Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 18:36, реферат

Краткое описание

Жеке адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен өзара әрекетіндегі ерекше орнын білдіретін позиция (тұғыр) ұғымы психология ғылымында терең де тиянақты зерттеліп отырған мәселелердің бірі (Л.И.Божович, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Парыгин, А.В. Петровский,т.б.). Кәсіби қарым-қатынас, оның ішінде педагогикалық (И.А.Зимняя, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, А.А.Леонтьев, С.Л.Ромашина, В.В.Рыжов, т.б.) [5; 6], сондай-ақ, оған тектес дәрігер (И.А.Сомова, В.А.Ташлыков, т.б.), психотерапевт (А.Ф.Копьев, В.А.Смехов), кеңесші-психолог (Ю.Е. Алешина, Л.Я.Варга. С.А.Капустин, Т.А.Флоренская) және т.б түрлі мамандықтардағы қарым-қатынастар көптеген еңбектердің негізгі зерттеу пәні болып табылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………… 3
Педагогикалық қарым-қатынастың дербес стильдері және олардың педагог позициясына (тұғырына) ықпалы……………………………………...4
Кәсіби сана-сезімнің – педагог позициясын анықтаудағы негізгі ұғым …….7
Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері…………………9
Қорытынды ………………………………………………………………………. 10
Библиография ……………………………………………………………………. 10

Прикрепленные файлы: 1 файл

научный_проект.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

Педагог-тәрбиешінің  кәсіби позициясы бірдей принциптерді орындауынан,   үздіксіз білім  беру сатысынан тәуелсіз  қалыптасады. Бірақ педагогты даярлаудың мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формалары тек оның кәсіби позициясының жеткен деңгейімен ғана емес, сонымен қатар кәсіби педагогикалық позицияның қалыптасу деңгейімен айқындалады. 

Қорытынды

Педагогтың  кәсіби позициясы оның педагогикалық  мамандыққа, үйренушілерге, еңбек сипатына, кәсіби даму және өзін кәсіби жетілдіруге даярлыққа, кәсіби өсуге қатысымен айқындалады. 

Педагогтың  кәсіби позициясы оның әлеуметтік мәдени ортасын, өзін және өзінің әрекетін маңызды  жүйе ретінде бағалауынан көрінеді, сөйтіп бала тәрбиесіне кәсіби тұрғыда  ықпал етуі, оның қазіргі кездегі тәрбие кеңістігіндегі орнын айқындайды. 

Мектептегі  тәрбиені ізгілендіру - әрбір педагогтың кәсіби позициясын қалыптастыруды көздейді, себебі табиғатынан дербес субъективтік тұрғыда  әрекеттенуін бекіткен бала ғана емес, сонымен қатар ересектерді де қоғам тарапынан объект ретінде  қарастыруға болмайды. Тек педагогтың субъективтік авторлық позициясы ғана адамның кейбір жақтарын емес, ал оның тұтас қалыптасуын қамтамасыз ете алады.

Сонымен, педагогикалық  позиция – бұл педагогтың кәсіби позициясы (кәсіби сана мен кәсіби қызметтің бірлігі сияқты) мен жеке позициясының диалектикалық байланысы болып табылады.

Педагогтың  кәсіби педагогикалық позициясы  туралы сөз ете отырып, біз оның сол қызметте бекітілген субъективтік табиғатын байқаймыз. Осыған байланысты үздіксіз білім берудің барлық сатысында педагог-тәрбиешілерді даярлаудың мазмұны, әдістері және формасы біздің ойымызша, кәсіби мінез-құлық пен әрекеттің дербестік және еркіндік деңгейінің өсуіне, яғни соңында кәсіби болмыс субъектісі ретінде қалыптасуына  бағытталған болуы тиіс.

Педагогикалық позицияны қарастырған кезде, позицияның педагог қызметінің маңызды жағымен байланысы негізгі роль атқарады, себебі позиция - әрекеттің мазмұнын құрастырушы болып табылады. Біз үшін ең маңыздысы - субъектінің өз қызметін бағалауға назар аударуы болып саналады. Педагогикалық позиция педагогтың жүзеге асыратын  қызметіндегі баламен өзара әрекеттесу типін айқындайды. Педагог жеке кәсіби позициясында баланың жеке басының дамуына жағдай жасайтын әрекетте өз құндылықтарын жүзеге асырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кон И.С. "Открытие "Я'', М.: ИПЛ, 1978. – 366 с.
  2. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – М.,1975. - 303 с.
  3. Парыгин Б.Д. Основы социально-психологической теории. - М.: Мысль, 1971, 352 с.
  4. Психология воспитания. /Под ред. В. А. Петровского. М.:Аспект Пресс, 1995. - 152 с.
  5. Леонтьев А.А. Педагогическое общение. - М : Знание, 1979. – 48c.
  6. Рыжов В.В. Психологические основы коммуникативной подготовки педагога. - Н.Новгород:
  7. Копьев А.Ф. О диалогическом понимании психологического контакта.// Общение и диалог к практике обучения, воспитания и психологической консультации. Сб.научн. тр./ отв.ред. А.А.Бодалев. - М: Изд. АПН СССР. 1987. -с.50-57.
  8. Капустин С.А. Поляризованная оценочная позиция как универсальная причина проблем клиентов психологической консультации.// Вестник Московского ун-та. Сер. 14, Психология, 1994,
  9. Петровская Л.А. "Решетка противостояния позиции" как принцип диагностики уровня развития межличностных отношений.// Вопр. психол., 1985 №2. с.32-38
  10. Добрович А.Б. Ролевая модель межличностного общения.// Уч.зап. Тартуского гос.ун-та.
  11. Маркова А.К., Никонова А.Я. Психологические особенности индивидуального стиля деятельности учителя.// Вопр. психол., 1987, №5 - с. 40-48.
  12. Кузьмина Н.В. Способности, одаренность, талант учителя. - М.: Знание. 1985. -32 с.
  13. Мерлин B.C. Очерк интегрального исследования индивидуальности. - М.: Педагогика. 1986. - Божович Л.И. Личность и ее формирований в детском возрасте. (Психологическое исследование) М.: Просвещение. 1968. - 464 с.
  14. Андреева Г.М. Социальная психология, М.: Наука, 1994. - 32



Информация о работе Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері