Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Құралда шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тарихына шолу жасалып, шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, ондағы сабақтардың ерекшеліктері мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өз бетімен білімдерін жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық материалдар берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШЖМ.doc

— 3.31 Мб (Скачать документ)

Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде  орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.

 

ІІ ТАРАУ. ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУ БАРЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

ШЖБМ-дегі математика сабағы, оның түрлері және олардың  ерекшеліктері

Сабақ - оқу тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ туралы айтқан кезде оның мынандай негізгі белгілерін атап кетуіміз керек:

- оқу-тәрбие үдерісінің  белгілі бір шектелген уақыт  (35 не 45 минут) ішінде өтуі;

- сынып деп аталатын  жас шамалары бірдей балалардың  тұрақты құрамынан тұруы;

- қатаң бекітілген  сабақ кестесінің болуы;

- өтілетін материалдардың  барлық балаларға бірдей болуы;

- әр түрлі оқыту  әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың  іс-әрекетін ұйымдастырудың ұжымдық,  топтық, ұжымдық-үлестірімділік, жеке-дара  формаларымен іске асырылуы.

Әрбір сабақтың мақсаты, міндеттері, түрі, қолданылатын көрнекі құралдары, әдіс-тәсілдері анықталуы тиіс және сабақтың кезеңдері көрсетіледі.

Оқытудың міндеттеріне сәйкес сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар: - білімділік;

- дамытушылық;

- тәрбиелік;

- практикалық.

Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: -аралас сабақ;

- мұғалімнің жаңа білімді  хабарлау сабағы;

- оқылған материалды  бекіту сабағы;

- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;

- тексеру және оқушылардың  білімдерін есепке алу сабағы.

Математика сабағы көбінесе аралас сабақ болып келеді. Әрбір  сабақтың түріне қарай оның кезеңдері  де әр түрлі болуы тиіс. Дегенмен қазіргі кездегі сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен, дәптермен және оқулықпен, дидактикалық материалдармен жұмыстан тұрады.

Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері  әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта  әр түрлі болуы мүмкін.

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ  түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз  әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз  математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші  топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

Ал екінші топқа жататын  ана тілі, табиғаттану пәндері  жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.

       Сабақ   кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты  біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық  сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады. 

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін  сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір  тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.

«Жоғарыда келтірілген сабақтың қай түрін қолданғанда, математикалық білім жоғары деңгейде игеріледі?» сұрағы туады. Л.Канцева, Т.К.Оспанов және т.б. ғалымдар бір пәндік сабақ кестесін түзу тиімді деп есептеп, оны былай дәлелдейді:

  1. Біріктірілген барлық сыныптардағы бірдей сабақтар пәндік алаңдаушылықты туғызбайды.
  2. Мұғалім үшін де “үлкен” сабақтың логикалық жүйесін дұрыс құрып, “кіші” сабақтардың барысын жете қадағалауға мүмкіндік туады.
  3. Бір пәндік оқу жүйесі іс жүзінде бір тақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда әр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. ШКБМ-де соңғы кездері сабақта оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары кенінен қолданылуда. Бір тақырыптық, бір пәндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм бойынша әр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен бірге, ШЖБМ-де лингофондық кабинеттердің де ролі ерекше. Лингофондық қондырғылар өздік жұмысты ұйымдастырған кезде өте қажет құрал, мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп жатқан кезде қалған сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасайды. ШЖБМ-тін математика сабақтарында кестелерді пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың арифметикалық амалдар кестесін, жазбаша есептеу тәсілдерін үйретуге, есептің шешу кездерін меңгеруге ықпал етуге болады.

Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін пән ерекшелігіне, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруы қажет.

Оқу үдерісі екі жақты  үдеріс болғандықтан, оқушылардың өздік  жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен жасайтын әрекетін де керек  етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б. ) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі – олардың ықыласы мен өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн, орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыру  үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескерген жөн:

  1. Оқушылардың өздік жұмысының мазмұнын анықтау (берілетін білім және оны  міндеттері).
  2. Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-тәсілдерді белгілеу.
  3. Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға бағыт беріп көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Өздік жұмысты ұйымдастыруға  қойылатын талаптар:

    • жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
    • оқушылардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыру білу;
    • оқушылардың дербестігін арттырып, өз бетімен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

Өздік жұмыстың мазмұнына  мүмкіндігінше күнделікті өмірден  алынған материалдарды, мәліметтерді, хабарларды енгізіп пайдалану.

§. Жаңа оқу жылына бір  апта қалғанда, бала саны анықталып, сынып комплект құрылып, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспары, математикадан жылдық күнтізбелік жоспар және оқу кестесі жасалады. Сабақтың жақсы өтуі үшін оған жан-жақты дайындық және оны шеберлікпен өткізу қажет. Сабаққа дайындалмас бұрын мұғалім өтілетін материалды жан-жақты меңгеріп, оны өткізу әдістемесімен таныс болуы тиіс. Мұғалім қатар жүргізілетін сыныптардағы сабақтың барысын алдын-ала ойластырып, өз жұмысының әрбір деталін жоспарлауы тиіс, әсіресе, оқушылардың өздік іс-әрекеті ойластырылуы тиіс. Содан соң сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды, яғни көрнекі құралдар, мәтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық материалдарды дайындап алып, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасауға кірісуі керек. Кейінірек сабақтағы әр түрлі жұмыстар қандай ретпен өтілетіндігін анықтайды. Соңынан жазылған сабақ жоспарын тексеріп алу қажет.

Сабақты жоспарлау кезінде  сабақты қай сыныптан бастау керектігі  анықталуы тиіс. Ал сабақты өткізу кезінде жазылған жоспардың орындалуы  қадағаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің тікелей басшылығымен жасалатын жұмыс түрлерімен алмастырып отыру керек.

 

Сабақ кестесінің түрлері және оларды құру технологиясы

 

Оқу жылындағы оқушы  мен оқытушының күнбе-күнгі оқу  еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты  ұйымдастыруға барынша мүмкіндік  беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ  кестесіндегі пәндерді қалай болса  солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді  жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ  тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

        Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге  болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға  да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады. 

      Көп  жағдайларда 2-3 сыныпты  біріктіріп  сабақ өткізуге тура келеді.  Келесі сыныптарда  3-сабаққа ауыстыруы  керек.  Мысалы: қатар оқитын  1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының  жас ерекшелігін ескеріп,  1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау  жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді  бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

     Шағын комплектілі  мектеп мұғалімдері күнделікті  8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған  көрнекілік дайындайды. Сондықтан  да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі  болуына сабақ кестесінің  әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамыз.

 

ШЖБМ-тегі сабақтардың өзара үйлесуі

 

Қоғамымызда болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер білім берудің негізгі сатысы ретінде бастауыш мектепке аса зор мән беріп отыр. Өйткені, бастауыш оқытудың негізгі көздейтін мақсаты - оқушыларды  үздіксіз  білім берудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай жоғарғы сыныптарда  ғылым негіздерін терең игеруге дайындығын мүмкіндігінше көтере түсу. Осыған орай, бастауыш мектептегі білім мазмұнын жетілдіре түсудің  басты бағыттары айқындала түсуде. Сол бағыттардың  бірі бастауыш буында орындалатын әр түрлі ғылым негіздерінің арасындағы үйлесімді жолдарын анықтауға келіп саяды.  «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында»  осы мәселеге, яғни «бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету» керектігіне ерекше мән берілген.

Информация о работе Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы