Шпаргалка по "Педагогике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 16:43, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Педагогике" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ult_tarbie.docx

— 123.08 Кб (Скачать документ)

27 Студент-  туған елдің, жалпы ұлттық және  әлемдік мәдениетті сақтаушы Студент жастардың тұлғалық сипаттамасының дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы,ізгілік,зиялық , креативтілік, белсенділік ,жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Студент (лат) students – жоғары, кей мемлекеттерде орта оқу орындарында білім алушы.Жоғары оқу орындарында студент жастардың бойында білімдер тек теория жүзінде ғана үйретілмей,олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін ,алтын діңгегін түсіндіре білу және сол білімдерді практика жүзінде іске асыру қалыптасады. .Студент жастар деп-өзіндік мақсаттары,өмір сүру ортасы,ерекше еңбек реті,әлеуметтік жағдай және психологиясы,бағдарлар жүйесі болатын жастар.

28.  Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:

  • белсенді қарым-қатынас:  оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;
  • индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;
  • өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;
  • шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік  деңгейге шығаруға қабілетті тұлға  тәрбиелеу үшін:

  • оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
  • жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;
  • ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;
  • жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеді.

29.ҚР-дағы  жастар бірлестіктері мен ұйымдары.Халықаралық  жастар ұйымдары.

Алматы қаласының жастар қоғамдық бірлестіктер Ассоциациясы  
Негізгі бағыты жастар ұйымдарына шартты мақсат пен міндетті іске асыру, жастарда ойдың жаңа үлгісін қалыптастыру және табысты тұлғаның капиталы ретінде, әлеуметтік капиталдың ойын орнықтыруда көмектесу болатын, Алматы қаласының жастар қоғамдық бірлестіктер Ассоциацисы (ЖҚБА) қызметін атап өту керек.  
Қызметі мыналарға жолданған:  
- жастар ұйымдары жұмысы мен басқару принципіне инновациялық жолды әзірлеу;  
- жастар саясатын іске асырудағы жастар ұйымдары үшін жалпы біртұтас тұжырымдамасын қалыптастыру;  
- жастар секторы жұмысын мемлекеттік билік органдарымен, халықаралық ұйымдары бизнес құрылым өкілдерімен серіктестік ара қатынасын құру.  
 
Қозғалыс міндеттері:  
- жастардың құқықтарын қорғау;  
- азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сезімді дамыту;  
- түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;  
- сапалы жоғары білім алу үшін тең мүмкіндіктерге жету;  
- ауыл жастарын қолдау және бейімдеу үшін жағдайлар жасау;  
- мәдени білім деңгейін арттыру.  
Халықаралық студенттік қозғалыс (бағдарлама) - SIFE  
Қаланың жастары арасында, 1995 жылдан Орталық Азия аймағында жұмыс істейтін, Халықаралық студенттік қозғалысы- SIFE өте әйгілі. SIFE қызметі, Жоғары оқу орындарында, рынок экономикасының принциптеріне оқыту және ағарту мақсатында, студенттік командаларды құруға жолданды. Кәсіпкерлік қызметтің дағдысына ие болған, еркін кәсіпкерлік идеясын тарату үшін,  
қозғалыс мүшелері білім және бизнес жобаларын әзірлейді және олардың іске асырылуына айналадағыларды қатыстырады. Сонымен бірге кәсіпкерлікпен айналысады. SIFE Қозғалысының Казақстандық бұтағы Алматы қаласының және Республиканың барлық ірі Жоғары оқу орындарында жұмыс істейді.

«Достастық» халықаралық жастар ұйымы  бірнеше жобаларды қолға алмақ  ойда, оған қазақстандық үкіметтік  емес ұйымдар да қатыса алады.

30Ұлттық  тәрбиенің субьектісі ретінде  студент тұлғасының сипаттамасы- Студент жастардың тұлғалық сипаттамасының дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы,ізгілік,зиялық , креативтілік, белсенділік ,жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Студент (лат) students – жоғары, кей мемлекеттерде орта оқу орындарында білім алушы.Жоғары оқу орындарында студент жастардың бойында білімдер тек теория жүзінде ғана үйретілмей,олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін ,алтын діңгегін түсіндіре білу және сол білімдерді практика жүзінде іске асыру қалыптасады.

31.Ұлттық  сана-ұлттық тәрбиенің мақсаты  мен нәтижесі.32.Ұлттық сана-ұлттық тәрбиенің құндылық-мағыналық өзегі.Студент тұлғасының ұлттық санасының құрылымы.

Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға  болады:

  • 1. сезімдік, түйсіктік.
  • 2. саналы теориялық.

1-сі ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын,  сүйетін алғашқы ыстық сезімнен  туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының  өткенін, қазіргісін, келешегін толық  біліп, тексеріп, халық тағдырына,  ұлт мәселелеріне мемлекеттік,  елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан  теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама  тұрғысынан қарап, аңғару арқылы  болатын саналы ойдан туады.

Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Адамның өз бетімен

Жинаған және осы жолда  өзінің белсенділігін көрсеткен  санасын өзіндік сана деп атайды.Студент  жастардың ұлттық санасын тәрбиелеуді  қамтамасыз ететін негізгі механизмдерге-мәдениетаралық диалог барысында ұлттық мәдениет құндылықтарына,ұлттық салт-дәстүрге қатыстыру,ұлттық және мәдени өзін-өзі ұқсастыру жатады.Ұлттық сананың негізгі компоненті-ұлттық сезім,оның өзі үш элементтен тұрады.Біріншісі-ұлттық қадір.Бұл ұғым адамның өз ұлтын  қадірлеу,сыйлау,өзгелердің алдында  оның беделін түсірмеу,ұлт өкілі  ретіндегі адамның үнемі өз қадірінің  болуын ойлап әрекет етуі.Екіншісі-адамның  белгілі бір ұлтқа тиістілігін  сезінуі.Ол әр адамның өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуі.Үшіншісі-ұлттық мақтаныш,яғни адам мемлекетінің жерімен,оның қазба байлықтарымен,бай мәдениетімен,ұлы адамдарымен мақтанады.Ұлттық сананың маңызды компоненттерінің бірі-ұлттық мүдде,ол сол ұлттың рухани,әлеуметтік,қоғамдық дамуында шешуші рөл атқарады.Бүгінгі таңда қазақ халқының мемлекет құрушы ел ретіндегі басты мүдделері-тәуелсіздігіміздің нығаюы,ана тілінің дамуы,салт-дәстүрлердің өркендеуі.Адам санасының басты белгілері-айналасындағы дүние туралы жүйелі ұғым-түсініктердің қалыптасуы,алдына мақсат қоя білуі,өзінің тәжірибесін,білім,білік,дағдыларын өзінен басқаларға бере білу қабілеті.Ұлттық сана дегеніміз-сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін,халқының тағдырын,ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп,жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі.

 

33.Жаңа қазақстандық  патриотизм-көпұлтты қоғамды табысты  дамытудың негізі және оны  жастарда қалыптастырудың шарты.

қазақстандық патриотизм – қазақстанды  мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай  отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы. 
Қазақстандық патрио¬тизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке ша-қыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтырХалқымыздың ұлы ақыны Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырым жасайды. Ал отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады. 
Қазақстандық патриотизм – еліміз бен жеріміздіңің тәуелсіздігі, білім мен ғылымда, мәдениетте, спортта әлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу. 
Қазақстандық патриотизм – әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деді Президент. Мемлекет Басшысы бұған дейінгі Жолдауларында да патриотизм тақырыбын қозғағаны белгілі. Айталық, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деген халыққа Жолдауында: «Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», – деген еді. 

Егер де жан-жақты мәселелерді  қамтыған патриотизмді күшейту, оны жастар үшін ұстанымның альтернативті моделіне айналдыра алатын болса, онда бұны тиімді шешім деп қарастыруға болады. Сонымен қатар қауіп-қатерлердің алдын аламыз. Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қажеттілігінің өзектілігі де осында жатыр.

Сонымен қатар, жастарды патриотизмге баулу оларға үлгі болар тұлғалардың  көмегінсіз мүмкін еместігін атап өткен жөн. Елбасы «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһар «Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:

- Ең алдымен тарихымызды –  Қазақстан халықтарының тарихын  білу;

- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;

- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе  жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды  жалғастыру.

- Өткен тарихымыздың жақсылықтары  мен тәрбиелік мәні бар жақсы  қасиеттерін сақтап, одан әрі  жан-жақты дамыту, оның өркендеуі  үлес қосу;

- Абай атамыз айтқандай, ұлттық  қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт  атына кір келтіретін жат пиғылдан  аулақ болу.

мандарын көрсету және жасауымыз  керек», – деп айтты.

34.Қазақстан  халқы бірлігі Доктринасы-жалпыұлттық  маңыздағы идеологиялық стратегия.

Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа  бірігіп ұмтылудың серпіні.

Доктринаның қажеттілігі өмірдің  өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ  жоқ.  

   Осы Доктрина халық бірлігін нығайтуға, демократияны, мәдениеттер және өркениеттер сұхбатын дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік басқару шараларының біртұтас жүйесін жасаудың негізі болады.

Доктринаны жүзеге асыру Қазақстанның жедел дамуы үшін, әрқайсымыздың  лайықты өмір сүруіміз үшін елдің  адами, интеллектуалдық әлеуетін жандандыру мен жұмылдыруға, азаматтардың Қазақстан  Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқығы мен бостандығын  сақтау және қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға  дейінгі Стратегиялық даму жоспарына  сәйкес, Доктрина қазақстандық қоғамды  ұйыстыру үдерісінің басты құралы болмақ.

Ұлт бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің  экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі  ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

 

Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті  нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің  басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт.

Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін  қалайды.

 

35.Қазақстан халқының ұлтаралық қатынасындағы қазақ этносының нығайтушы рөлі. Қарым-қатынас барысында ұлттық  қарым-қатынас және ұлтаралық қарым –қатынас көрініс табады.Бұл екі деңгей өзара тығыз байланысты. Ұлттық қарым-қатынас мәдениеті берілген халықтың тарихымен, оның мәдени жетістіктерімен,дағдылары қарым-қатынас сипаты,дәстүрлерлері, әдет-ғұрыпымен тығыз байланысты. Ұлтаралық қарым-қатынас-жоғары ұлтшылық қарым-қатынас мәдениетінің мызғымаз байланыста, өз ұлтына, оның мәдениетіне, тілі мен дәстүріне деген сый-құрмет негізінде қалыптасады. Сондықтан өз ұлтына, оның өкілдеріне, ілгіруші мәднени –рухани және саяси құндылықтарына деген өнегелік, қамқор, сый- құрметті қатынасты тәрбиелеу жоғары ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне маңызды элементі болып табылады.

Әрбір ұлттың ұлтшылық қарым-қатынас  мәдениеті оның саяси ,әлеуметтік-экономикалық  мәдени ортасының даму денгейімен сондай-ақ, ұлттық сана- сезім , ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлтаралық қарым-қатынас  –қоғамның,халықтың,тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің  рухани байлансы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады. Халықтардың  өзара қарым-қатынасының Қазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылатын қарсылықпен мәңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуін алдын алу болып табылады. Қазіргі  кезендегі Қазақстандағы мәдени жағдайды 3 ке бөліп көрсетуге болады. 1 –ден , бұл барлық ұлттық рухани бастауларды  біріктіретін дүниежүзілік мәдениет, 2-ден елімізде тұратын әртүрлі  ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің  ынтымақтастығы негізенде бұнда  туындайтын жалпықазақстандық мәдениет, және 3-ден еліміздің байырғы халқының ұлттық  мәдениеті. Консолидация-  біріктіру нығайту- адамдарды әлеуметтік топтарды,қоғамдық ұйымдарды белгілі бір ортақ мақсат ынтымақ үшін біріктіру ары қарай дамыту болып табылады.

 

36 Азаматтық  әлемді қоғамдық келісімді сақтау  және нығайту- Қазақстанның өркендеуінің  шарты.

37Ұлтаралық  және конфессиаралық келісімнің  мәні мен мазмұны- Қоғамдағы келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі –тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі – оның салт дәстүріне, әдет ғұрпын ,әдебиеті мен мәденитін сақтауының негізі болып табылады.Елдегі  ұлтаралық келісім мәселеріне ықпал тигізін келе жатқан ұйымдарының бірі- Қазақстан халқы ассамблеясы б.т. ҚХ ассамблеясы –ҚР президенті жанындағы кеңесші орган. ҚР през.нің Қазақстан Ассамблеясы құру туралы жарлығымен елдегі қоғадық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің нығайту мақсатында 1995жылы наурыз 1- де ҚХАның мақсаты –республикада оқиғалалар баға беру және саяси жағдайларға болжау жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру ҚР през. Республика азаматтарының құқықтарының бостандықтарын қорғау кепілі ретінде қызметіне ат салысу керек.

АССАМблея:  мәдени- ағартушылық- тілдер мен ұлтық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді жаңғырту насихаттау;тәрбиелік –Қазақстандық және ұлттық отансүйгіштікті қалыптастыру ұлтаралық катынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісім мен нығайту қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында қарым-қатынасты достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемелекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ұсынысымен айналысады. Дін- адамзаттың халықтардың, ежелден келе жатқан қоғамдық санасының бір түрі, ол да әлемге құндылық ретінде қарау, адамды діни рухани имандылық дәстүрді тәрбиелеу мәселелерінің көтереді. Қазақ жерінде ғасырлар бойы түрлі дінді ұстанған әр алуан халықтар өзара келісіммен  татулықта өмір сүріп келеді.Сондықтан қазіргі Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім салтанат құрған жарқын үлгісіне айналып отыр.  «Елбасы Қаз 2050 стратегиясын:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  Қазақстан халқына жолдауында (азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім біздің басты құндылығымыз.) Көпұлтты еліміздегі татулық келісім,мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған деп атады. Адамдардың діни сенімдеріне қатысты ҚР конс.22 бабында (Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар) делінген. Адамның қандай діни сеніімге енуі оның жеке басының ісі. Дін мәселесін дінтану ғылымы зерттейді. Теология –гр теос –құдай логос ілім конфессиналды ілім (конфессио – мойындау ғибадат қылу белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік)

Информация о работе Шпаргалка по "Педагогике"