Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 21:42, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие қызметінің тек ғылым ісі ғана емес, өнердің де ісі екендігінде.Оның табысты болуы көбіне-көп тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты.Демек, тәрбие үрдісі- жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға, жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен, өзара байланысты қызметі. Тәрбие үрдісі адамға саналы, мақсатты түрде ықпал жасап, оның іс-әрекетін мақсаткерлікпен ұйымдастыруды көздейді.Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік қажетті талаптары мінез-құлықтың ішкі стимулына айналады.

Содержание

І. Кіріспе…………………………………………………………………….......2

ІІ. Негізгі бөлім. Тәрбие үрдісі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері........................
Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері...........
ІІІ бөлім. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары.
2.1.Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.......................................................................................................
2.2.Кешенді тәрбие беру үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.......................................................................................................
2.3.Оқу жұмысындағы тәрбие құрылымы................................................
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

асият.doc

— 202.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

І. Кіріспе…………………………………………………………………….......2

 
ІІ. Негізгі бөлім. Тәрбие үрдісі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

    1. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері........................

    1.  Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері...........

ІІІ бөлім. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары.

2.1.Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.......................................................................................................

2.2.Кешенді тәрбие беру үрдісінде педагогикалық технологияларды пайдалану.......................................................................................................

   2.3.Оқу жұмысындағы тәрбие құрылымы................................................

ІІІ. Қорытынды..............................................................................................

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................

 

Кіріспе

Тәрбие –  жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтардың тәжірибесін беру және игеру, сананы қалыптастыру, тәрбиеленушілердің сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, бұл процеске балаларды күту және олардың дене күшін дамыту; белгілі бір идеологияны, мінез-құлық белгілерін қалыптастыру; мәдени мұраға тарту, көркемдік талғамды дамыту енеді. 
Осы негізгі қызметтерді есепке ала отырып, тәрбие қызметінің бағыттарын анықтаймыз. 
        Тәрбие үрдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен ұжымның қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады. Мақсатты бағыттағы барлық қызмет сияқты, бұл үрдіс еріктік күш-жігер мен талпыныстарды қамтиды, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің санасы мен сезімдеріне қозғау салады.Тәрбие қызметі қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын есепке ала ұйымдастырылады.Ол адамдардың обьективті жағдайларымен негізделген. Тәрбие берудің қоғам ішінде болатындығы олардың еркі мен санасына тәуелді емес.Оны ысырып тастауға да, тоқтатуға да болмайды; бұл қоғам дамуының қажетті шарты. 
Тәрбие үрдісінде жеке адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады. Жеке адамға сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы үлкен.Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна ретінде қарастыруға болмайды. Адамның айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеттесетіні және дербестік көрсететіні белгілі, ол едәуір дәрежеде өзін-өзі қалыптастырады. Психологтар мен педагогтардың зертттеулері жеке адамның дамуында сыртқы факторлардың ықпалы (жағымды және жағымсыз) мәнге өзінен өзі емес,адамның жеке позициясы, оның осы факторларға деген көзқарасы, осы көзқарастардың оның әрекеттері мен қылықтарында тәжірибелік іске асуы арқасында ие болатынын дәлелдейді.Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы – тәрбие үрдісі заңдылықтарының бірі.Оның мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушірердің жалпы дамуы деңгейіне тәуелді.Ал олардың дамуы -– ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі.Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды.  
Тәрбие теориясы адамның дамуын оның әлеуметтік тәжірибені игеруіне, білімді, икемділік пен дағдыларды жай жинақтауға ғана әкеп саймайды. Даму, алдымен, адамның психикалық іс-әрекетінің сапалық өзгеруінен, онда мінездің жаңа сапа, қасиеттерінің қалыптасуынан көрініс береді.Бұл үрдіс үнемі өрге өрбіп, шиеленіссіз және қайшылықсыз жүріп жатпайды.Тәрбиелік ықпал ету адамның жеке-дара санасы мен тәжірибесі арқылы, заттарға және айнала қоршаған ақиқат құбылыстарына, басқа адамдарға деген қарым-қатынастары арқылы алуан түрге енеді.Бұл әсерлер үнемі үйлесіп тұрмайды.Олардың қарама-қарсы бағытта әрекет ететін кезі аз емес.Бұдан тәрбие беру үрдісінің қарама-қайшылықта болатыны туындайды.Тәрбие жұмысы тәжірибесінде кейде мектеп пен отбасы тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. 
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. 
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижссіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиеелік ықпал жасауы. Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді. Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас. Тәрбие жұмысы практикасында кейде мектеп пен семья тәрбиесі арасында, қоғам пікірі мен тәрбиеленушінің жеке бастың мүдделері арасында, дұрыс қадам жасау мен солай жасау мүмкіндігі (ішкі және сыртқы) арасында, мектеп оқушысының өзінің сырт талаптары мен ішкі ұмтылыстары арасында, мақсатты бағыттағы идеологиялық ықпал мен қоршаған ортадан шығатын стихиялық әсерлер арасында қарама-қайшылықтар пайда болып отырады.Осы қарама-қайшылықтарды жеңу жеке адамды қалыптастырудың күрделі процесінде көп орын алады және балалар ұжымының пісіп-жетілуіне, тәрбиешінің педагогтық шеберлігіне көп байланысты болады. 
Тәрбие үрдісінің күрделілігі тәрбие қызметінің тек ғылым ісі ғана емес, өнердің де ісі екендігінде.Оның табысты болуы көбіне-көп тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты.Демек, тәрбие үрдісі- жалпы мақсатқа жетуге жеке адамды жан-жақты дамытуға, жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен, өзара байланысты қызметі. Тәрбие үрдісі адамға саналы, мақсатты түрде ықпал жасап, оның іс-әрекетін мақсаткерлікпен ұйымдастыруды көздейді.Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік қажетті талаптары мінез-құлықтың ішкі стимулына айналады.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

Тәрбие үрдісі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.

1.1. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері

Тәрбие сөзі  «тәрбиә» араб-парсы тілдерінен енген, қазақ тіліне аударғанда «негіз» деген мағынаны білдіреді. Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады.Тәрбиенің өзі неше түрлі саладан, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден, дене шынықтырудан құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді. Аталған салалардың жас өспірімдердің есеюіне тигізетін әсері күшті болғанымен, «тәрбие» деген терминді түсінуде ғалымдар арасында түрлі пікірлер кездеседі : бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba).Сондықтан оның көкейіне не жазам десең, соны жазуға болады.Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәрбиеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе, бәрі қолынан келеді.

     Екінші пікір бойынша, баланың  көкейіне не болса, соның бәрін  жазуға болмайды. Біреуді біреу  тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі  тәрбиелеп, азамат қатарына жете  алады. Соңғы пікір мына сияқты  дәлелге сүйеді : ешкім баланың басына өсиеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайды. Бала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды, - өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты. Бірақ бірінші пікірді жоққа шығаруға болмайды. Себебі тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын баланың өзі,оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса, онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Осыған қарағанда тәрбиенің ең негізгі мәселесі баламен әңгімені қандай тақырыпта жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде. Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты құлақ асатынына тәуелді келеді. Мұны С. Л.Рубинштейн детерминизм (латын сөзінен «acterminare» – белгілеу) деп атаған болатын. Бұл принцип бойынша, баланың тәрбиеге көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл – күйіне де тәуелді. Егер тәрбиеші балаға ұсыныс жасап, бәлендей тапсырманы орындау туралы қанша дәлел келтіргенімен, осыған оның көңілі болмаса немесе қасақаналықпен орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды. Сонымен балаға тіл алдыру – қиын мәселенің бірі. Бала қайткенде тіл алатынын зерттеп, осы жөнінде тәсіл ойлап шығаратын – тәрбие педагогикасы. Бірақ тіл алудың не алмаудың  психологиялық тұрғыдан себептерін зерттеп, осы жөнінде ұсыныстар енгізіп отыратын – тәрбие психологиясы  туралы ілім. Бұл мәселе оңай емес және оның өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Тәрбие психологиясы сол ерекшеліктерді қандай тәсіл қолданғанда кеңес пен ескертпені жете ұғынып, өзінің ішкі ниетіне айналатынын тексеріп, тәрбие жұмысының қазіргі өскелең заманның талабына сай тәжірбиенің өріс алуына көмектеседі. Тәрбие психологиясы жаңағы детерминизм принцін басшылыққа ала отырып, оны тәрбие процесін дәлелдеуде қолданады. Мысалы, үлкендер тарапынан оқушыға арнап айтатын сөз оның тәрбиеге көнуіне себеп болса, ол оның ішкі ниетіне айналып, соған сәйкес барлық ісін, қылығын т. б. бағындырады. Ал мұның өзі соның нәтижесі болып табылады. Сондықтан тәрбие жұмысын зерттеуде психологтар әр себептің қандай нәтижеге апарып соғатынын тексеріп, осының өзіндік сырын ашып беруге ұмтылады.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. 
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбие мақсаты – ол педагогикалық үрдіс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды. Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің жүйесі. » Тәрбие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы. Медениет деңгейі, тірбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның объективті даму зандылығына сүйену қажет. Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз. 
Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты. Екінші негізі, адам мен қоғамның қарым-қатынасына тәуелді. Ұзақ уақыт бойы педагогикалық мақсаттарды талдау мен негіздеу қоғам мен өкімет қажеттілігіне сай келетін мақсаттар жоғары дәрежеде болып есептеледі. Мұндай жағдайда баланың қызығушылығы екінші орынға шегеріліл отырды. Бірақта, гуманистік педагогика баланың қызығушылығын ояту мәселесін ең басты деп есептеді. Бүгінгі күнде тәрбиеленушінің өз күшімен жетістікке жету мүмкіңдігіне басшылық жасау тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда. Осыған орай, барлық педагогикалық мақсаттарды шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуте болады: үлгілі (идеал) және өзекті (актуальді) соңғысы тұлғаның дамуымен даралығын қальптастыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады. 
Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы-ұтымдьі іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жүйесі мен эмпирикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позипияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық санаттар тізбегімен сипаттауға болады: мотив-қажеттілік-қызығушылық-мақсат. 
Қарым-қатынастың мақсаты қоғамдағы іргелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында оқушылардың санасының белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады. Мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бүрьш идеалды ой-тұжырым арқылы болжау. Тәрбие-әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендіру, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, сол арқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.

 

1.2.Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. 
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу; 
Халықтық тәрбие тарихи даму процесіндегі тірі дене болып табылады. Табиғатқа сөйкестілік, табиғи салдарлар қағидасы өте карапайым түрде болса да, олардың педагогика ғылымыңда негізделуінен көп бұрын халықгың ауызша шығармашылығында көрініс тапты. Тарихтың тәрбиелік мөнін есте ұстай отыра ел қорғаған, халық тыныштығы үшін күрескен көсемдер мен осы тарихи оқиғаларга арналған ауызша халықтық шығармашылықтың өзі  -халықтың азаттық қозғалысы тарихын өзіндік және қарапайым да асқақ түрде бейнелеп және келешек ұрпақтың, патриоттық және рухани-адамгершіліктік трғыда қалыптасуына ықпал жасайтынын ұмытпау керек.                      Халықтық педагогиканың өлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштердегі мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген. Олардың шығу тегі мен тарихи дамуын есепке альш сипаттау, тарихи-генетикалық түрғыдан қарастыру халық педагогикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жөне оның демократиялық сипатына назар аудартады. Әрине, этнопедагогика тарихында ертедегі қазақстандықгардың еңбекке тәрбиелеу дәстүрлері мен кәсіпке үйретушілік жүйесі, әртүрлі қозғалмалы ойындары мен жарыстары, саналуан өдет-ғұрыптар мен өмір салттары терең із қалдырды. Халықта эстетикалық төрбие берудің өзіндік үлгісі болды. Оның сипатты ерекшелігі еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.

Бұл ең алдымен еңбек құралдарың шебер және сәнді безендіруден, өндеуден көрінді. Олар ыңғайлы ғана емес, көзді қуануы, көңіл-күйді көтеретіндей әсем де болуы тиіс еді. Мұндай көркемдік талғам ғасырлар бойы қалыптасқан. Демек, педагогикалық мәдениеттің бастау көздерін тәрбие процесінің өзінен ғана емес, халықтық бағыт-бағдардан, әрекеттерден, шығармашылықтардан іздеу керек. Халық туғызған әсемдік - бұл рухани әлемнің әсемдігі, сонымен бір мезгілде педагогикалық мәдениеттің тамаша жетістіктерінің куәсі. Педагогикалық мәдениеттің деңгейі жөнінде тек нақты педагогикалық ескерткіштер мен шығармалар бойынша ғана емес, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен олардың өлмес мұралары арқылы да пікір айтуға тура келеді. Осындай педагогика ғылымына қисындаса жуықтап келген халық педагогтары барлық кезеңдерде, барлық халықтарда да болды. Олар кейін пайда болып дамыған халықтық негіздегі демократиялық педагогикалық жүйеге жатамды жағдайлар туғызды. Өткеннің көрнекті педагогтары халықтың педагогикалық көзкараста-рын оқьш үйренуге көп көңіл бөлді. Төрбиенің халықгығы, табиғатпен үйлесімділігі идеясын дамытты, халық педагогикасынан мысалдарды халық даналығының бейнеленуі ретіңде пайдалаңцы. Ғалымдар, ақындар, өнер иелері, философтар педагогикалық идеяларын талдау тәрбиенің гуманистік халықтық идеялары олардың адам тәрбиесі жайлы трактаттарында кеңінен қолданылғанын керсетеді. Абу Насыр Әл-Фарабидің "Музыканың үлкен кітабында" халықтық музыкадан үлгілер үсынылса, Әбу Райхан Бируни өз шығармаларында түрлі халықтардың дәстүрлері жайлы арнайы сөз қозғайды: Махмұд Қашгаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" (Диуани лұғат ат түрік) атты еңбегінде халықтық тәрбие тәжірибесінен мысалдар мол, Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білім» (Құдатғу біліг) шығармашылығы толығымен халықтық поэтикалық шығармашылығымен үндеседі. Асан қайғы, Казтуған, Шалкиіз, Жиенбетті халыққа сүйіспеншілік, оның тағдыры мен мәдениетіне жанашырлық қарым-қатынас байланыстырады. Қызмет бағыттары бойынша олар бір-біріне өте ұқсас. Асан Кайғы өзін қазақ қоғамдық емірінің қалың ортасына енгізген көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болды. Оның бүкіл өрекеті өз халқына оның жарқын болашаққа ұмтылысында көмектесу тілегімен анықгалады. Дүниеге сеніммен қараушы көрнекті қайраткер айтқан: "Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты туған ер ғаріп"- деген өнеге сөздердің қазір де тәрбиелік маңызы үлкен.

ІІІ бөлім. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары

2.1.Тәрбие әдістеріне  сипаттама, оларды таңдау және  тиімді пайдалану.

   Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді. Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

 Көптеген зерттеушілер  әдістерді жіктеуде мына қағидаларға  сүйенеді:

- жеке тұлға іс-әрекет  нәтижесінде дамып, қалыптасады;

- оқушыларды тәрбиелеу  процесі – өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері,  дүниеге, адамдарға, өз өзіне  деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

- жеке тұлғаның қалыптасып  келе жатқан қасиеттері құрылысы  жағынан күрделі.

 Адамгершілік, эстетикалық  және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

 Осы қағидалар бойынша  кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға,  түсініктерге, пікірлерге әсер етеді,  ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың  қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

-жеке тұлғаның санасын  қалыптастыру әдістері;

-іс-әрекетті ұйымдастыру  мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін  қалыптастыру әдістері;

-мінез-құлық пен іс-әрекетті  ынталандыру әдістері.

 Жеке тұлғаның  санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат,  әңгіме, лекция, этикалық әңгіме  нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, едеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.

Информация о работе Негізгі бөлім