Мектепке дейінгі педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:54, курсовая работа

Краткое описание

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі...................... 5
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі........... 6
1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу............................................................................................. 9

2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму....... 21
2. 2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы................... 32
2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану..... 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................. 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)

Ойынның көп  уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен  бірге оқу үстіндегі оқытумен тығыз байланысты. Ойын ешқашанда  өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді.

Ойындар мазмұнына  қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне  қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындар, қимылды  ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сөжетті-рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындардың ерекшелігі сол оны балалардың өздері жасайды. Ойының дербесі әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжет-рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе електеу, шындықты көрсету болып табылады. Педагог өткізген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс.

Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол сюжетті-рольді ойынға ұқсас. Драматизация ойнында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Дидактикалық  құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлер, цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді.

Дидактикалық  ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынаста жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады. Олар балалардың түйсену және қабылдау қабілеттерін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруге көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулады, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдар.

Қимыл ойындар – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Балалардың жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойынның ережелері ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың мінез-құлқын анықтайды. Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ денешынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады. Қимыл ойындарды ұлттық ойындар желісінде  ұйымдастыруға болады.

Сол сияқты ойындар  да топта жас ерекшелігіне сай  жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта  да, серуенде де өте қажет, тіпті  бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.

 

 

 

2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану.

Психологиялық жаттығулар баланың жан дүниесінің рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына  ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін психологиялық жаттығулар қолданылады.

1) Психологиялық ойын жаттығуларды тәрбие жұмысында, экспиримент  барысында қолдану арқылы тек баланың қабілеттілігі ғана емес, тәрбиеші жұмысты қандай шығармашылық деңгейде ұйымдастыратындағы да айқындалады.

Ойындардың  негізгі мақсаты: баланың ықылас-зейінін, байқампаздығын, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Зейінді дамытуға арналған ойындар.

«Сақ бол» ойынның мақсаты: ықылысталыққа, зейінділікке талпындыру, дыбысқа, белгіге тез және нақты әрекет бере білуге үйрету. Ойын барысында балалар «Вальс» ырғағымен билеп жүреді. Тәрбиешінің берген белгісінен байланысты «торғайлар» - жүру, жүгіру, ұшу, жем шоқу, су ішу, «үйректер» - тізілерін бүгіп жүру, суда жүзу, «құлыншақтар» - шапқылау, жер тебіну, «лақтар» - секіру, сүзуі және т.с.с.

«Дыбысты тында» ойынның мақсаты: зейін белсенділігін дамыту, арттыру. Жетекші алдын ала балалармен шапалақ санына қарай қимыл-қозғалыстарының өзгеретіні жайлы келісіп алады.

1 - вариант . Қане неше рет шапалақ соқтым, қайтала. 

2 - вариант. Бір  шапалақ – «құс ұшты», екі шапалақ – «тауық» (бір аяғымен тұру), үш шапалақ – «қошақан», төрт шапалақ «бақа» қалпында тұру. Музыка ойнаған кезде қайтадан еркін би қимылдарын орындайды. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығады.

«Бес құбылыс». Бұл ойынның мақсаты:  баланың зейінін дамыту, есте сақтау қабілеті мен қозғалтқыш анализаторының үйлесімділігін дамыту. Балалар жерде дөңгеленіп отырады. Жетекші балаларға қарап алдын ала ойын шартын түсіндіріп, келісім жасайды.

1 – вариант.  «Ауа» - қолдарын жоғары көтереді. «Су» - қолдарын алға созады. «Жел» - қолдарын жоғары көтеріп шайқайды. «От» - қолдарының басын шынтақ буындарын айналдырады. «Жер» - қолдарын төмен түсіреді.

2 – вариант.  Ойын шарты осындай, бірақ әр  түрлі қалыпта аяқтармен жұмыс  жасайды. Ойын шартынан жаңылған бала ұтылған болып саналады.

Есте сақтау қабілетін дамыту ойындары.

«Рет-ретімен  қой». Ойында баланың байқампаздығын дамыту мақсаты көзделеді. Боялған асықтар тізіліп қойылады. Бала анықтап қарап алған соң, теріс қарап тұрады.

1 – вариант.  Асықтардың түстері бойынша рет-ретімен айтып шығады.

2 – вариант.  Асықтарды араластырып жіберіп,  алғашқы қалыппен ретке келтіру.

«Ретін ойында сақта» ойыны. Бұл ойынның мақсаты: баланың байқампаздық пен есте сақтау қабілетін дамыту. 5-6 бала бірінен соң бірі тізіліп тұрады не отырады. Ойын бастауышы мұқият қарап алған соң, көзін жұмып кім кімнен кейін тұрғанын, не отырғанын айту керек. Сол сияқты екінші түрінде балалар орынын ауыстырып, бастауыш әркімнің бұрын тұрған орынын ауыстырып, бастаушы әркімнің бұрын тұрған орнын айтуына болады.

«Кім не істеді»  ойыны. Баланың ықылас зейінін байқампаздығын, есте сақтау қабілетін дамыту мақсаты қойылған бұл ойын 3 – 4 баламен өткізіледі. Балалар әрқайсысы кезекпен музыкаға сәйкес 2- 3 қимыл қозғалыс жасап, 2 – 3 реттен қайталайды. Содан соң ойын бастаушы кімнің не істегенің, қандай қимыл-қозғалысын жасағанның қайталап беруі керек

«Айнадағы кім?» ойынын шарты бойынша ер баланың алдына айна қойылады. Балалар айнаға қарап отырып, тәрбиешінің айтуы бойынша бет қимылын жасайды. Осыдан соң  «кімге қандай бет қимылдары қызықты түрде ұнады, айнаға қарап отырып соңы салыңдар» деген тапсырма береді. Салынған суреттерден «Суреттегі кім?», «Өзіңді таңы» деген тақырыпта көрме ұйымдастырып және қимыл сәйкестігіне қарай топтауға болады.

2) Психожаттығулар ертеңгілік жиын. Халық даналығындағы «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді ойында озған өмірде де озады»

  Деген аталы  сөздің сырын жүгінсек, мектепке  дейінгі баланың ойынға деген  қарым-қатынасы, мінез-құлқы көріністері  олар есейгенде де жалғаса береді. Әр адам әсіресе кішкентай бала әр уақытта бар оқиғаның ортасында болғысы келеді. Бұл жағдайда бет әлпегімен бұрылып тұруы маңызды.

Арқасымен тұру – сырт айналу, немқұрайлық таныту деген сөз. Шеңбер психологиялық  байланысты ұйымдастыру үшін қолданады балалар өміріндегі шеңбер ең алдымен бірнеше минут көзің жұмып, не ойлап, не сезінетін жайлы айтып,, сұрақ қойып, өз пікірін білдіреді.

Шеңбер –  бұл  сенің қорғаныш кепілің. Шеңбердегі  жылулық пен қайырымдылық бала өмірінң  жалпы ахуалын анықтайды. Ал педагог үшін шеңберді құру баллар жанын түсінудің ең бір қолайлы өзіндік тәсілі.

«Амандасу –  сәлемдесу». Мақсаты: балаларды біріктірп, өзара сенім жағдайын құру. Ойын барысы: балалар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып тұрады.  Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

«Тілек шоғы»  мақсаты: балаларды жағымсыз сезімдерін арылту, жақсылық жасауға үйрету. Ойының барысындабалалар дөңгелене отырады, әрқайсынын қолында гүл. Тәрбиеші өзі  бастап сәлемдеседі, балалар қолындағы  гүлді біріне-бірі тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, тәрбиешінің өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасан, ол өзіңе қайтып оралады» деп тәрбиеші қорытыгды жасайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Ә. Меңжанова «Мектепке дейінгі педагогика» - Алматы «РАУАН» 1992

20 – 46 беті

2.  Ф. Н.  Жумабекова «Мектепке дейінгі  педагогика» Астана «ФОЛИАНТ»  2008 55 – 78 беті.

3.  «Мектепалды  даярлық» журналы № 6 2009жылы 19 – 20 беті.

4. «Мектепалды  даярлық» журналы № 4 2009 жылы 11 – 12 беті.

5.  «Республикалық  ғылыми - әдістемелік журналы» № 3 2009 жылы 6 – 8 беті.

6.   «Отбасы  және балабақша» журналы № 1 2008 жылы 11 – 13 беті.

7.  «Отбасы  және балабақша» журналы № 5 2008 жылы 8 – 9 беті

8.  Әбиев «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы 2005

9.  В. С.  Мухина «Балалар жас психологиясы»  Алматы «РАУАНА» 1998 жылы 26 – 43 беті.

10. Т.Сабыров  «Балаларға ақыл-ой тәрбиесін  берудің кейбір мәселелері» Алматы 1977 124 – 131 беті.

11.  Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов «Бала бақыты» Алматы, 1979 жылы 25-28 беті.

12.  Р. Қоянбаев  «Тәрбиетеориясы» - Алматы, 1991 жылы. 68-74 беті

13.  Е.Сағындықұлы «Педагогика» Алматы 1999 жылы 45-55 беті

14. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976. 214-221 беті 
15. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-Москва 1968  124 – 132 беті


 


Информация о работе Мектепке дейінгі педагогика