М.Жұмабаевтың қазақ педагогкасын дамытудудағы үлесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 13:28, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың түпкі мақсаты «ұлтшыл», «байшыл» атанған Мағжан Жұмабаевты, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов сияқты ұлттық әдебиеттің қаймақтарын тарихтың сахнасынан, әдебиет майданынан күшпен қуып түсіруге алғышарттар жасау болатын. Большевиктер бұл ойын жүзеге асыруға біршама жақындап қалса да, бұл міндетті жүзеге асыра алмады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Мағжанның тәрбиелік идеялары мен педагогика ғылымына қосқан үлесін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының обьектісі: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, тәрбиелік көзқарастарын жан-жақты талдап, білу.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4
М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГКАСЫН ДАМЫТУДУДАҒЫ ҮЛЕСІ.
1. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.............................................................5-11
1.2.М.ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ...........11-13
2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК ИДЕСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ.
2.1 МАҒЖАННЫҢ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІ......................................................................................14-16
2.2 М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ..........16-21
2.3 М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ......................................................................................21-23
2.4 «ПЕДАГОГИКА» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОРНЫ..............................................................................................................23-33
ҚОРТЫНДЫ.....................................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................36-38

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой мәтіні.doc

— 223.00 Кб (Скачать документ)

жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен  шектелмей, сол кездегі алдыңғы  қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс  болғаны белгілі. Әсіресе,  Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады.”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.

 

    1. М.ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.

Мағжан Жұмабаевтың  педагогикалық қызметіне тоқталғанда  оның ұстаздық шеберлігін айтпай қоя алмаймыз. Ол туралы 1922 жылы Мәскеу – Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев мыналарды есіне түсіреді: «Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М.Жұмабаев оқытқан еді… Ол ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан методист педагог еді». Мысалы, ол шәкірттеріне «Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны класта оқып, бәріміз бірге талдаймыз – деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді», - деп жазады оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар, шығармалардан үзінділерді жатқа оқып дәлелдеп отырған.

Ш.Елеукенов М.Жұмабаевтың  ақталып, халқына оралғандығы жайлы  былай дейді: «Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел-жұртының арасына қайтып оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың мәртебе соған бағыштаймыз» .

Ж.Аймауытов өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақалысында: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін арылып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек», - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі процесс, ол болашақтың ісі.

Сәбит Мұқанов 1932 жылы: «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан  саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне жаңа түрлер енгізу ретінде  Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін… бұдан соң  Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының  қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, мезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген – ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен – ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге алып қалатын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.

«Мағжан – алдымен  сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарда болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма – бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан», -депті Жүсіпбек Аймауытов .

«Мағжан романтизмнің болмыс-бітімі, сыр-сипаты - өз алдына бөлек және ұзақ әңгіменің тақырыбы. Бұл арада  біз қазақ топырағына баяғы бағзы  заманнан тамыр тартқан сөз өнерін дамытудағы әйгілі екі даңғылдың бірі реализм болса, бірі романтизм екенін тәптіштеп түсіндіріп жатпай-ақ, дәл осы көркемдік әдістің Мағжан ақындығына парлаған пафос, самғаған қанат бітіргенін, соның арқасында осынау білімді, өнегелі, мәдениетті ақынның өз кезіндегі бүкіл әлемдік әдеби ағымдардың шым-шытырық тылсым құпиясын игеруге дейін қалай шырқап көтерілгенін атап өтпек едік. Сонымен қатар осындай творчестволық әрекет үстінде Мағжан ақынның тілі қалай ұстарып, шеберлігі қалай шыңдалғанын айта кету де артық емес», - Зейнолла Қабдолов.

Мағжан Жұмабаевтың  өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш бір сөзінде былай дейді: «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М.Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздай болған да шығар, таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет үкіметі алғаш орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Москваның орталық басылымдарының бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан «Қырғыздың Пушкині» деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау ісімен айналысты, орыс жазушыларының В.И.Ленин шығармаларын аудару ісіне де атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қайшы пікірден біртіндеп арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік көзқарастың жолына бір дола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол ашты» .

Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше құрметтегенін, осы айтылған сан алуан пікірлер мен жақсы сөздерден көреміз. Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған. Мағжан – елдің патриоты, қазақ баласы.

 

2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК

ИДЕСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ.

2.1 МАҒЖАННЫҢ ТӘРБИЕЛІК  ИДЕЯЛАРЫ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МЕКТЕБІНІҢ  НЕГІЗІ.

Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу – бүгінгі мектептің  парызы.

Президент Н.Назарбаев  өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған  жеке тұлға ретінде тәрбиелеу  аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» – деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға тиісті.

М.Жұмабаев та кезінде  осы бағытты меңзеді, егеменді елдің  егемен мектебі болуын қалаған. Өйткені оқушыны ұлттық рухта тәрбиелеп шығару тек ұлт мектебінің қолынан ғана келеді. Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс. Олар ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қаны қалғанша қызғыштай қорғап, бүгінгі ұрпаққа аман есен тапсырды. Ал, жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында, патриотизм иен ұлылықты қалыптастыру құрғақ сөзбен жасалынбайды. Оған жүйелі бағдарлама, кешенді оқу-тәрбие жұмыстары қажет. Ең алдымен ұлттық мектеп, оның концепциясы, заңдастырылған дүние болмысы қажет. әр пән бойынша оқулықтар жасалынумен қатар қазақ халқының бүкіл жан дүниесі мен болмысын танытатын, оқу-тәрбие кешені қажет. Бәрі қазақ ұлтының ұлы болмысы мен қағидаларының тоғысында қалыптасуы негізінде болуы керек. Этномәдени білім беру ол қазақстандағы негізгі ұлт төңірегінде, соның негізінде жасалынуы міндетті. Ұлттық педагогика саясатын өзге ұлт, мемлекет емес, өзіміз жасап, қалыптастыруымыз орынды болмақ. Қазақстанның келешекте әлемді өркениетті елдермен терезесі тең, өз орны бар ұлы мемлекет болуын қаласақ, ең алдымен, оның ұлттық мектебінің іргетасын қалыптастыруымыз қажет.

Еврей, жапон т.б. ұлттардың  жас буынды сәби күнінен ұлылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуі көп нәрсені  аңғартса керек. бұларда жас балаға деген құрмет ерекше. Ұрсу, жекіру, балағаттау деген жоқ.

Біздің қазақта да ертеде осындай тәрбиенің болғаны  белгілі. Бабаларымыз балаларын  ұлылыққа жақсы тәрбиелей білген.

Мағжан өз «Педагогикасында»  «Баланы ешбір уақыт қорқытпау керек. Баланы қорқыту – қып-қызыл зиян. Жасында қорқытылып үйренбеген бала өскенде ер болады. Ерлікке іспен үйрету керек. Баланы ұру, соғу ісі адамшалыққа ұнамайтын іс», - дейді [10]. Ендігі жерде мектебімізде оқу-тәрбие ісінде ізгілік, демократияландыру принциптері етек жаюы керек-ақ. Ұлттық қағидаларды оқу-тәрбие ісіне терең кіргізе отырып, оны әлемдік алдыңғы қатарлы өркениетті идеялармен қабыстыру қажет. Ол үшін тілдерді тереңдете оқу, әсіресе, қазақ, шетел тілін 3-4 жастан оқытуды қолға алу. Тәрбиенің басты ұстанымдары жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халқының да тілі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын адам қалыптастыру.

Бүгінгі ұрпақ – бақытты  ұрпақ. Өйткені олар ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен егемендікті көрді. Ғасырлар тоғысында өмір сүруде.

Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен  шешілетін мәселе. Ғасыр басында  Мағжан Жұмабаев өзінің «Жазылашақ оқу  құралдары һәм мектебіміз» деген еңбегінде: «…біздің дағдарып тұрған мектебімізді бастап алып кететін даңғыл жол жоқ. Сондықтан оқу құралын жазып жатқан азаматтар бұл оқу құралы қандай мінезді мектепке арналады – сол туралы ой жүргіртсе игі болар еді. Кең қазақ мектебіне негіз іздегенде, таза пәк көзінен, яғни мектеп құрылысының қазақ жанына қабысу жағынан келуі дұрыс болар еді», - деп жазады. Мағжан Жұмабаевтың бұл ойы қазіргі күнде де бағасын жоғалтқан жоқ .

Себебі оқулық мектеп үшін де, оқушы үшін де, қоғам үшін де ең басты құрал. Өкінішке орай бүгінгі оқулықтар көп көңілінен шығып тұрған жоқ. Мектепті жөндейміз деп соқыр еліктеуден аулақ болу керектігін де Мағжан кезінде көрегендікпен ескертіп кеткен-ді: «Мектебімізге негіз саламыз дегенде ескертетін іс-соңғы кезде соқыр еліктеу ауруы біздің жанымызға сіңіп барады. Міне осыдан сақтану керек».

Сөздің түйіні бізге  бүгін ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, сыннан өткен, халықтың ойынан шығатын, мемлекеттің концепциясынан туындайтын мектеп қажет. Ол неше тұрғыдан болады, 3 сатылы ма, 4 сатылы ма, оны ойластырып, бүкіл халықтың ой елегінен өткізіп барып қабылданған жөн.

 

 

2.2 М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КӨЗҚАРАСТАРЫ.

Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігінe самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бipre оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялык, жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазак, зиялыларының бipi - белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып, одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрыңғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал...». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттың мұғалімдер курсында оқытылған дерістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.

Мағжан Жұмабаев тағы да былай деді: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым... Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі (интернационалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.

Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың  жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты  болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...». «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «Ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, -  баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы керек. Сол ұлт тәрбиесімен  тәрбие қылуға міндетті». М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», - дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.

Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. «Киіз  үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда, қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. ...Қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат-анадан алшақтап, оған немқұрайлы салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі. Қалай десек те, ғалымның ұстаздық жүрегі, ақындық сезімі ұрпақ тәрбиесін табиғаттан тыс қарастыра аламағаны анық. Бұрқыраған боран мен сатырлаған жаңбырда, сақылдаған аяз бен ми қайнатқан аптапта, ұлан-ғайыр сахараны кезіп жүрген қазақтың көшпелі тұрмысында сәбидің ыстық-суыққа ұрынбай өсуіне бесіктің ғасырлар бойы игі қызмет еткенін, әрине, жоққа шығаруға болмайды. Автор осымен байланысты: «Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза, жинақы жатуына көп себепші» дей келе, қазақ бесігінің құрылысын жетілдіре түсу қажет дейді.

Информация о работе М.Жұмабаевтың қазақ педагогкасын дамытудудағы үлесі