Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:51, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдаламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.

Содержание

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау. Оқытудың ғылыми – теориялық негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.

II тарау. Дидактиканың қызметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызметтері.
II. 2. Оқытуды түрлендіру үшін педагогикалық технологияларды қолдану
ІІ.3. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланған озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері

III. Қортынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЯУЛЫМ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Ең соңғы модуль оқушылардың, не студенттердің жиған білімдерін тексеру үшін (емтихан, сынақ, тест, шығармашылық қабілетті тексеру) құрылған сауалнамалар жүйесінде беріледі.

Модульдік оқыту әр субъектінің  өзін - өзі дамыта аларлық дербес жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру  бағытына қозғаушы күш. Мұның өзі  жас ерекшелігіне сай ыңғайлап, межесі қабылдау іскерліктеріне лайықтанып құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 3. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланған  озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері

 

Дидактикалық - танымдық ойындар мектеп бағдарламасына сай білімдерді, қабілеті мен дағдыларды дамытуға және кеңейтуге әсерін тигізеді. Бірақ бұл ойындар оқушыларға тек оқу мақсатымен жүргізілетінін аңғартпауы тиіс. Мұндай жағдайда ойын өз мәнін жоғалтады. Ойынға қызығушылық, тапсырманы орындау балаға бірден қиынға соғады. Сондықтан мұндай ойындарды біртіндеп күш түсірмей, ұсыну керек. Балаларда еркіндік сезілмесе, онда ойын ойын болудан қалады.

Н.К. Крупская көптеген еңбегінде дидактикалық ойынның оқушы өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Ойын баланың, балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі, өйткені өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтты.

Ал заманымыздың талапты  педагогы Сухомлинский: "Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды," - деп санайды.

Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш класс оқушыларының білуге деген ынтасын, мүмкіндіктерін толық пайдалану оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысын да алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидакткиалық ойындарды қолданудың орны бөлек.

Тиімді қолданылған  дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың  зор ынтасын тыңдап, бөрік меңгеруге  кемектеседі. Дидактнкалық ойынға қойылатын методикалық талаптар:

  1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер күн ілгері  дайындалып қойылуы керек.
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға 
    әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Кластағы оқушылардың ойынға түгел қатысуын  қамтамасыз  ету.
  4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың білуіне, ойлана 
    білуіне жетелеу керек.
  5. Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Клара Ақбаева өзінің "Дидактикалык ойындарды пайдалану жолдары" мақаласында ситуациялық жаттығулардың бір түрі ретінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың мәні зор екенін көрсетеді. Педагог дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушыны бірте-бірте сөйлей білуге, сондай-ақ ойын ситуациялары арқылы олардың ынтасы мен зейінін арттыруға болатынын жазады. "Ойын элементін пайдалана отырып оқушыны сұрақ қоя білуге үйрету іс-тәжірибеде тиімділігін байқатты. Ойын арқылы баланың өз табиғатына, еліне, қоршаған ортаға деген қыәығушылы-ғы, сүйіспеншілігі артып, оған деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады," - деп тұжырымдайды өз ойьш №39 мектеп мұғалімі Қ. Ақбаева. [17.256].

Ал "Қызылшекара" орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі С.Нұрқайдарова класс оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындарды пайдалануды ең тиімді жол деп санайды. Педагог, әсіресе, математика сабақтарын ойын арқылы өткізуде сабақтың әсерлілігінің артуында, оқушылардың қызығушылығының тууына көп көңіл бөледі. Дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылардың ынта-ықыласын арттырып, пәнге қызығушылығын дамытып, өткен сабақты қандай дәрежеде меңгергендіктерін анықтауға, логикалық ойлау, ізденгіштік қабілеттерін дамыта түсуге көмектесетінін байқағандығы жөнінде баяндайды.

