Мектепке дейінгі педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:54, курсовая работа

Краткое описание

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі...................... 5
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі........... 6
1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу............................................................................................. 9

2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму....... 21
2. 2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы................... 32
2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану..... 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................. 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)

Бір жарымнан 2 жасқа дейінгі кезеңде дербестікке ұмтылғыш, бірақ қабілет дәрежесі жетілмеген болады. Дене бітімі шымырланып, жүрісі қалыптаса бастайды. Осы шақта жаңа жағдайға оңай бейімделіп, қоршаған ортаның әсерін қабылдауға қабілеті жетеді. Сенсорлық қабілеті артып, заттардың түсіне, көлеміне қарай ұқсастығын белгілеп, салыстыра бастайды, екі түсті шардан өзіне қажеттісін тауып алады.

Бөбектердің осы  кезде көріп, қабылдауы да жетіле түсіде. Белсенді сөйлеуінде үлкен  секіріс болады. Екі жаста 200 – 300 сөз игереді. Екі-үш, төрт сөзден тұратын  сөйлем құрай бастайды.

Бөбектерде  жаңа сұраныстар пайда болады, өзін қоршаған заттарды тез білуге ұмтылады да, оның тілегі мен мүмкіндігінің  арасында сәйкессіздік туады, өйткені  балада сезім мен тілек басым келеді. Үлкендер бөбектердің онды ішкі сезімдерін реттеп, дұрыс қарым-қатынас жасамаса, теріс қарым-қатынастан зиянды әрекеттер пайда болуы мүмкін.

Бөбіктердің дұрыс  дамуы үшін тамақ, ойын, гигиеналық күтім қажет. Сондықтан екі жасқа қараған баланы тазалыққа, ұқыптылыққа үйретуді жалғастару: баланың денесін, киімін, төсек-орынын таза ұстау, тамақ ішер алдында қол жуу, тамақ ішу кезіндегі ұқыптылық, дастарқан, сүлгі, ыдыстардың таза болуы, баланың бет-ауызын, қолын тез сүртіп алу, су болған киімін тез ауыстыру, қажет болағанда түбекке отырғызу т.б. яғни оны гигиеналық талапқа сай қалыптастыру керек.

Ойын-сабақтар бөбектердің жан-жақты дамуына  әсер етеді. Атап айтсақ:  қимылын  жетілдіруді, тілін, ойын дамытуды, төңіректі болжау білуді, заттармен әрекет  жасауды, дидактикалық, құрылыс материалдарын, ойыншықтардын пайдалану іс-әрекет мен қимыл-дағдыларын  қалыптастыруды, құбылыстар мен заттарды қарап көруді, ұстап сезінуді, музыка сазы, ырғағы, әуенін естуді, сезінуді, сол арқылы эстетикалық тәрбие беруді, адамгершілікке баулуды мақсат етеді.

Бөбектермен өткізілетін ойын-сабақтарға бірінші жартыжылдықта көңіл көтеру ойындары, екінші жартыжылдықта ережелі, қимылды ойындар енгізіледі. Ал сабақ мазмұны бірте-бірте күрделеніп отырады.

Бала өмірінің үшінші жылы (2-ден 3 жасқа дейін) бірінші сәбилік кезең деп аталады, сәбилердің жетілу қарқыны бір-екі жасқа қарағанда, біршама баяулағанымен, дамуы әрі қарай жалғасады. Сәбилік кезеңде кездесетін өзгерістерге, жаңа жағдайға биімделуі оңай өтеді. Дегенмен, бұл шақта сәбилер іс-әрекетсіз ұзақ отыруға дайын емес. Бірыңғай іс-әрекеттен тез шаршайды, мида әлі де қозу әрекеті басым болады.  Сондықтан да оның іс-әрекетіне жиы тыйым салу оның ашуын шақырып, мінез-құлқын кенет өзгертеді. Дағдылары әлі де тұрақты, берік емес.

Сәбилердің  үлкендермен жиі қарым-қатынасының  ойын-сабақтарда сөйлеуінің нәтижесінде тілі мен ойы тез жетіледі. Ересектер сөзінің мағынасын жақсы ұғады. Сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындай алады. Олар дұрыс болмаса да барлық сөздерді пайдаланады сөздік қоры жетіліп, негізгі қатынас құралына айнала бастайды. Ата-аналар мен тәрбиешінің сөздері айналадағы ортану тану негізі болады, қазығуы артады.

Осы кезде бағдарлау  әрекетінің негізгі түрі – бақылауы жетіледі, ұзақ бақылайды, сұрақ қояды, ертегі, әңгіме тыңдауға әуестенеді, әңгімелеп те береді, ырғақ шығаруды ұнатады. Сәби әрекетінің негізгі түрі – ойын, сурет салу, жапсыру, ән айту, бақылау орын алады. Өз іс-әрекетін жоспарлай бастайды. Заттармен іс-әрекет жасауға өте үйір келеді.

Сәбидің елестету сезімі қатты дамиды, рольдік ойындар ойнайды, бала өзін «әже», «тәрбиеші», «жүргізуші» деп елестетеді.

Сәбилер осы  шақта сөздің көмегімен бір-біріне достық қарым-қатынасын білдіреді, қиналғанда ақыл айтады, жаны ашиды, құрбы-құрдастарына шын ниетімен көмектеседі. Сонымен, үш жастағы баланың дамуында, мінез-құлқында жаңа сапалық өзгерістер көрініс береді.

Балаларды сәбилік  кезден бастап, шаруашылыққа көмектесуге, өз төсегін салуға, ұсақ түйік заттарды, ойыншықтарын жинастырып орнына қоюға, тазалауға үйретеді. Балалардың сәби денсаулығына үлкен әсері бар. Сәби денсаулығын нығайту үшін жүйелі шынықтыру қажет. Табиғат – дене мүшелері мен жүйкелерінің жұмысын жетілдірудің тамаша құралы. Олар: ауа, күн,су. Кез келген ауа райында серуендеу, ойнау, ауа ваннасын қабылдау, терезені ашып қойып ұйықтау бала денсаулығына жағымды әсер етеді.

Бала психикасының дамуында айналадағы орта мен оқу-тәрбие ерекше орын алады. Ол әсіресе қым-қиғаш ішкі қайшылықтар күресінің, сапалық өзгерістердің, күнделікті сан-алуан қарым-қатынастар мен байланыстардың нәтижесінде дамып отырады. Психиканың дамуы жоғары жүйке жүйесінің өзгешіліктерін білмейінше ересек адамдар күн тәртібін, оқу, тәрбие жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра, жүргізе алмайды, көп қиыншылықтарға кездеседі. Бұл шақтағы балада негізгі әрекет – ойын, сондықтан оның барлық психологиялық процестері осы ойын үстінде қалыптасады. Мазмұнды, рольді ойындар баланың зейінін, есін, қиялын дамытса, қимыл ойындары ерік-жігерін, шапшандығын, қол-аяғы мен денесін,  жүрісін нығайтады; дидактикалық ойындар белгілі ережелерді сақтауды талап етіп, ақыл-ойын дамытады, тапқырлығын, бақылампаздығын, қабылдағыштығын жетілдіріп, сезімталдығын ұштайды. Кейбір бала өздігінен ойнай алмайды немесе жасына лайық емес қарапайым ойындарды ойнайды, бұл бала ойынына қамқорлық жасамаудың нәтижесі. Сондықтан сәби ойынын ұйымдастыру өте мәнді.

Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің жоғарыда аталған даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айналамен  қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің  жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырылған жөн.

Мектепке дейінгі  кезең 3-тен 7 жасқа дейін.

Бала өмірінің төртінші жылы екінші сәбилік кезең деп аталады. Бұл шақта да баланың дамуына ерекше мән беріледі. Төрт жастағы ұл баланың бойы – 100 – 109 см, салмағы – 14,8 – 19,8 кг болады. Көкерек клеткаларының аумағы – 51 – 56 см.

 Миының құрылымы  мен сезімталдық қабілеті әрі қарай дамиды, белсенділігі артып, қимыл-қозғалысы үйлесімді бола түседі. Орталық жүйкенің әрекеті мектеп дейінгі шақта (3 – 5 мм) әлі де тұрақсыздығымен сипатталады, қозу әсері басым, сондықтан іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысуында, зейінін шоғырландыруды қалыптастыруда қиындықтар туады. Зейінді шоғырландыру үшін балалармен түрлі сабақтар, дидактикалық  және ережелі ойындар, арнайы еңбек тапсырмаларын беру ұйымдастырылады. Жүйке байланыстарын құру көп қайталауды қажет етеді.         Көрнекі, бейнелі ойлау қабілет дамиды. Заттырдың  қасиеті туралы нақты түсініктерін қолдану, пайдалану басталады. Осының өзі баланың нақты қабылдаудан шығып, бейнелі ойлауына, есте сақтау қабілеті артуына мүмкіндік жасайды. 3 – жастағы балалар сезімі өткініш және тұрақсыз. Балалрдың мінез-құлқы сезімге байланысты, олар үшін үлкендердің мақтауы сүйкімді әсер қалдырса, ұялтқаны байланысты өзгеріп отырады. Бұл кезде бала есте сақтау мен есіне түсіруді басқару мүмкіндігіне жетеді, бірақ есте сақтау қабілеті шектеулі. Үлкендердің тапсырмасын орындау, тақпақты жаттау сияқты алдына арнаулы мақсат қоя бастайды, алайда мақсатқа жетудегі сәтсіздігі бұларды қамықтырмайды.

Мектепке дейінгі шақта  баланың мінез-құлқы айтарлықтай  өзгереді. Сәбилер түрлі себептерге, сол сәттегі жағдайға байланысты туатын сезім мен тілектің ықпалынан пайда болатын іс-әрекет жасайды, бірақ оны жасауға ие мәжбүр еткендігі жөнінде өзін-өзі айқын есеп бере алмайды. Сәбилердің ерекшелігі өзін танытуға тырысады және   өзінің батылдығын, күшін асыра бағалайды, өзі туралы дұрыс пікірі болмайды.

Осы шақта сәбилердің іс-әрекетінің күрделенуіне байланысты танымдық құштарлығы пайда болады. Олардың өмірінде мазмұнды ойындар үлкен орын алады, ойнау  ұзақтығы 10 – 15 минутқа созылады.

Үш-төрт жастағы сәбидің  ең маңызды ерекшелігі - өзіндік  тілегі бар жеке адам екенін сезіне бастауы. Бала үлкендердің көмегі арқылы айнадан, суреттен өзін-өзі тани бастайды, өзінің басқалардан бөлек екенін сезінеді. Бұл кезде кейбір оңай іс-әрекетті үлкендердің көмегінсіз-ақ тәуелсіз, еркін дербес болуына жетелейді.

Баланың психикалық дамуына  әсер ететін күнделікті іс-әрекет –  ойын, сурет салу, жапсыру, құрастыру, қию, еңбек, оқу. Осы әрекеттер үстінде бала айналадағы дүниені тану арқылы жақын адамдардың шеңберінен шығып, өз құрдастармен бірлескен іс-әрекетке, қарым-қатынасқа кіріседі, бала бойында өзіне талап қою, өз міңез құлқын ұйымдастыру сияқты өзгеріс пайда болады. Бұлардың бәрі баланың жеке басының дамуына ықпал етіп, міңез-құлқын қалыптастырады. 3 – 4 жастағы балалардың аталған ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін күн тәртібі мен бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтар бар.

Қорыта айтқанда, оқу, тәрбие барысында екінші сәбилер тобындағы  балаларды жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер мол. Оқыту барысында берілетін  таным-біліммен бірге үлкендер тарапынан ықпал етудің маңызы ерекше. Үлкендер балаларға білім мазмұнын игертумен қатар олардың мінез-құлқын үлгілерін меңгертеді.

Бала өмірінің бесінші  жылы естиярлық кезең деп аталады. Бұл шақта да баланың денесі мен жүйкесінің жетілуі әрі қарай жалғаса береді. Естиярлардың бойы жылына 5 – 7 см өсіп, салмағы 1,5 – 2 кг артады.

Естиярлардың тыныс мүшелеріне керекті оттегін, гимнастикалық  жаттығуларды дұрыс таңдап, оларды жасау кезіңде баланың кедергісіз, оңай дем алатын болуын ескеру қажет, себебі жүрегінің жұмыс ырғағы тез бұзылуға бейім тұрады. Баланың көру, есту мүшелерін күту өте қажет, әйтпесе көздің қарашағы, қысымы, бұлшық еттері өзгеріске ұшырып, алыстан немесе жақыннан көре алмау сияқты аңқау пайда болады.

Естиялардың іс-әрекетінің негізгі түрлерін және жүйкені дамыту өзара байланысты. Қабылдау, қиял, ес, зейінің дамыту  ойын, еңбек, оқу ісінде жүзеге асады.

Ойын бала психикасында сапалық  өзгерістер тудырады, естиярлардың мазмұнды ойындарының негізі адамдар арасындағы қарым-қатынастар, ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен, қызметімен танысады, қарым-қатынас ережелерін орындауға, бағынуға үйренеді. Өз әрекетін өзгелермен үйлестіруді, түсінісуді игеріп, бірте-бірте қарым-қатынастары шынайы сипат алып күрделене түседі.

Төрт-бес жастағы баланың ойы бейнелі сипатта болып келеді. Ойлауды дамытуды баланың жалпы әрекетінен, тәрбиесінен, өмір жағдайынан бөліп қарауға болмайды. Балалардың ана тілін игеруге бейімділігі жетіліп, барлық дыбыстарды дұрыс айтады, лексиканың түрлі формаларын пайдалана алады, табиғат құбылыстарына сәйкес сөздік құрамын морфологиялық құрылысы өзгеріп, тілінде жайылма сөйлем мен құрмалас сөйлемдер көрініс табады.

4 – 5 жастағы баланың  тағы бір ерекшелігі көпшіліктің, құрдастарының пікіріне құлақ сала бастайды, бағынады, олармен есептеседі, өзге балалардың іс-әрекетін бағалауы мазмұнды бола бастайды.

Бала психикасының дамуына  әсер ететін күнделекті іс әрекеттерінде  бала белгілі бір түрткі-себепті  басшылыққа алады:

  1. Үлкендерге ұқсағысы келіп, соларша іс-әрекет жасауға ұмтылады;
  2. Ойын (кез келген істі ойынға айналдырады);
  3. Үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым-қатынасын сақтау;
  4. Топтағы балалардың жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне ие болу тілегі;
  5. Намыс, өзін таныту тілегі, ойында басшы рольді орындауға дәмеленеді;
  6. Жарыс (бірінші болуға тырысады), адамгершілік мінез-құлықтын дамуы.

Бұл кезде бала өзі бастап өзгелер үшін еңбек  етеді, оның басқаға пайда келтіру  мүмкін екенін түсінеді.

Ересек шақтағы баланың  дамуы (5 – 6 жас). Алты жасқа қараған бала денесінің дамуында ерекше өзгерістер байқалады. Бойы – 116 см, салмағы – 21,5 кг, көкірек клеткасы, иығы, жамбасы ұлғаяды, аяқ башпайлары мен қолының саусақтары ұзарады.

Адамгершілік  тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы. 
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды. 
      Балабақшаның ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. 
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. 
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, балабақшада еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек.

Информация о работе Мектепке дейінгі педагогика