Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:54, курсовая работа
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі...................... 5
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі........... 6
1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу............................................................................................. 9
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму....... 21
2. 2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы................... 32
2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану..... 35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................. 37
КІРІСПЕ.......................
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі........... 6
1.3. Тәрбие жүйесінде
мектеп жасына дейінгі
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектеп жасына
дейінгі балалардың таным
2. 2. Ойын –
балаларды дамыту және
2.3. Психологиялық
ойын-жаттығуларды іс-
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
Кіріспе.
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.
Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.
12 жылдық білім
берудің қажеттілігі, бес
Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.
Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің төрт міндеті қарастырылады.
Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз құрбы-құрдастармен баланың ой-өрісінің қалыптасу мүмкіндіктері көзделеді, өз отанына, отбасына халқының салт-дәстүріне көңіл бөлу жолдары қарастырылады.
Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала қоршаған өмірмен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін сезіну.
Үшінші міндеті: әсемдік даму «эстетикалық» барысында өмірге деген құштарлық мен көркемдік танымды қалыптастырады.
Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетінің жан-жақты күтімі мен дұрыс дамуы, өзін қоршаған ортамен байланысы, өз денсаулығына, ауру-сырқау т.б. қауіп қатерден сақтану қарастырылады.
Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 - 6 жастағы балалардың дене дамуымен психикалық саулығын қорғау және нығайту ақыл ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздерін іскерлікпен, дағдылардың алғышарттарын қарай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. 5 – 6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасыдан, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында, мектепке дейінгі шағын орталықтарда мектепалды даярлық бағдарламасы негізінде жүзеге асады.
1. МЕКТЕПКЕ
ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ
ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
И. П. Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі және сыртқы әсерлердің өзара әрекеттестігі, ағзаның айналадағы ортамен үйлесуі, сәйкес келуі.
Даму - өте күрделі процесс. Баланың дамуына үш негізгі фактор: тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие ықпал етеді.
Тұқым қуалаушылық – жас ұрпаққа ата-аналарының бойындағы биологиялық ұқсастығының берілуі. Мысалы, ата-аналарының дене бітімі, өңі, шашы мен көзінің түсі т.б. адам ағзасының қасиеттері, жүйкелерінің кейбі ерекшеліктерінің берілуі. Генетиканың қазіргі түсінігі бойынша тұқым қуу дегеніміз барлық ағзаның өз ұрпағында өздеріне ғана тән биосинтезді және зат алмасуды қайталап отыруы.
Тұқым
қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер
ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ,
Платон және Аристотель еңбектерінде
кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы
мен сперма организмнің барлық бөліктерінің
қатысуымен қалыптасады және ата-ананың
бойындағы белгі-қасиеттері
ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді.
Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі
қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді.
Яғни тұқым қуалайтын материал дененің
барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше,
оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға
арналған қоректік заттардан жасалады.
Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы
маңызды орын алады. Бұл теория бойынша
өсімдіктер мен жануарлардың барлық клеткалары
өзінен ұсақ бөлшектер — геммулалар бөліп
шығарады. Олар жыныс органдарына өтеді
де сол арқылы белгілер мен қасиеттер
ұрпаққа беріледі. Геммулалар кейде “мүлгіген
жағдайдаң болып, бірнеше ұрпақтан кейін
білінуі мүмкін. Соған байланысты ұрпақтарда
арғы ата-ана тектерінің белгі-қасиеттері
қайталана алады деп есептелінген.ХІХ
ғасырдың 80-жылдарында “пангенезис”
теориясын А.Вейсман өткір сынға алды.
А.Вейсман “ұрық плазмасы” туралы болжам
ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс клеткаларында
кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын
айтты.
Адамның міңез-құлқының тұқым қуалаушылық программасы адамзат тұқымын жалғастыра түсу, ағзаға оның өмір сүру жағдайларының өзгеруіне икемділік көмектесетін реттеу жүйесін қамтамассыз ету мақсатын көздейді.
Бала өзінің әрі қарай дамуына қажетті алғышарттармен туады. Мұндай алғышарттарға адам ағзасында анатомиялық, биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері дамыған жүйкесінің болуы, оның ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдау ерекшелігі жатады.
И.П. Павлов ілімі бойынша балада көптеген туа біткен инстинктер болады. Олар шартсыз рефлекстер тобына жатады. Бала туғаннан тамақты, ұйқыны, жылылықты, қимылды т.б. органикалық түрде қажет етеді. Баланың осындай биологиялық ерекшеліктерін елеумеуге болмайды, өйткені ол әлеуметтік өмірде үлкен роль атқарады. Адамның рухани дамуы үшін биологиялық алғы шарттардың болуы өте қажет.
Баланың инстинкті
жануарлар төлінің
Туа біткен икемділік өзгеріссіз қалмайды. Өзгергіштік – адамның жоғары құрылымды жүйкесінің қасиеті. Адамның бұл қабілетін И.П. Павлов жүйкенің икемділігі деп атаған.
Педагогика тұқым қуалаушылықтың ролін жоққа шығармайды, тұқым қуалаушылық арқылы кейбір биологиялық сипаттағы икемділік, бейімділік, қабілеттілік ауысып отырды, бірақ ол дамуда негізгі анықтаушы роль атқармайды деп есептейді.
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.
Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал ететін әр қилы сыртқы құбылыстардың жиынтығы жатады. Орта адамның дамуына елеулі әсер етіп отырады, баланың дамуы үшін: 1) табиғи орта (тамақ, ауа,жылу,жарық), географиялық орта (климат, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісте, тау-тас, қырат, жазық, өзен, көл, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс т.б.); 2) әлеуметтік орта қажет. Оған қоғамдық өмір, адамдар, олардың саналы іс-әрекеттері, қарым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы, т.б. Бұлар балалар өміріне, денесі мен жүйкесінің тарихи дамуына байланысты өзгеріп отырады. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақтын күшімен құрылған жаңа қоғамдық жағдайда туып, өседі. Адам әлеуметтік ортассыз адам болудан қалады. Адам – қоғамдық қарым-қатынастың жемісі.
Адамның психологиялық дамуы оның анатомиялық-физиологиялық дамуы негізінде мидың дамуына, жүйкенің жетілуіне байланысты. Алғашқы қарапайым сезім, түйсік, бейімділік баланың тіршілігі үшін аса маңызды тітіргендіргіштердің әсерінен пайда болады. Баланың дұрыс дамуына тиімді педагогикалық басшылықпен жағдай қажет. Оған дұрыс жасалған күн тәртібін сақтау, баланы езгілімен ұйықтау, өсіп келе жатқан ағзаны лайықты нәрлі тамақпен қамтамассыз ету, мақсат көздей отырып, олардың іс-әрекетін ұйымдастыру, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жатады.
Балалар айналасындағы ортаны, дүниені ересек адамдардың басшылығымен танып-біледі. Тәрбиеде балалардың іс-әрекетін басқарудың, ұйымдастырудың маңызы зор. Іс-әрекет үстінде балалар заттардың жеке қасиеттермен танысады, құрбы-құрдастармен араласады, өмір сүруге қажетті тәжірибе жинақтайды, бойында жаңа адамдық қасиеттер, имандылық сапалар қалыптасады.
Баланың мінезі де қоршаған орта мен айналасындағы адамдардың ықпалы, тәрбиесі арқылы қалыптасады. Егер бала тыныш, салмақты, байсалды, көңілді, өзгелермен аралысқыш, ұйымшыл, жақсылыққа жаңы құштар отбасында өссе, оның міңез-құлқы да байсалды, жайдарлы болып дамиды; егер тұйық, ашуланшақ, танымсыз адамдардың арасында өссе, баланың мінезі де сондай болып қалыптасады.
Кейде балаға ашуланшақ мінез биологиялық жолмен ауысуы да мүмкін. Онда баланың дамуына дұрыс педагогикалық, медициналық ықпал жасау арқылы, таза, тыңыш, ыңғайлы жағдай тудыру арқылы, тәрбие арқылы мінезін түзеуге болады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Олай болса, адам мінезі әлеуметтік ортадағы, отбасындағы тәрбие үстінде дамып, адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады.
Балаланың туа біткен нышандарын тәрбие арқылы дамытпаса, ол бірте-бірте өшуі мүмкін. Тұқым қуалаушылық жолымен келген нышан дайын қабілет емес, дамуға қажетті алғышарт, мүмкіншілік қана.оны дамыту үшін қажетті жағдай, тәрбие керек. Тәрбиессіз күшті нышанның басылып қалуы, тәрбие арқылы орташа нышанның талантқа айналуы мүмкін. Тәрбиенің негізгі міндеті – баланың икемділігін анықтай білу. Белгілі бір пәнге балаланың икемділіг анықтау оның дамуына үлкен ықпал етеді. Икемділік кейде өткінші де болады.
Нышанды дамытып, талантқа айналдырудың екінші бір жағы – жұмысқа қабілеттілік және еңбек сүйгіштік. Қандай табиғи дарыны болса да, жалқау аданың қабілеті дамымайды. М. Горький «Талантты адам – ол жұмысқа ерекше қабілетті адам. Еңбек сүйгіштік – ұзақ уақыт, тапжылмай жұмыс істеу білу. Бұл қасиет, ең алдымен, тәрбиенің нәтижесі», - десе, А. С. Пушкин «Еңбексіз нағыз ұлылық жоқ» екенін жазған. Дарынды, талантты адам, еңбекссіз, шабыт арқылы ғана табысқа жетеді.
Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: күнделікті арнаулы жаттығулар, машықтанулар жүргізу арқылы балаланың денсаулығын мықты етуге, шынықтыруға болады. Ал күнделікті ақыл-ойды шынықтыру, жағдай жасау, еңбектену арқылы баланың дарындылығын дамытуға болады. Адамның дарыны ұшқын сияқты ыңғайлы мүмкіншілік болса, ол лаулап жануы да, мүмкіншілік болмаса, сөніп қалуы да ықтимал.
Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге байланысты. Өйткені әр жастағы баланың өзіндік даму заңдылықтары бар. Сонымен қатар әр баланы жан-жақты жете білу, зерттеу қажет. Белгілі бір жастағы балалардың бәрі бірдей емес. Әр балаланың қызығушылығы мен бейімділігін, қабілетін, талантын білудің мәні зор, бірақ оны асыра бағаламау керек.
Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Моцарттың (1756 – 1791) музыкаға қабілеті 3 жасында көрініс тауып, 7 жасында Европаны таңдандырған. Поляк композиторы Ф. Шопеннің анасы (музыкант) баласының талантын 2 – 3 жасында байқаған. Музыка естісе, көзіне жас келеді екен, оны арнаулы мұғалім оқытып, тәрбиелеген.
Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс халқынын көрнекті географы, геофизигі, гидрографы, табиғат зерттеушісі Вильгелм Гумбольт жас кезінде ойға шорқақ, ағылшынның данышпан физигі, астрономы, математигі, ұлы ғалымы Исаак Ньютонның оқуға қабілеті төмен, ағылшынның ұлы физигі Майкл Фарадейдің есте сақтау қабілетін өте нашар болған.
Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты басшылық қажет. Педагог баланың бейімділігінтанып, оған сүйене отырып, қызыушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, ан-жақты дамуына жағдай жасайды. Дарынды балаларға жеке әдіс-тәсіл қолдана отырып, дамуы уақытша кешеуілдеген балалардың дамуына толық жағдай тудыру абзал.