Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 16:43, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Педагогике" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ult_tarbie.docx

— 123.08 Кб (Скачать документ)

4 тарау 20 баптан тұрады.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған;

3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары

Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері

1. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк жастар саясаты жастардың  рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби  қалыптасуы мен дене тәрбиесiн  дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар  мен кепiлдіктер жасау, бүкiл  қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық  әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге  асырылады. 

2. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк жастар саясатының  мiндеттерi:

1) жастардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарға көмек беру  және әлеуметтік қызметтер көрсету; 

3) жастардың әлеуметтiк  маңызды бастамаларын iске асыру  болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк жастар саясаты: 

1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық  топ ретiнде жастардың мүдделері  мен қажеттілiктерiн тану;

2) Қазақстан Республикасының  тарихи және мәдени құндылықтарының  басымдылығы; 

3) тән саулығын сақтау  және нығайту; 

4) адамгершілік және рухани  даму;

4-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті

1. Қазақстан Республикасының  Үкiметi:

1) мемлекеттік жастар  саясатын әзiрлейдi;

2) мемлекеттiк жастар саясаты  саласындағы бағдарламаларды бeкiтеді  және оларды iске асыруды қамтамасыз  етеді; 

 

2-тарау. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жастарсаясатының негізгі  бағыттары

5-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк жастар саясатының негізгі  бағыттары:

1) жастардың құқықтары  мен бостандықтарын сақтауды  қамтамасыз ету; 

2) жастар еңбегі мен  олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы  кепілдіктерді қамтамасыз ету; 

3) жастардың кәсіпкерлік  қызметіне жәрдемдесу;

4 ) жас отбасыларын мемлекеттiк  қолдау;

5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

6-бап. Жастардың әлеуметтік құқықтары

Қазақстан Республикасында  жастардың:

1) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес мемлекеттік  медициналық мекемелерде тегiн  медициналық қызмет көрсетiлуiне;

2) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес мемлекеттiк  оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;

3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару  органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті  жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру  және мәдени-ағарту ұйымдарына  баруға;

7-бап. Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары

8-бап. Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын шешуге жәрдемдесу

9-бап. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi мемлекеттік қолдау

10-бап. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау

11-бап. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдау

12-бап. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу

3-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын  қалыптастыру және іске асыру

13-бап. Мемлекеттiк жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттiк жастар саясаты: 

1) республикалық және  жергiліктi бюджеттер қаражаты;

2) жеке және заңды тұлғалардың  ерiктi мүлiктiк жарналары; 

14-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және iске асыруға жастардың қатысуы

15-бап. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер

16-бaп. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу

17-бап. Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым

4-тарау. Қорытынды ережелер

18-бап. Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Мемлекеттiк жастар саясаты  туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

19-бaп. Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану

Осы Заң күшiне енген кезде  қолданылатын Қазақстан Республикасының  заңдары оған қайшы келмейтiн  бөлiгiнде қолданылады және ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде  соған сәйкес келтiрiлуге тиiс.

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртiбi

1. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан  бастап қолданысқа енгiзiлетiн 6-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

52. Жастар ұйымдары туралы 
«Қайсар» республикалық қозғалысы 
«Қайсар» республикалық жастардың қоғамдық-саяси қозғалысы өз қатарында жастар ортасының лидерлары мен белсенді жас адамдарды біріктіреді. 
«Қайсар» қозғалысының негізгі мақсаты, қаланың қоғамдық-саяси өмірінде жастардың қатысуына жағдай жасау, Қазақстанның әрі қарай тұрақты демократиялық дамуына жолданған жас адамдардың неше түрлі бастамасын қолдау болады. 
Қозғалыс міндеттері: 
- жастардың құқықтарын қорғау; 
- азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді дамыту; 
- түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; 
- сапалы жоғары білім алу үшін тең мүмкіндіктерге жету; 
- ауыл жастарын қолдау және бейімдеу үшін жағдайлар жасау; 
- мәдени білім деңгейін арттыру. 
«Ақ орда» республикалық қозғалысы 
Қозғалыстың негізгі мақсаты: елдің тұрақты әлеуметтік өрлеуіне және дамуына, әрі қарай нарықтық қатынастарының демократиялануына және дамуына, белсенді азаматтық көз қарасты қалыптастыруға және әрбір адамның күш-қуатын ашу үшін жағдай жасауға, мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны нығайтуға себепші болатын, экономикалық және әлеуметтік реформаларды өткізу. 
Қозғалыстың міндеттері: 
- қазақ тілін оқытудағы стандарттарды әзірлеу және комплекстік бағдарламаларды іске асыру мен пайдалану, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты қайта жаңарту; 
- ауылдың дамуына, оның инфрақұрылымына қолдау көрсету; 
- отандық кіші және орта бизнесті қолдау; 
- өскен ұрпақтың мәдени, рухани даму деңгейін арттыру; 
- тарихи ескерткіштерін қорғауда жәрдемдесу, атақты мемлекеттік қайраткерлері мен ұлт батырлары ескерткіштерін қалпына келтіру; 
- жасөспірім мен жастар арасында салауатты өмір үлгісін насихаттау және бекіту. 
«Қазақстан Студенттер Альянс» республикалық қозғалысы 
Қазақстан студенттер Альянсы белсенді жастар ұйымы болады, оның негізгі қызметі студент жастары проблемаларын анықтауға және шешуге, студенттерге әр түрлі қолдау көрсетуге, студенттерді белсенді қоғамдық өмірге тартуға жолданған. 
Ұйым, жастарды белсенді қоғамдық қызметке тарту, салауатты өмір үлгісін насихаттау, патриоттық сезімді дамыту, студенттік жастар проблемалары бойынша неше түрлі конкурстар мен дөңгелек үстелдерді өткізу, студенттікті өз мәселелерін өздеріне дербес шешу және өз құқықтарына берік болу жөнінде ылғи неше түрлі іс-шаралар өткізеді. 
Жастар қанаты «Жас Отан» 
Сондай-ақ жастармен жұмысты «Отан» Республикалық саяси Партиясының Жастар қанаты «Жас Отан» жүргізеді. 
Оның негізгі мақсаты, жастардың жан-жақты дамуы, рухани-адамгершілік, парасатты және денелік күш қуатын арттыру үшін, әлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға, партияға жәрдемдесу болады. 
Міндеттер: 
- жастар арасында іскерлік белсендікті және кәсіпкерлікті дамыту, жас адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету; 
- жасөспірімдер арасында, құқық бұзушылық, нашақорлық және жастар арасындағы басқа келеңсіз тенденциялардың 
алдын алу және күресуде уәкілетті органдарға жәрдемдесу; 
- ғылым, мәдениет, білім, өнер және т.б., неше түрлі салада, ғылыми-зерттеу, ақпарат жұмысын ұйымдастыру және қатысу; 
- жастар саясаты мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ заң жобалары мен басқа нормативтік актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды, тиісті мемлекеттік органдарына әзірлеу және енгізу; 
- өкілетті билік органдарына, жастар қатарынан кандидаттарды ұсыну; 
- дөнгелек үстелдер, конференциялар, жастар саясатына арналған лекцияларды өткізу. 
«Жасыл Ел»  
Ел Басы Бастамасымен қалыптасқан республикалық «Жасыл Ел» еңбек отрядының алматылық штабы қызметін атап өту керек. 2005 жылы «Жасыл Ел» отрядтары қызметінде, қаланың 16 жоғары оқу орындары, 500 –ге жуық студенттері жазғы жұмыс кезеңінде еңбекке тартылды. Жастарды жұмысқа орналастырудан басқа, «Жасыл Елдің» алматылық штабы, мезгіл-мезгілмен экологиялық мәселелерге қоғамның және жастардың назарын тарту бойынша, «Таза Әлем», «Менің таза қалам», «Халықтың бірлігі – таза Қазақстан үшін», «Сау ұрпаққа -таза таулар», «Алматы махаббат қаласы, гүл қаласы» сияқты акцияларды өткізеді. Ағымды еңбек маусымында, Алматы қаласы бойынша 750-ге жуық студентті жұмысқа орналастыру жоспарланған.

53. Студенттік ұжымдағы этникааралық  қатынас және оларды шешу жолдары. Студенттік шақтағы қарым-қатынас мәселесіне келсек, өзінің жоғарғы көрсеткіштерінде қарым-қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері басады,сондай-ақ адамдар арасындағы басқа адамдарға оның қоғамдық маңызын айқын көрсетеді.

Қарым-қатынастағы қажеттілік студенттердің төменгі курстарында, бірінші курстарда көрінеді. Олардың  көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі жеке контакттар үзіледі (жанұямен, достармен). Үйренбеген жаңа ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да қатар жүреді.

Қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, яғни олардың  профессионалды қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және студенттік ұжымның қалыптасуындағы  тұлғааралық қатынастың қалыптылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімділігі  жағынан алатын орны өте үлкен.

 

54.ЖОО-дағы тәрбие жұмысының  негізгі бағыттарына сипаттама- Оқу ордасында тәрбиелік жұмыстар бірқалыпты жүйеге түсіп қалыптасуда,олардың нәтижелілігі бақылауға алунуда, университететтің көп салалы тіршілігінде тәрбиелік қызметтің маңыздылығына,оның жалпы білім және оқу- үйретім үрдісінде басымдау келуіне деген түсінік біртіндеп қажетті деңгейге көтерілуде.Тәрбие кеңістігінің дамыту қағидалары:руханилық,білім алушылардың құндылық мәдениетті меңгеруге сұранысын қалыптастыруда ізгілік адамгершіліктің жалпыадамзаттық нормаларын сақтауда көрініс табады.ЖОО-дағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бүгінгі күнде қоғамдағы тәрбие жүйесінің жай-күйі қоғамдағы жай күйі күрделі әрі қарама қайшылыққа толы.жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мына төмендегідей негізгі бағыттарына анықтайды:-ұлттық ар-намысты қалыптастыру;-адамзаттық бірігейлікті қалыптастыру;- қазақстандық патриотизм мен толеранттылықты,әлеуметтік мәдени өзін-өзі анықтауды қалыптастыру.Тәрбие жұмыстарының атқарылуынан келген нәтижелерді өлшестіру,оларды бағалау және теориялық тұрғыдан күтілгендермен салыстыру.

55.Қазіргі замаңғы ЖОО-ның  тәрбиелік жүйесі ,оның тәрбиелік  әлеуеті.ЖОО-дағы студенттік өзін-өзі  басқару формалары. Тәрбие жұмыстарының мәні: білім алушы тұлғаның тәрбиелік ортасын дамыту; тәрбие кеңістігі,тұлғаның өзін-өзі анықтайды,өзін-өзі іс жүзінде көрсету,өзін-өзі дамыту,жетілдіру.Тәрбие кеңістігінің сипатттамасы : тәрбие жұмысының ұстанымын сезіну.жетекші бағыт-тәрбиелік үрдіске қатысушылардың іс-әрекеті, отан үшін жауапкершілікті сезіну.Тәрбиелік кеңістігін дамыту.руханилық,білім алушылардың құндылық мәдениетін игеру;ізгілік адамгершілік нормаларын сақтау. Ұжымдық, бірлік, ортақ қызығушылық, достық осының барлығы студент өмірінің бір ғана бөлшегін суреттейді. Мұнда студенттің өзін-өзі басқаруы және өз ортасын дамытуы туралы айтылып отырады. Бұл жерде бірінші орында – студенттердің жоғары белсенділік танытуы, өзін-өзі басқаруы. Бұл - әрбір жоғары оқу орындарындағы тәрбие жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі. Қазіргі таңда, елімізде, сонымен қатар, университетімізде жастар ұйымдарының жұмыс деңгейі әлде қайда жоғарылағаны бәрімізге аян.Студенттің  өзін –өзі басқару – Қазақстан республикасының мемлекеттік жас саясатының пішіндерінен, жастардың мақсаттары,  студенттің қоғамдық қозғалысының консолидация, қоғамды ең толық игерушілігі, студент мәселесінің шешімдері,  әлеуметтік-экономикалық өзгеріс; факультет студенттерідің бірлескен шешімі ,бойынша студенттің өмірінің сапасының көтермелеуі болып табылады.   Бүгінгі таңда студенттің өзін-өзі басқару, студент активтерінің  қатысуы бойынша басқара алады.  Сондықтанда, студенттер өздерінің жауапкершіліктерін сезіне білуі және өзінің басты алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы тиіс,  ал жоғарғы оқу орындары өздерінің басты міндеттерін сапалы білім беру және үлгілі  тәлім-тәрбие беру және студенттің жатахасында  қолайлы жағдай жасаулары тиіс. 

56.ЖОО-дағы көпэтникалық  орта және оның студенттің  ұлттық санасын қалыптастыруға  әсері.- Жоғары білім алудағы ортақ мақсат, еңбектің бір сипатта болуы-оқу,өмір сүру үлгісі,ЖОО –ның қоғамдық істеріне белсене араласуы студенттер арасында бірегейшілікке алып келеді.Бұл студенттердің орынды әрекет формалаларының көптігінде көрініс табады.Қоғамның әр түрлі әлеуметтік институттарымен белсенді өзара әс-әрекетін ЖОО-дағы оқу ерекшелігінің студенттік қарым қатынас мүмкіндігі жоғарлатуы маңызды ерекшелік болып табылады.Біздің елімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары бар.Мемлекеттік оқу орындарында көбіне қазақ ұлты оқиды.Халықаралық оқу орындарында көбіне басқа ұлт өкілдері көп болады.Көпэтнткалық орта -деп осы халықаралық оқу орындарында оқып жүрген әр ұлт өкілдерінің жиынтығын айтар едім.ЖОО-ның ұлттық тәрбие беру мазмұны жастарды ұлттық сананың жоғары деңгейін,өзіне нәтижесі шығармашылық іс-әрекетіне дайындығын,басқа мәдениетті түсіну және құрметтеу сезімі дамыған,әлемде және әр түрлі ұлт және алуан түрлі діни сенімі бар адамдармен өмір сүре білуді енгізетін тиімді құзыреттілікті қалыптастыруына назар аударылады.

57.ЮНЕСКО-ның толеранттылық  қағидалары Декларациясының негізгі  талаптары. Толеранттылықты құрайтын қағидалар ға мыналар жатады:этникаралық қарым-қатынастағы құндылықтардың,көзқарастардың демократиялық жүйесі;басқа мәдениетімен,санасымен ,салт-дәстүрімен адамды қабылдай білу;ұстамдылық пен келісім негізінде басқа ұлт өкәлдерімен өзара әрекетке психологиялық дайындық.1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған  «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген.Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма,әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруде негізгі көңіл бөлінеді. «Толеранттылық» латынша Tolerantio-шыдам,төзім терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі. Этникалық толеранттылық мәні – басқа ұлт өкілдеренің сыртқы түрін.ойлау жүйесін,өзіндік ұлттық,мәдени ерекшеліктерін,іс-әрекетін принципті түрде қабылдау алуда.Этникалық барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне трансформацияланады.Сондықтан, философиялық, педагогикалық-психологиялық тұрғыда этникалық толеранттылық феноменін толеранттылықты студенттерідің қажетті қасиеті ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Этникалық толеранттылықты қалыптастыру процесінің формасы мен мазмұны педагогикалық шарттар жүйесімен сипатталады

58.Толеранттылық  – жастар арасында ұлтаралық  қарым-қатынастың рөлін арттырудың  жетекші қағидасы.

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"