Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2012 в 12:40, курсовая работа
Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі балалар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.
Кіріспе.......................................................................................................3 - 6
І-бөлім. Қоршаған ортамен танысу ерекшелігі.
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру.................................................................................7 - 10
1.2. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру...................................11 - 16
1.3. Дидактикалық ойын түрлері.........................................................17 - 19
2-бөлім. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.
2.1. Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.....................................................................................................20 - 23
2.2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері..................................................24 - 25
2.3. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдануы......................26 - 32
3. Қорытынды...........................................................................................33 - 34
4. Әдебиеттер тізімі....................................................................................35
Ойын бала үшін — нағыз
өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал
жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова
былай деп атап көрсетті: «Балалардың
өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру
— оларды тәрбиелеу деген сөз.
Тәрбиенің тиімді процесі ойын және
ойынның өзара қарым-
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын мен еңбектің өзара
байланысы бұлардың арасында ұқсастық
және айырмашылық болуымен айқындалады.
А.С.Макаренко еңбектегі
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді.
Жаңа стандартқа сәйкес мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған
пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруға
қойылатын талаптардың бірі ретінде
заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану
мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті
жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары
айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі
жетілдіру мен өзін-өзі
Балалардың жас
Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
• Дидактикалық ойын
• Сюжеттік рөлдік
• Қимыл-қозғалыс ойындары
• Саусақтар ойыны
• Үстел үсті ойындары.
Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады!» – деп жазды.
Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.
Дидактикалық ойын – кішкене
балаларға тән оқыту формасы
болып табылады. Арғы тегі ойынды өлеңмен,
қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті – ойынның оқыту сипатын, оның
мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға,
балалардың білімін кеңейтуге және бекітуге
бағытталады. Дидактикалық ойындар оқу
әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын
арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп
жасына дейінгі ұйымдардың барлығында
да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі.
Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын
түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.
Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде
екі жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар
және дидактикалық тапсырмалар не болмаса
автодидактикалық ойындар.
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері:
1.Заттық дидактикалық ойындар. Бұл ойын әр түрлі ойыншықтармен және әр түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын
ойындар. Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3. Сөздік ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
2.1.Қоршаған ортамен танысу бөлімінде дидактикалық ойындарды қолдану тәсілдері.
Қоршаған дүниемен танысу,
экология негіздері балаларды заттық
ортамен, қоғамдық өмір құбылыстарымен,
ересектер еңбегімен, әлем халықтарының
мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының тарихы және мәдениетімен
таныстыру, балалардың бір-бірімен
және үлкендермен өзара қарым-
Экологиялық білімдерін толықтыру мақсатында балаларға күнделікті серуен кезінде ауа-райын бақылату, жыл мезгілдерінде болатын өзгерістерді байқап айта білуге жетелеу. «Күн мен жаңбыр», «Тез жина» қимылды ойындарын ойната отырып ептілікке, шапшаңдыққа және зейінділікке, түйсіктерінің қалыптасуына және түстерді ажырата білуге баулу.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстыру, оларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру. Көкөністер мен жемістер туралы, олардың дәмін ажырата білу сияқты түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру. Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеу.
Көлік түрлерін, автомашинаның
бөліктерін, бағдаршамның белгілерін,
көшеде өздерін дұрыс ұстай білу сияқты
дағдыларын қалыптастыру.
Табиғатта өзін-өзі ұстау, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесіне ересектермен бірге
қамқорлық жасауға тырысады. Өлі және
тірі табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды
ажыратады. Жел соғады, ағаштардың бұтағы
шайқалады, күн шықса жылы болады деген
сияқты себеп-салдарлық ұғымдары кеңейеді.
Тіршілік атаулыға қамқорлық, жақсы көру,
қамқор болу сияқты түсініктері қалыптасады
және іске асыруға талпынады.
Балалардың сезімдік қабілеттерінің одан ары қарай кеңеюіне «Қай пішін жоқ?», «Түсін таны», «Кімнің даусы?», «Көбелектер гүлге қонды», «Түрлі-түсті таяқшалар» сияқты дидактикалық ойындарды пайдалануға болады.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар аз ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане, «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Дидактикалық ойындарда табиғаттың табиғи заттарды (көкөністер, жемістер, гүлдер, тастар, тұқымдар, кепкен ұрықтар), өсімдіктер мен хайуанаттардың суреттері бейнеленген суреттер, үстелде ойналатын ойындар мен әр қилы ойыншықтар пайдаланылады. Табиғаттың табиғи материалдармен немесе оның бейнеленуімен ойналатын дидактикалық ойындар балалардың сезімдік жағынан тәрбиелеуде танымдық іс-әрекетінің дамуында негізгі тәсіл болып табылады. Ойындар сабақтарға, саяхаттарға, серуендерге арнайы бөлінген уақыттарда өткізіледі.
Сабақтарда қолданылатын дидактикалық ойындар балаларға заттардың қасиетін тануына және табиғатты бақылау кезінде алған елестетулерін анықтай түсуіне көмектеседі.
Балалардың сәби топтарында ойын әдетте барлық сабақта тұтастай өткізіледі, естиярлар, ересектер мен мектепке даярлық топтарында көбінесе сабақтың бір бөлігін қамтиды да, 5 минуттан 20 минутқа созылады.
Сәбилер топтарында заттарды бала сыртқы түріне қарап айыра білуге үйренетін ойындар ойналады. Тәрбиеші мұндай ойынды ұйымдастыра отырып, балаларға жапырақ, гүл, сәбіз, қызылша, қияр және т.б. алып келуді тапсырады.
Естиярлар тобында балалар заттарды, көкөністер мен жемістерді ұстап, тани алатын болады. Мұндай ойындарға «Дорбадағы не нәрсе екенін тап», «Қолдағы затты тап» ойындары жатады. Осы ойындардың алғашқысын ойнатарда тәрбиеші алдын ала дорба әзірлеп оған көкөністер мен жемістерді (картоп, пияз, қызылша, сәбіз, қияр, алма, алмұрт, лимон) салады. Балалар кезекпен дорбаға қолдарын сұғып, затты алады да сипалап ұстап, атын атайды, одан соң дорбадан алып шығып, топтағы барлық балаларға көрсетеді.
Балаларда өсімдіктер (даладағы, ормандағы, бөлмедегі және т.б.) жөнінде айқын елестетулер жинақталған соң барып ересек балалар тобындағыларға заттарды салыстыра және олардың бөлшектерін (гүлдерін, жапырақтарын) тани білуге арналған дидактикалық ойындарды ойнатуға болады. Мысалы, «Ненің жапырағы екенін тап» ойынын ойнағанда балалар берілген жапырақты барлық өсімдіктің жапырақтарымен салыстырады.
Мектепке даярлық тобында өсімдіктердің немесе жануарлардың кейбір белгілерін таба білу және оларды сипаттай, қорытындылай білу талаптары бар дидактикалық ойындар ойналады.
Сөз арқылы ойналатын дидактикалық ойындарды, мысалы, «Затты сипаттау арқылы тану», «Мынаның не екенін тап» немесе «Мынау не?» ойындары таныс материал арқылы ұйымдастырылады, олардың көмегімен балалардың ойлау белсенділігі артады, тілі ұшталады. Мысалы, «Гүл дүкені» ойыны. Ойынның мақсаты өсімдіктердің негізгі белгілерін ерекшелеу және оларды сипаттай білу. Өсімдіктерді немесе балаларға белгілі өсімдіктер бейнеленген карточкаларды балалардың бәрі көретіндей етіп жайып қояды. Тәрбиеші балалардың біреуін – сатушы, қалғандарын сатып алушы етіп тағайындайды. Өсімдікті сатып алу үшін, оның атын атамай-ақ, сипаттап беруі, ал сатушы өсімдікті сипаттауы бойынша тауып беруі керек.
Сатып алушы өсімдікті толық суреттей алмаса сатушының қосымша сұрақтар беруіне болады. Егер сатушы өсімдікті таба алмаса, оның орнын сол өсімдікті танитын бала алады да, өзі сатып алғысы келген өсімдікті тауып береді. Өсімдікті кім көбірек сатса немесе сатып алса сол ұтқан болып есептеледі. Егер бұл ойын балалармен бірінші рет өткізіліп тұрса, онда сатушы немесе сатып алушының рөлін тәрбиеші алдымен өзі атқарады.
Айнала қоршаған ортамен таныстыру бойынша көп қолданатын дидактикалық ойындар: «Алақай - ау, алақай!», «Ала қанат сауысқан», «Ұя жасайық», «Зымыран», «Балық аулау», «Нышандар», «Қоянға көмектес», «Саңырауқұлақ жинайық», «Кім қайда мекендейді?», «Саңырауқұлақтар жинаймыз», «Шанамен сырғанайық», «Үйректерге көмектес», т.б.
Бұрыннан белгілі нақты елестетулердің негізінде балалардың объектілерді жіктей білуін қорытындылауда дидактикалық ойындардың көмегі мол, мұнда заттарды жалпы белгілері бойынша біріктіруге болады: орманда немесе бау-бақшада өсетін өсімдіктердің атын атау, жылдың қандай да болсын мезгілін бейнелейтін суреттерді таңдап алу, ағаштардың, балықтардың, аңдардың, құстардың бейнелері бар суреттерді жинап алу.
Дидактикалық ойындарды бірте-бірте күрделілендіру керек. Мысалы, заттарды ең алдымен сыртқы түрі бойынша, содан соң ұстап көру, одан әрі сипаттамасы бойынша, ал ең соңында жұмбақты шешуге берілген сұрақтар жөніндегі жауаптар бойынша тану.
Өсімдіктер арқылы ойналатын дидактикалық ойындар кезінде балалардың оларға мұқият қарауға үйрету. Табиғаттың табиғи материалымен ойналатын ойындар. Серуендеулер кезінде балалардың табиғи заттармен ойнаулары кеңінен қолданылады.
Балалар құммен, сумен, қармен, ұсақ тастармен ойындар ойнаған кезде, табиғи материалдардың сапасымен және қаисеттерімен танысады, сезіну тәжірибелерін байыта түседі. Мәселен, олар судың суық әрі жылы болатынын, оның төгілетінін, оған тастың бататынын, жаңқалар мен жеңіл ойыншықтардың қалқитынын, қиыршық қардың шашылатынын, ал жұмсақ қардан домалатып әр түрлі ойыншық және т.б. жасауға болатынын біледі.
2.2. Дидактикалық ойын ерекшеліктері.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Информация о работе Мектепке дейінгі мекмелерде ойынды қолдану