Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Құралда шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тарихына шолу жасалып, шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, ондағы сабақтардың ерекшеліктері мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өз бетімен білімдерін жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық материалдар берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШЖМ.doc

— 3.31 Мб (Скачать документ)

       1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.

       1981 жылы  басылып шыққан А.Асқарбаева мен  Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі  мектептегі оқытудың мазмұны  мен әдістері» деп аталатын  еңбегінің маңызы аса зор болды.  Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе –  шағын  жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.

       1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған  ғалымдар мен кейбір мектеп  мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981).

       Бұл  еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие ісі жалпылама сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле бастағанын байқаймыз.

Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген  Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік құрал мәселесі Мәскеу ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нәтижесінде 1986 жылы қазақ баласының  табиғатына жақындау математика пәнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл мәселе шешімін Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға жылжыды.

Еліміздің тәуелсіздік  жолындағы күресі мен оған ие болуы  ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді.

Соның арқасында  және мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын азаматтардың жігерлі қимылының  негізінде Республика мектептері 1992-1993 оқу жылынан бастап төл оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендерге көше бастады. 1996-жылғы 26-маусымдағы № 1173-қаулысына сәйкес республика мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік топтамалармен қамтамасыз ету мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осының негізінде 1997-1998 оқу жылынан бастап, барлық тілдегі бастауыш мектептер толығымен жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілді.

Бұл құралдар ҚР бастауыш білімнің  мемлекет стандартының негізінде дайындалған бағдарламаға сәйкес жазылған, қазіргі кезде негізгі  құрал болып саналады.      

Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

        Тәуелсіздік жылдарында толық  орта мектептер саны мен шағын  жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ  3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ  тіліндегі мектептер.

 

 

Шағын жинақты  бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысын ұйымдастырудың ерекшелігі

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік  ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан  тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.

Нақты айтқанда, 1999-жылғы  маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай  анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.

Сыныптарды  комплектіге біріктіру, оның негізінде  сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын  дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі  болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру  қажет делінген. Егер де бала санының  аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.

«ҚР Жалпы білім  беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері  бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта  жұмыс істеу сабақтың құрылысын  анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

  • өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден,  3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

- бір сабақтың үстінде  мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі  мен білім дәрежесі әр түрлі  оқушылармен жұмыс жүргізеді,  сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- шағын жинақты мектептер  орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың  сабақтарына қатысып, араласу,  тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері  аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері  төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

- мұғалім сабақ барысында  ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың  мазмұнын, көлемін, оларды орындау  әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың  білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне,  орындау жылдамдықтарына қарай  лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне  тән тиімді жақтары да бар:

- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны,  оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына  көп мүмкіндік бар.

- дәптер тексеруге,  жеке-дара өздік жұмысқа арналған  жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

- оқушылардың тәртіп  бұзушылығы аз болады.

- оқушылар бірінші  сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа  бейімделеді.

- бір оқу бөлмесінде  күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші  сынып оқушыларына көмек береді.

- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

- аталмыш мектеп мұғалімі  пәнаралық байланысты жүзеге  асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген  артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

- мұғалімдер ұжымының  аздығына қарай, әрбір мұғалімнің  шығармашылық белсенділігінің артуына  жол болмайды;

- сабаққа дайындалуда  оқытушы шектен тыс жүктеме  орындайды;

- мұғалім әрбір сыныппен  сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

- мұғалімнің зейіні  екі немесе одан да артық  сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау  барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы  балалар болмағандықтан, ұжымдық  жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік  жоқ;

- оқушылардың өздік  жұмысы басқа сынып оқушыларының  шуылы, кедергі жасауы барысында  жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке  дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша  талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін  қалады;

ШЖБМ бағдарламасын  өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің  өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ  математика сабағын ұйымдастырудың  мәселелері бойынша қажетті теориялық  және практикалық дайындықтан  өткен болса;

- математика сабағында  мұғалім балаларды қызықтыра  алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

 

ШЖБМ-ге арналған оқу-әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама

Оқыту құралдары –  оқытудың біртұтас әдістемелік жүйесінің  бір компоненті (оқытудың мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптері сияқты).

Оқыту құралдары заттар мен құбылыстардың жиынтығы (В.Е.Гмурман, Ф.Ф.Королев), белгілер (модельдер), амалдар (П.Р.Атутов, И.С.Якиманская), сондай-ақ тікелей оқу-тәрбие үдерісіне қатысушы, жаңа білімді меңгеруді қамтамасыз етуші және ойлау қабілеттерін дамытушы (Г.С.Костюк, А.Р.Лурия, М.Н.Скаткин) сөз деп түсінеміз. Оқыту құралдары – бұл ақпарат алу тіреккөздері, бұл әр түрлі модельдердің жиынтығы деуге болады.

Оқыту құралдарын табиғаты әр түрлі модельдердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады, ал әрбір модель, біріншіден, оқытылатын ұғымдарды толығымен немесе ішінара ауыстырады; екіншіден, оқытылатын ұғым жөнінде жаңа мәліметтер береді

Оқытылатын материалдардың берілуіне байланысты модельдер заттай-материалдық (иллюстрациялық) және идеалдық (ойлау) болып бөлінеді.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) өз ретінде физикалық, заттай-математикалық (тура және тура емес үйлесімділік) және кеңістіктік, уақыттық т.б. болып бөлінеді. Ал идеалдық модель образдық және логикалық-заттай (баяндау моделі, аналогия моделі) болады.

Заттай-материалдық (иллюстрациялық) моделін біріктірген оқыту құралдарына  приборларды, кестелерді, диапозитивтер, диафильмдер т.б. жатқызуға болады. Ал идеалдық модельден тұратын оқыту құралдарына бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу құралдары, әдістемелік мақалалар, мұғалімге арналған көмекші құралдар т.б. жатқызуға болады.

Информация о работе Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы