Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:51, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдаламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.

Содержание

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау. Оқытудың ғылыми – теориялық негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.

II тарау. Дидактиканың қызметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызметтері.
II. 2. Оқытуды түрлендіру үшін педагогикалық технологияларды қолдану
ІІ.3. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланған озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері

III. Қортынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЯУЛЫМ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері»

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Орындағана:

                                                 Тексерген:

 

 

Қарағанды – 2010ж  
ЖОСПАР

Кіріспе.

        Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты,  зерттеу объектісі.

I тарау. Оқытудың ғылыми – теориялық негіздері.

I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.

I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.

 

II тарау. Дидактиканың қызметтері

II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызметтері.

II. 2. Оқытуды түрлендіру үшін педагогикалық технологияларды қолдану

ІІ.3. Оқыту  процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланған  озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері

 

III. Қортынды

IV. Қолданылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда БҰТ (Бріңғай  ұлттық тест), он екі жылдық білім  беру, кредиттік жүйе бойынша оқыту  сынды, білімнің жоғары және орта буынына өзгерістер еніп жатқан кезеңде, тәуелсіз еліміздің педагогикасы үшін талай ғасыр, талай жыл педагогика саласының құрамдас бөлігі болып табылатын дидактиканың орны ерекше.

Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдаламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.

Екінші бөлімде оқыту  әдіс – тәсілдері, құралдары қарастырылды. Оқытудың әдістерінің жіктелу проблемасы, әдістерді таңдау және қолайлы етіп пайдалану мәселелерінде, қазіргі  педагогтар алдында туындайтын негізгі проблемалар ескерілді. Оның ішінде осы сала бойынша айналысып жүрген тәжірбиелі және жас зерттеушілердің тұжырымдамалары қолданылды.

Дін, өнер, әдебиет т. б. сияқты мәдениет салаларының заман  талабына сай өзгеретіні секілді, педагогика ғылымы да өзгертуді, толықтыруды керегінше қажет етеді. Осы курстық жұмыста осы мәселені мақсат еткені белгілі.

Оқыту әдістері бұл мұғалім  мен оқушылардың оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай  шешуге бағытталған өзара байланысты іс - әрекеттің тәсілдері. Оқу әдістері оқушылардың танымдақ қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу олардың танымдық қабілеттерін дамыту, ойын жетілдік кез – келген, ата – ананың, педагогтың басты арманы. Олай болса, оқыту әдістерін зерттеп, басшылыққа алу ең дұрыс және тиімді тәсілдердің бірі.

Курстық жұмыстаң мақсаты. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процессін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігін педагогикалық ынтымақтастығына байланысты екенін ашып көрсету.

Зерттеу тақырыбының объектісі. Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметі, мұғаліммен оқушының  байланысы, арақатынасы. 

Оқыту әдістері мен тәсілдері  жайындағы зерттеу мәліметтері  мұғалімдер арасында әлі де біріңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің қырық проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіріледі. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы мұғалімдердің педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен таныс емес екендігі байқалады. Сондықтан Мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Оқытудың ғылыми – теориялық негіздері

I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны

Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл  сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан  педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі  көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір – біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

    Құрал дидактикада  дербес терминалогиялық мәні  бар сөз. Мысалы: дидактикада қолданылатын  құралдар оқыту жабдықтары, оқыту  ақпаратының көздері. Әдіс педагогикалық  әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі.  Мысалы, швейцар инцеклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсіндіріледі.

Педагогикалық инцеклопедия «Оқыту әдістері» - мұғалім мен оқушыларжұмысының  тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың  дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды - деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың  оқу – тәрбие жұмысының міндеттерін  ойдағыдай шешуге бағытталған өзара  байланысты іс - әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы филасофиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс - әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуынамүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше  ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным  әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда  ең бастысыоқушылардың танымдық іс - әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бір сыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс - әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамассыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілетінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің санаулы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра  білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығана байланысты.

«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір – бірімен  тікелей байланысты. Әдістемелік  тәсіл оқыту әдісінің элементі (компаненті, құрамды бөлімдер). Мысалы: жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т. б.

«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын  анықтау өте қйын. Өйткені, әдіс кейде  тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту  әдісіне айналады.

Мысалы:

  1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
  2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттер мен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
  3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады. 
  4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде қолданылады.

Әдіс пен тәсіл педагогикалық  ұғым. Олар жеке пәнді оқытуды қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық  әдіс, арифметикада бүтін сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады.

 Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де біріңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің қырық проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіріледі. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы мұғалімдердің педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен таныс емес екендігі байқалады. Сондықтан Мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет.

Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.

XX – ші ғасырдың жиырмасыншы жылдарында белгілі педагог – ғалымдар     Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский, М. М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эврестикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

Отызыншы жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирев, И. Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу,көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмас, лабораториялық жұмыс жатады.

Елуінші жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д. О. Лордкипанидза оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады. Лоркипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; кітаппен жұмыс істеу әдістері; оқыту – практикалық сабақтар әдістері.

Елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында  орыс ғалымдары Е. Я. Голанд, С. Г. Шопавленко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге  алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөледі:

  1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.

Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. Әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда он- он бес, ал жоғарғы сыныптарда жиырма – жиырма бес минутқа созылады. Әңгімелеу әдісі көбнесе тіл, әдебиет, тарих, география сабақтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығы мен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды.

Әңгіме әдісі. Сабақта сұрақ – жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан мұғалім алдын- ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып баойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамассыз етеді. Әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.

Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғамдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрағына жауап береді, байымдамайды, дәлелдеуге тырысады.

Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс - әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық, іс - әректінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға көмектесу.

Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында оқушыларға нақты сұрақтардан тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен баяндалады. Әрбір сұрақтан кейінқорытынды жасалады. Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге талас және жалған теориялар жөнінде нанымдатүсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған материалдың мазмұнын, маңызды дәлелдемені, нақты мысалдарды, ғылыми анықтаманы, негізгі қорытындыларды жазып алады.

Лекция сабақтың отыз минут уақытын алады. Қалған уақытта оқушылар тақырыпқа сәйкес мұғалімнің көмегімен өз батінше түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды. Ең соңында мұғалім сабақты қорытындылайды.

Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді терең игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегін оқушылар сабақта немесе үйде түрлі жаттығу жұмыстарын орындайды, алған білімдерін толықтырады. Айта кету керек, бұған бірнеше жыл бұрын баспадан шыққан оқулықтарда ғылым мен техниканы соңғы жетістіктеріне байланысты кейбір тың мәліметтер болмайды.Сондықтан оқушылар мұғалімнің көрсетуімен білімдерін толықтыру үшін жаңа ғылыми мәліметтерді басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түптеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар, т.б.

Оқушыларды кітаппен жұмыс істеуге қалай үйрету керек? Оқушы сыныпта алған тапсырманы қарап, еске түсіреді, оны орындау  үшін кітаптағы материалды:

А) өзінің ақыл-ойын жұмылдырып, көңіл қойып, ықыласпен оқиды;

ә) негізгі материалды ұғу үшін кітаптаға тексті тез қарап шығады, яғни оны алғаш рет алдын-ала оқиды, ойға салады;

б) соңғы рет кітап  текстісін тиянақты оқиды, талдау жасайды, басты мәселелерді бөледі, маңызды  ережелерді жазып алады (кітапты  конспектілейді). 

  1. Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.

Демонстрация  әдісі тәжірбиелерді, приборларды, препораттарды табиғи объектілерді, кинофильмдері т.б. демонстрациялауға байланысты. Мысалы, сабақта кинофильмді пайдалану үшін оны алдын – ала қарап қандай мәселелерді фрагменттерге бөліп, оқушыларға түсіндіруді анықтау қажет. Сабақ соңында фильм бойынша қорытынды әңгіме жасалады. Демонстрация әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында түрлі приборларды, табиғи объектерді демонстрциялау үшін қолданылады.

Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері