Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:40, курсовая работа
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балалар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Кіріспе.......................................................................................................3 - 6
І-бөлім. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру.................................................................................7 - 10
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру...................................11 - 16
1.3. Дидактикалық ойын түрлері.........................................................17 - 19
2-бөлім. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.....................................................................................................20 - 23
2.2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері..................................................24 - 25
2.3. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдануы......................26 - 32
3. Қорытынды...........................................................................................33 - 34
4. Әдебиеттер тізімі....................................................................................35
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
І-бөлім. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі.
2-бөлім. Қоршаған
ортамен танысу бөлімінде
2.1. Қоршаған ортамен
танысу бөлімінде дидактикалық
ойындарды қолдану тәсілдері...
2.2. Дидактикалық ойын
ерекшеліктері.................
2.3. Дидактикалық ойын
түрлерін практикада қолдануы..
Кіріспе.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауын және Білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі міндеттер туралы баяндамасында
«Білім берудің нақты деңгейлерін дамытуда
мынадай шаралар атқарылады.
Мектепке дейінгі тәрбие – екі басты міндеттен
тұрады. Бірінші міндет
– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының
санын күрт өсіру. Екінші міндет
– тәрбие жұмысын жаңа мазмұнмен толықтыру.
Ол үшін барлық бағдарламалар мен әдістемелерді
қайта қарап, мамандар даярлауды қамтамасыз
ету қажет» делінген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «... Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қоғамның өзекті және перспективалы қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Республиканың 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеті: «Бала бойында білімді меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді қалыптастыру» - делінген.
«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді
құлық көзімен салыстырып, үйретуге
міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе,
адамгершілік туралы белгілі бір
ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы
өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі
мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс
һәм жеңіл айыратын болады», - деп
атап көрсеткен М.Жұмабаев. Бұдан
балаларды адамгерішілікке
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балалар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Қазіргі Қазақстан балабақшасындағы жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.
Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу мәселесі барлық кезеңдерде де өзектілігін жоймай, үнемі педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес.
Тез өзгермелі әлем және
ақпарат ағымдарының артуы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа -адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
Тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдауы керек.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының
бағыты ата-ана арқылы тәрбиеленеді.
Тәрбиелеу, білім беру жұмысының
мазмұны мен формалары
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда тәрбиеші басты рөл атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі тәрбие — балалардың сана-сезімін, мінез - құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. Тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз.
Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние.
Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады.
Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:
а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;
ә) өмір сүретін тірі ағзалардың
қоғамдастығы және олардың өзара
бір-бірімен қарым-қатынаста
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
Баланың табиғаттан алған
әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның
қиялына қанат бітіріп, табиғат
жөніндегі түсінігін айқындауға
ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті
сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі
келе қоймайды, оны дамыту, жағымды
іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың
және тәрбиеші-ұстаздардың
Балалармен табиғатпен таныстыру бағытындағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың табиғатты қорғау деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі табиғат туралы білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
Информация о работе Мектепке дейінгі мекмелерде ойынды қолдану