Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 15:08, курсовая работа
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі,
- елінің әлеуметтік және мәдени
салаларда жеткен
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-
1.3 Еңбек тәрбиесі
Мектепте еңбекке тәрбиелеу
- тәрбиенің жалпы жүйесінің
оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. ( Қосымша 5)
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
• Мамандықты таңдауға дайындау( Қосымша 5).
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырылған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек
сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек
дағдыларына үйренеді, техникалық білімді
игереді.Еңбек сабақтарының процесін
жетілдіру, оқушылардың еңбекке
шығармашылық қатынасын қалыптастырады.
Оқушылар өндірістік бригада базасында,
демалыс лагерьлерінде
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
• халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
• мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
• шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Сыныптан тыс үйірме және
жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін
іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі
өте зор. "Жас натуралистер",
"Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер"
сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке
баулиды, олардың шығармашылық ойларының
дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық
қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс
істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай
білуге де үйретеді.Оқушының қызғылықты,
үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға
қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
1.4 Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту ( Қосымша 6).
Оның негізгі компонентері:
Эстетикалық қабылдау.
Эстетикалық сезім.
Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.
Эстетикалық талғам - әсемдікті
дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Эстетикалық талғам немесе көркемдік
талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі
бір эстетикалық мұратты
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат,
талғамдарды бағалауды
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады .
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.
• Оқушыларды әсемдікті көре
біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық
өнердің орны ерекше:
• Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
• Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.
• Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
• Ауыз әдебиеті( Қосымша 6).
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу,
көркемдік танымын
Музыка - сезімдерін дамытып,
музыкалық мұратын
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын
дамытады.
Бейнелеу өнері – кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет,тарих-шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия,физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Бейнелеу өнері сабақтарының
да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме,
мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері
құралдарымен өмір, табиғат және қоғам
әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу әсемдікті
түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған
әсерін бейнелеу өнері құралдары
арқылы шамасына сай беру, сызықтың
сурет салуын меңгеру арқылы олардың
өзіндік іс-әрекеті қалыптаса
бастайды.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының
эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушылардың ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктеріңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның
сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның
эстетикалық мәніне байланысты. Киім
эстстикасы, қазіргі өмір талабына
сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек
эстетикасында сұлулықтықтың
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті
1.5 Дене тәрбиесі
Оқушылар дене-бітімінің
дұрыс дамуы, денсаулығының
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена,
дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт
ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты
күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс,
тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын
дұрыс ұйымдастыруда талап
Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз
- демалыс, тамақтану, жеке гигиена және
күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды,
мазмұнды қолдану.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:
• шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
• оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізу.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.
• шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
• спортпен шүғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
• негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту.
Информация о работе Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары