Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Құралда шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру тарихына шолу жасалып, шағын жинақты бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық негіздері, ондағы сабақтардың ерекшеліктері мен оқушылардың сабақта іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің өз бетімен білімдерін жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық материалдар берілген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ШЖМ.doc

— 3.31 Мб (Скачать документ)

Оқыту үдерісінің екі  жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.

       Шағын  жинақты бастауыш мектептерді  көрнекі құралдармен жабдықтау  ісінде үлкен табыстарға қол  жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер  – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар  болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына  сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.

Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:

  1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);
  2. Оқулықтар (1-4 сыныптар);
  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)
  4. Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);
  5. Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);
  6. №1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);
  7. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)
  8. Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);

ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады.

Оқу құралдарының әдістемелік  аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар  да, оқу құралдары да оқушының өз  бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.

Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке  арналған оқу  құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі  пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше  сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.

1964 жылы В.П.Стрезикозиннің  басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік  ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі  үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.

Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа  енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс  орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын  заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.

Сынып-кабинетті әдістемелік  жабдықтауға да баса назар аударылуда. Әдістемелік жабдықтауға мыналар  кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.

Бұлармен қоса, арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:

  1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
  2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.
  3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін  тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.

Практика көрсеткендей, қалыпты мектептерде қолданылатын оқыту, көрнекі құралдарды, жабдықтарды ШЖБМ ерекшеліктеріне сәйкестендіре қолдануға болады. Мысалы, сынып тақтасы, қалталы полотно (өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға болады), карточкалар (мұнда фланелограф не магниттік тақтаға көлемі мен мазмұны әр түрлі тапсырмалар беріледі), тәжірибелер жасау және ірі көрнекі құралдарды пайдалану үшін астына қойылатын (подставка) заттар.

Сабақта үнемі пайдалану  үшін суреттер, кестелер, плакаттар  алдын-ала ілініп, беті жабылады.

Көптеген мұғалімдер диафильм және эпифильмдермен жұмыс  істеу кезінде отырған оқушылардың бойына қарай сынып бөлмесін шымылдықпен бөлуді пайдаланып жүр.

ШЖБМ-те қалыпты мектептерге  арналған оқу құралдарын қолданатындықтан, аталмыш мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, типтік оқыту құралдарын толықтырып, сәйкестендіріп, мүмкін болса, күнтізбелік жоспарды сынып-комплектінің ыңғайына қарай қайтадан жасауға, өңдеуге болады.

ШЖБМ мұғаліміне баспадан шыққан не қолмен плакатқа түсірілген жазба көрнекі құралдары қажет. Оқушылар кестемен жұмыс жүргізу  кезінде оларға арналған ескертулер, нұсқаулар жазылған көрнекі-көрсету кестелері, дәптер-блокноттар, анықтама материалдар, оқушының өз бетімен қорытындылауына үйрету мақсатында берілетін баспаға түсірілген ережелер жан-жақты қолданылады. Ал ол кестелерде тек орындауға арналған жаттығулар ған емес, нақты тапсырма мен оны орындау үлгісі де берілуі тиіс.

 

ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау және есепке алу. ШЖБМ-те пәндерді оқыту нәтижелерін бақылау және диагностикалау

 

Оқыту үдерісінің маңызды  компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім  алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми  көзқарасы  қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.

Білімді, білікті және дағдыны тексеру  мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі  мақсат – оқушылардың оқу жұмысын  бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

- оқушы білімінің жақсы жақтарын  және кемшіліктерін дәлелдеу;

  • баға әділетті болуы қажет;
  • әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;
  • бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;
  • оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру  мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың  білімдерін тексеру мен бағалауда  өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді  және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.

ШЖБМ оқушыларының білім, білік  және дағдылар деңгейін бағалау кезінде  тест әдісін қолданудығ да ролі өте  зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.

Тақырыптық тест белгілі  бір тақырыпты меңгергеннен кейін  жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды  шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.

Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды  зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігі тағайындаған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады.

Біріншісі - білімді қарапайым түрде  еске түсіруді жүзеге асыруға арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикпен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын келтірейік.

А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------

ә) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------

б) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.

в) Куб тәріздес фигураның  көлемін табу үшін -----.

Тесттің бұл түрін  құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.

Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендіру” тесті. Мұнда  тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап  беруші тапсырма - жауап түрінде  жұптап, тізіп жазады. М: а) тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданының өлшем бірліктерін таңдап ал да, оларды жазып көрсет:

1.Ұзындығы               А           м

2.Ені                            Б           см

3.Ауданы                    В           м

Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А

Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.

М: а) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне  көбейту қажет.

Жауабы: 1)дұрыс       2) қате

ә) көбейткіштердің орны ауысқаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

1) жоқ        2) иә

б) 48-дің  8-ге бөліндісі 9-ға тең.

1) дұрыс    2) қате  т.б

Тестің тәжірибеде жиі  қолданылатын түрі ретінде нақты  тапсырма бойынша бірнеше жауаптар (ішінде біреуі дұрыс, бірнеше) берілетін тесті айтуға болады. М:

а) Көлемнің өлшем бірлігі:

    А) см         В) кг        С) сағ        Д) см3           Е) см2

Жауабы: Д

ә) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2-еуі артық алма ағашы бар. Алма ағашы нешеу?

    А) 4         В) 5         С) 6         Д) 7           Е) 8                          Жауабы: С

Информация о работе Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы