Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 13:28, курсовая работа
Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың түпкі мақсаты «ұлтшыл», «байшыл» атанған Мағжан Жұмабаевты, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов сияқты ұлттық әдебиеттің қаймақтарын тарихтың сахнасынан, әдебиет майданынан күшпен қуып түсіруге алғышарттар жасау болатын. Большевиктер бұл ойын жүзеге асыруға біршама жақындап қалса да, бұл міндетті жүзеге асыра алмады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.
КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГКАСЫН ДАМЫТУДУДАҒЫ ҮЛЕСІ.
1. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.............................................................5-11
1.2.М.ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ...........11-13
2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК ИДЕСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ.
2.1 МАҒЖАННЫҢ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІ......................................................................................14-16
2.2 М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ..........16-21
2.3 М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ......................................................................................21-23
2.4 «ПЕДАГОГИКА» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ..............................................................................................................23-33
ҚОРТЫНДЫ.....................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................36-38
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық. Жан көріністерін ол «білу яки ақыл, сезім яки көңіл, һәм қайрат көріністері» деп үш тармаққа бөле келіп, олардың өзара табиға үйлесімін Абай тұжырымдарымен байланыстырып, оларды ежелгі Шығыс ғұламаларының гуманизмімен үндестіре, тарих тереңінен сөз қозғайды. Шытырман мәселенің арқауын осылайша түйіндеп, Шығыс кәусарынан мейірі қана сусындау, есейе келе Еуропа мәдениетіне құлаш ұрған Мағжанға етене жақын да, түсінікті нәрсе.
Ол сыртқы сезімдерді (қазір түйсіктер деп аталады) көру, есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі деп алты айырыммен анықтап алып, оларды дұрыс жетілдіру тәрбиесіне ерекше назар аударады. М.Жұмабаевтың пікірінше, «бұл сезімдердің сау һәм берік болуына, олардың өткір, терең, дұрыс қалыптасуына ыждағат қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес». Әр сезімді психологиялық тұрғыдан қарастыра келіп, ақын олардың әрқайсысына өзінше анықтама беріп, бұларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрге сүйену қажеттігін, есту сезімін дамыту үшін түрлі дыбыстардың мән-мәнісіне көңіл бөліп, әсіресе, бесік жыры үнінің тәрбиелік мәнінің зор екенін атап өтеді.
Кітапта зейін туралы да біраз деректер бар. «Абай дегеніміз, - деп жазды ол, сыртқы дүниедегі бір затқа яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі». Оның бала зейінін тәрбиелеу жөнінде айтқандары қысқа болса да нұсқа. Автор шәкірттердің зейінін дамыту үшін әсердің күшті, жке, жаңа болуын, жаңа алынған білім мен ескі білімнің байланысуын және оның болашақ әсерге даярлану есебінде болуын талап ете отырып, оқу жүйесінің сабақтастығына мұқият зер салады. Ол кейбір оқушылардың абай болмауының себептерін де аша кетеді.
Автор тілдің адам өміріндегі маңызы жайында айта келіп, оның ұлттық мәнін мәйекті мәнермен жеткізеді: «Ұлттың тілі кеми бастауы, - деп жазды ол, - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді қайраты, біресе желсіз түндей тымық, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінездері көрініп тұр». Бала темпераментін сангвиник, холерик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндайды. Баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктері де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берілгені байқалады. Мағжнның кітабы «Педагогика» деп аталғанымен, көбіне психология мәселелерін сөз еткен. Мысалы, шағын еңбектің 17 тарауының 13-і тікелей психология мәселелеріне арналған. Мұнда тікелей педагогика тақырыбына екі-ақ тақырып («Педагогика бөлімдері», «Жалпы педагогика») арналып, оларды автор бар болғаны 13 бет көлемінде баяндаған. Сөйтіп, барлығы 106 беттен тұратын кітаптың қалған тараулары адамның жан дүниесінің әр түрлі жақтарын сипаттайды.
Мағжан Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М.Жұмабаевтың – осы
кітабындағы педагогикалық ой-
Оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі («Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз», «Бостандық туы», 1921), сондай-ақ, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» (1925 ж.), «Сауатты бол» (1926 ж.), «Әліппе» (ересектерге арналған, 1929 ж.), т.б. газет-журналдарда жарияланған ғылыми-әдістемелік мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып .
2.3 М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ.
Бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға алғаш қадам жасаушылардың бірі де Мағжан. 1923 жылы «Бастауыш мектепте ана тілі» атты еңбегін жариялайды. Ол төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жүргізілетін жаттығулар, қалыптастырылар дағдылар жүйесін жасап ұсынады. Мектеп үш тұрғыдан : 1) Бастауыш мектептің міндеті, 2) Еңбек міндетінің міндеті, 3) Төрт жылдық бастауыш мектептегі ана тілінен құралуы талап етеді дей отырып, ана тілінің мақсаты мен міндетін көрсетеді. Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:
І-сыныпта: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару; ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту, оқи білу; б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу; в) оқуға жаттығу; г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу; ғ) тақтадан, кітаптан көшіру; д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу; е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу; ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.
ІІ-сыныпта: а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту; ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру; б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу; в) сурет бойынша әңгіме ете білу; г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту; ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу; д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу; е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу; ж) күнделік тізу; з) оқуға ұстарту.
ІІІ-сыныпта : а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау; ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу; г) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу; күнделікті календарды тізе білу; ғ) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару; д) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.
ІV-сыныпта : а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу; ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу; б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету; в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру; г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу; ғ) журналды тереңдету; д) спектакльге қатысу; е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.
Сондай-ақ М.Жұмабаев ана тілінің мектептің дәл төрінен орын ала алмай жатқанын, мектебімізде ана тілі әлі дұрыс негізге құрылмағанын айта келіп, “Осы күнгі мектеп баласы ана тіліне өзінің тілі емес, мұғалімнің тілі деп қарайды. Тілдің ережелерін бала өзінің сөйлеп жүрген тілінің ережелері деп емес, “Тіл құралдың ережелері деп түсінеді”, - дейді
Мектептің міндеті - бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін оны әдебиетпен таныстыру және баланы түсініп, ұғып оқуға үйрету керектігін айтқан. Ағартушы төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің ауданын мына бағыттарда жүргізіді ұсынады:
М.Жұмабаев бала не нәрсемен айналысса да, ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білуі керектігін, болмаса тілі түзілмеген, ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмеймін балаға ешбір білім беруге мүмкін еместігін дәл аңғарған .
2.4 «ПЕДАГОГИКА» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ.
1922 жылы 15 қырқүйегінде
Қызылжарда өзінің «Педагогика»
Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М.Жұмабаев «Тәрбиені» қояды. Шынында да оның өздік сыры да бар ғой. Баланы өмірге келген бірінші минутынан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар, «баланы жастан» деп қазақ тегін айтпаса керек. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның баста-бастыларын ғана айтқысы келген болуе керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу көз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандағы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…». «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.
Тағы бір ерекшелік Мағжан дене тәрбиесін бірінші орынға қойған. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлімге жеке-жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде нақтылы дәлелдермен бекітеді.
Адамның дені сау, мықты болып өсуі үшін дене тәрбиесінің алатын орны шын мәнінде ерекше. «Бала аурулы болса, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден», - дейді педагог ақын. Тіпті сол ауыр заман түгіл бүгінгі өмірдің өзінде қай ата-ана тәрбиесіне, туралап айтсақ тәрбиенің барлық түріне көңіл бөле береді .
Мағжан Жұмабаевтың медицина саласынан да құр алақан емес екендігін көреміз. Баланың салмағы, температурасы, дем алу, тамыр соғу, тамақтануы, тіпті емшектен айыруды, тазалық жағдайын, бесік мәселесін, тістің шығуын тәптіштеп үлкен бір сезіммен сипаттап жазады. «Балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін аузына сала қояды. Бала түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. Емшек балада, ана ұйқыда. Ерте күн түс болды, түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр. Қарны ашады, шырқырап ішегі қатып жылайды. Бейшара бала жылап-жылап әлсіреп барып ұйықтайды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы көріп «құлынымның тамақ іздемей, тәтті ғана ұйықтап жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің» – деп қазақтың кейбір әйелдерін сынайды. Бұл бүгінгі күннің тұрғысынан да дұрыс жазылып отырған жоқ па? Өзінің «Педагогикасында» М.Жұмабаев әлемнің алдыңғы қатарлы педагогикасына, мәдениетіне меңзейді. Содан үлгі алу керек, үйрену керек дейді.
Екінші бөлімге Мағжан Жұмабаев жалпы педагогика ғылымын қояды. Педагогикасының қандай пән екенін сипаттай келе, онымен етене таныс болу керектігін айтады. Мағжан педагогиканың өзін тәрбие пәні деп пайымдайды. Оған дәлел пәннің аты дейді.
Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі:
қылу жолдарын көрсетеді.
2. Дидактика.
3. Методика.
4. Мектепті басқару.
5. Педагогика тарихы.
Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтық педагогиканы есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканің ең негізі етіп қояды. Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін мысалдар келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық тәрбиенің құнды жақтарын пайымдап аша отырып, оның кем-кетіктері, жаман жақтарынан безуге шақырады. Осыған орай педагог М.Жұмабаев «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі». «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды, жамандық жағы да көп», - деп жазады. Осыған орай ол педагогтер, тәрбиешілер халықтық педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек дейді.
Әрине, егеменді елдің мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, ұлттық оқуы болуы керек. Халықтық тәрбиесіз біз бүгін жас жеткіншектерді өз елін, халқын, тарихын, мәдениетін сүюге тәрбиелей, баули аламыз.
Мағжан тек қана педагог
емес. Адамның көңіл күйін, ішкі жан
сезімін терең түсінетін
Шайқап, шайқап баланың басын айналдыру, баланы есінен тандыру. Тербетіп ұйықтату – баланы талдырып ұйықтату деген сөз. Бала ұйықтап жатқан жоқ. Ол талып жатыр.
Қазақ әйелі! Балаңда қасың болмаса, тербетпе. Бесік баланың орны. Естен тандырылып, талдырылатын орын емес», - дейді.
Сондай-ақ адам өмірі үшін ұйқының, қозғалыстың, серуеннің мәнінің зор екендігін пайымдайды. «Педагогика» екінші бір үлкен тармағы «Психология» бөлімі. Мағжанның үлкен сыршыл психолог екендігін осы бөлімнен анық көруге болады. Жалпы біреулер Мағжанды «атеист» десе, енді біреулері «діншіл» дейді. Шындығында Мағжан дінді, оның тарихын жақсы білген, жақсы-жаман жақтарымен етене таныс болған. Оған осы бөлімдегі «Жан» туралы пайымдаулары мен басқа еңбектеріндегі дін туралы пікірлері дәлел. «Жанды ешкім көрмесе де, жанның барлығына дау жоқ», - деп жазады Мағжан.
Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогкасын дамытудудағы үлесі