Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2013 в 18:36, реферат

Краткое описание

Жеке адамның өзге адамдармен және қоршаған ортамен өзара әрекетіндегі ерекше орнын білдіретін позиция (тұғыр) ұғымы психология ғылымында терең де тиянақты зерттеліп отырған мәселелердің бірі (Л.И.Божович, И.С.Кон, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Парыгин, А.В. Петровский,т.б.). Кәсіби қарым-қатынас, оның ішінде педагогикалық (И.А.Зимняя, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, А.А.Леонтьев, С.Л.Ромашина, В.В.Рыжов, т.б.) [5; 6], сондай-ақ, оған тектес дәрігер (И.А.Сомова, В.А.Ташлыков, т.б.), психотерапевт (А.Ф.Копьев, В.А.Смехов), кеңесші-психолог (Ю.Е. Алешина, Л.Я.Варга. С.А.Капустин, Т.А.Флоренская) және т.б түрлі мамандықтардағы қарым-қатынастар көптеген еңбектердің негізгі зерттеу пәні болып табылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………………… 3
Педагогикалық қарым-қатынастың дербес стильдері және олардың педагог позициясына (тұғырына) ықпалы……………………………………...4
Кәсіби сана-сезімнің – педагог позициясын анықтаудағы негізгі ұғым …….7
Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері…………………9
Қорытынды ………………………………………………………………………. 10
Библиография ……………………………………………………………………. 10

Прикрепленные файлы: 1 файл

научный_проект.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

В.И.Слободчиковтың пікірі бойынша, әрбір педагогикалық  позиция бірегей және жалғыз. Ол бір мезгілде (қатарынан) педагогикалық-жекелік (ересек адам мен бала арасындағы барлық кездесулерде байқалады), және педагогикалық-кәсіби (кәсіби педагогикалық мақсаттарға жетуге жағдайлар жасалғанда байқалады) бола алады.     Сонымен қатар, мұғалімнің ешқашан және еш жерде баланы «объект» ретінде кездестіруі мүмкін еместігін арнайы атап көрсету артық емес: жекелік позицияда ол басқа адаммен, ал кәсіби позицияда оның даму шарттарымен кездеседі [16].

Педагогтың  жекелік-кәсіби позициясында, кем дегенде, екі субпозицияны бөліп көрсетуге  болады: мұғалім және тәрбиеші.

Біздің жобаға қатысты тәрбиеші позициясында педагог баланың жеке тұлға ретінде даму шарттарымен жұмыс істейді, ал мұғалім позициясында - ол баламен оқу әрекетінің субъектісі ретінде кездеседі. 

Сурет - 1     Педагогикалық позиция

 

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай отырып, мынадай анықтама құруға болады: педагогтың тәрбиеші ретіндегі жекелік-кәсіби позициясы – бұл педагогтың бала тұлғасын дамытуға жағдайлар жасауға бағытталған қызметінде өзіндік базалық құндылықтарын жүзеге асыру тәсілі. 

2. Кәсіби сана педагогтың негізгі позициясын көрсететін ұғым.

Соңғы кездері  педагогтардың кәсіби сана мәселесіне арналған жұмыстар көптеп пайда бола бастады [15].

Кәсіби сана құрылымында  сананың төмендегідей бөлшектерін  көрсетуге болады: кәсіби зейін, ойлау, аффект, перцепция, ерік-жігер, ес және т.б. [15].

Талдау процесінде сана тұтастылығы оның қызметтерін  көрсету  арқылы жүзеге асырылады: мақсатқа бағытталған, болжау, жоспарлау, қатынас, тану және өзін өзі ұғыну. Кәсіби сананың  өзі сананың негізгі қызметтерімен(аффективтік, эмотивтік) және кәсіптік даярлықтың бөлшектері (арнайы, практикалық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, жеке кәсіптік) ретінде қарастырылады. Яғни, мұны «сананы кәсібилендіру - сананың қызметтеріне байланысты» деп қорытындылауға болады. Кәсіби сана  маманның қалыптасуының объективті және субъективті бейнесі болып көрінеді, яғни бұған мамандарды сапалы даярлау жүйесі жатады.

Д.В.Ронзиннің  жұмыстарында мұғалімнің кәсіби санасы психологиялық зерттеудің пәні ретінде  қарастырылады. Сөйтіп, ол -  «арнайы жеке психологиялық феномендер» болады деп жорамалдайды, яғни мұғалімнің кәсіби санасын өзара бір-бірімен байланысты жүйе ретінде қарастыру қажеттілігін айта келе, бұған мұғалімнің кәсіби құндылықтарын  сезінуі; педагогикалық қызметтің және педагогикалық қарым-қатынастың мақсатын және тәсілін, жоспары мен бағдарламасын білуі жататындығын көрсетеді [16]. Сонымен, педагогикалық сананың құрылымына: кәсіби педагогикалық құндылықтар, педагогикалық процестің концептуалды үлгісі, әрекет бағдарламасы, өз кәсібін саналы ұғыну жатады.    

Кәсіби педагогикалық  санаға кәсіптік қызметке (танымдық-практикалық) қатысты реттеуші қызметі бекітіледі.  Кәсіби педагогикалық сананы қалыптастыру негізіне педагог-практиктің білімін  ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Олар төмендегідей болуы керек: 1) шапшаң (практикалық әрекеттерді реттеуді қамтамасыз ету); 2) кәсіптік құндылықтармен байланысты оқу нәтижесінде, 3)  Оқу – тәрбие үрдісінде жоспарлаудың сәйкес келуі және сәйкес келмеуі. 4) Педагогикалық әрекет тәсілі мен құралын пайдаланудағы консерватизмділігі-оперативтілігі.

3) Рефлексифтілік және интуитивтілік.

Әдебиетте көрсетілгендей 2-4 сипаттамада әректтілік, бағытталған орындаушылық және бақылау компоненттерімен сәйкестендіріледі. Алайда біздің ойымызша, педагогикалық әрекет жағдайында 3 компоненттің өзара қатысы бірінші негізгі сипаттамасымен түсіндіріледі. Педагогикалық әрекетті анықтауда (импулсивтілік - рефлексивтілік) рефлексивтілік – формальдық – динамикалық сипаттама ретінде мазмұндық тұрғыда көрсетіліп, интуитивтілікке қарсы қойылған. Рефлексивтілік – интуитивтілік диадасы мұғалім әрекетінің нәтижелілігін адекватты талдау жасай алуын қарастырады. Педагогикалық әрекеттің индивидуальдық стилінен динамикалық сипаттамасын көрсетуде біз дәстүрлі дихтомия шкаласымен емес, жеке адамның қасиеті ретінде (оңтайлық - регидтілік) тәуелшілік – байқағыштық, импулсивті – рефлексивті әрекеттерін алдық.

Бұл ұғымға педагогикалық  әрекеттің мазмұндылығын енгіздік.

   Динамикалық сипаттамалары: 1. Оңтайлылығы (мұғалім тез арада жағдайдың өзгеруін қамтамасыз етеді; басқа бір жұмыстан екніші бір жұмысқа тез бейімделеді, бастапқы сабақтың жоспарын жиі өзгертіп отырады). 2. Дәстүрлілік (мұғалім жағдайдың өзгеруіне қиындықпен бейімделеді; алдын – ала дайындалған сабақтың жоспарын қатаң түрде ұстанады). 3. Импулсивтілік (мұғалім әр кезде көптеген нәрселерді жан күйзелісі жағдайында жасайды) – байқағыштық (мұғалім сабақ барысында өзінің қимыл – қозғалысын алдын – ала ойластырады, олардың нәтижесін мұқият талдайды). 4. Өзгермелі жағдайдың тұрақтылығы (мұғалім өзінің әрекетін сабақ үстінде жүріп жатқан жағдайға бағдарламайды, ол өзіндік мақсаттарын көздейді) - өзгермелі жағдайдың тұрақсыздығы (мұғалімнің мінез – құлқы көбіне сабақ үстіндегі жағдайға байланысты: барлық сыныптық және басқа да қатысушлылардың көңіл – күйі және дайындығы). 5. Оқушыларға эмоциональды ұнамды тұрақты қарым – қатынас (мұғалім бір қалыпты, мейірімді, шыдамды, көңіл – күйінің қауырт көтерілуі немесе түсіп кетуі, мүлдем жоқ. (байқалмайды) – оқушыларға эмоциональды тұрақсыз қарым – қатынас (мұғалім тепе-теңдік күйінен жеңіл шығады, өзінің әрекетінде жағдайлық бағамен және оқушылардың тұлғалық қасиеттерінен айырмашылық жасайды). 6. Жеке үрейлену (қобалжу), (мұғалімді эмоциалдық шиеленіс сипаттайды, мазасыздану, қателіктер мен сәтсәздіктерге жоғарғы сезгіштік – жеке қобалжудың болмауы жоғарыда көрсеттілген қасиеттердің болмауы). 7. Қолайсыз жағдайда: өзінің жеке ойын өзіне бағыттауы, мұғалім сәтсіз сабақтың нәтижесінде өзінің кінәсін тартады және өзінің қателіктерін жөндеуге жауапты.

  • ойын жағдайларға бағыттауы (мұғалім сәтсіздікті мына жағдайда қарастырады: «Болады, болады») – ойын өзгелерге бағыттауы (өзінің сәтсіздіктеріне оқушыларды, әріптестерін кінәлайды, сәтсіздіктерін жөндеудің жаупкершілігін басқаларға тағады (мін тағады).

Барлық әр –  түрлі стильдердің ішінен біз 4-ін алдып, оның 2-і - полярлық, ал 2-і - аралық: эмоцианалды – импровизациалық, эмоцианолды - әдістемелік, пайымдаушы – импровизациалық және пайымдаушы - әдістемелік стильдер болып табылады. Эмоциональды – импровизациялық стиль: Оқыту үрдісіне бағыттауда мұғалім өз еңбегінің нәтижесіне жеткіліксіз адекватты түрде қарайды, ол мұғалім сабаққа қызықты материалды таңдайды, аса қызықты емес (бірақ қажетті) материалдарды оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге қалдырады. Оқу үрдісінде жақсы оқитын оқушыларға сүйенеді. Оның іс - әрекеті жоғары белсенділікпен сабақта оқу әдістері үнемі көрінеді, тез өзгеріп отырылады, ұжымдылық талдауға көп көңіл бөледі. Оқытудың көптеген тәсілдерін қолданағанмен төменгі әдіскерлігімен мұғалім әрекетінде. Эмоцианалды – методикалық стиль: Оқыту үрдісінде, мұғалім барлық оқу – тәрбие процесімен қатар бүкіл оқу материалдарын қарастырады. Оның іс-әрекетіне үнемі қатысушының  білімін қадағалау, қайталау және қорытынды жасау ұсынылған. Бұл стиль әрекеті өзінің жоғары оперативтік негізімен ерекшеленеді. Оқу материалдарын өңдеу барысындағы әдістемелік қабылдау арсеналын қолдана отырып, бұль стильде жұмыс жасаушылар балаларды сыртқы көңіл – күйге қарап емес, ерекше сол пәнге деген белсенділігін арттырумен жұмыстанады. Пайымдаушылық – импровизациялық стиль (ПИС): Рекливсивтілік – интуитивтілік бірлігі, оперативтілігі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлаудың адекваттылығымен сипатталады. Оқу нәтижесі мен процесіне, үрдісіне мұғалімге тән қасиеттер,  мұғалімнің осы әрекет стилі немен ерекшеленеді; оқу тәсілін өзгерте алмауы, тез ұжым талқылауында жоғары еңбек темпімен көріне бермейді. ПИС пайымдаушы мұғалімдері сабақта көп сөйлемейді, оқушыларға қосалқы тәсілдер арқылы, яғни оқушыға көмектесу арқылы балаға дұрыс жауап беруге мүмкіндік туғызады. Пайымдаушы - әдістемелік стиль: Оқу мен тәрбие үрдісін жоспарлауда мұғалім педагогикалық әдістің құралын пайдалана отырып, оқу үрдісінің нәтижесіне көп көңіл бөледі. Жоғары әдістемелілігі (оқушылардың білімін бақылауда оқу материалын қайталауды, бекітуде жүйелілік танытады.). Оқушылардың реппродуктив әрекетіне назар аударады.Мұғалімнің бұл стилі рефлексивтілікпен сипатталады.

Педагогикалық позиция ерекше қайталанбайтын құбылыс. Ол сонымен қатар педагогикалық – тұлғалық болып табылады.(бала мен ересектің арасында көрінеді., педагогикалық кәсіби және педагогикалық мақсат кәсіби құзырлылық жағдайында көрінеді.

Мұғалім баланы обьект ретінде қарамайтындығын ("адам материалы" еңбек ететін жұмысшы емес, шынайы педагог болса); тұлғалық позицияда ол басқа адаммен кездеседі, ал кәсіби позициясында даму жағдайын ескереді.

Педагогтың  кәсіби- тұлғалық 2 субпозициясын  атап өтуге болады: мұғалімдік және тәрбиелеуші.

Тәрбиелеуші педагог  баланың жеке тұлғалық даму жағдайымен жұмыс жасайды, ал мұғалім позициясында баламен оқу әрекетінде субьект ретінде негізделеді.

Демек, келесі анықтама: (педагогтың тәрбиешінің жеке тұлғалық позициясы педагог тәрбиелеуші  ретінде тұлғалық позиция – бұл  педагог әрекетінің жеке құндылығы баланың жеке тұлғасын дамуына жағдай жасау әрекетіндегі негізгі құндылығы деп анықтама беруге болады.

Құндылық - педагогикалық мақсат болып табылады.

1. Субьектімен қабылданған.

2. Нақтылы жағдайда бағдарлаушы әрекетте байланысты. Педагогикалық сананың біртұтастығы мүмкін,  егерде мұғалім өз әрекетінің тиімділігін анықтайтын болса. Осындай жағдайдың болуы  педагогтың кәсіби дайындығының негізгі міндеті болып табылады. Д.В. Рокзин өзінің зерттеуінде процесті басқаруда концептуалдың моделі терминін инжинерлік психологияда қолданады. Кейбір элементтің оперативтік модель мазмұнынан мұғалімнің педагогикалық позициясы және педагогикалық жүйедегі әрекетті бағалау байланысты.

«Кәсіби сана»  ұғымы, мазмұны жағынын «әрекеттің концептуальдық моделіне  сайма сай». Ол Л.И. Захарова, В.В. Соколава, В.М. Соколованың еңбектерінде «әрекеттің концептуалдық моделі» педагогикалық әрекеттің күрделі және маңызды блогы ретінде қарастырылады.

«Концептуальдық модель » деп, - бұл өзіндік әрекет субьекттің өзіндік әлемі. «Адам әрекетінің фоны» және шешу қабылдау базасы, яғни жобалаудың негізгі факторы.      Әрекеттің концептуалдық моделі – диагностикасы арқылы мұғалімнің кәсіби құзырлығын айтуға болады. Бұл модельде педагогтың аспектілері көрінеді.

Әрекеттің концептуальдық моделінің негізгі аспектілері: 1. Пәндік. 2. Технологиялық. 3. Психологиялық.

Кәсіби педагогтарды дайындау мақсаты - болашақ мұғалімдердің концептуальдық моделін өзін-өзі жетілдіру, қалыптастыруымен байланыстырамыз. Жоғарыда айтылған мұғалім санасының кәсіби моделінен мынадай қорытындыға келуге болады. Кейбір компонентердің кәсібилілігін сананы кәсіби даму стратегиясын қабылдау маңызды болып табылады.

3. Педагог  позициясының субъективтік қалыптасу  кезеңдері

Дегенмен, кәсіби сананың қалыптастыру, даму жағдайы және психологиялық механизімі туралы сұрақ алі күнге дейін ашық, көптеген зерттеулер профессиографикалық тұрғыда қарастырылған. Кәсіби сананың моделінің компоненті және құрылысы - нақты әрекет субьектісіне нормативтік талап негізі болып табылады.  

Педагогтың  кәсіби – педагогикалық позициасын айтатын болсақ, біз оның табиғатында сай, осының мазмұнына қарай педагогтың формасы  мен әдісінің дайындығы, өзінің үздіксіз барлық оқу кезеңдегі, сіздің көзқарасыңыз бойынша өзіндік өсу деңгейіне кәсіби іс - әрекетіне және де субьекттің кәсіби болмысының қалыптасуына болуы тиіс.

Үздіксіз білім  берудегі педагогтың субьективтік  қалыптасуының модельдік процесінде біз педагогтың үздіксіз білім берудегі негізі үш сатысын бөліп көрсеттік. Олардың әрқайсысынан 2 сапалы этап табылды.

Бірінші саты –  мамандықты таңдау. Аталған үздіксіз білім беру сатысын біз, педагогикалық қызметтің баланы сапалы өзгертуге, яғни «адамда адамшылықты қалыптастыруға» бағытталған процесс екенін ұғынуы деп қорытындылауымызға болады.

Екінші сатыға – мамандықта өзін айқындау, педагогикалық қызметтің маңызды механизмдерін меңгеру, әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдауға даярлау, өзінің педагогикалық қызметінің стилін іздестіру (студенттік зерттеу процесінде) және бекіту (диплом алғаннан кейін) жатады. Бұл сатыны  педагог-тәрбиешінің концептуалды позициясын, өзінің кәсіби педагогикалық қызметінің принциптер жүйесін айқындау деп қорытындылауға болады.

Педагог кәсіби педагогикалық қызмет субъектісі қалпына  тікелей күнделікті практикалық  жұмыспен айналысқанда   шынымен енеді. Жас маман педагогтың өзін кәсіби дамытуда  педагогикалық технологияларды меңгеруі маңызды болып табылады.

Үшінші саты –егер педагогтың авторлық концепциясы  педагогикалық қызмет жүйесінде (авторлық тәжірибе, педагогикалық фактор жүйелерін үйлестіруші білім беру бағдарламасы, жобасы) жүзеге асырылса, онда кәсіби өзін дамыту болып саналады. Кәсіби педагогикалық қызметті ұғу және саналы түрде меңгеру педагог-тәрбиешінің жеке кәсіби позициясымен бірге іске асады.

Педагогикалық позиция процесіндегі авторлық педагогикалық жүйеде педагогтың кәсіби позициясы тәрбиелік сипатқа ие болады, себебі педагогтың позициясы авторлық педагогикалық жүйе ретінде тексеріліп, тәрбиенің озық тәжірибе ретінде қолданылуы немесе шеттетілуі мүмкін. Педагогикалық қызметте «атқарушылық» стильді қолдану педагогтың айналасындағыларға өзін таныту және мойындату тәсілдерінің маңызының жойылуына алып келуі мүмкін. 

Педагогтың  тәрбиеші ретінде  қалыптасуындағы  осы аталған дағдарыс сәттері  оның кәсіби өзін-өзі бағалауы және ұғынуын сапалы өзгертуіне, яғни кәсіби рефлексияға мән беруіне тура келеді. Бірақ бұл күнделікті тәжірибеде кездейсоқ өтеді, сөйтіп педагогтың біртұтас кәсіби позициясының бұзылуына алып келеді. Педагогтың субъектілігі жойылады, ол өзін  бағдарламаны, жоспарды, нұсқауларды атқарушы ретінде ғана сезінеді.

Информация о работе Педагог позициясының субъективтік қалыптасу кезеңдері