Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВОЙ ПЕДАГОГИКА ГОТОВЫЙ_1.docx

— 64.04 Кб (Скачать документ)

Дене тәрбиесінің негізгі  құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар  жатады.

Дене жаттығулары - бұл  саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары  бұлшық ет жүйесін, қан айналымын  және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді. 
Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын  нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін  дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде  пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің  маңызды мақсаттарының бірі - балалар  мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту  және шынықтыру, дененің дұрыс  өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс  қабілетін арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен  іскерліктерін қалыптастыру және  жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне  баулу және оны теориялық білімдерімен  байланыстыру;

-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;

-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- әдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды  сіңіру, дене жаттығулары мен  шынықтыру гигиенасы жөніндегі  білімді хабарлау.

Оқушыларды жүйелі түрде  дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен  дайындалуы. Осыған байланысты оқу  бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.

Отбасында өз еркімен орындалатын  дене тәрбиесінің бір түрі –таңертеңгілік-гигиеналық бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді. 

 

 

 

 

1.6 Құқықтық тәрбие

 
  Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады ( Қосымша 7). Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан  басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс  құбылыстың орын алып отырғаны жасырын  емес.

Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде  отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн  өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.  
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:

-  тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;

- оқушының тәрбиесін,  өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;

- оқу,еңбек іс-әрекетін  тиімді ұйымдастыру;

- отан қорғау, туған елдің  күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз  бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу

( Қосымша 8).

Құқықтың тәрбиенің бір ұшы жыныстық тәрбиеге де байланысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтық тәрбие де етене керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз. 
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі.

Құқықтық тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет. 
Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау. 
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі. Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.

Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.Бұл  әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай  білуге байланысты.

Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Ынталандыру және тежелу әдістері тобы: ынталандыру әдістері, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

№1

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, – деп жазды В.А. Сухомлинский, – бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самоле, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке  тәрбиелеу баланың жеке басын  қалыптастыру мен дамытудың аса  маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан  адамгершілік қасиеттер табылса, әрине  сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік  – адамның асыл қасиеті.

Оқушылар адамгершілік бастауы неде деп ойлайсыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады). 

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:

Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ  бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:

–     Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 

–     Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–     Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–     Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–     Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–     Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–     Асықпай түсіндіріп беремін.

–     Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–     Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–     Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–     Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–     Әдептілік деген не?

–     Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

(Оқушылар жауабы: рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, ізеттілік, әділ болу ,имандылық ,қайырымдылық т.б.)

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы  қонағымызды шақырамыз.

Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз»  дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1.     Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.     Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.     Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше  «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан  алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы  алайық, өз пікірін ортаға салушы – _____________.

1.     Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2.     Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?  

 

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік  қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада – __________.

1.     Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.     Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.     Адам адамнан несімен ерекшеленеді?

Қызу пікірімізді  жалғастыратын келесі қонағымызды  ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі»  деген пікірде.

Ортада – _____________.

1.     Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?

2.     «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3.     Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.     Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.     Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.     Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.     Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.     Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.     Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.     Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.     Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.     Адам іс-әрекетін қозғаушы күші (қажеттілік).

10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің  бірі (ерлік).

Мұғалім.Сонымен,оқушылар,«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы » тақырыбында өткізілген тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2

Тәрбие сағатының  тақырыбы:  «Қыздарға әсемдік жарасады»

Информация о работе Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары