Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:37, практическая работа
Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау.
Бағдарлама соңы ...
Сонымен бірге тақырыпқа байланысты оқушылар қарама – қарсы пікір айтып та үйренуі керек. Сол бағытта 10 сыныптарда өткен Вирустар тақырыбына байланысты «Мен Вирус ...», 9 сыныптар арасында өткен компьютерге байланысты «Компьютердің пайдасы мен зияны» атты дебат сабақтарын да айта кетуге болады. Оқушылар 2 топқа бөлініп тақырып бойынша 1 топ жақсы, пайдалы жағын айтып дәлелдесе, 2 –топ осы тақырыптың жаман, пайдасыз жақтарын дәлелдеп көрсете білді. Бұл ойын сабағын кез келген тақырып бойынша өткізсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, өтіліп жатқан бағдарламалардың пайдалы және зиянды жақтарымен есте сақталып қалары анық.
Қорыта келген ойын элементтерін қолдана отырып сабақты өткізу оқушының сол пәнге деген қызығушылығын оятып, жан-жақты ізденуіне әкеледі. Оқушы үнемі білсем, үйренсем деп талпынуы сөзсіз. Тек бір ғана пән емес бірнеше пәндерді біріктіре отырып та әр түрлі ойын элементтерін қолдана отырып сабақтарды, қызықты, әрі тартымды өткізуге болады.
Бұл әдіс ұстазды
шығармашылыққа жетелеп оқушының білімін
жетілдіру ізденуіне өзін еркін
сезінуіне, ұжыммен жұмыс жасауға,
жеке дара өз қабілеттерін көрсетуге
оқушы қабілетінің жан-жақты
Мұғалімнің бойынан қажарлы еңбекті талап ететін сала – ғылыми білгірлік деп білемін.
Ғылыми білгерлік дегенді - әр ұстаз өз пәнінен шебер болу керек деп топшалаймын. Оқушыға берілетін білімнің ғылыми негізінің дұрыс болуы педагогтың міндеті. Сонымен мен өзіме мұғалім ретінде білім беруші, тәрбиелеуші, екінші ата-ана, сырлас-дос, қатал талапкер, адал сыншы, адами деңгейі жоғары адамзаттың қалыптасуына ықпал етуші тұлға болуға тиіспін,- деп талап қоямын.
Интеллектуалды ойын «Тапқыр достар»
"Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін
нәрсе - білім"
Ойын мақсаты:
Көрнекілігі: интерактив тақта, презентация, тест пульттері;
Ойын жүрісі:
Мұғалім:
Армысыңдар, бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.
І-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Тапқыр достар» ойынын тамашалаңыздар!
ІІ-жүргізуші:
Ойын кезеңдерден тұрады:
Жоспары:
І-жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
ІІ-жүргізуші:
«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.
І-жүргізуші:
Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз, дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын.
1. Таныстыру
Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады.
2. Білім сапасын анықтау
ІІ-жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен. – дегендей 2-ші кезең тестке берейік.
Мұнда барлығына ACTIVote2 тестілеу және дауыс беру жүйесі әр оқушыға ұсынылған бірнеше жауаптардың бірін сымсыз радио-пульттардың батырмаларына басу арқылы жауап береді. Радио-пульттан шыққан ақпарат ACTIVboard интерактивті тақтасына орнатылған радио-портқа қабылданып, өңделеді. Нәтижесі интеракив тақтада көрінеді.