"Оқушылардың қызығушылығын,  танымын арттыруда сабақта ойын  түрінде өтудің тиімділігі зор," - деп жазады бастауыш класс мүғалімі Ш.Балқиева өзінің "Ойынның құралған сабағы" мақаласында ана тілі сабағында "Көңілді тапқырлар" ойыны түрінде өткізілгеніне тоқталады. Сабақта қойылған сұрақтар, олардың жауаптарын талқылау, викториналар, коллективті түрде жасаған еңбектері, суреттер салуға оқушылар бар белсенділігімен, ынтасымен, қатыса отырып, танымдық қызығушылығын арттыруға мұғалімнің де тиянақты мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында бар күш-жігерін салғандығы көрінеді.

Оқушыларға тиянақты білім беріп жүрген тәжірибелі тәлімгер-ұстаздардың бірі Уәзипә Жиялбаева. Ол әр сабақтың мазмұн мақсатына қарай оқушылардың ақыл-есін, танымдық қызығушылығын түрлі - әдіс тәсілдермен дамыта отырып, өз ойын жүйелі жеткізе білуг дағдыландырады. Осы мақсатта сабақ үстінде дидактикалық ойындарды: орындай отырып оқушыларды оқылып отырған тақырыпқа лайықты баланың білімін ұштай түсуіне пайда келтірерліктей өтіп жүргізе алу мұғалімнің шеберлігі екенін құптайды.

Әр мұғалім оқушының танымдық қызметін қалыптастыру керек. Бұндай мақсат қою дұрыс па? Көп  жылдық тәжірибе, зерттеулерге сүйене отырып білім беру теориясы бұл мақсатты дұрыс деп тапты. Бүған Ижевск қаласының бастауыш класс оқушыларының тәжірибесін мысалға келтіруге болады. Мектепте 10 жыл бойы төменгі класс оқушылары 3 жыл оқитын материалдарды 2 жылда меңгеріп алған. Үлгермеушілер жоқ, қанағаттанарлық бағамен оқитын оқушылар жоқтың қасы, үйге тапсырма беру қысқартылған. Бұл тәжірибе біртіндеп қалаларға жете бастады. [6.916].

Е.А. Бугрименко және Г.А. Шуперман дыбысты тануда бір бүтін  жүйелі ойындарды ұсынады. Оларға мысалдар келтірейік:

3 дыбысымен танысқанда мұғалім оқушыларға ара туралы, араны: ызылдағанын, ара сияқты ызылдап сөйлеуді ұсынады. Сондай-ақ "дүкенде" ойынын ойнатуға болады. Оқушылар өздеріне керекті заттарды сатып алады, заттың бағасы сол заттың баспа әрпі, яғни әріпті созып айтады да, керекті нәрсесін алады.

Осының салдарынан оқушылар үздіксіз, қатесіз, әріпетеді тастамай, дұрыс, сөзді айқын айта алады. Ежелеп оқудан тезірек оқуға айысады. [6.1506].

Төменгі класс оқушыларының таным қызығушылығын арттыру бұл мұғалімнің міндеті емес. Мұғалімнің міндеті жеке адамды тәрбиелеуде өзінің таным мүмкіндіктерін қоғамға пайдалана алуды көздейді. [6.1736]., үйретеді.

Практикада болып көптеген іс-тәжірибелерін танты еткен  мұғалім №2 мектеп-интернатының бастауыш класының тәлімгер-ұстазы Әбішева Зәуре Сағынтаевна. Оқушыларға тиянақты білім, саналы тәрбие беруде өз мамандығының шебері, барлық әдіс-тәсілдерді дұрыс меңгерген жан деп айтуға болады. Сабақта оқушылардың көңіл-күйіндегі өзгерістерді жіті бақылап, бір жұмыс түрінен екіншісіне тез ауыстырып, олардың оқуға қызығушылығын арттырып отырады. Әсіресе, сабақта проблемалық, қызықты ойын ретінде өткізуге шебер. Ойын арқылы оқушылар сабақта әрі дем алып, әрі бір-бірімен қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Тіпті нашар оқитын балаларды өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа бар ынтасын салады Олар бір-бірінен қалып қоймауы үшін, сабаққа белсенді араласады. Ойын араласқан сабаққа оқушылар белсене араласады, белсенділігі қыэығушылықтары артады. Ұстаз оқушыларды оқыту мәнінде, кезінде математика сабақтарында мынадай ойын түрлерін жиі қолданып отырды. Мысалы: "Баспалдақ", "Гүл шоғын жасау", "Мынау кімнің үйі" "Дүкен", "Мамандық таңдау" ойыны т.б.

