Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 21:42, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие қызметінің тек ғылым ісі ғана емес, өнердің де ісі екендігінде.Оның табысты болуы көбіне-көп тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты.Демек, тәрбие үрдісі- жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға, жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен, өзара байланысты қызметі. Тәрбие үрдісі адамға саналы, мақсатты түрде ықпал жасап, оның іс-әрекетін мақсаткерлікпен ұйымдастыруды көздейді.Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік қажетті талаптары мінез-құлықтың ішкі стимулына айналады.

Содержание

І. Кіріспе…………………………………………………………………….......2

ІІ. Негізгі бөлім. Тәрбие үрдісі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері........................
Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері...........
ІІІ бөлім. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары.
2.1.Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.......................................................................................................
2.2.Кешенді тәрбие беру үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.......................................................................................................
2.3.Оқу жұмысындағы тәрбие құрылымы................................................
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

асият.doc

— 202.00 Кб (Скачать документ)

Тәрбие үрдісінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау. 
Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. Тәрбие үрдісінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.

 Сыртқы қарама-қайшылықтар: 
•Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. 
•Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.

Ішкі қарама-қайшылықтар: 
• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы. 
• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

Тәрбиенің негізгі  зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды. 
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. 
Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. 
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту - тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі. 
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. 
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. 
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу. Тәрбие үрдісі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада Тәрбие үрдісінің талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие үрдісінің мақсаты, міндеті, мазмұны, үрдістің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, үрдістің даму кезеңдері және т.б. Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған. Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық үрдісте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады: тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның базалық мәдениеті келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті. 
Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. Тәрбие процесінде оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді. Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады. Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады. 
Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет. Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие процесі еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды тәрбиелеуге міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

Тәрбие мақсаты дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. 
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. 
    Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. 
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. 
"Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді: 
•адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; 
•заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; 
•құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие"; 
•тән саулығы - "дене тәрбиесі". 
И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген. 
Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген. 
К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 
        1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. 
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды. 
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді. Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген. 
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды. Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу. 
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған. 
Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды.  
        Тәрбиенің принциптпері дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. 
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар: 
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. 
тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 
Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек. 
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту. 
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі. Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын. 
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек. 
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. 
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы. 
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. 
Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады. 
Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін арттырады. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады. 
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. Педагог - тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді. 
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. 
Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді. 
Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы да ұмытылуда. Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс. Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау. 
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. 
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе пікіртапастар өткізеді. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: 
• Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. 
• Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы. 
• Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. 
• Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу. 
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: 
• Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. 
•Турашылдық. 
•Ойлыәрекет. 
•Шешімділік. 
•Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу. 
•Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. 
•Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма. 
•Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. 
•Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. 
•Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма. 
Бұл ережелерді байытуға болады. Көп ретте адам өз алдына ислгілі бір биік мақсат өойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі қарастырады. Содан әсерленіп қанатталған ішкі сезімдері арқылы білімді қажетсініп, нәтижесінде мақсатына жету үшін табандылықпен ізденеді. Адам баласының тарихында ондай мысалдар баршылық. Демосфен жас кезінен шешендік өнер меңгеруді армандайды. Аляйда, көпшілік алдындағы алғашқы сөзінде-аң сәтсіздікке ұшырайды. Оның дауысы тым бәсең, сөздері үйқаспай, тілі « күрмеліп, шәлкем-шалыс келе береді. Соны сезген қауым оны ' тыңдамай, ысқырып, тыжырынады. Оның орнында басқа біреу болса, бұл масқарадан кейін тауы шағылып, қолын бір-ақ сермеп ' жайына кете барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол елден оқшауланып, теңіз жағасынан үй салып, дауылды күндері, бүрқ-сарық, болып жағаны ұрып жатқан толқынға қарап, сағаттап,сұырып салма сөздерін қарша боратып, бар дауысымен сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою үшін, тілінің астына малта тастарсалатын болған. Сондай жан қиярлық табандылық пен ерік-қайрат Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол әлемнің айтулы ұлы шешеніне айналады. Талай ұлы адамдар өз мінездерін жаман әдеттерден арылтып, жақсы қасиеттерді дарыту мақсатымен жұмыс істеген. Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ұлы Абай өзін-өзі тәрбиелеп,өзін-өзі білімдар еткен адам.С.М.Торайғыров " Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толып тұған толық айдай" немесе "Қараңғы қазақ көгіне күн болмағанда кім болам", - деген романтикаға толы батыл жолдарды өзіне және болашақ жастарға арнап айтқан.

Мектептегі  оқу сабақтары әрбір сыныпқа  арналып жасалған сабақ кестелеріне  сәйкес жүргізіледі. Оқушылардың қызмет қабілетінің дұрыс болуы, негізінен, гигиеналық тұрғыдан дұрыс жасалған сабақ кестесіне байланысты болады. Бірақ, сабақ кестесін құрастыруда негізге алынатын мектептегі пәндердің қиындық дәрежесі, оларды өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауға келе бермейтін, көптеген нақты факторлаға байланысты болып келетіндіктен сабақ кестесін дұрыс жасау оңай емес.Сабақ кестесін жасауға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

    • Әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;

    • Оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу;

Оқу үрдісін  қалыптастырған кезде, міндетті түрде  оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын рационалды кезектестіруді және қызмет қабілетінің қалыпына келуінің классикалық қисық сызығын ескеру қажет.Оқу пәндері, іс-әрекеттің қиындығының сипатына, бірінші және екінші сигналдық жүйеге түсетін жүктемелердің дәрежесіне және осы жүктемелердің статикалық және динамикалық компоненттерінің қатынасына байланысты әртүрлі болып келеді. Оқу күнінің басында, оқушылардың қызмет қабілеті жоғары болып тұрған кезде, негізінен екінші сигналдық жүйеге жүктеме түсіретін (әдебиет, математика, шет тілдері т.б.), яғни, сөзбен айтуға, ойлануға арналған сабақтарды қойған дұрыс. Оқу күнінің соңына қарай, яғни, жұмыс өнімділігі азайған кезде сабақ кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан көрі жеңілірек қабылданатын (сурет салу, сызу, бастауыш сыныптарда аппликация, жапсыру т.б.) сабақтар қойылғаны дұрыс.Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын сабақтарды дағдылану қалыптасатын бірінші сабақтарға және қажу басталатын соңғы сабақтарға қоюға болмайды.Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қаблетін жоғарылатып, олардың ден-саулықтарын сақтап, нығайту үшін ұтымды құрастырылған күнделікті және апталық сабақ кестесі ең тиімдірек гигиеналық шаралардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, іс жүзінде әртүрлі себеп-сылтаулармен бұл принцип сақтала бермейді.Сабақ кестесін ұтымды құрастыруға кедергі келтіретін себептерді объективті және субъективті себептер деп екіге бөлуге болады. Объективті себептерге: оқу сыныптарының жеткіліксіздігі; оқытатын мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады. Субъективті кемшіліктерге, оларды жою үшін материалдық шығын қажет етпейтін: сабақ кестесін құрастырушы адамның білімінің аздығы; сабақ беретін мұғалімдердің сабақтан бос күндері болуы; оқу жүктемесін мұғалімдерге дұрыс бөліп бермеу сияқты жедел түзетуге болатын себептерді жатқызуға болады.Оқу үрдісінің ұйымдастырылуында сабақ арасындағы үзілістердің регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының регламенті ерекше маңыз атқарады.Сабақ арасындағы үзілістер арқылы организмге берілетін демалыстың ұзақтығы, оның «функционалдық потенциалдарынң қалыпына келтіру және қызмет қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да қамтамасыз ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы жеткіліксіз болатын болса және жаңадан түсетін жүктеме 1 фазаға келетін болса, онда қызмет қабілеті күрт төмендеп, қажу жоғарылай бастайды.Сабақ арасындағы үзілістер балалардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге, яғни, организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса ғана өзінің міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалыпына келтіретін ең жақсы демалыс, жақсы көңіл-күйде, таза ауада жасалатын қимыл-қозғалысты ойындар. Мұндай үзілістерді жыл мезгіліне қарамастан, ашық ауада өткізу, балалар организмнің шынығуына ықпал етеді, олардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, оқу жылындағы, тоқсандағы, аптадағы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен болатын қажудың дамуын төмендетеді (болғызбайды).

Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім  беру саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдістерінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізде ұйымдастыруды талап етеді.Жаңа типтегі мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады. Американдық мұғалімдер ассоциясының вице-президенті, доктор А. Урбански «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан – ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген.Ғылыми - психологиялық әдебиеттерде Зак А.З. атап көрсеткендей, ойлау механизмінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім алу мақсатымен ойша өңделетін «материал» және ойлау әрекеттерін «реттеуші» қызметі. Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, ой-пікірлердің немесе олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынасты, себеп-салдар, уақыт, кеңістік қатынастарының логикалық байланыстарын зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде білімнің реттеуші қызметі толық мәнді қалыптаспаған, өйткені көпшіліктің қалыптасқан пікірі бойынша, мектеп оқушыларды қажетті білім көлемімен қаруландырса, яғни әртүрлі саладан жаңа білім берсе жеткілікті. Алайда, «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер» демекші, көп білім тез ескіреді, өзінің реттеушілік сипатынан айырылып, маңыздылығын жояды. Оған қоса, заман талабына сай күрделенген оқу материалын саналы әрі шығармашылықпен меңгеру қажеттілігі туындайды. Сондықтанда, біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, жаңа типті мектеп алдында тұрған негізгі міндет – ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуын талап етеді. Сондықтан да, гимназия алды даярлық бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі оқушыларды гимназиялық үш бағыт бойынша (математикалық, гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану) оқушылардың қабілеттерін анықтай отыра, бағыттап даярлаумен қатар төмендегідей мақсат-міндеттерді алдыға қояды:

- cын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

- бастауыш  сынып оқушыларының бойында ойлау  әрекеттерін саналы қалыптастыру  арқылы өздігінен оқу материалын  талдай, жинақтай, жалпылай, қорытындылай, салыстыра білуге үйрету;

- алған білімінің өмірге қажеттігін анықтай білуге машықтандыру;

- зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін дамыту;

 

2.2.Кешенді тәрбие беру үрдісінде педагогикалық             технологияларды пайдалану

Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие үрдісі бірге  келеді. Әрбір ұлт өкілі, әрбір адамзат ұрпағының болашағы туралы ойлағанда оның тәрбиеге байланысты болатынын түсінді.

Тәрбие үрдісі – жеке адамды мақсатты бағытта жүйелі түрде  қалыптастыру. Талай ғасырлар бойы өмір сүрген ата бабаларымыздың өмірдегі іс -тәжірибесін, әдет ғұрыптарын тіршілік болмасын кәсібін игеру және өзіне тән ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру болып табылады.

Адам тәрбиесі мен  даму бірлігінің өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісінің заңдылықтарының  бірі. Тәрбие мазмұны формалары мен  әдістері көбіне баланың жалпы дамуы деңгейінде жүргізіледі және оған тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі. Жеке адам тәрбиелене, үйрене отырып дамиды (С.Л. Рубинштейн). Тәрбие дамуды жетелейді . Ол Л.С. Выготскийдың айтуы бойынша адамнан озық тұрады.

Тәрбие үрдісі адамның  дамуын оның өміріндегі әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді икемділік пен  дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп салмайды. Даму алдымен адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруіне, жаңа қасиеттің қалыптасуына әкеп соғады.

Тәрбие үрдісінің күрделілігі  тәрбие беру тек ғылым ісі ғана емес тәрбие ісі, өнер әрі шығармашылық іс екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінде  белгілі дәрежеде табысқа жету көбіне тәрбиеші мен баланың жеке дара ерекшеліктеріне  байланысты. Демек тәрбие үрдісі - жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбиеші мен оқушының бірлескен өзара байланысты қызметі.

Тәрбие беру үрдісі –  педагогикалық процестің өте  маңызды және өзіндік ісі бағдары  бар бөлігі екендігі белгілі. Тәрбие үрдісінің өз мазмұны өз ұстанымдары бар және барлық іс-әрекетті өзіне тән жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері көмегімен іске асырылатын іс.

Сондықтан педагогика ғылымында  өзіндік жолы, бет бағдары бар  тәрбие теориясы мен әдістемесі педагогика ғылымының саласы ретінде өз алдына қалыптасты. Соған орай тәрбие беру үрдісін іске асыру әдістемесі - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, формалары мен әдіс тәсілдері туралы толық та теориялық және практикалық іс-шараларды іске асыру жолын іздестіреді.

Тәрбие үрдісінің оқытудан айырмашылығы баланы ата-анасы туғаннан бастап ер жеткенше тәрбиелейді. Бала ер жеткен соң өзі тәрбиешіге айналады.

Информация о работе Негізгі бөлім