Мектепке дейінгі педагогика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 11:54, курсовая работа

Краткое описание

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі...................... 5
1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі........... 6
1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу............................................................................................. 9

2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің даму....... 21
2. 2. Ойын – балаларды дамыту және тәрбиелеу құралы................... 32
2.3. Психологиялық ойын-жаттығуларды іс-тәжірибеде қолдану..... 35

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................. 37

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая работа.doc

— 246.50 Кб (Скачать документ)

Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық ерекшеліктер адамның дүниеге көзқарасын, сенімін қалыптастыруға ықпал ете алмайды. Айналадағы орта мен мақсатқа бағытталған тәрбие, баланың жүйелі әрекетін ұйымдастыру, оған дұрыс басшылық ету ғана бала дамуында шешуші роль атқарады.

 

1.3. Тәрбие жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жас шамасына қарай бөлу.

Белгілі бір  шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық  және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп  атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. 
       Қазіргі педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Балаларға тәлім-тәрбие беру ісінің табысты болуы олардың жас және даму ерекшелігін тәрбиешінің дұрыс біліп, өмірін, іс-әрекетін ұйымдастыруда басшылыққа алуына байланысты.

Қазіргі мектепке дейінгі педагогика, психология ғылымдары  бала дамуының бір қалыпты өтпейтіндігін ескеріп, балалық шақты жас шамасына қарай бірнеше кезеңге бөледі. Психолог В.С. Мухина: туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде бала үш дағдырыс сәттерін: бір жаста, үш жаста, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл жастағы балалар өмірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Нәрестелік кезең – туғаннан бір жасқа дейін. 2. Сәбилік кезең – бір жастан үш жасқа дейін. 3. Мектепке дейінгі кезең – үштенжеті жасқа дейін. Бұл бағдармалар, әдестемелік құралдар, оқулықтар жасауда, оқу-тәрбие мазмұнын айқындауда, күн тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруда нақты негіз болып табылады. Бала тәрбиесімен айналасатын болашақ мамандарға, ата-аналарға баланың даму кезеңдеріне сай психикалық жеке ерекшеліктерін білу тәрбие ісінде жетістіктерге жеткізеді.

1. Баланың нәрестелік кезеңіне сипаттама жасайтын болсақ, бұл кезеңде тез өсіп дамиды. Осыны ескеріп, мақсатты тәрбие, жақсы күтім жасалса, нәрестененің денсаулығы, дене бітімі мен психикасы бірқалыпты дұрыс дамиды.  Ай сайын ол 600 – 700 г салмақ қосып, бойы 2 – 3 см өсіп отырады. Жарты жылдан кейін бойының өсуі де, салмақ қосуы да сәл саябырсиды. Дегенмен әрі қарай дамуы үдемелі қарқымен жалғаса береді. Бір жасқа толғанда салмағы 10 – 10,5 кг, бойы 74 – 75 см болады. Жаңа туғанда баланың миының салмағы 300 г болса, ай сайын 40 г қосып отырады. Ми қабығының жетілуі күнделікті ұйымдастыратын қимыл-әрекетке байланысты дамиды. Жүйкесі орталық және шеткі деп бөлінеді. Орталық жүйке бас миы мен жұлыннан, шеткісі жұлын мен ми сүйегі және жүйке түйіндерінен тұрады.

Адам ағзасының  айналадағы ортамен байланысы жүйке  арқылы өтеді. Жаңа туған нәрестенің жүйкесі толық жетілмеген, ол өсу  барысында бірте-бірте толысады.

Бірқалыпты  дамып, дұрыс өсіп келе жатқан баланың 6 – 8 айлығында сүт тісі шығады да, бір жасқа толғанда сегізге жетеді. Нәрестелік кезеңде барлық сезім мүшелерінің қызметі дамып, жағымды эмоция көрініс табады. Заттарға ұмытылу, ұстауға талпыну сияқты қимылдың оңай түрлерін игереді, сөйлеуге икемделіп уілдейді, былдырлайды. Бұл шақта бала сезімтал келеді, ауа райының құбылмалы сәттерін, тұрмыс жағдайының, күн тәртібінің өзгеру әсерін тез сезінеді.

Бала өмірінің бір жасқа дейінгі нәрестелік шағының көзі бір-бірінен сапалық  айырмашылығы бар төрт кезеңге бөлінеді. Оның бірінші кезеңі: туғаннан 2,5 – 3 айға дейінгі дамуы. Нәресте дүниеге шартсыз рефлекстердің (тамақ, қорғаныс, бағдарлау) дайын жүйесімен келеді.

Тәуліктің 18 – 20 сағатын ұйқымен өткізеді. Әр 3 сағаттан кейін тәулігіне 7 рет тамақтанады. Нәресте ұйықтау, тамақтану т.б. қажеттіліктермен қатар алғашқы күннен бастап есту, көру, сезу және т.б. әсерленулері болады. Егер нәрестенің мұндай тітіркенуді жеткілікті дәрежеде қабылдамаса, ол психикалық дамуы жағынан артта қалған болып табылады. Бала белгілі физиологиялық, генетикалық және жүйке қызметінің ерекшеліктерімен, мидың құрылысы қалыптасқан түрде дүниеге келгенмен, ми жартысы қызметінің дамуына сыртқы ортадан баратын импульстер әсер етеді. Мысалы, есту анализаторының қызметі бала ана құрсағында жатқанда сыртқы дыбыстардың әсерінен қалыптасады. Балаланың психикалық дамуы сыртқы ортамен байланысымен, тәрбиенің әсерімен, оқытумен анықталатын ғалымдар дәлелдеген. Олай болса нәрестелік шақта баланың қалыптасуының алғышарттары жасалып, денсаулығының негізі қаланады. Жаңа туған нәресте көз тоқтатып қарай алмайды, оны қимылдататын бұлшық еттердің әлсіздігінен қилы болып көрінуі де мүмкін, тек 3 – 4 аптада ғана қарай алады.

Есту қабілеті әлсіз болғанмен, өте қатты дыбысты естиді. Күшті шу шықса, емуін тоқтата қояды. Есту мен көздің арасындағы үйлесімділік ерте пайда болады. Дыбыс шыққан жаққа басы мен көзін бұрады.

Дәм сезу едәуір ерте жетілген: тәттіні ынталана сорады, ащыға бет-ауызын тыржитады.

Иіс сезімі онша жетіле қоймағанмен, өмірінің алғашқы  аптасында-ақ иіске әсерленеді, қимылы, демалысы өзгереді.

Нәрестенің алақаны, беті, табаны сезімтал келеді. Оның қуанышы езу тартуы, уілі арқылы байқалады.

Екі айлығында  басын біршама тік ұстап, айналаға көз қиығын салады. Үш айлығында етпетінен жатқызса, басын көтеріп, қолын тірей алады. Бұл әрекет баланың тыныс алуына, қан айналымын жақсартып, еңбектеуге даярлайды.

Осы кезде нәрестенің ересектермен қатынасы дамиды. Үлкен  адам жылы шыраймен сөйлессе, көңілді  эмоция пайда болады. Адамды, ойыншықты  көргенде қуанады.

Енді 2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі екінші кезеңде нәресте тәулігіне 2,5 – 3 сағаттан 6 рет ұйықтайды, 1,5 – 2 сағаттан 4 мезгіл сергек жүреді. Әрбір, 3,5 – 4 сағаттан кейін тәулігіне 6 рет тамақтанады. Тамақтану кезінде екі қолмен ыдысты ұстайды, ауызына апаруға тырысады. Қою тамақты қасықпен жеуге үйренеді. Қол созым жердегі ойыншықты ересек адамның қолынан алады.

3 айда анасын, 6 айда таныс адамдарды ажырата  алады. Бөтен адамдарды жатырқайды.

Заттардың формасын, түсін ажырата бастайды. Өзіне арналған сөзді түсінеді. Жылы сөйлессе, қуанады, зекісе, жылайды.

4 – айда ыңылдайды,  уілдейді. 6 – 7 айда былдырлайды.  Уілдің әуенді дыбысты ұзақ  уақыт іштен дем шығару арқылы  айтылады. Бұл – баланың тілі шығуы үшін дем алысының қалыптасуы. 3 – 4 айлық нәрестемен тілдескенде ыңылдау әуенімен айтылатын дыбыстарды, 5 – 6 айлық нәрестемен тілдескенде буындарды қолдану керек.

Нәрестенің  көңілін музыкаға және музыкалық ойыншықтардың дыбыстарына, әуезді үніне аудару, көбірек қуанту, күлдіру қажет. Баланың көру және сезу қабілетін ойыншықтар арқылы жетілдіреді.

5 – 6 айдан 9 – 10 айға дейінгі үшінші кезеңде нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, тәулігіне 2 сағаттан 3 рет ұйықтайды. Әрбір 2 – 2,5 сағатта сергек күйде болады, әрбір 4 сағаттан кейін тәулігіне 5 рет тамақтанады. 7 айлығынан бастап тамақтанарда қолына нанның қабығын беруге болады. 6 айлығынан бастап айналасындағы адамдарға, заттарға, жануарларға зейін қоюы артады. Кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы оянады. Осы кезде ересек адамның бет жүзінен, дауыс ырғағынан көңіл күйін сезеді. 6,5 айда сөзді затпен байланыстыруды үйренеді. Егер заттын тұрған орнын ауыстырса, таба алмай қалады, себебі ол үшін зат тұрған орнымен байланысты қабылданған.

6,5 – 7 айлығында  бала орнынан жер бауырлап, қозғалып, екі қолмен, екі аяғымен еңбектей бастайды. Еңбектеу арқылы сүйек, бұлшық ет жүйесі дамиды. Айналаны бағдарлау өрісі кеңейді. Еңбектеп үйренген нәресте өзі отыра бастайды. Бала отырған күйінен жатуға, одан қайта отыруға үйренеді.

9 айлығында  қолымен заттардан ұстап, тәй-тәй басады. 9 – 10 айлығында затқа бұрылып қарайды, оларды көзімен іздеп табады.  «Қош бол», «Алақан соқ», «Қолынды бер» т.б. үйренген қимылдардың аттарын, «отыр», «жат» деген сөздерді түсінеді. 9 – 10 айдан 1 жасқа дейінгі төртінші кезеңдегі дамуында нәресте жаңа күн тәртібіне көшеді, 1,5 – 2,5 сағаттан тәулігіне 2 рет ұйықтайды, 2,5 – 3 сағат сергек жүреді. 10 айлығынан бастап түнде 1 рет тамақтанады.

Бір жаста өзі  жүре алады. Өзі жүретін нәрестенің қолы босап, заттарды ұстап, тану өрісі кеңейеді. Соның арқасында саусақтардың бұлшық еті өсіп-жетіледі, көз бен қол қимылының үйлесімділігі дамиды, көрнекі, әсерлі ойлауы пайда болады, еркіндігі дамиды, ойын әрекетінің негізі қалыптасады.

Жыл аяғында  айналасындағылармен қарым-қатынасы күшейеді, адамдарға деген ынтасы артады.

Нәрестенің  дұрыс дамуы үшін күн тәртібіне сай тамақ пен тазалық та қажет. Жаңа туған балаға жарығы, жылуы мол арнаулы бөлме немесе бұрыш белгілеп, сонда әлпештеп күту жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет дымқыл шүберекпен сүрту, жазда, қыста жиі желдетіп отыру талап етіледі. Бала жататын бөлмеде шылым тартуға, кір жууға, жаялықтарды кептіруге болмайды.

Қорыта айтқанда, аталған ойын-сабақтардың, күн тәртібі, тазалық талаптары мен күтімінің, тәрбие шараларының бәрі – нәрестенің дұрыс дамуы үшін қажетті шарттар. Бала психикасының дамуы нәрестенің негізгі ерекшеліктеріне байланысты. Атап айтсақ, 2,5 – 3 және 5 – 6 айлық баланың қол қимылы дамуының қалыптасуы өзге дене мүшелеріне қарағанда басым келеді. Осынын салдарынан нәрестенің психикалық дамуына туа біткен атавизмдік рефлекстер: жармасу, итеру қимылдары емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау ықпал етеді, ал еңбектеу итеруден емес, қолдың қозғалысынан басталатынын, сол сияқты қармау мен еңбектеудің балаға қажетті қимылдарды үлкендердің үйретуі мен жаттықтыруы негізінде қалыптасатынын ғалымдардың зерттеу нәтижелері дәлелдеген.

Үлкендермен қарым-қатынас  негізінде нәрестеде жандану процесі пайда болады. Жандану дегеніміз баланың өзіне назар аударып қараған адамға көз тоқтатуы, жымиып күлімсеруі, қол-аяғы қимылдатып, уілдеп дыбыс шығаруы. Қарым-қатынас үстінде үлкендер баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін мақұлдап, бас изеп күлімсерейді, немесе дұрыс істемедің деп қабағын түйіп, басын шайқайды. Бала оны түсінеді де бірте-бірте жақсы мінез-құлыққа әдеттенеді.

Сонымен, нәрестенің психикалық дамуы мен мінез-құлық сапалары күнделікті тұрмыс жағдайында, тәрбие мен үйретудің әсер-ықпал нәтижесінде қалыптасады.

2. Сәбилік кезең. Бала өмірінің екінші жылы бөбектік шақ деп аталады. Бұл шақта дамуы біршама баяулағанмен, денесі мен психикасы жағынан жетілуі одан әрі жалғасады.

Екі жастағы  баланың салмағы 12 – 12,7 кг, бойы – 85 – 86 см, сүт тісінің саны 20-ға жетеді. Қимыл-қозғалысы, дербестігі арта түседі. Ағзасы әлі де әлсіз, кінәмшіл, ауыруға, тез ашулануға бейім келеді. Өмірдегі жаңа жағдайға шабан көндігеді, өзін-өзі тежей алмайды, мида қозу процесі басым болады. Ми қызметі мен жүйкенің әлсіздігінен бөбек лезде шаршайды.

Психикалық  дамуында ілгері жылжуы, сенсорлық  дамуының жылдамдығы байқалады, сол  себептен де зерттеуші Н. М. Шелеванов  бөбектік шақты «сенсорлық дамудың алтын кезеңі» деп көрсеткен. Ішкі сыртқы сезімі, заттармен әрекеті, қимыл-қозғалысы, ойы мен жүйкесінің дамуы, адамдармен қарым-қатынасы біршама қалыптасқанмен, әлі тұрақты емес. Дегенмен, адамдармен қарым-қатынасы жаңа мазмұнға ие болған. Үлкендер күнделікті тұрмыста үйрету, баулу арқылы бала үшін маңызды іс-әрекетті қалыптастырады. Бөбектің жүруді игеріп, қолын босатуына байланысты айнала туралы түсінігі, дүниетанымы кеңейіп, сөйлеген адамның бетіне қарап сөз тыңдауы, ойы, тілі, затпен әрекет жасауы, зейіні, есте сақтау қабілеті, көңіл-күйінің дамуы сенсорлық тәжірибенің артуына мүмкіндік тудырады. Ал көңіл-күй баланың мінез-құлқынын қалыптасуына ықпал етеді. Бірақ бұл кезде баланың дамуы біркелкі өтпейді, мінез-құлқы өзгермелі болады, өздері үлкендерге тәуелді, олардың қарым-қатынасын қажет етеді.

Бөбектік шақ  бір-бірінен сапалық ерекшелігі бар екі кезеңге бөлінеді:

Бір жастан бір  жас 5 – 6 айға дейінгі кезеңде бөбектердің  дамуында елеулі ілгері басқандық байқалғанымен, ағзасы бір жастағы кезеңімен ұқсас. Шаршағыш, жарақаттанғыш, денсаулығы да, ішкі сезім жағдайы да тез және жиі бұзылғыш келеді. Жүруді үйренгенімен, нық басуы, қозғалысы жетіле қоймаған көптеген артық қимылдар жасайды.

Негізінен тілді  түсіну қабілеті жетіліп, заттың белгілерін сөз бойынша ажырата алады. Киім кию, ойнау, тамақтану кезінде заттардың аты мен оған байланысты әрекеттерді толық түсінеді. Сол сияқты есте сақтау қабілеті едәуір жетіліп, білетін заттары мен құбылыстарының шеңбері ұлғаяды, сөзді қасына жоқ нәрсемен де байланыстырып, есіне түсіреді.  Сөздік қоры көбейіп, активті тілді пайдаланып, сөз сөйлеуі белсенді сипат алады. Осы кезде 30 – 40 сөз жинайды, оның ішінде қысқарған сөз, біріккен сөздер де орын алады.

Бөбектер заттардың  түрлі қасиеттерін танып, күрделі әрекеттерді игереді. Бала сезімінің дамуына байланысты електеуі арта түседі. Қуыршақты, күшікті, мысықты тамақтандырады, яғни не көрсе, соны істейді, қайталайды, елестетеді. Бұл ойын әрекетінің басталуы. 

Информация о работе Мектепке дейінгі педагогика