Тест сұрақтары:
№ |
Тапсырма |
Жауаптары | |||
А |
В |
С |
D | ||
Алға қойылған мақсатқа жету үшін орындалатын
жарлықтар мен нұсқаулар |
Шешім қабылдау әдісі |
Алгоритм |
Блок-схема |
Бағдарламалау тілі | |
Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды: |
дискреттілігі |
Нәтижелігі |
Жалпыға бірдейлігі |
өзектігі | |
Турбо-Паскаль тілінде |
F1 |
F2 |
F3 |
F4 | |
нені білдіреді? |
Алгоритмнің басы |
Алгоритмнің соңы |
Шартты тексеру |
Мәнді енгізу | |
Турбо-Паскаль програм-малау |
Н.Вирт |
Ада Лавлейс |
Н.Виннер |
Microsoft фирмасы | |
Оператордың жақша болып табылады: |
Begin ... end |
While ...do |
If ... then |
Read ... write | |
Тұрақтылар сипатталатын программа бөлігі |
const |
label |
type |
Var | |
а және в айнымалылары үшін Паскальда енгізу операторының дұрыстығын көрсетіңдер |
Read (a,b) |
Readln [a,b] немесе read [a,b] |
Read [a,b] |
Read [a,b] немесе readln (a,b) | |
Гипермәтін –
|
өте үлкен мәтін |
белгі бойынша ашылатын қүрылымдық мәтін |
үлкен қаріптермен басылған мәтін |
компьютерде терілген мәтін | |
МҚ-ның кестесі неден тұрады? |
өріс, жазба |
Баған, қатар |
жазба, блок; |
Баған, жол. | |
Төмендегі программалардың қайсысы антивирустық? |
STATISTICA |
COREL |
DOCTOR WEB |
MATHCAD | |
айнымалы: = өрнек; қандай оператордың жазылуы? |
Меншіктеу операторы |
Енгізу операторы |
Шығару операторы |
Циклдық оператор | |
x=3.145896; write(x:4:2); Экранда қандай жазу шығады? |
0.3145896 |
3.14 |
_ 3.145 |
3.145896 | |
Көбейтіндіні есептегенде, оның бастапқы мәні неге тең? |
S:=0 |
S:=1 |
мәні болмайды |
S:=2 | |
Бағдарлама мәтінін теріп |
Compile - Compile |
Run-Run |
Window - Close |
Compile – Make | |
Integer типі нені білдіреді? |
Нақты сандар |
Бүтін сандар |
Символдық шамалар |
Жолдық қатарлар | |
Қандай да бір есепті шешуге арналған атауы бар программа бөлігі |
функция |
процедура |
оператор |
массивтер |
І-жүргізуші:
Енді сайсымыздың «Ойлан тап» кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде альфавиттен кез келген әріп таңдалады, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздермен жауап беру керек. (Сұрақ әр түрлі бағытта бола береді).
ІІ-жүргізуші
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын , деп біз енді сайысымыздың «Кім тапқыр» кезеңіне келдік.
І-жүргізуші: Мұнда экранда ұпай сандарымен бекітілген ұяшықтар пайда болады, ұяшықтар ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер тиісті ұпайын алады.
ІІ – жүргізуші:
Кездестік міне тағы да
Саласында білімнің
Сараптауға асықпай
Компьютердің қызығын- дей отырып «Ыммен түсін» кезеңіне де келдік.
І – жүргізуші:.
Тақтада бірнеше техникалық құрылғылар жасырылады, сол жасырылған заттарды команда мүшелері бір – біріне қимыл - қозғалыс арқылы түсіндіріп, жасырылған қандай құрылғы екенін анықтау керек.
ІІ – жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,
Халқымның жүрегіне шашты нұрын.
Келеді тәрбиелеп еркін елдің
Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.
деп әділ қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтағанша ендігі кезең көрермендер ойыны.
1 |
5 |
3 |
4 | ||
2 |
4 |
3 |
5 |
||
2 |
4 |
||||
4 |
1 |
2 |
3 |
5 | |
3 |
5 |
6 |
|||
6 |
2 |
4 |
3 |
«Судоку» ойыны
І-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
ІІ-жүргізуші: Жеңімпаз топты марапаттаймыз.
Теректей тамырыңды жайып терең,
Жете бер жақсы күнге халықпенен.
Тулаған толқындардан тайсалмасын,
Ақпарат мұхитында алып кемең, - дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.
Ойынымызға келіп, қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың -мың рахмет!
«Кімнің үздік болғысы келеді?» сайыс сабағы.
Жеке оқушыға өтілген тақырып бойынша, не тарау бойынша 15 сұрақ қою арқылы ойналады. 5 сұраққа жауап берсе, «Күймейтін - 3», ал 10 сұраққа жауап берсе «Күймейтін - 4» бағаларын алады. 15 сұрақ – 5.
«Жұлдызды сағат» интелектуалдық ойын сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдылығын, көптің ортасында салып, ұстазымен бірге бақтарын сынату, сөздік қорын, тіл байлығын,дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу,
Дамытушылық: Оқушыларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың оқығанын, естігенін, көргенін есте сақгау қабілетін қалыптастыру, нығайту, білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактив тақта,презентация
Ойын жүрісі:
Ойнайық, ойлайықта ойнайық!
Қатардан артта қылып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық!
Ойнайық, ойлайықта ойнайық!
Білімділік көрсетейік сынайық,
Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді боп тарайық!
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Ойын -сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін
Мінер ұрпақ болар ма?
Осылай ой толғайтын, болашақгы болжайтын.
Барша адамдар жиылған, сіздерге әнім ұнай ма?
Компьютер заманы, әлде қатты қинай ма?
Білгің келсе ол жайлы, дұрыс қара, ойлана
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылгандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асыгыста
Ойын толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.