Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 15:08, курсовая работа
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».
Тәрбие сағатының мақсаты: Болашақ ұлт тағдыры, қыз бала тәрбиесі – өзекті мәселе екенін айта отырып, қыз бала әдебі – отбасының, елдің тәрбиесі екенін түсіндіру. Қыздарды әсемдік пен өрлікке, әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандық пен татулыққа,
төзімділік пен парасаттылыққа баулу.
Тәрбие сағатының түрі: өнеге сабағы
Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, тренинг
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл, шарлар.
Тәрбие сағатының жүру барысы:
Кіріспе.
Мұғалім:Құрметті мұғалімдер, оқушылар! 8 «ә» сыныбында өткелі отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Тарихымызға үңілсек, қазақ
халқы қыз бала тәрбиесіне немқұрайлы
қарамаған. Ертеде ата-бабаларымыз
қашан да қыз баланы аялы алақанына
салып, мәпелеп еркелетіп, көзінің
ағы мен қарасындай қарап, тәнін
сау, жанын таза етіп өсіруге тырысқан.
Жақсы көрумен бірге өсіп келе
жатқан нәзік жандардың тәрбие-
«Қыз өссе елдің көркі» деп бойжеткендерді тек бір отбасының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышына, абыройына, тіпті ар-намысына балап келген. Қыз баланың жүріс-тұрысына, сөзіне, жиған жүгіне, киген киіміне құйған шайына қарап, ата-бабамыз оның қандай отбасынан шыққанына, қандай ананың тәрбиесінен өткендігіне баға беретін болған.
І жүргізуші:
Қыз емес қыздың аты- қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
ІІ жүргізуші:
Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Нұрлы ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда.
Кім де болса, періште ғой ғажайып
Әттең шіркін, кетпесе екен азайып….
Мұғалім:
Ертеде бір әумесер хан болады. Ол бір күні өзінің қоластындағы бүкіл халқын жинап алып «ер адам артық па, әйел артық па?» деп сұрайды. «Әйел артық» — деп жауап бергендердің басын алмақшы болады. Ханнан қорыққан жұрт «ер адам артық, сіз емес пе бәрімізді билеп отырған» — дейді.
Сол кезде бір адам ғана ханның қаһарынан қорықпай «әйел артық»,- дейді. Хан қатуланып, әлгі кісіні ортаға шығарып, «сен неге бұлай деп тұрсың, қане, дәлелде әйелдің артық екенін» — дейді. Сонда әлгі кісі: «Хан ием мен сіздің ақылыңызға шек келтіріп тұрған жоқпын, бірақ айтыңызшы,сізді дүниеге әкелген әйел – ана емес пе?» — дейді. Сонда хан сөзден тосылып, райынан қайтқан екен. Мұхаммед пайғамбар хадистерінде «Ең әуелі анаңды сыйла, содан соң тағы да анаңды сыйла, содан соң атаңды сыйла» делінген.
Ойлан, топтас, талқыла
Сіздер ананың артық екенін өздеріңізше дәлелдеп көріңіздерші?
ІІ жүргізуші:
Ата-бабаларымыз өзінің ұрпағын ақылды, ар-намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Қазақ халқы адамның ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндейді.
Олар мыналар:
1. Адамның басшысы – Ақыл
2. Жетекшісі – Талап
3. Жолаушысы – Ой
4. Жолдасы – Кәсіп
5. Қорғаны – Сабыр
6. Қорғаушысы – Мінез
7. Сынаушысы – Халық
І жүргізуші:
Қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «қызға қырық үйден тыйым» деп білген. Қазақ халқында халықтың құрметіне бөленген, ақылына көркі сай ару қыздар аз емес.
Халқымыздың өр рухты, аяулы қыздары кімдер?
ІІ жүргізуші:
Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз – бүгін әке-шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні.
Ал тіліңді алмай бедірейіп, кісі көрсе кекірейіп, топ ішінде қарқылдап, ұятты жерде саңқылдап, етегін кесіп, омырауын ашып, көрінгенге көзін тессе, күндіз кетіп, түнде келіп жатса - азабың. Қазі қыздар арасында тәртіпсіздік, жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Қыздар бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?
Қазақ қыздарына мынадай он түрлі талап қойған:
1. Әдептілік
2. Ар-ұждан пәк болу
3. Кеңпейіл, шапағатты болу
4. Мейір – шапағатты болу
5. Ақыл – парасатты болу
6. Сабырлы, салмақты болу
7. Адал, ақжарқын болу
8. Моральді, мұратты болу
9. Өжет, батыр болу
10. Ұят, намысты болу
Бұрынғы қазақ қызы мен
қазіргі қазақ қызының
Бұрынғы қазақ қызы |
Қазіргі қазақ қызы |
Қазақ қыздарының бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?
(Оқушылар жауабы тыңдалады)
І жүргізуші:
«Болмасаң да ұқсап
бақ» деп ұлы Абай айтқандай,
қыз балалар осындай
Қыз – қарындас, қыз –апаң, қыз – болашақ жарың, қыз ертеңгі ана , қыз – ұлтымыздың келешегі.
Сондықтан да қыздарды аялай білейік!
Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де кезінде дара тұлға.
Ұрпағымыздың ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
ІI жүргізуші: Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы, қорытындылай
келе “Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз
берілген білім адамзаттың қас жауы, ол
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі,”
- деген ұлы ғұлама Әл-Фараби, білім мен
тәрбие – егіз, екеуі қатар жүруі керек
деп айтып кеткен пікірінен тәрбиенің
оқушыларға ықпалы, маңызы зор екенін
көре аламыз. Оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
ең негізгі талаптардың бірі болып саналады.
Баланы тәрбиелеу ісі - баршаның ісі. Адамгершілік
асыл қасиеттердің адамды арман мұратына
жеткізсе, ал жаман қылық, жат әрекеттердің
зияны тиіп, жаманшылыққа ұшыратып жатады.
Сол себепті оқушыларға ақыл – ой тәрбиесін,адамгершілік,
Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңында “Білім беру
жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау” - делінген, ал басым міндеттерінің
бірі ретінде “жеке адамның
Оқушыларды адалдыққа, әділеттілікке, ерлікке, әсемдікке, достыққа үйретуіміз керек, жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек. Осының барлығы баланы табиғи ортаны қорғау, өмір сүру қабілетін қалыптастыру, халықтың салт-сана, дәстүр, әдет-ғұрпын білуге үйрету арқылы, болашақта ары таза, рухани байлығы мол, ізетті, инабатты, сегіз қырлы, бір сырлы тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Ендеше, осындай ізгі қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіріп, мінезін қалыптастыруымыз біздің басты міндетіміз. Бүгінгі күні елімізге әдеби тілге бай, білімді, өнерлі жастар керек, ал біздің негізгі міндетіміз – инабатты, ізетті, әдепті, сыпайы, ұлттық қасиетімізді бойына терең сіңірген азамат тәрбиелеу. Ең алдымен мәдениетімізді, тілімізді қастерлеуіміз қажет, осыны оқушы санасына сіңіруіміз керек. Бүгінгі күні әдебиеттен, өнерден хабары бар, білімі терең, ойшыл, сезімтал, еліне сүйіспеншілігі мол, өз елінің патриоты болатын жастар тәрбиелеуіміз абзал. Осы жастарымыз біздің зор үміт күтетін болашақ азаматтарымыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Информация о работе Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары