Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:51, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыста оқытудың түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалы оқыту, бағдаламалап оқытудың түрлері қарастырылды. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері деген бөлімде, аталған проблемалардың ғылымның өзге салаларымен, қоғамның, күнделікті өмір мәселелерімен байланысты қарастырылды. Оның ішінде қоғамның мұқтаждығы, білім беру мен дамудың өзара байланыс заңдылықтары ескеріледі.

Содержание

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі.
I тарау. Оқытудың ғылыми – теориялық негіздері.
I. 1. Оқытудың ғылыми негізіндегі әдіс – тәсілдері және олардың мазмұны.
I. 2. Оқытудың түрлері, формалары және принциптері.

II тарау. Дидактиканың қызметтері
II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызметтері.
II. 2. Оқытуды түрлендіру үшін педагогикалық технологияларды қолдану
ІІ.3. Оқыту процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдаланған озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері

III. Қортынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЯУЛЫМ.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы, олардың белсендлігін арттырады. Әрбір іс - әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсіну қажет. Мысалы: а) тіл сабақтарында граматикалық ережелерді теория – тұрғасынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналықпен көрсетеді. ә) Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінумен бірге. Оларды қалай өсірудің практикалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет.

Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп , оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К.Д. Ушинский т. б.

Осы принцип  негізіндеалғашқы оқытудың әдістемесін жазады.

К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы  ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды дейді.

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде  сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильімді пайдаланып түсіндіру жақсы нәтиже береді.

Сонымен көрнекілік принципінің оқыту  материалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше.

Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі. Педагогикалық процесінің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту тәрбие үйлесімділігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады –  оқыту мен тәрбие жүйесінің тұтас, мызғымас бірлестігі.

Ақыл – ой, адамгершілік және еңбек  тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамассыз  ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс - әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл – ой тәрбиесі қоғадық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүйесінше, саяси және қоғамдық тәрбиемен қатар жүрмейінше, тәрбиелік пайда клтірмейді, бейтарап процесс болады»,  - дейді А. С. Макаренко.

Педагогикалық процестің басты  идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында  мақсаттың, міндеттерінің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер  мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтар мен, оқыту машиналармен, техникалық құралдармен, атап айтқанда, символикалық экранды – динамикалық дыбысты - техникалық құралдармен жабдықтау, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады.

Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық  – психологиялық жағдайдыңда  мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік  шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер  мен оқушылар арасындағы бір – біріне тілектес, жанашырлық, қамкорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс - әрекетінің сапасын тиімді ықпал жасайды.

Сонымен, тұтас педагогикалық  процестен кешенді ықпал жасау  – бұл әр түрлі іс-әрекетін нақты  жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек) табиғи бірлікте жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. Дидактиканың қызметтері

II. 1. Дидактиканың категориялары, ережелері және қызметтері

 Дидактика - бұл  ежелгі грек сөзі, didaktikos – үйретуші, didaskalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың принциптерін, оқытуды ұйымдастыру  әдістерін және және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде және пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактиканың ғылыми негізін қалаушы чех педагогы Ян Амос Каменский. Оның «Великая дидактика» кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып жүйесі баяндалған. Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог – ғалымдары, ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әлжанов өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.

Оқушыларды кең білім  шеңберімен қаруландыру, олардың бойында  адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы  талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерімен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі  категогриялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компаненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құарлдары, оқытудың нәтижесі.

Дидактиканың дамуы  білім беру мен оқыту проблемаларын  терең зерттеуге, педагогикалық  озат тәжірбиені зерттеп жинақтауға және оқыту мен тәрбие процесіне  енгізуге байланысты. Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады.

а) Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.

ә) Әрбір пән бойынша  сабақ берудің сапасын арттыру.

б) Политехникалық білім  беру, еңбек тәрбиесі мен оқыту, кәсіптік бағдар беру.

в) Жалпы білім беру мазмұны ізгілендіру және гуманитарландыру.

Жалпы және кәсіптік білім  берудің иақсаты – жастарды жан  – жақты дамытып, өмірге, еңбек  іс - әректіне және кәсіптік орта, жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.

Білім берудің мазмұны  қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оқу бағдарламаларымен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдар, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.

«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу  пәні бойынша сабақ беру денгейін арттыру, оқу пәндерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалатын болсын, онда ғалым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамассыз етілсін» - деп мектеп реформасында жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. 2. Оқытуды түрлендіру үшін педагогикалық технологияларды қолдану

Бүгінгі таңда білім  беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясында  ыңғайлы қажеттілігі туды. Жалпы  оқытудың технологиясы дегеніміз –  оқытушының іс-қимыл үрдісінің қисындық – тәжірибелік қажетілігін нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату. Олай болса, оқыту үрдісіндегі жеке тұлғаның білім меңгеруі деңгейліктерден деңгейліктерге көтерілу үшін оқулықтарда берілген нысаналар тек мемлекеттік қалыптың қайталаным мәресінде қалмай, дәстүрлі ұғымда II, III  деңгейліктерге ыңғайлы болуы үшін өлшімдіктер мен тапсырмалар берілуі бүгінгі зәрулікті туғызады. Себебі оқулықтарда тек I деңгейге шақталған тапсырмалар (оқулық, хрестоматия, бағдарлама). Сол себепті зерттеу еңбегіміздің мақсатын қайталанып деңгей мен эвристикалы деңгейдің өлшемділікері мен тапсырмаларын айқындап, ара жігін ажырату деп аламыз. Қайталаным – оқулық пен хрестоматияда берілген хронаметрлік нысаналар мен хрестоматиядағы мәтіндердің хронотобы (құбылыстар мен оқиғалардың көлемін еске сақтау). Мұның өзі студенттің өзіндік әрекетін сақтап, хрестоматия мен оқулықтан тыс мағұлматтар мен сыни еңбектер және теориялық ұғымдарды бернелеулеріне шектеушілік туғызады. Ал, одан тыс материалдар меңгеруге ұмтылдыру нысанындағы ұсақ детельдарды тұтастықта іліп – іліп, оларды шығарманың құрылым – жүйесіне қарай түйістендіре білу шеберлігіне шындайтын эвристикалық тапсырмалар мен өлшемдіктер пішінге салу арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда берілген мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттерді  назарда ұстаймыз:

    • жаттампаздық пен қайталаушылық дәстүрдегі қалыптасқан ой – түйсіндерден бас тартуы, керісінше автордың ажарлы ойынан үлгі алуы, лексикалық қор жиюы;
    • әр автордың кейіпкер сомдаудағы типологиялық ұтысын өмірдегі адамдарды тани білуге, прагматикалық іскерлігін шыңдауға пайдалануы;
    • таным құрылымын жалқылауға, салыстыруға, жинақтауға, ой түюге бұра алуы;
    • қисындық білім қорын өмірде кәдеге жаратуы (сарказм, ирония, суггестив т. б.):
    • сөздің тек іс - әрекеттік нәтижеге қызымен етуіне мүмкіндік жасауы;
    • үнемі ізденіс әдістімен шұғылдануы арқылы толғанысқа түсіп, өзін - өзі дербестікте дамытуы.

Міне, осы мәселенің  өзектілігін айқындау үшін студенттердің  білімін сараптадық, олар әдістемелік  құралдар мен зерттеу еңбектеріне  шолу жасады.

А) Түсіндірмелі суретті оқыту жүйесіне тоқталып өтелік. Бұл оқыту жүйесінің мақсаты – тәжірбиеде алған білімдерін қолдана білуге ынталандыру. Оқытушы көрнекі құралдардың көмегімен оқу материалын студенттің санасына жекізуді көздейді. Тәжірбиешілік жұмыс жүргізу үдісінде оқытушы студенттің қайталаным деңгейін ұйымдастырады.

ә) Дамытпалы оқыту. Аталған әдістің негізгі атқаратын рөлі – студенттің өздігінен ойлау әрекетін дамыту негізінде білімді меңгерту. Білімнің ішіндегі ақиқатты іздеу, өмірдегі күнделікті тіршіліктің ыңғайына кетпейтін тәуелсіздікті ұстану сияқты бағыттарды көздейді. Мұндай оқытудың негізі – студенттердің өністі ойлау қызыметі – «дамудың жақын ауданын» жүзеге асырады. Жаңадан білім алу үрдісінде «дамудың жақын алаңы» адамның жан дүниесін алға ұмтылдырады.

Оқытушы студент ізденісінің үрдісін ұйымдастырушы сапасында қызымет етеді. Мұндай әрекеттестік оқу еңбегінің тек қайталаным деңгейінде тұйықталып қалмауын жүзеге асырады. Бұл әдіс әр студенттің қабылдау белсенділігін арттырып, қиялын, ойлау әрекетінің  әр түрлі іс – қимылын түйсіндіреді.

б) Проблемалық оқыту. Проблемалап оқыту жүйесін жүзеге асырудың негізі кімнің қатысты дамыды? Бұл сұраққа С. Л. Рубинштейннің ғылыми тұжырымы мен дәйекті пайымдарына үндесе отырып дамыды деген жауапты ұсынамыз. Психолог – ғалым адамның жеке санасының қабілетін дамыту тек өзіне тән (мамандығына, не жеке мақсатына) өзекті мәселесін шешудегі танымын дамыта аларлық бағдарламанымеңгеруіне орай заңдылықтар мен принциптердің қажеттілігін жіктеп берген. Оның басты тірегі – субстанциясы – проблемалы ситуациянысол өзінің өзекті мәселесінетиесілі үрдістерге жобалануындағы іскерлігін дамыту. Субъект өзіне қиындық туғызатын міндеттерді ұтымды шешуге ниеттенеді. Бірақ, оған қатысты керек мәліметтер мен фактілер, тұжырымдар жетіспейді.

Мұндай жағдай әр субъектінің  психологиялық мүмкіндігін ашады. Ғылыми, біліми берілген тапсырмаларды орындау үрдісіндегі қайшылықтарды жіктеп, оны шешу үшін жаңа білімді пернелеу мен қызыметтік әрекеттерін нәтижеге бағдарлау мәністері өзіне өзінің көңілінің тоқмейлісіп, өнімді еңбегінайқын көруіне мүмкіндіктер, қолайлы сәттер орнығады. Сөйтіп субъекті ішкі мүмкіндіктерін сапалы танымдық пайым жинауғатолық пайдалана алатын дәрежеге жетеді.

Оқытудың бұл әдісі  әр студенттің, не оқушының өздігінен  дербес жұмысқа халінің келу, келмеуін сараптан өткізіп береді. Проблеманы жоқ жерден жасанды іздегенмен, проблемалап оқыту әдісі шықпайды. Сол себепті белгілі бір көлемді аумақтағы субъектінің жиған жоғары мақсаттағы тбағытына тікелей бағынышты екендігін естен шығармауы көзделеді. Айқындап айтсақ, қайшылықты мәселе белгілі бір ғылыми бағытқа қатысты туады, міне, сол қайшылықты шешудің өзектілігін табудың әдісін дұрыс таңдап алу үшін субъектіде жиылған сол саладан алған білімі болуы қажет.

в) Программалық оқыту.Бұл әдісті қазақшалап алсақ, бағдарламалап оқытудың әдісі демекпіз. Мұның негізінде кибернетика немесе оқылатын жүйені құбылту мақсатында құру. Аталған әдістің басқа әдістен ерекшелігі – оқытушы тарапынан бұйрық беру сипатында, ал техника жүйесінде компьютерде берілген бағдарламаны шешу.

Бұйрыққа қатысты орындалған тапсырманың шешімін сипаттау ісі негізгі әрекет. Оқу бағдарламасынан студент өзіне қажетті білім алады, мағұлмат жияды. Өзін - өзі бағалауға үйретеді. Бұл жүйенің кемшілігі – шектен тыс студенттің оқу қызыметіне апеллияцияның болуы.

г) Модульдік оқыту. Бұл әдісте оқытушы оқу мағұлматымен, нысанасымен жұмыс жүргізеді. Мұның өзі тарау – тараумен берілген материал болады. Әрбір тарудың негізгі желідегі басты ой – түиіні қорытынды сипатында келеді және дербес жұмыс жүргізуге лайықталған, ыңғайлаған дәрежеде тізбеленеді.

Жалпы мұндай тараумен беренлеген нысаналар тұтастық қалыпқа түйістендірілген бейнеде болады. Оқу үрдісінде  тақырыптың мұратын ашу үшін немесе барлық оқу қызыметінің әрекетін айқындау үшін немесе барлық оқу қызыметінің  әрекетін анықтау үшін қолданылады. Мәселен, мақсаттылық деңгейге құрылған тараулар жаңа білім нысандары жайлы түсініктер береді. Оның өзі болып жатқан құбылыстармен байланыстылық заңына сүйене сипатталады.

Екінші, мәліметке құрылған тараулар, бөлімдерге, бөлімдерге жіктелген ең қажетті деген мағұлматтардың жиының жүйесі. Бұлар: бөлімдер, парагрфтар, комьютер бағдарламасы.

Үшіншісі, операциялы тараулар. Бұл тараудың басты ерекшелігі –  тәжірбиешілік тапсырмаларды орындауға  арнайы құрылуы. Негізінде аталған  модульоқушылардың, не студенттің теориялық біліміне орай жаттығу, тәжірбиешілік ыңғайына бейімделіп келеді.

Информация о работе Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері