Жаңа мемлекеттік стандартқа
сай дайындалған бастауыш мектеп
бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс”
деген арнайы бөлім берілген. Математиканы
оқыту үдерісінде балалардың білімі
мен біліктерін, танымдық қабілеттерін
дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының
бағдарламасында: пәнаралық байланыс
- “ғылымның әр түрлі салаларының арасында
айқын шекара жоқ екендігі және олардың
бір-бірімен тығыз байланыста болатыны
туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге
ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат
құбылыстарының біртұтастығын, өзара
байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады”
делінген. Сонда оқушының бір сабақта
алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге
келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып,
дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге
көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Математика
мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:
- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;
- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;
- сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;
- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;
- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;
- математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).
Математика
мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:
- ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;
- көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;
- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;
- Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:
- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;
- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;
- айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;
- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.
Математика
мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:
- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;
- кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
- Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.
Математика
мен еңбекке үйретудің арасындағы
байланыстар:
- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.
- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;
- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.
Математика
мен саздың арасындағы байланыс:
- сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;
- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;
- саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;
- халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;
Математика
мен дене тәрбиесінің арасындағы
байланыстар:
- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;
- уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;
- баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;
- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;
ШЖБМ-те пәндерді оқытуды жоспарлау
Математикадан
оқу барысын жоспарлау оқу
жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік
жоспар және оқулықтарда көрсетілген
математикадан бағдарламалық материалдардың
мазмұнымен анықталады.
Оқу жоспары
негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар
жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі
бір тақырып бойынша математиканың әр
сабағының жоспары дайындалады.
Мұғалімнің
сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы
мүмкін:
- Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:
- білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.
- дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.
- тәрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.
- практикалық мақсаттары: алынған<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-famil