Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ ПЕДАГОГИКА ГОТОВЫЙ_1.docx

— 64.04 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында  жан – жақты ел тарихын жетік  білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды  тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін  үрдіс және арнайы ұйымдастырылған  педагогикалық іс-әрекет ретінде  қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін “ақпараттық қорек” қызметін атқарса, тәрбие оның адам игілігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі “Білім туралы” Заңда айқындалған.

Мектеп – оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп – қоғам идеясын жүзеге асырушысы.

Тәрбие дегеніміз –  адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық – тарихи тәжірибені беру процесі.              

Мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.

Тәрбие жүйесі – педагогикалық  процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс  уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу  ортасы.Білімді, адамгершілікті, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары  Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар саясаты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.

Тәрбиенің негізгі мақсаты –жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету ( Қосымша1).

Тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • Білім беру ұйымдарында  денсаулығы зор, рухани дүниесі бай,   адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
  • Балалар мен жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке,

 зиялылыққа, адам құқықтары  мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

  • Өзінің  және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,  табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау. 
  • Жеке тұлғаның өзін -өзі  іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.
  • Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру( Қосымша1).  

Курстық жұмыстың мақсаты: балаларды тәрбиелеу түрлерін ажырату және тәрбиенің құралдары арқылы оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Оқушыларға тәрбие берудің маңызын ашу;
  • Тәрбие құралдарына түсінік беру;
  • Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің

жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі: оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен

құралдары.

Гипотеза: тәрбиенің түрлері оқушылардың мінез құлқын, тәртібін, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.

Осы орайда, жеке тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығын жетілдіру мақсатында тәрбиелеудің құралдарын ұсынғым келеді:

  1. Ақыл-ой тәрбиесі
  2. Адамгершілік тәрбиесі
  3. Еңбек тәрбиесі
  4. Эстетикалық тәрбие
  5. Дене тәрбиесі
  6. Құқықтық тәрбие ( Қосымша2).

       

 

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Ақыл-ой тәрбиесі

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын  дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім  қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей  ықпал етеді( Қосымша2).

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның  білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі  ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір  даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп  атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім  қорын жасауға, негізгі ойлау  операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық біліктілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері: 

- ойлау іс-әрекетінің  шарты болатын білім қорын  жинақтау;

-ақыл- ой түрлерін дамыту;

-негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;

-зиялылық біліктерді қалыптастыру;

-дүниетінымды қалыптастыру( Қосымша3).

Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың  мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала  білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті  үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті. 
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік ( Қосымша3).

 Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу. 
          Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.

Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні  бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау - айырмашылықтары  мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды  топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп,заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді

 байланыстарды түсіну  іскерлігі.

Индуктивтік ойлау - ойдық  жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға  қарай қозғалысы.

Дедуктивтік ойлау - ойдық  жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді  бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.

Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең  зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің  жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының  тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын  дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен  шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.

Ғылыми және әдеби кітаптармен  жұмыс істегенде оқушылардың  ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап  мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін  дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай  білуіне және жан-жақты сауаттылығына  байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Адамгершілік тәрбиесі

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі( Қосымша 4).

Адамгершілік тәрбиесі жастардың  қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке  қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы  адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. 
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық  нормалармен өлшенеді. Мораль  (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі ( Қосымша 4).

Моральдың негізгі міндеті - адамның  мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу( Қосымша 4).

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың  моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық  дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. 
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. 
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Абай адамгершілік, әдептік нормалары  жайында көптеген пікірлер қалдырды.Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. 
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. 
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының  бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.

Жастарды ұлтжандылық рухта  тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық  ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады. "Патриот" деген сөз, гректің «отан» деген сөзі, ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды. Патриот ұғымының педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.

Информация о работе Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары