Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:40, курсовая работа
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балалар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Кіріспе.......................................................................................................3 - 6
І-бөлім. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру.................................................................................7 - 10
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру...................................11 - 16
1.3. Дидактикалық ойын түрлері.........................................................17 - 19
2-бөлім. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.....................................................................................................20 - 23
2.2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері..................................................24 - 25
2.3. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдануы......................26 - 32
3. Қорытынды...........................................................................................33 - 34
4. Әдебиеттер тізімі....................................................................................35
Күтілетін нәтиже: Бала пішінді ғана емес кеңістік туралы ұғымын да толықтырады.
«Ұшқыш кілем» ойыны. Балаларға ұшқыш кілем туралы
ертегіні айтамыз. Еденге әр түрлі пішіндегі
қағаздарды қоямыз. Бұлар кілемдер.
(Әр балада 3 зат болады).
Барысы: - Міне, балалар бізде де ұшқыш кілем бар, кілемге өзінің түсіне сәйкес зат қойғанда ғана ұшады екен.
Аяқ астынан боран соғып,
кілемді басқа жаққа ұшырып кетеді,
ал ойыншықтар құлап, шашылып қалыпты.
(Балалар уайымдайды)
Сол кезде мейірімді сиқыршының дауысы
естіледі.
- «Балалар, егер сендер
ойыншықтарды түсіне қарай
Күтілетін нәтиже: Түстердің атауын қайталап, есіне сақтайды, тапсырманы өздері орындауға дағдыланады.
«Магниттер мен қағаздар» ойыны.
Тапсырма. Магниттің түсіне қарай сәйкес түсті қағазды магнитті тақтаға жапсыру.
Барысы: Балаларға әр түстегі қағаздар
таратылады.
Тәрбиеші үлгімен таныстырады «Мынау
қызыл магнит, енді мен осының түсіне ұқсас
қызыл қағазды тауып, тақтаға орналастырамын».
Күтілетін нәтиже: Түс туралы түсініктері дамиды, зейін қойып тапсырманы дұрыс орындауға тырысады, магнит қасиетімен танысады.
«Бағдаршам» ойыны.
Тәрбиеші сандыққа түстерін
атай отырып, домалақ пішіндегі қағаздарды
салады. Тақтаға Қызыл, сары, жасыл түсті
парақ ілінеді. (Төртбұрышты)
Тапсырма. Балаларға сандықтан 3 қағаз
алуға рұқсат етіледі. Балалар өздеріндегі
пішіннен тәрбиеші көрсеткен пішінді
тауып, тақтадағы сәйкес төртбұрышқа орналастырады.
Сұрақ. «Біз нені құрастырып шықтық?» Күтілетін
нәтиже: Түстерді ажыратады, олардан
белгілі бір зат құрастыруға болатынын
ұғынады.
Қорытынды.
“Ойын - бұл өзінше бір мектеп. Осы дидактикалық ойындар арқылы балалардың мінез-құлқы, олардың өмірге, қоршаған ортаны танып білуге деген, бір-біріне деген танымдық көзқарасы қалыптасады”. В.А.Сухомлинскийдің осы сөзі ойын арқылы баланың ойлау қабілеті шыңдалатынын дәл көрсетеді. Дидактикалық ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың ойлауын, жалпы қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, бұрынғы материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар арасында жұмыс жүргізгені жөн.
Қорыта айтқанда, ойын - баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Ал дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану балалардың сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Балалар дидактикалық ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы. Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам», - дейді.
Ойынды халқымыз балаларын
тәрбиелеуде ертеден
Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерде қоршаған ортамен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдануда төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынады:
Ойымызды қорытындылай келе, дидактикалық ойындар арқылы баланы дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленсе, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайы артады.
Әдебиеттер тізімі.
Информация о работе Мектепке дейінгі мекмелерде ойынды қолдану