Жамбыл педагогика институты математика кафедрасының доценті П.Сағышбаева өзінің "Оқушылардың ынтасын арттыру тәсілдерінің бірі" еңбегінде: төменгі, әсіресе, бірінші класс оқушыларының зейінін сабаққа аударып, пәнге ықыласын-ынтасын арттыру жолдарын іздестіріп, оңды іс-тәжірибелерін баспасөз бетінде жариялатып жүрген әріптестеріміздің еңбектеріне ден қояр болсақ, көбі қызықты мазмұнды ойындар арқылы ететін сабақтың күткен нәтиже беретінін жазады.

Бірінші класта ойынның  бір емес бірнеше түрін пайдалануға  болады. Ол ойындар арқылы мұғалім  оқушылардың ойлау қабілетін  дамытып, есеп шығаруға төсілдіріп, жылдам жұмыс дасау дағдыларын қалыптастырады.

Дидактикалық ойындарды  түрлендіріп өткізу тиімді. Себебі мұндай жағдайда жеке және барлық оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оларды жұптарға немесе топтарға бөліп ойнатады. Сол арқылы мұгалім қай топтың жұмысты қалай орындайтынын, кім бұрын, кім шапшаң, кім кеш шығаратындығын анықтай алады. Оқушылар меңгерген белгілі бір білімді әлсін-әлсін қолдануы барысында қажетті дағдылардың қарастырылуы мүмкін. Алайда орындалатын жұмыс түрі мен мазмұны бір сарынды күйде қалып қойса, сонда оқушылар қарастырылып отырған мәселені танып-білуге  қызыға қоймайды сөйтіп оқу процесінде танымдық белсенділікті  көрсетпеуі  ықтшал.

Халықтың өте әрідегі  ата-бабаларының өмір сүрген кезінен  бастау алған халықтың қажетінен туған тәрбие мен оқу әр халықтың даму тарихын, барлық жақсы қасиеттерін бейнелеп көрсетеді.

Балаларға білімді меңгерту негізінен ойын ойнату, жұмыс жасату процесінде жүргізілген. Қазақ халқы  ұрпаққа білім беруінде, оқытуында  математикалық білім аз орын алмаған. Қазақ халқында өзінше ерекше ұзындық, салмақ, көлем, аудан, тағы басқа өлшеулерінің жүйесі болған. Мысалы: сүйем, қарыс елі, құлаш, қадам, батпан, құт.

Сол сияқты мысалдар келтірсе, айтар ой көп. Яғни қазіргі күннің талабына сай жас ұрпақты білімді, зеректі, қабілетті, сауатты ғып тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбие беруге мүмкіндік туғызылады. [33.19]

Ұлттық ойындарына үзбелі қатынасып машықтанған оқушы  үнемі ізденісте, толғаныста жүреді.

Ұлттық ойын "Асық ойыны", "Ақсүйек", "Арқан тарту", "Орамал тастау" ойыны т.б. ойналады. Олардың тапсырмаларын әр пәнге арнап, келтіруге болады. "Орамал тастау" ойынын ойнағанда "Сөзге сөз тауып айтыпасаңдар сөздің атасы өледі" деген мақал бар деп қолдағы орамалды бір балаға тастайды, ол бала оған жалғастырады:

Мұғалімі:  -  Бала.

Оқушы:  -  Бала тілі  бал.

н/е Бала балдан  тәтті.

Мұғалім: - Мал.

Оқушы:  -  Мал баққанға бітеді.  т.б.

Ойын осылай жалғаса  береді, табылған сөз  мәнді  болуы  қажет.

Ал, сөзді жалғастыра алмаған бала бір жаңылтпаш айтуға тиісті.

"Қыз қуу" ойыны бір ұл бала мен бір қыз баланы шығарып, тапсырма немесе жаттығу беруі арқылы ұйымдастырылады. Тақтадағы жылжымалы (тапсырманы) аттарды қозғалту нәтижесінде қыз бұрын жаттығуды орындап болса, жігітті қамшылайды. Егер ер бала озса, онда қыз айып төлейді.

Айыпқа қойылған сұрақтар тақырыпқа сай келуі керек, бұл  әлде де білімді нығайту үшін тиімді.

Бұл ойындар оқушылардың  пәнге қызығушылығын арттыру, шығарма-шылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта пайдаланатын ойын элементтеріннің оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, сабақ барысында алға қойған мақсатым:

1. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, саналы ойлана білуін машықтандыру.

2. Оқушылардың қарым-қатынасын  жақсарту, бір-біріне сенімін, түсініктерін  арттыру.

Ой-өрісін дамытатын әр түрлі жаттығулар орындату. Олар әр 
түрлі ойын есептер, жобалар, кестелер, жұмбақтар түрінде өткізіледі.

Сергіту жаттығуларының  өзін жумбақтар  ретінде  беру.

Ойлау қабілеті мен сөздік қорын  дамытуға түрлі дағдылар мен шеберлікті меңгертуге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баули отырып арттыру.

Ойнай отырып, ойлай отырып білімділік дағдысын арттыру.

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті жақсы болады.  Ойын арқылы негізгі фундаментін құрғызу.

Оқушылар өздері ойланып тапқан сөздерін әр кезде естерінде 
сақтайды.

9. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, психологиясы даярлығын ескере отырып, олардың логикалық ойын дамыту мақсатын да көптеген жұмыстар жүргізу керек.

Бала қорыта айтқанда, ойын арқылы өзі өмір сүріп, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы әрекетті қабылдайды.

Балалар іс жүзінде әлі, шамасы келе бермейтін ересектерді; іс-қимылдарын атқаруға ұмтылады. Ересектердің әлеуметтік ролін түсіне отырып, бала адамгершілік әрекетін игеруге талпынады. Ойын белгілі бір ұстамды тәртіптің көрінісі болып табылады.

Ойын еш уақытта да бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. [20.25]

 

 

 

"Ұлттық  үрдіспен" жүргізілген қазақ тілі  сабағының жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Өткен тақырыпты пысықтау.(Қосымша, журнақ)

Сабақтың  мақсаты:

  1. Өткен материалды пысықтау, білімдерін тиянақтау: “Жұрнақ” 
    тақырыбын толық меңгертіп, білімділікке баулу, әдемі жазуға машықтандыру, тиянақты сөз, сөйлем ойлауға дағдыландыру.
  2. Дамытушылық.

Халық педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, ауызша жазбаша грамматикалық талдауға үйрену.

3. Тәрбиелік мақсаты. Қазақ халқкның салт-дәстүрін, мәдениетін,  оқушылардың сана-сезімін ұялату, адамгершілікке, достыққа, қайырымдылыққа, иманжүзділікке тәрбиелеу.

Қолданылған көрнектіліктер: карточкалар, дидактикалық құралдар, кесте, жұмбақты суреттер, мақал-мәтелдер.

Әдістер: сұрақ-жауап, жаңарта қайталау, көрнекі құрал, дидактикалық материалдармен, сурет, карточкалармен жұмыс.

Сабақтың I барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты пысықтап, қайталап, сабақ басталды. Сөздің құрамы І  ден тұрады?

Сөз - түбір, сөз - туынды, түбір - қос сөзден біріккен сөзден. Түбір сөз - қосымша, жалғау.

Сөз тудыратын жұрнақ. Сөз түрлендіретін жұрнақ.

тық шіл

бас   тау                                                                     көк теу

қыш шілдеу

құр                           [г] ілдір

 

 

Сергіту сәті.

Ақ әженің тапсырмасы бойынша ою-өрнектің түріне қарай  берілетін әр түрлі карточкалар:

Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері