыра алып өз ұпайымызды еселеп, өзіміздің ұлттық құндылықтамызды  жоғалтып емес, қайта паш ете алуымыз  қажет. Жоғарыда аталып өткен мәселелерге  жіті қарамасақ, биліктің өз алдына, ал жұрттың байланыссыз әйтеуір  тіршілік етіп өмір сүріп жатқандығы айқындала түседі.

Дәл қазіргі  ең басты қауіп ол жастар арасында дінді бетпердеге айналдыру мәселесі, әсіресе, РR технологияда да көрініс табуда. Осыны тез арада реттеу аса маңызды. Ел болған соң елдігімізді айқындап, ұлттық болмысымызды сақтауымыз керек. Жас мемлекетімізге сыннан көрі, қазір ұсыныстар айту аса маңызды. Осы негізде экстремизмнің алдын-алу барысында мынадай ұсыныстарға тоқталсақ:

1. Арнайы, ғаламторлардағы желідегі  пікірмен санасып, қанағаттанарлықтай  жауап беретін тұрақты топ,  бөлім құру. Оған кәсіби психолог, кәсіби педагог, кәсіби әлеуметтанушы,  кәсіби дінтанушы, кәсіби теолог, т.б. мамандар тартылуы керек.

2. Желілік маркетингті (сетевой  маркетинг) жүйелі қадағалау және  қайырымдылық және қоғамдық қорларды, сауықтыру орталықтарын қатаң  бақылауға алу.

3. Экстремизм, терроризмге қарсы  бағытталған жарнамаларды кеңінен  тарату және тиісті орындарға  орналастыру.

4. Ұсақ қақтығыстарды уақытылы  реттеу, созылмалы диалогтан қашу.

Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың  пікірінше, суицидтің үш түрі бар  көрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден  түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры  өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім  тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны  қолына суық қару немесе арқан-жіп ала  жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар  өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы  еместігін, абырой әпермейтінін жақсы  түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен  қиындықтан шығатын жол жоқ болып  көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер  дайын тұрады.

25.ЖОО-дағы  ұлттық тәрбие-студент,азамат,патриот  ретіндегі жаңа статусты  қалыптастырудың  психологиялық-педагогикалық қолдауы.

ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУдің  мақсаты-ұлттық сан сезімі ояу,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті,парасатты,ар-ожданы мол,еңбекқор,іскер,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Бүгінгі қоғамдағы тәрбие жүйесінің жай-күйі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы.Ол мына төмендегідей көріністермен сипатталады:

1.жастардың адамгершілік қасиеттері  деңгейінің төмендеуімен,жеңіл әрі  жылдам баю үшін тұтынуға бағытталған  озбырлықты,мейірімсіздікті,қылмыстық  тәртіпті үгіттейтін насихаттың  күшеюімен;

2.мәдени деңгейінің төмендеуімен,ұлттық  және әлемдік құндылықтарынан  бас тартумен,рухани әрі мәдени  жағынан жүдеумен;

3.жастар белсенділігінің әлеуметтікке және құқықтыққа қайшы түрлерінің өсуімен;

Жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

1.ұлттық ар-намысты қалыптастыру;

2.азаматтық бірегейлікті қалыптастыру;

3.қазақстандық патриотизм мен  толеранттықты ,өзін-өзі анықтауды  қалыптастыру;

4.мемлекеттік тіл ретінде қазақ  тілін,ұлтаралық қатынас тілі  ретінде орыс тілін,жаһандану  жағдайында ағылшын тілін игеру; 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ-жеке тұлғаның өзіндік қызығушылығын,мақсатын,мүмкіндіктерін және оқуда,өзін-өзі тәрбиелеуде,қатынаста,өмір салтында күтетін нәтижеге өз бетімен жетуіне,өзінің адамзаттық абырой-беделін сақтауға кері әсер ететін кедергілерді жою жолдарын анықтаудағы бірлескен үдеріс.Педагогикалық-психологялық қолдаудың формалары-жылы лебіз,құлақ сала білу,кеңес беру,құқығын қорғау,Педагогикалық-психологиялық қолдаудың кезеңдері:диагностикалық,ізденушілік,өзара келісімділік,іс-әрекеттік.Тәрбие үдерісінің нәтижелігінің негізгі өлшемдері:өзін-өзі анықтауына,өзін-өзі әс жүзінде көрсетуіне,өзін-өзі ұйымдастыруына дайындығы.

26.Қазақ  халқының мәдениетін меңгеру-қазақстандық  дамушы азаматтық қоғамды біріктіретін өзегі.

Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне  келсек,адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетіні мәлім,біріншісі-рухани мәдениет,екіншісі-материалдық мәдениет.Рухани мәдениетке музыка,әдебиет,сәулет өнері  жатса, адам балас ының  шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материадық мәдениетті құрайды. Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады.Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"